Жалпы пайда - сатылған өнімінң толык өндірістік өзіндік құны және тауарларды (қызметтер мен жүмыстар) сатудан түскен түсімдері арасындағы айырмашылыгы ретінде анықталады.
Таза пайда (бөлінбеген пайда) - кәсіпорынның иелігінде болатын төтенше шығыстар мен кірістердің сальдосы есебімен анықталады.
Еңбек ұжымы еңбекақының жоғарылауына, пайданың өсуіне, қазіргі бәсекелік жағдайда өндірістің кеңеюіне, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмірлік деңгейлерінің, жағдайларының жақсаруына әрқашан қызығушылықтарын танытады. Осыдан пайда мен жалпы табыстың массасы Кәсіпорының өндірістік-шаруашылык қызметінің нәтижесінде алынатын тиімділік көлемі ретінде сипатталады.
Нарықтық катынастар жағдайындағы кәсіпорын максималды пайда табуға, тауралар сату мен қызметтер көрсету нарығында өзінің позициясын ұстап түруға тырысуы керек, сонымен қатар, бәсеке жагдайында өндірістік тұрақты дамуды камтамасыз етуі керек.
Әлемдік тәжірибе көрсетуі бойынша нарықтық қатынастар жағдайында пайда табудың үш негізгі көзі бар:жөн: мемлекетгік антимонополиялық саясаты мен басқа кәсіпорындар жағынан өсуші бәсеке.
Екінші пайда табу көзі өндірістік және кәсіпкерлік қызметпен байланысты, оның барлық Кәсіпорындарға қатысы бар. Оны пайдалану тиімділігі тұрақты өзгеруші конъюнктура кезіндегі өндірісті дамытуға бағытталуы мен нарық конъюнктурасын білуге тәуелді болады. Бұл жерде барлығы жүргізілген маркетингке сәйкесті жасалынады. Берілген жағдайда, пайда көлемі , біріншіден, кәсіпорынның өнімді шығару бойынша бағыт таңдауының дұрыстығына (тұрақты және жоғары сұранысқа ие өнімді тандау); екіншіден, көрсетілетін қызмет пен сатылатын тауарлар бәсекеге қабілетті жағдай жасау (баға, жеткізу мерзімі, сатып алушыларға қызмет керсету, сатудан кейінгі қызметтер және т.б) үшіншіден, өндіріс көлемінен қаншалықты өндіріс көлемі жоғары болса, соншалықты пайда жоғары); ал төртіншіден, өндіріс шығындарын төмендету құрылымынан тәуелді.
Үшінші пайда табу көзі кәсіпорынның инновациялық қызметінен шығады, оны қолдану әрқашан шығарылатын өнім жаңартылып отырылуын, бәсеке қабілеттілігі қамтамасыздандырылуын, пайда массасын жоғарылату мен сату көлемінің өсуін болжамдайды. [4,158-б.]
Кәсіпорын шаруашылық қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі болып баланстық пайда табылады. Баланстық пайда бұл кәсіпорын пайдаларының (шыгындарының) соммасы. Қорытынды қаржылык нәтижесі ретіндегі баланстық пайда балансты бағалау мен кәсіпорынның барлық шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебі негізінде айкындалады. «Баланстық пайда» терминін қолдану, жылдық және кварталдық корытындылар бойынша құралған кәсіпорын жұмысы балансында көрсетілген қорытынды қаржылық нәтижелерімен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |