Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет24/30
Дата24.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#24500
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30

 

53 


 

салыстырмалы  мөлшерге  дейін  ұлғайды.  Мұндай  динамика  көбінесе  банктердің  сыртқы 

қарыздар  саясатының  арқасында  айқындалды,  өйткені  ішкі  жинақталған  қаражат 

потенциалы  жеткіліксіз  болып  қалып  отырды.  2000  –  2007  жылдар  аралығында 

банктердің сыртқы борыш құрылымындағы үлесі 3%-дан 46%-дан астамға дейін ұлғайды 

(2-сурет).  Тиісінше,  міндеттемелер  құрылымындағы  бейрезиденттер  алдындағы 

міндеттемелер үлесі ішкі міндеттемелерден басым бола бастады. 

 

2-сурет 



2000-2007 жылдардағы жалпы сыртқы борыш, млрд. АҚШ доллары 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

Дереккөзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 

 

Нақты  сектор  кәсіпорындарының  және  коммерциялық  банктердің  сыртқы 



қарыздарымен  негізделген  банк  жүйесіндегі  өтімділіктің  артық  болуы  банктік 

кредиттеудің елеулі түрде кеңеюіне әсерін тигізді. Кредиттік дүмпу және «экономиканың 

қызуын»  болдырмау  қажеттілігі  жағдайларында  ақша-кредит  саясатын  барабар  күшейту, 

сондай-ақ  реттеушінің  назарын  қаржы  ұйымдарының  тәуекелдерін  бақылау  жұмысына 

аудару  қажеттілігі  туындады.  Осы  кезеңде  қаржылық  тұрақтылықты  сақтау  проблемасы 

Қазақстан  үшін  ғана  емес,  сондай-ақ  әлемдік  экономика  үшін  де  ең  өзекті 

проблемалардың бірі болды. 

2006  жылы  ақша-кредит  саясатын  күшейту  шеңберінде  ең  аз  резервтік  талаптар 

тетігіне  өзгерістер  енгізілді.  Банктің  сыртқы  міндеттемелері  бөлігінде  ең  аз  резервтік 

талаптарды  есептеу  базасы  елеулі  түрде  кеңейтілді.  Мәселен,  есептеуге  бейрезиденттер 

алдындағы  міндеттемелер  енгізілді,  сондай-ақ  резервтік  активтер  тізбесі  өзгертілді.  Осы 

өзгерістерді  енгізудің  негізгі  мақсаты  банктердің  сыртқы  қарыздарын  шектеу  және  банк 

секторында артық өтімділікті реттеу болды. 

Міндеттемелер құрылымы банктердің ішкі міндеттемелеріне және банктердің өзге 

де  міндеттемелеріне  бөліне  бастады.  Банктердің  ішкі  міндеттемелері  резиденттер 

алдындағы  міндеттемелер  сомасы  ретінде,  өзге  міндеттемелер  –  бейрезиденттер 

алдындағы  және  резиденттік  белгісіне  қарамастан  борыштық  бағалы  қағаздар  бойынша 

сома  ретінде  айқындалған  еді.  Ең  аз  резервтік  талаптар  көлемі  он  төрт  күнгі  кезең  үшін 

орташалау негізінде банк балансының белгіленген шоттары бойынша есептелді. 

Сонымен  қатар,  мынадай  ең  аз  резервтік  талаптардың  дифференциалды 

нормативтері  енгізілді:  банктің  ішкі  міндеттемелері  үшін  6%  және  өзге  міндеттемелері 

үшін  8%.  Қағидаларға  өзгерістер  ең  аз  резервтік  талаптар  мөлшерінің  ұлғаюына  алып 

келді, бұл резервтік активтердің өсуіне әкеп соқтырды. 

2007  жылғы  тамызда  Ұлттық  Банк  ең  аз  резервтік  талаптар  тетігін  жетілдіруді 

жалғастырды.  Атап  айтқанда,  резервтік  міндеттемелер  базасы  қысқартылды  және 

13 

97 

0,4 

45 

0

20



40

60

80



100

2000


2001

2002


2003

2004


2005

2006


2007

Сыртқы борыш 

Банктердің бейрезиденттер алдындағы міндеттемелері 


 

54 


 

резервтік  активтердің  құрылымы  кеңейтілді.  Осы  кезден  бастап  ең  аз  резервтік 

талаптардың нормативтерін орындау үшін банк Ұлттық Банктегі банктің корреспонденттiк 

шоттарындағы  қалдықтары  мен  банк  кассасындағы  ұлттық  және  еркін  айырбасталатын 

валюталардағы қолма-қол ақша кіргізілген резервтік активтерді қалыптастырды. 

Сондай-ақ  мынадай  ең  аз  резервтік  талаптардың  нормативтерін  өзгерту 

жоспарланған  еді:  банктің  ішкі  міндеттемелері  бойынша  5%  және  өзге  міндеттемелері 

бойынша  10%.  Алайда,  бұл  шешім  1  жылға  кейінге  қалдырылды  да,  сол  күйінде  күшіне 

енген жоқ. 

2007-2008  жылдардағы  әлемдік  қаржы  дағдарысының  жағымсыз  дамуы 

ықпалынан  Қазақстан  капиталдың  кіруінің  күрт  тоқтауына,  жаңа  қарыздар  тарту  үшін 

нарықтардың  жабылуына  тап  болды.  Банктерде  өтімділікпен  проблемалар  туындады. 

Банктерден  депозиттердің  біршама  кетуі,  оны  қайта  қаржыландыру  бойынша  елеулі 

түрде  шектелген  мүмкіндіктер  кезінде  сыртқы  борышты  өтеу  қажеттілігі  банктердің 

кредиттік белсенділігінің күрт төмендеуіне себепші болды (3-сурет). 

 

3-сурет 



Резиденттер депозиттерінің және банктердің экономикаға кредиттерінің динамикасы, 

алдыңғы кезеңге %-бен 

 

Дереккөзі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 

 

Тиісінше, Ұлттық Банктің 2007-2010 жылдардағы қызметі елдің қаржы секторының 



тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  еді.  Қысқамерзімді  өтімділікті  ұсыну, 

банктердің  Ұлттық  Банк  операцияларына  қол  жеткізуін  кеңейту  және  пайыздық 

мөлшерлемелерді  төмендету  шараларынан  басқа,  Ұлттық  Банк  ең  аз  резервтік  талаптар 

жөніндегі  талаптарды  жеңілдетті.  Атап  айтқанда,  2009  жылы  нормативтер  ішкі 

міндеттемелер  бойынша  1,5%-ға  дейін  және  өзге  міндеттемелер  бойынша  2,5%-ға  дейін 

біртіндеп төмендеді. Бұл банктерге қосымша өтімділікті босатуға да мүмкіндік берді. 

2011  жылы  ең  аз  резервтік  талаптар  тетігі  өзгеріссіз  болды.  Сонымен  бірге, 

банктерге  ең  аз  резервтік  талаптардың  нормативтері  2011  жылғы  мамырда  ішкі 

міндеттемелер  бойынша  1,5%-дан  2,5%-ға  дейін  және  өзге  міндеттемелер  бойынша  

2,5%-дан 4,5%-ға дейін көтерілді. 

2012  жыл  ең  аз  резервтік  талаптар  тетігін  реформалаудың  келесі  маңызды  кезеңі 

болды. 2012 жылы Ұлттық Банк ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру және Ұлттық 

Банктің  ақша  нарығындағы  қысқамерзімді  өтімділікті  реттеу  мәселелеріндегі  рөлін 

-10,0


0,0

10,0


20,0

30,0


40,0

50,0


60,0

70,0


80,0

90,0


100,0

2000 2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010 2011 2012 2013 2014

Кредиттер  

Депозиттер 




жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау