Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет23/30
Дата24.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#24500
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30

 

50 


 

облигацияларды  орналастыру  және  өтеу,  облигациялар  шығарылымының  күшін  жою 

қорытындылары жөніндегі ереже; 

4.    Қазақстан  Республикасы  Қаржы  нарығын  және  қаржы  ұйымдарын  реттеу  мен 

қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 4 қаулысымен бекітілген 

Сақтандыру  (қайта  сақтандыру)  ұйымдарында  тәуекелдерді  басқару  және  ішкі  бақылау 

жүйелерінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулық; 

5.  Степанов  Ю.В.,  Моргачева  И.А.,  Максимова  С.А.  «Мониторинг  предприятий 

нефинансового сектора экономики центральными банками» - М., 2010; 

6. The Risk Management Association (RMA), «Enterprise Risk Management», Brochure, 

2012; 

7. World Economic Forum, 2014, Global Competitiveness Report «The Role of Financial 



Services in Society»; 

8.  Central  Bank  of  Turkey,  Recent  Working  Papers  “Central  Bank  of  Turkey,  Recent 

Working Papers “International and Domestic Developments Affecting Financial Stability»; 

9. Bank of Finland, Annual Report, 2013. 




 

51 


 

Ең аз резервтік талаптар туралы 

 

Медетбаева  Г.Қ.  –  Ұлттық  Банктің  Зерттеулер  және  стратегиялық  талдау 



департаменті Экономикалық зерттеулер басқармасының бас маман–талдаушысы  

 

Орталық  банк  ақша-кредит  саясатын  әр  түрлі  құралдарды  қолдану  және 

пайдалану  жолымен  жүргізеді.  Ең  аз  резервтік  талаптар  ақша-кредиттік  реттеудің 

негізгі құралдарының бірі болып табылады. 

Резервтік  талаптар  –  бұл  банк  өтімділігі  жоғары  активтер  түрінде  орталық 

банкте  орналастыруға  міндетті  міндеттемелердің  ең  аз  үлесі.  Бұл  ретте  орталық 

банк сақтау нысандарын әр түрлі факторларға қарай айқындайды және тиісінше, олар 

елдер бойынша ерекшеленеді. 

Қазіргі  уақытта  ең  аз  резервтік  талаптар  барлық  елдерде  пайдаланылады  және 

сандық жағынан да (нормативтер шамасы), сапалық жағынан да (міндеттемелер базасы) 

ерекшеленеді. Ең аз резервтер  – бұл банк банктік міндеттемелерге белгілі бір пайыздық 

арақатынаста орталық банкте орналастыруға тиіс резервтердің ең аз көлемі.  

Резервтелетін  міндеттемелер  ретінде  міндеттемелердің  жалпы  сомасы  немесе 

орталық  банк  айқындайтын  олардың  жекелеген  баптары  пайдаланылады.  Банктер  ең  аз 

резервтік талаптардың нормативтерін іс жүзінде өз балансының белсенді бөлігі есебінен 

орындайды.  Бұл  банктің  кассаларындағы  қолма-қол  қаражат,  мемлекеттік  бағалы 

қағаздар,  кейде  –  орталық  банктегі  шоттардағы  шетел  валютасы  болуы  мүмкін.  Олар 

экономикадағы  ақша  ұсынысын  тиімді  реттеу  мақсаттары  үшін  ең  жоғары  өтімді  болуға 

тиіс. 


Ең  аз  резервтік  талаптар  бірнеше  функция  атқарады.  Бастапқыда  бұл  құрал 

банктердің депозиттер бойынша міндеттемелері бойынша қамтамасыз ету бола отырып, 

қандай  да  бір  сақтандыру  ретінде  пайдаланылды.  Банктер  кредиттеу  қарқынын  елеулі 

түрде  өсіре  отырып,  өздерінің  салымшы-клиенттерінің  алдындағы  міндеттемелерін 

орындау қиын болатын жағдайға тап болуы мүмкін. Банктің төлемқабілетсіздік тәуекелін 

болдырмау үшін резервтердің ең аз мөлшері орталық банкте жинақталады және тиісінше, 

кредиттеуге бағыттала алмайды. 

Қазіргі уақытта осы құралдың негізгі функциясы банктің өтімділігін басқару болып 

табылады.  Резервтеу  нормасын  ұлғайта  отырып,  орталық  банк  банктердің  кредиттеу 

белсенділігін шектейді. Ең аз резервтік талаптар тетігі орталық банктің басқа құралдарына 

қарағанда  ең  қатты  болып  табылады,  өйткені  барлық  банктердің  орындауына  міндетті 

және ақша ұсынысына тікелей ықпалын тигізеді. 

1993  жылы  Қазақстан  тәуелсіздігін  алғаннан  кейін  және  ұлттық  валюта 

енгізілгеннен кейін Ұлттық Банк дербес ақша-кредит саясатын жүргізе бастады. Осы жылы 

резервтік талаптар тетігі енгізілді. 

Сонымен  қатар,  осы  кезеңде  резервтік  талаптар  ақша-кредиттік  емес, 

макропруденциялық  реттеу құралы  терінде  пайдаланылған  еді.  Ең  аз  резервтік  талаптар 

нормативі 20% деңгейде белгіленген еді (1-кесте). 

1996-1997  жылдары  Ұлттық  Банк  қосымша  қаржы  ресурстарын  босату  және 

банктердің  экономиканы  кредиттеу  белсенділігін  арттыру  үшін  резервтік  талаптар 

нормативін төмендетіп отырды. Сол кезде олардың мөлшері біртіндеп 15%-ға дейін, одан 

кейін  банктің  заңды  (банктерді  қоспағанда)  және  жеке  тұлғалардың  алдындағы 

депозиттік  міндеттемелерінің  10%-ына  дейін  төмендеді.  1997  жылдың  қазан  айынан 

бастап банктердің резервтік талаптарды орындауы үшін ақы төлеу алып тасталды. 

 

 



 

52 


 

 

 



1-кесте 

Ең аз резервтік талаптар нормативтері  

Қолданылу кезеңі  

Ең аз резервтік талаптар нормативтері, пайызбен  

  

бірыңғай норматив 



01.03.1995-30.06.1996 

20 


01.07.1996-31.12.1996 

15 


01.01.1997-30.04.2000 

10 


01.05.2000-30.06.2002 

01.07.2002-06.08.2006 



  

ішкі міндеттемелер бойынша 



өзге міндеттемелер бойынша 

07.08.2006-17.08.2008 



18.08.2008-07.12.2008 



08.12.2008-15.03.2009 



16.03.2009-19.06.2011 



1,5 

2,5 


20.06.2011-02.12.2012 

2,5 


4,5 

  

ішкі міндеттемелер бойынша 



сыртқы міндеттемелер 

бойынша 


 

қысқамерзімді 

ұзақмерзімді 

қысқамерзімді  ұзақмерзімді 

 03.12.2012-қазіргі 

уақыт 


2,5 



2,5 

Дереккөзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  

 

2001  жылдан  бері  әлемдік  тауар  нарықтарындағы  жағымды  баға  конъюнктурасы, 



әлемдік экономиканың жандануы Қазақстандағы макроэкономикалық жағдайға оң әсерін 

тигізді.  2007  жылға  дейінгі  кезеңде  елде  қаржы  жүйесі  қарқынды  дамыды,  капиталдың 

елеулі  түрде  келіп  түсуі  байқалды,  халықтың  салымдары  және  банктердің  экономикаға 

кредиттері  елеулі  қарқынмен  өсіп  отырды.  Бүкіл  кезеңде  инфляция  бір  мәнді  цифрмен 

өлшенетін деңгейде (6%-8% шегінде) ұсталды, ал ІЖӨ орташа жылдық өсуі шамамен 10% 

болды (1-сурет). 

 

1-сурет 

1996-2014 жылдардағы макроэкономикалық көрсеткіштер динамикасы 

 

Дереккөзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 

 

Экономиканың  өсуіне  банк  секторының  қарқынды  дамуы  әсерін  тигізді.  Оның 



активтері  2000  –  2007  жылдар  аралығындағы  кезеңде  ЖІӨ-ге  20%-дан  іс  жүзінде  ЖІӨ-ге 

0%

5%



10%

15%


20%

25%


-3%

-1%


1%

3%

5%



7%

9%

11%



13%

15%


ЖІӨ нақты өсімі 

Жылдық инфляция (тік.ось) 




жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау