Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет26/30
Дата24.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#24500
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

 

57 


 

автоматтандырылған  әдістері  (Technology-basedAuditTechniques)  –  аудитке  жататын 

жалпы  бағдарламалық  қамтамасыз  ету,  тестілік  деректер  генераторлары,  аудитке 

арналған  компьютерлік  бағдарламалар,  аудитке  арналған  арнайы  бағдарламалық 

қосымшалар  және  компьютерлендірілген  аудиторлық  рәсімдер  (CAAT)

2

  сияқты  аудиттің 



кез келген автоматтандырылған әдістері.». 

Аудитордың  жұмысында  ақпараттық  технологияларды  пайдалануды  бірнеше 

деңгейге бөлуге болады: жұмыс және есептік құжаттаманы қалыптастыру, сұратулар құру; 

құқықтық  ақпаратты  іздеу  және  талдау;  маңыздылық  деңгейін,  аудиторлық  іріктеуді 

айқындау,  тәуекелдерді  бағалау;  аудит  процесінде  туындайтын  міндеттердің  толық 

кешенін шешуге мүмкіндік беретін бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану. 

Өз  жұмысында  аудиторлар  Microsoft  Office  (Word,  Excel,  Access)  сияқты 

бағдарламаларды,  мамандандырылған  аудиторлық  қосымшаларды,    заңнамалық  және 

нормативтік құқықтық базасы бар интернет-порталдарды пайдалана алады.  

Аудиторлар  үшін  әзірленген  мамандандырылған  бағдарламалық  кешендерінің 

(мамандандырылған  аудиторлық  бағдарламалық  қамтамасыз  ету)  маңызын  атап  өткен 

жөн. Олар тексерудің барлық кезеңінде аудитордың жұмысын барынша тиімді әрі шұғыл 

автоматтандыруға  мүмкіндік  береді.  Әдетте  бағдарламаларда  аудиттің  қандай  да  бір 

әдістемесі 

іске 

асырылады, 



соған 

сәйкес 


аудиторлық 

рәсімдер 

жүйеленіп, 

оңтайландырылады,  көп  еңбекті  талап  ететін  айтарлықтай  қиын  операциялар 

автоматтандырылады.  

Мамандандырылған  аудиторлық  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  екі  сыныпқа 

бөлуге 

болады: 


талдамалық 

бағдарламалар 

және 

аудиторлық 



рәсімдерді 

автоматтандыратын  бағдарламалар.  Талдамалық  бағдарламалар  алынған  ақпаратты 

талдау  және  тестілеу  процесін  айтарлықтай  жеңілдетіп,  жылдамдатады.  Олардың 

негізінде тиімді математикалық алгоритмдер жатыр.  

Аудиторлық  рәсімдерді  автоматтандыру  жөніндегі  бағдарламалар  аудиторлық 

тәуекелді  есептей  алады  және  ұйым  қызметінің  тиімділігіне  айтарлықтай  әсер  ететін  ең 

маңызды  көрсеткіштерді  іріктейді.  Мұндай  бағдарламалардың  негізінде  белгілі  бір 

алгоритм жатыр.  

Аудиторлық  рәсімдерді  автоматтандыру  жөніндегі  бағдарламалар  аудитордың 

жұмысын  жеңілдетіп,  аудит  процесін  айтарлықтай  жылдамдатады.  Бар  істеу  керегі  – 

жиналған  деректерді  бағдарламаға  енгізу,  ал  аралық  құжаттарды  қоса  алғанда,  барлық 

құжаттар автоматты түрде құрылып, реттеледі.  

Аудиторларға  арналған  мамандандырылған  бағдарламаларды  пайдаланудың 

мынадай артықшылығын бөліп көрсетуге болады:  

 

аудиторлық  тексеруді  жоспарлау  сапасын  арттыру  және  аудиторлар 



орындайтын рәсімдер санын қысқарту;  

 



көп  еңбекті  талап  ететін  операцияларды  автоматтандыру,  соның  арқасында 

тексеру процесі жылдамдап, жұмыс сапасы артады;  

 

алынған нәтижелердің дәйектілігін арттыру;  



 

аудиторлық  тәуекелдерді  дәл  бағалау  мүмкіндігі,  ықтимал  бағалардың 



маңыздылығы;  

 



аудит сапасын оның барлық кезеңінде бақылау мүмкіндігі.  

Автоматтандырылған  аудиторлық  жүйелер  өткен  ғасырдың  90-шы  жылдарынан 

бастап  белсенді  түрде  енгізілді.  Мұндай  кешендердің  бүкіл  артықшылықтарына 

қарамастан,  әлемдегі  аудиторлардың  көпшілігі  мол  ақпарат  көлемін  талдау  кезінде  MS 

Word және Excel қосымшаларын таңдайды.  

                                                           

2

Computer-assistedaudittechniques 




 

58 


 

2013 жылы Ішкі аудиторлар институты PricewaterhouseCoopers-пен бірлесіп зерттеу 

жүргізді,  ол  зерттеуді  мақсаты  Ресейде  ішкі  аудиттің  даму  деңгейін  айқындау  болды

3



Зерттеу  шеңберінде  ішкі  аудит  бөлімшелерінің  қызметінде  ақпараттық  технологияларды 

пайдалануға  талдау  жүргізілді.  Пікіртерімге  қатысқан  бүкіл  респонденттердің  63%-ы  өз 

жұмысында  бизнес-процестерін  автоматтандыруға  мүмкіндік  беретін  бағдарламалық 

кешендерді  пайдаланбайды  екен.  Шамамен  17%-ы  ғана  TeamMate

4

  бағдарламалық 



өнімін және 13%-ы өзі әзірлеген қосымшаларды пайдаланады екен. 

Пікіртерім 

мамандандырылған 

аудиторлық 

жүйелер 

қазіргі 


сәтте 

пайдаланылмайтын  компанияларда  олардың  жақын  арадағы  екі  жылда  енгізілуі 

жоспарланып  отырғанын  көрсетті.  Респонденттердің  71%-ның  мамандандырылған 

бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  пайдалануды  бас  тартуы  аудиторлық  бөлімшелер 

штатының аздығына байланысты болған.     

Ішкі  аудиттің  мамандандырылған  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  енгізген 

бөлімшелерінің  ішінде  77%-ы  оларды  жұмыс  қағаздарын  ресімдеу  үшін  пайдаланады. 

Мұндай  көрсеткіш  2011  жылы  жүргізілген  осындай  зерттеу  нәтижесінде  де  байқалған 

болатын.  

Жобалар  нәтижелерінің  және  аудиторлық  ұсынымдардың  орындалу  мониторингі 

кезінде  мамандандырылған  аудиторлық  бағдарламалардың  рөлі  айтарлықтай  өсті  (2001 

жылы  54%-дан  2013  жылы  70%-ға  дейін).  Сонымен  қатар  мамандандырылған 

бағдарламалық  қамтамасыз  ету  аудиторлық  тексеру  анықтаған  проблемаларды  жою 

рәсімінің мониторингі үшін жиі пайдаланылады (2011 жылғы 38%-дан 2013 жылы 67%-ы). 

Зерттеу  нәтижелері  мамандандырылған  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді 

пайдалану  деңгейінің  Ресейде  жоғары  емес  екендігін  көрсетіп  отыр.  Осыдан  келіп, 

аудиторлар  мұндай  ақпараттық  жүйелердің  артықшылығын  бағалай  алмаған  деген 

қорытынды шығаруға болады.  

Осындай  ахуал  Қазақстанда  да  байқалады.  Аудит  процестерін  талдауға  және 

автоматтандыруға  арналған  өнімдер  жете  бағаланбай  отыр.  Сонымен  қатар  көптеген 

аудиторлар  олардың  жұмысын  оңтайландыру  және  жақсарту  үшін  арнайы  жасалған 

мұндай бағдарламалық қамтамасыз етудің бар екендігінен хабарсыз.  

Соңғы  бірнеше  жылда  жүргізілген  зерттеулер  көрсетіп  отырғандай,  барлық 

ұйымдардың  шамамен  20%-ы  ғана  нарықта  ұсынылған  аудитті  автоматтандыру 

жүйелерінің қайсыбірін сатып алған, олардың жартысы ғана бұл жүйелерді енгізген және 

берілген мүмкіндіктердің көптігін тиімді пайдалануда. Енді бір шамамен 10%-ы өз бизнес-

процестерін  құжат  айналымын  басқарудың  әмбебап  кешендерінің  көмегімен 

автоматтандыруға тырысуда.  

Мамандандырылған  аудиторлық  бағдарламалық  өнімдерді  енгізу  деңгейінің 

төмен  болуы  мамандардың  онша  хабардар  болмауымен  ғана  емес, жаңа  өнімді  игеруге 

деген  ниетінің  болмауымен  түсіндіріледі.  Ішкі  аудит  қызметтерінің  қызметін 

автоматтандыру  үшін  ұсынылған  шешімдер  саны  онша  көп  емес  екендігін  нарыққа 

жүргізілген зерттеу көрсетіп отыр.  

Ішкі  аудиттің  көптеген  талаптарын  қанағаттандыратын  және  құралдардың 

жеткілікті жиынтығынан тұратын екі бағдарламаны ғана бөліп айтуға болады:  

AuditModern  –  бұл  ішкі  аудиторлардың  жұмысын  басқаруға  арналған 

автоматтандырылған  бағдарламалық  өнім.  Ол  аудиторлық  тексерулерді  тәуекелдерді 

алдын  ала  талдау  негізінде  жоспарлауға  мүмкіндік  береді,  тексеруді  тікелей  жүргізу 

                                                           

3

http://www.iia-ru.ru/files/...open/russian-ia-survey-2013-ru.pdf 



«Ресейде ішкі аудиттің дамуының ағымдағы 

жай-күйін және үрдістерін зерттеу



»

 

4



Әзірлеуші – PWC компаниясы 


жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау