59
процесін жылдамдатады, аудиторларды көптеген бірін бірі қайталайтын процестерді
орындаудан босатады, деректерді талдау және аудит нәтижелері бойынша ұсынымдарды
орындауды бақылау мүмкіндігін кеңейтеді. Бағдарлама тәуекелдерді басқаруды бағалау
жүйесінің, аудитті жоспарлау және жүргізудің, деректерді талдаудың және есептерді
қалыптастырудың, «ішкі аудит» функциясын басқарудың тиімділігін бағалау кезінде
кеңінен қолданылады. Бағдарламалық кешен құжаттарды электрондық түрде сақтаудан
тұрады, ұйымдардың аумақтар бойынша бөлінген құрылымдарында тексеруді орындау
мүмкіндігін береді.
TeamMate – СААТ функцияларынан, аудиторлық тексерулерге қызмет көрсету
жөніндегі мамандандырылған бағдарламалардан, жинақталған ақпарат пен аралық
есептер сақталатын дерекқорлардан тәуекелдер кітапханасынан және тексерілетін
бизнес-процестерді бақылау жүйесінен тұратын аудиторларға арналған бағдарламалық
кешен.
Осылайша ішкі аудит қызметтерінің өз жұмысында мамандандырылған өнімдерді
пайдалануды шектейтін бірнеше фактор қалыптасты: құжат айналымын автоматтандыру
үшін әмбебап өнімдерді (электрондық кестелер, ДҚБЖ, мәтіндік редакторлар) қолдану;
аудиторлардың өздерінің қызметін автоматтандыруға және көптеген процестерді
орындауды айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік беретін жүйелердің бар екендігін білуінің
төмендігі; ішкі жұмыс істеу әдістемелерін бағдарламалық қамтамасыз етуде
пайдаланылатын жалпы алгоритмдерге бейімдеудің мүмкін еместігі; ішкі аудит
процестерін автоматтандырудың күрделілігі.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ішкі аудитті оның барлық кезеңінде
автоматтандыруға
және
процестерін
жылдамдатуға
мүмкіндік
беретін
мамандандырылған
бағдарламалық
өнімдерді
енгізу
деңгейінің
төмендігі
байқалатындықтан, мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету нарығын зерттеу
және жаңа тиімді шешімдерді іздеу өзекті болып табылады. Мұндай жүйелерді
пайдалану аудитор қолмен өңдейтін деректер санын барынша азайтуға мүмкіндік береді,
қажетті ақпаратқа лезде қол жеткізуге, еңбек тиімділігін арттыруға, неғұрлым маңызды
міндеттерді шешу үшін уақыт бөлуге мүмкіндік береді.
Ішкі аудит процестерін автоматтандыру проблемаларының маңызын асыра бағалау
қиын. Мұнда ақпараттық жүйелерді енгізу және пайдалану, аудитордың жұмысын осы
жүйелердің көмегімен ұйымдастыру кезінде туындайтын техникалық проблемалардың
тұтас бір кешенін ескеру қажет.
Аудитті автоматтандыру жүйелерін енгізудің мынадай алғышарттарын бөліп
көрсету қажет: есептеу техникасы мен бағдарламалық құралдар нарығының дамуы,
өңделетін ақпарат көлемінің үздіксіз әрі жылдам өсуі, ішкі аудиттің бүкіл процестерінің
көп еңбекті талап етуінің ұлғая түсуі (мамандар 40%-ға дейінгі уақытын құжаттар мен
есептерді ресімдеуге және редакциялауға жұмсайды), ішкі аудит процестерін стандарттау
мүмкіндігі, жаңа ақпараттық-анықтамалық жүйелердің пайда болуы. Сонымен қатар
қазіргі уақытта талдамалық бағдарламалық өнімдер пайда болды, солардың арқасында
аудитор жасалған есептеулерді тестілей алады, алынған нәтижелерді нормативтік
деректермен салыстырып тексереді, ұйымның қызметіндегі ауытқуларды шұғыл
анықтайды және олардың себептерін айқындайды, ұйым немесе оның құрылымдық
бөлімшесі қызметінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлей алады.
Аудиторлар үшін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізген
көптеген аудиторлық ұйымдардың тәжірибесі ішкі аудиторлардың және тұтастай алғанда
бүкіл ұйымның қызметі тиімділігінің айтарлықтай ұлғайғанын көрсетіп отыр. Мұндай
бағдарламалық кешендерді енгізу қажеттілігі жалпыға белгілі болып табылады.
60
Аудиторларға арналған бағдарламалық өнімдер мынадай мүмкіндіктерді беруге
тиіс:
аудит процестерін кешенді автоматтандыру;
аудиторлар мен барлық деңгейдегі менеджерлердің жұмысы үшін тиімді
құралдардың болуы;
жүйені ұйымда аудит үшін пайдаланылатын әдістемелер мен стандарттарға
икемдеу;
ұйымның аумақтық тұрғыдан шалғайдағы түрлі бөлімшелерін қашықтан
тексеретін көшпелі топтардың жұмысын жүргізу мүмкіндігі;
шалғайдағы пайдаланушылар мен бас офистің арасында ақпарат беру және
үйлестіру мүмкіндігі, жүргізілген аудит туралы дәл, уақтылы ақпарат беру;
ұйымның қызметкерлері үшін дерекқорларға қолжетімділіктің көпдеңгейлі
жүйесі;
деректерді беру үшін түрлі байланыс арналарын пайдалану мүмкіндігі;
деректерді беру кезінде оларды шифрлаудың сенімді жүйесінің болуы,
құжаттарды санкцияланбаған қолжетімділіктен және көшіруден қорғау, цифрлық қол
қоюмен жұмыс істеу мүмкіндігі.
Мәселен, бағдарламалық өнім ішкі аудиторлар жұмысының барлық бағыттарын
жеңілдетуге және автоматтандыруға тиіс. Бұл ретте ішкі аудиторлық қызметтердің
жұмысын басқару жөніндегі бағдарламалық қамтамасыз етудің:
ұйымда
аудиторлық
құжаттар
мен
қорытындыларды
жоспарлаудың,
қалыптастырудың стандартталған әдістемелерін енгізуге ықпал ететіндігін;
ішкі аудиттің ашықтығын қамтамасыз ететіндігін;
адам ресурстарын бөлудің тиімділігін арттыратынын;
аудиторлық тексерулердің тиімділігін жақсартатынын;
алынған ақпаратқа және ұйымның басшылары тарапынан кепілдіктерге сенім
деңгейін арттыратынын;
есептік құжаттама айтарлықтай жылдам дайындалатынын;
аудиторлық тексерулердің мониторингін жүзеге асыруға мүмкіндік беретінін
атап өту қажет.
Сонымен қатар, арнайы аудиторлық бағдарламалық қосымшалар COSO
5
моделінің
қағидаттары мен тұжырымды тәсілін пайдалана отырып, тәуекелге бағдарланған ішкі
аудитті қамтамасыз етуге; аудиторлық қызметті халықаралық стандарттарға сәйкес
жүргізуге; ішкі аудиттің барлық ерекшеліктерін ескеруге; ішкі аудитке қатысты
тұжырымдамалық тұрғыдан өзге, неғұрлым сапалы тәсілін әзірлеуге мүмкіндік береді.
Ішкі аудит рәсімдерін автоматтандыру, ішкі аудиторлық қызметті басқару
үшін пайдаланылатын немесе деректерді өңдеп, талдауға арналған бағдарламалық
кешендерді неғұрлым кеңірек енгізудің аудит қызметтері мен тұтастай алғанда ұйым
жұмысының тиімділігін арттырып қана қоймай, аудиттің дамуына ықпал ететін
қозғаушы күш болатынын сеніммен айтуға болады.
Әдебиеттер тізімі:
1. «Международные профессиональные стандарты внутреннего аудита», Ішкі
аудиторлар институты, http://www.theiia.org;
5
The Committee of Sponsoring Organizations