Инновация қазақстан экономикасын дамытудың бірден бір жолы



жүктеу 112,18 Kb.
Дата14.11.2017
өлшемі112,18 Kb.
#389

ИННОВАЦИЯ – ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДЫҢ БІРДЕН БІР ЖОЛЫ
Кенжебаева Г.Д., Сағызғалиев Н.Н.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті,Ақтөбе қ .,

Қазақстан Республикасы
Экономикалық қатынастардың жалпы жүйесінде инновациялық қызметтің түпкі нәтижелері - өндіріс тиімділігін арттыру, еңбек өнімділігі мен капиталдың өсуі,жоғары технологиялы өнім көлемі-елдің экономикалық қуатын айқындайтын болғандықтан, оған басты рөл беріледі.

Дамыған индустриялы елдерде технологиялардан, құрал – жабдықтардан,кадрлар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесіне ІЖӨ өсімінің 80 нен 95%-ына дейін келеді. Бұл елдерде жаңа технологияларды еңгізу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы, өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен қызметтер сапасын жақсартудың негізгі құралы болып отыр.

Қазіргі уақытта ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды, жаңа технологияларды және ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру, республиканың өнеркәсіп пен ғылыми-техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан экномикасының өзекті стратегиялық міндеті болып табылады.

Ғылыми техникалық салада кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес.Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз.

Шағын инновациялық кәсіпкерліктің дамуы тежелуінің негізгі себебі шағын кәсіпорындардың әдетте ,ірі кәсіпорындармен салыстырғанда бәсекеге қабілетті өнімдер шығара алмауында болып отыр. Шағын кәсіпкерлікті ірі кәсіпорындармен біріктіру мақсатында табиғи монополия субъектілерінің негізгі қызметіне қатыссыз қызметтер көрсету жөніндегі функцияларын шағын бизнес субъектілерінің бәсекелестік ортасына беру тетігін әзірлеу қажет.

Қазақстандық өндірушілерге ғылыми әзірлемелерді рыноктық тауар деңгейіне жеткізу тәжірибесі жетіспейді,менеджмент, маркетинг және талдау саласындағы жоғары білікті мамандар жеткіліксіз.

Қазақстандағы ғылымның қазіргі таңдағы жағдайы аяқталған ғылыми әзірлемелер мен қажетсіз өндірістер санының көптігімен сипатталады. Бұл айтарлықтай үлкен әлеует және оны пайдалану инновациялық қызметті дамытудың негізгі міндеттерінің бірі болуы тиіс.

Сонымен, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары:

- мемлекеттің қатысуымен маманданған венчурлік қорлар құру және венчурлік капиталды ғылыми-техникалық және инновациялық салаға тарту;

- инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдау нысандары мен әдістерін әзірлеу;

- инновациялық қызметтің мемлекеттік, салааралық,салалық және өңірлік сипаттағы маманданған субъектілерін құру енетін инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру;

- инновциялық сала үшін кадрлар даярлау және қайта даярлау;

- өнеркәсіптің базалық салаларында жаңа технологиялық құрылымдар қалыптастыру;

- технологиялардың өркениетті нарығы үшін жағдайлар жасау,яғни авторлық құқықты,патенттер мен сауда белгілерін қорғау саласындағы барлық халықаралық конвенцияларды тану арқылы шетел технологиясының трансфертін ынталандыру;

- отандық кәсіпорындардың үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес сапа стандарттарына өтуін жандандыру;

- халықаралық донор ұйымдардың,мүдделі қаржы-несие және шаруашылық құрылымдарының гранттарын тарту болып табылуы тиіс.

«Инновациялық даму» дегеніміз жаңа жаңалық пен ғылымды, технологияны өндіріспен тығыз байланыстыру көзделген экономикалық даму бағыты. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты ел халқына Жолдауында елді әрі қарай инновациялық бағытта дамыту қажеттігі көзделеді. Экономикалық дамудың маңызды факторларының бірі өндірістік әлеуетті сақтап, тиімді дамыту қажеттігімен шартталған тиімді инновациялық саясат болып табылады.

Оны мына төмендегі келтірілген мәселелерден көруге болады:

• экономиканың шикiзат бағыттылығы;

• әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;

• ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;

• өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;

• ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;

• отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi,

• ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы;

• мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;

•менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi

"Біз экономиканы әртараптандыруға және шикізаттық емес саланы қарқынды дамыту жолына қарай айқын бағыт ұстадық. Жаңа тарихымызда өңдеу өнеркәсібі алғаш рет тау-кен өнеркәсібіне қарағанда жеделірек дами бастады", – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы тиісті инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыс атқарылып жатқанын айтты. "Сенімді энергетикалық жүйе құрып, шығыстан батысқа және солтүстіктен оңтүстікке дейінгі көлік дәліздерін қалыптастырдық, бағдарлардың әртүрлі болуына және олардың бір-бірін өзара толықтыруына ден қойдық. Өңдеу өнеркәсібінің металлургия, химия, мұнай өңдеу, машина жасау және азық-түлік өндіру сияқты басымдығы бар салаларына зор мән беріліп отыр", – деді. Индустрияландыру жылдары жалпы көлемі 4,6 трлн теңге болатын 1 мыңнан астам жоба жүзеге асқан болатын. "100 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды, «Глобал 2000» тізіміндегі 30-ға жуық трансұлттық корпорация іске тартылды. Теміржол машиналарын жасау саласы жаңадан қалыптастырылды. Экспорттық жаңа тауарлар, соның ішінде мұнай өнімдері, аккумулятор, трансформатор, металлургиялық жаңа тауарлар, машина жасау өнімдері және басқа да көптеген өнім түрлері шығарыла бастады".

Дүниежүзілік банктің «Бизнес жүргізу жеңілдігі» рейтингінде республикамыз әлемнің 190 елі арасында 35-орынға көтерілгенін айтты.Сонымен бірге, жедел өзгеріп жатқан мына заманда сандық технологиялар алдыңғы орынға шыққанын атап өтуге болады.

"Жаңа жаһандық технологиялық дәуірдің басталуымен бірге елді белсенді түрде индустрияландыру стратегиялық міндетке айналып отыр. Жалпы, біз жүргізіп отырған саясат әлемдік тәжірибеге сай келеді, оның барысында экономиканың қазіргі жай-күйі де, жаһандық үрдістер де ескерілуде", – деп қорытындылады Нұрсұлтан Назарбаев.

Индустриалды-инновациялық даму – Қазақстанды жоғарыда келтірілген мәселелерден алып шығудың бірден бір жолы. Біз жаңа технологияларды игеріп, инновациялық өсуді қолдаған жағдайда ғана осы мақсатымызға жетеміз. Бұл стратегия өзіміз білетін финн елінің тәжірибесінен алынған болатын. Өткен ғасырдың 90-жылдарында олардың басты экономикалық әріптесі – Кеңестер Одағы тарағанда, Финляндия экономикасы тоқырауға ұшырады.

Сол кезде финн үкіметі экономиканы дамытудың индустриалды-инновациялық түрін таңдады. Фин мемлекеті айналдырған он шақты жылдың ішінде Финляндия әлемде экономикасы дамыған 10 елдің қатарына қосылды. Халқының орташа табысы жағынан әлем бойынша алдыңғы орында, инновация мен жаңа технологияларды игеру мен қолдану жөнінен Еуропаның үздік мемлекеті боп тұр. Ал неліктен Қазақстанның инновациялық жағдайы төменгі деңгейде?

Бізге де бұл стратегияны қабылдағанға 10 жылдай болып қалды. Бүгінгі таңдағы Қазақстанның инновациялық дамуы қандай деңгейде екенін білу үшін The World Economic Forum рейтингісіне назар аударған жөн. Бұл рейтинг бойынша «Инновация» факторы бойынша Қазақстан 64-орынды иеленсе (2009-2010), «Инновациялық дамуға жағдай жасау» көрсеткіші жөнінен 50 орынды иеленеді. Инновациялық сфераның белгілі дәрежеде ұйымдастырылмауы Қазақстанның 50 дамыған елдер қатарына қосылуға кедергі болуы мүмкін. Өйткені соңғы жылдары осы сферада Қазақстанның рейтингі 65 орыннан 75 орынға төмендеп кетті. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингісіне сәйкес 2011-2012 жылдары Қазақстан 75 орынды иеленіпті. Яғни бұдан көретініміз қазіргі кезде Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында көрсетілгендей инновациялық инфрақұрылым қажетті деңгейде дамып жатқан жоқ.



Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингтерінің нысаналы көрсеткіштері(рейтингтегі Қазақстанның орны).

Санаты

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж.

2019ж.

Институционалдық дамуы

55

52

49

47

45

Инфрақұрылым

62

59

56

54

52

Макроэкономикалық орта

23

23

23

23

23

Денсаулық сақтау және жалпы білім беру

97

93

89

85

82

Жоғары және кәсіптік-техникалық білім

54

51

48

42

44

Тауарлар нарығының тиімділігі

56

54

52

50

48

Еңбек нарығының тиімділігі

15

15

15

15

15

Қаржы нарығының дамуы

103

97

91

85

80

Технологиялық әзірлік

57

54

51

49

45

Нарық көлемі

54

54

53

53

52

Бизнестің дамуы

94

92

90

88

86

Инновациялар

84

82

79

76

74

Енді осы Қазақстандағы инновацияның дамуына кедергі келтіріп отырған негізгі мәселелерді талдап өтейік.

Ең бірінші мәселе бұл бәрімізге белгілі Қазақстандағы білім беру жүйесі. Қазіргі таңда Қазақстанның барлық дерлік университеттерінде инновациялық идеялар туғызатын ақыл-ойдың ортасы жасалмаған. Еліміздегі оқу орындарының потенциалы теориялық ілімнен әрі аспай жатыр. Бұл мәселені шешу арқылы біз инновацины дамытуға мүмкіндік аламыз. Себебі мемлекеттің дамуының басты көрсеткіші білімде емес пе?

Келесі мәселеге - кәсіпорындардағы құралдардың ескілігін және тозуын айтуға болады. Сарапшылардың анықтауы бойынша қазақстандық кәсіпорындардағы негізгі құралдардың тозуы 33-35% шамасында. Ал сапалы техникалық құрал жабдықтар өнімділікті жоғарылатып, өнімнің сапасын арттырады және бәсекелестікті жоғарлатады. Негізінен елімізде инновациялық өнім шығаратын зауыттар жоқ деп те айтуға болады.

Міне жоғарыда атап өткендей, Қазақстанда инновацияны дамытуға көптеген іс шаралар жүргізіліп жатқанмен, әлі де болса мұнда көптеген отандық кәсіпкерліктерде ғылымның әлеуеті төмен деңгейде қалып отыр. Сол инновацияны дамытуда келесідей мәселелер шешілсе мүмкін инновация жағары дәрежеде болар ма еді?

Егер технопарктер университеттермен тығыз байланыста болса, студенттер мен оқытушылардың идеясының өндіріске жетуі жылдамдар еді. Оқу орны мұндай жүйеден ұтпаса, ұтылмайды. Егер мемлекет тарапынан тапсырыс келіп түссе, технопарктегі инновациялық компаниялар бірнеше студентті жобаға қатыстыруға міндетті. Жұмысы үшін студент айлық алады. Жоғары оқу орындары мен технопарктерді біріктірсек, студенттердің оқуға деген ынтасы да күшейер еді. Мәселен, студенттің курстық жұмысы немесе диплом жұмысы жай жақсы баға немесе диплом алу үшін жазыла салмайды. Олар іс жүзінде дайын бизнес-жоспарға айналады.

Осы арқылы біз университеттерде теория негізделген емес, инновацияға негізделген білмді алар едік,және де отандық тауар өндірушілерге жағдай жасау мақсатында уақытша жеңілдікпен қарыз құралдарын беру, салықтық жеңілдіктер беру және Қазақстанда өндірілмейтін импорттық машиналар мен құрал-жабдықтарды әкелуде ҚҚС босату. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы елдерден инновацияны еңгізу жөнінен, патент алу белсенділігін ынталандыру жөнінен тәжірибе алуымыз керек. Мысалға Қазақстанда патент алу АҚШ-та патент алудан анағұрлым қиынға соғады.

Сонымен қорытындылай келе, Қазақстанның әрбір азаматы Қазақстанның экономикасының дамуына үлес қосуға талпыну керек. Мүмкін болғанынша отандық инновациялық тауарларды тұтынуға тырысуымыз қажет. Міне осы кезде әрбір қазақстандық мемлекетіміздің дамуын бір қадам болса да алға жылжытады. Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, елдегі жалпы инновациялық көрсеткіштердің төмен болуы ол инновацияға байланысты қабылданған бағдарламалар мен стратегиялардың өз деңгейінде жүзеге асырылып жатпағанын аңғартады. Сондықтан инновациялық потенциалды көтеру үшін алдымен бағдарлама мақсаттарын дұрыс анықтау, кадрлар құрамын жетілдіру және кәсіпорындағы инновацияны басқару механизмдерін жетілдіруді қолға алу керек.


Әдебиет:
1. Е. Әмірбекұлы, «Қазақстан Республикасындағы ұлттық инновациялық

инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі», Алматы, 2011

2. Анализ современного состояния экономики и обоснование необходимости

инновационного развития РК //www.innovation.com

3. Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі.

4. Ү.А.Аманбаев «Кәсіпорын экономикасы»,Алматы,2012

5. Р.Қ. Ниязбекова, Б.А. Рахметов, П.Т. Байнеева «Кәсіпорын экономикасы»,

Алматы,2008

6. Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы ─ Алматы:

Экономика, 2002. ─ 109 бет.



7. Мейірбеков А.К., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы ─

Алматы: Экономика,
жүктеу 112,18 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау