Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет2/30
Дата24.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#24500
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30

 

 



Бұл  проблеманы  қараған  кезде  Қазақстан  ерекшеленбейді.  Қазақстан  әлемдегі 

мұнайдың  басты  өндірушілерінің  20  елінің  қатарына  кіреді,  оның  қорлары  30  млрд. 

баррельге бағаланып, жалпы әлемдегі мұнай өндіруде  2%-ға жуық құрайды. Мұнай және 

мұнай  өнімдерінің  экспорты  мемлекеттік  бюджеттің  кірістерін  қалыптастырудың  негізгі 

көзі  болып  табылады,  бұл  ел  экономикасын  сұраныс  пен  ұсыныстың  әлемдік 

күйзелістерінен тәуелді етеді. 

Мұнай  бағасының  тұрақсыз  серпіні  төмен  инфляция  мен  төмен  жұмыссыздық 

арасында теңгерім табуға ұмтылатын саясаткерлер үшін күрделі диллеманың туындауына 

әкелді.  Орталық  банктер  ұшырайтын  негізгі  мәселелер  мұнай  бағасының  өсуіне  қарсы 

тұру  және  баға  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету  үшін  ақша-кредит  саясатын  қатаңдату 

қажеттілігі  немесе  өндіріс  пен  жұмыспен  қамтудың  өсуін  сақтау  үшін  неғұрлым  икемді 

ақша-кредит саясатын жүргізу болып табылады. 

Инфляцияны ұстап тұруға бағытталған рестриктивтік ақша-кредит саясатын жүргізу 

нақты  ІЖӨ-нің  төмендеуіне  әкелуі  мүмкін.  Соның  салдарынан,  өндірістің  құлдырауы 

жұмыссыздық  деңгейінің  өсуіне  алып  келеді.  Экспансионистік  ақша-кредит  саясаты 

орталық банкке мұнай бағасына, өндіріс пен жұмыспен қамтудың нақты көлеміне әсерін 

біршама  төмендетуге  немесе  өтеуге  тырысуына  жағдай  жасауы  мүмкін.  Алайда  бұл 

инфляция жылдам дамыған жағдайда номиналдық ІЖӨ-нің тез арада өсуіне әкеледі. 

Экономиканың 

мұнайға 


жоғары 

тәуелділігінің 

аясында, 

оның 


әлемдік 

нарықтардағы  бағасының  жоғары  құбылмалылығы  айырбастау  бағамының  күрт  ауытқу 

тәуекелдерін  арттырады.  Бұл  жағдайларда  экономикалық  субъектілердің  күтулеріне 

валюталық бағам арнасы барынша көп әсер етеді. Сонымен бірге, долларланудың өсуіне 

және  соның  нәтижесі  ретінде      ақша-кредит  саясаты  тиімділігінің  төмендеуіне  ықпал 

ететін  девальвациялық  күтулер  белгіленген  валюталық  бағамның  салдары  болып 

табылады. 

Экономика  нығайған  және  төмен  девальвациялық  күтулер  болған  кезде  орталық 

банк ақша агрегаттарын таргеттей отырып және инфляциялық күтулердің дамуын шектей 

отырып, барынша икемді бағамдық саясатты жүргізе алады. Экономика құлдыраған және 

жоғары  девальвациялық  күтулер  болған  кезде  орталық  банк  валюталық  бағамның 

ауытқуларын  икемдей  отырып,  бағам  белгілеуге  барынша  қатаң  қарайды.  Осылайша, 

сыртқы  экономикалық  күйзелістер  кезінде  ұлттық  валюта  бағамы  қайсыбір  «қақпақтың» 

рөлін атқарады, ол экономикалық өсу қарқындарын жоғалту тәуекелін барынша азайтуға 

мүмкіндік  бере  отырып,  сыртқы  және  ішкі  факторларды  ел  ішіндегі  экономикалық 

теңгерімге апарады. 

Осылайша,  монетарлық  саясаттың  қандай  да  болмасын  режімін  таңдау  әрдайым 

күрделі  болып  табылады  және  ақша  билігі  барабар  бағалауға  тиіс  көптеген  ішкі  және 

сыртқы факторларға байланысты. 

Қазақстан  тәуелсіздік  алған  сәттен  бастап  маңызды  мәселелердің  бірі  қаржы 

жүйесінің  құрылуы  және  ақша-кредиттік  қатынастардың  дамуы  болып  табылады. 

Қазақстанда  дербес  ақша-кредит  саясатын  жүргізудің  бастауы  1993  жылы  ұлттық 

валютаны енгізу болды. Қазақстандағы ақша-кредит саясаты қатаң түрде белгіленген тетік 

болып  табылмайды,  ол  тұрақты  түрде  жетілдіріледі.  Тәуелсіздік  жылдары  Қазақстанда 

нарықтық қатынастарды дамытуға бағытталған экономикалық реформалар жүргізілді. Бұл 

кезеңде  жекешелендіру,  мемлекеттік  қаржыны  және  қаржы  секторын  реформалау, 

зейнетақы реформасы жүргізілді. 

Сонымен  қатар  Қазақстанның  ақша-кредит  саясаты,  оның  мақсаттары  мен 

міндеттері өзгеріп отырды, жаңа құралдар енгізіліп, қолданыстағы құралдар жетілдірілді. 

Түрлі  уақытта  ақша-кредит  саясатының  номиналдық  «зәкірі»  (немесе  аралық  мақсаты) 




 

 



валюталық және ақшалай таргеттеу режімдеріне сәйкес келетін номиналдық айырбастау 

бағамы және ақша агрегаттары болды. 

Сонымен  бірге  Қазақстанда  ақша-кредит  саясаты  теңгенің  жиырма  жылдық 

тарихының  жартысынан  көп  уақытта  қаржылық  тұрақсыздық  жағдайларында 

жүргізілгенін  атап  өткен  жөн.  Ақша-кредиттік  қатынастардың  тарихы  2  дағдарысты 

қамтиды,  олардың  Қазақстан  экономикасына  әсері  айтарлықтай  болды.  Мемлекеттік 

билік  түрлі  құралдар  мен  тетіктерді  пайдалануға  жүгінді,  олардың  негізгі  мақсаты  нақты 

экономиканы қолдау, елдегі әлеуметтік және қаржылық тұрақтылық болды. 

Қазақстандағы  ақша-кредит  саясатының  эволюциясын  қысқаша  қарай  отырып, 

Ұлттық Банктің нақты секторды тікелей кредиттеуінен және бюджет тапшылығын тікелей 

қаржыландырудан  перспективада  инфляциялық  таргеттеу  режіміне  кезең-кезеңімен 

енгізуге  өтуді  айқындауға  болады.  Бұл  жылдары  нарықтық  қағидаттарға  негізделген 

заманауи  банк  жүйесі,  тиімді  банктік  қадағалау  құрылды.  Ақша-кредит  саясатын  дамыту 

инфляцияны  төмендету  үшін  жағдайлар  жасауға  бағытталды.  Қайта  қаржыландыру 

мөлшерлемесімен және ең аз резервтік талаптар тетігімен қатар жаңа құралдар енгізілді, 

оның  ішінде  ішкі  валюта  нарығында  сатып  алу  және  сату  операциялары,  депозиттік 

операциялар,  ломбардтық  кредиттер,  Ұлттық  Банктің  қысқамерзімді  ноттары,  репо 

операциялары, «овернайт» кредиттері және т.б. енгізілді. 

Қазақстанда  ұлттық  валюта  енгізілген  және  тәуелсіз  ақша-кредит  саясаты 

жүргізілген  алғашқы  күндерден  бастап  құрылымдық  қайта  құруды  жеделдету  және 

орнықты экономикалық өсуге қол жеткізу міндеті қойылды. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты 

ретінде  теңгенің  ішкі  және  сыртқы  орнықтылығын  қамтамасыз  ету  ретінде  заңнамалық 

тұрғыдан  бекітілді,  бұл  инфляцияның  төмен  қарқындарын  және  тұрақты  айырбастау 

бағамын  қамтамасыз  етуді  білдірді.  Ескі  жүйенің  құлдырау  және  тәуелсіз  экономиканың 

қалыптасу кезеңіндегі осындай тәсіл айтарлықтай оң нәтижесін берді. 

1998  жылдан  бастап  Қазақстанда  инфляция  гиперинфляция  кезеңінен  кейін  бір 

мәнді  цифрмен  көрсетілген  тұрақты  деңгейде  болып  отыр.  1999  жылы  ғана  ерекше 

жағдай  орын  алды,  ол  кезде  Ресейдегі  қаржы  дағдарысының  әсерімен  инфляция  18% 

болды  және  2007-2008  жылдары  да  ерекше  жағдай  болды,  ол  уақытта  ғаламдық 

экономикалық  дағдарыстың  және  азық-түлік  пен  негізгі  экспорттық  тауарларға  әлемдік 

бағаның жоғары деңгейінен инфляция  20% деңгейіне жетті. 

Бұл  ретте  инфляцияның  біртіндеп  бәсеңдеуімен  және  ІЖӨ-нің  орнықты  өсуімен 

қатар  жүрген  Қазақстан  экономикасының  тұрақты  жұмыс  істеуі,  қаржы  секторының 

серпінді  дамуы  ақша-кредит  саясатын  жетілдірудің  негізгі  алғышарттары  болды.  Ұлттық 

Банк инфляциялық таргеттеу қағидаттарына дайындық және оған 2002 жылдан бастап өту 

туралы мәлімдеді. Институционалдық негізді құру, ақпараттық транспаренттілікті дамыту, 

ақша-кредит  саясатын  жоспарлау  ауқымын  кеңейту  саласында  жұмыс  жүргізілді.  2004 

жылғы  1  қаңтардан  бастап  Ұлттық  Банктің  негізгі  мақсаты  ретінде  Қазақстан 

Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету заңнамалық тұрғыдан бекітілді. 

2007-2008  жылдардағы  әлемдік  қаржы-экономикалық  дағдарысы  Қазақстандағы 

макроэкономикалық  жағдайлардың  нашарлауына  әкелді.  Әлемдік  экономиканың  өсіп 

отырған  құбылмалылығының  аясында  ақша-кредит  саясатының  классикалық  құралдары 

өздерінің  орнықсыздығын  көрсетті,  бұл  сол  сәтте  инфляциялық  таргеттеуді  енгізуді 

орынсыз етті. 

Сонымен  бірге  айырбастау  бағамының  саясатына  барынша  маңызды  рөл  берілді. 

Бұл Қазақстан экономикасының энергия ресурстарына және металдарға әлемдік бағадан 

жоғары  тәуелділігіне  байланысты  болды,  бұл  елдің  төлем  балансының  сыртқы 

күйзелістерге осалдығын арттырады. Бұл ретте ішкі валюта нарығы ауқымды емес болып 

қалуда, бұл айырбастау бағамының құбылмалылығына әсер етеді. Сонымен қатар Ұлттық 



жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау