Сервис, Поиск решения командасын таңдаймыз және ашылған Поиск решения сұхбат терезесін 3.42-суретте көрсетілгендей толтырамыз.
3.42-сурет – Тағайындаулар туралы есебінің Поиск решения сұхбат терезсі
Параметры поиска решения сұхбат терезесінде Линейная модель флажогын орнатуды ұмытпаңыз. Выполнить батырмасын басқаннан кейін шешімді іздеу құралы 3.43-суретте келтірілген тиімді ешімді табады.
3.43-сурет– Тағайындаулар туралы есебіндегі жұмыстардың тиімді жоспары
12-тәжірибелік жұмыс. Кездейсоқ сандар генераторын қолданғанда еліктемелік модельдендіру
Тапсырма
Сауда агентінің еңбек ақысы екі бөлігінен тұрады:
- Негізгі бөлігі, сатылған тауарлар құнының 10%-ына тең
- Сыйлықақы, әкімшілік белгілейді.
Күн сайын агент 80 сатып алушыға тауар ұсынып үлгереді, олардың әр қайсысы р=0,2 ықтималдығымен нарық бағасымен тауар сатып алады.
Фирма әкімшілігі өз қалауымен әр жұмыс күніне еңбекақының негізгі бөлігінің 0%, 20%, 50%-на тең сыйлық ақы тағайындайды. Бұл мөлшерлердің ықтималдығы тиісінше 0,2; 0,5 және 0,3-ке тең.
Нарықтық баға С күні бойы өзгермейді деп есептелсе, ол жалпы кездейсоқ мөлшер m(C)=100 тенге және σ(С)=10 тенге қалыпты бөлінген болып табылса, кездейсоқ мөлшердің, Z – сауда агентінің еңбек ақысы, 200 мәнін алу. Агенттің орташа еңбек ақысы М(Z) және орташа текшелік ауытқу σ (Z) неге тең екенін анықтаңыз. σ(С) (σ (С)=5, 10, 20) параметрінің М(Z) мен σ (Z)-ға ықпалын талдаңыз.
Жұмыстың тәжірибелік бөлігін орындау әдістемесі 3.14-кестені дайындаймыз:
1) Тұтынушыларға тауар ұсынуды бірдей тәуелсіз сынақтар сериясы ретінде қабылдауға болады, сондықтан бір күн ішінде сатылған тауарлар саны п=80: р=0,2 параметрлерімен биноминальды бөлеміз. Ол үшін Сервис Деректемелерді талдауКездейсоқ сандар генераторы командасын орындаймыз. Кездейсоқ сандар Генерациясы терезесінде анықтайтынымыз: Өзгермелілер саны – 1; Кездейсоқ сандар – 200; Бөлу – Биноминальды; р мәні – 0,2; Сынақ саны – 80; Шығу интервалы - $B$3. ОК кнопкасын басқан соң $B$3:$B$202 диапазонында өзіміз таңдаған бөлініспен кездейсоқ мөлшердің 200 мәнін аламыз.
3.14-кесте – Сауда агентінің еңбек ақысы
|
A
|
B
|
C
|
D
|
E
|
F
|
G
|
H
|
I
|
J
|
K
|
1
|
Сауда агентінің еңбек ақысы
|
2
|
№
|
Саны
|
Бағасы
|
Түсім
|
Еңбек ақының негізгі бөлігі
|
|
Қосымша
(%)
|
Қорытынды
|
|
Сыйлық
ақы
|
Ықтималдық
|
3
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
0%
|
0.2
|
4
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
20%
|
0.5
|
5
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
50%
|
0.3
|
6
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
М(Z)
|
|
8
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
σ(Z)
|
|
2) Осылайша $С$3:$С$202 диапазонында m=100, сm=10 параметрлі қалыпты бөлінген кездейсоқ мөлшердің 200 мәнін генерациялаймыз.
3) Түсім мен еңбек ақының негізгі бөлігімен есеп айырысу үшін D3 және Е3 ұяларына тиісінше В3*С3 және 10%*D3 формулаларын енгізіп, оларды D3:D202 мен Е4:Е202 диапазондарында жинақтаймыз.
4) Кездейсоқ сандар Генераторының көмегімен дискертті кездейсоқ мөлшер мәнін алу үшін алдын ала оның бөліну қатары туралы деректерді дайындау керек. Ол үшін J3–J5 диапазонына сыйлық ақының (%-да) мәні, ал К3:К5 диапазонына олардың ықтималдығы енгізіледі. Кездейсоқ сандар Генерациясы шақырылған соң Бөлу – Дискреттікті таңдау керек. Мәндер мен ықтималдықтардың кіру интервалы – $J$3:$К$5. Шығу интервалы - $G$3.
5) Н3 ұясына =Е3*(1+G3) формуласын енгізіп, Н4:Н202 диапазонында жинақтаймыз.
6) Формулалардың көмегімен М(Z) мен σ (Z) табамыз.
Ұялар Формула
|
J7
|
=СРЗНАЧ(Н3 : Н202)
|
J8
|
=СТАНДОТКЛОН(Н3 : Н202)
|
7) σ(С)-тің М(Z) мен σ(Z)-ға ықпалын көру үшін алынған есепті С3:С202 диапазонында σ(С) басқа мәндерінде нарықтық бағаның мәндері генерацияланған жаңа параққа көшірген ыңғайлы. σ (С) өзгергенде М(Z)-нің еш өзгермейтінін, ал σ (С)-тің ұлғаюымен σ (Z)-нің өсетінін байқау қиын емес.
Бақылау сұрақтары
1) Кездейсоқ сандар генераторы қалай жұмыс істейді?
2) Қалыпты бөлінгенде генератор не көрсетуі керек?
3) Биноминальды бөлгенде қандай деректер қажет?
13-тәжірибелік жұмыс. Корреляциялық талдау
Тапсырма.
Өнім өндіру тиімділігі көрсеткіштерінің машина жасау кәсіпорындарына, тұтасынан бір типті өндірістер тобы бойынша өзара байланысының бар-жоғын анықтау қажет. Тиімділікті бағалау көрсеткіштері ретінде келесі факторлар іріктеліп алынды: еңбек өнімділігі, қор қайтарымы, өнімнің материалдық сыйымдылығы.
Осы көрсеткіштерінің динамикасы мен мәні туралы статистикалық ақпарат машина жасау саласы бойынша жиналып, соның ішінде статистикалық іріктеу ретінде 25 бір типті машина жасау кәсіпорнынан топ талдауға алынды.
Жұмыстың тәжірибелік бөлімін орындау әдістемесі
Кәсіпорындардың жылдық есептерін зерттеу негізінде келесі 3.15-кестедегі мәліметтер алынды;
x – ППП орташа тізімдік санының әрбәр жұмыс істеуішке шаққанда өзгеріссіз бағада жалпы өнім жасау, млн. тенге;
y – негізгі өнеркәсіптік-өндірістік қордың орташа жылдық құнының 1 тенгеге шаққанда жалпы өнім шығару, тенге;
z – құндық мәндегі материал сыйымдылығы, өзгеріссіз бағадағы жалпы өнімдегі материалдардың құны, %.
Коррециялық талдау жүргізу үшін осы режимнің Талдау модулін Сервис меню-жүйесін пайдаланып, онда корреляция талдау аспабын белсендіру қажет. Мұнда Корреляция диалогтік терезесі ашылады, соған болжамды өрісті толтыру керек.
Толтыру реті мұндай болуы мүмкін:
- Кіру диапазоны. Талданатын мәліметтер бар $B$7:$D$31 ұялар диапазонына сілтеме кіргізіледі.
3.15-кесте – Есепке бастапқы мәліметтер
Кәсіпорынның номері
|
X
|
Y
|
Z
|
1
|
6,0
|
2,0
|
25
|
2
|
4,9
|
0,8
|
30
|
3
|
7,0
|
2,7
|
20
|
4
|
6,7
|
3,0
|
21
|
5
|
5,8
|
1,0
|
28
|
6
|
6,1
|
2,0
|
26
|
7
|
5,0
|
0,9
|
30
|
8
|
6,9
|
2,6
|
22
|
9
|
6,8
|
3,0
|
20
|
10
|
5,9
|
1,1
|
29
|
11
|
5,0
|
0,8
|
27
|
12
|
5,6
|
2,2
|
25
|
13
|
6,0
|
2,4
|
24
|
14
|
5,7
|
2,2
|
25
|
15
|
5,1
|
1,3
|
30
|
16
|
5,2
|
1,5
|
24
|
17
|
7,3
|
2,7
|
20
|
18
|
6,1
|
2,4
|
27
|
19
|
6,2
|
2,2
|
28
|
20
|
5,9
|
2,0
|
26
|
21
|
6,0
|
2,0
|
26
|
22
|
4,8
|
0,9
|
31
|
23
|
7,3
|
3,2
|
19
|
24
|
7,2
|
3,3
|
20
|
25
|
7,0
|
3,0
|
20
|
Ескерту. Сілтеме баған немесе жол күйінде ұйымдастырылған мәліметтердің ең кемі екі аралас диапазонынан тұруы керек.
- Шығу диапазоны. $S$7 шығыс диапазонының сол жақ үстіңгі ұясына сілтеме енгізіледі.
Ескерту. Мәліметтердің екі жиынтығының корреляциясының коэффициенті олардың өнделу ретіне қатыссыз болғандықтан шығу саласы өзіне арналған орынның жартысын ғана алады. Жолдары мен бағандарының координаттары дәл келетін шығу Диапозонының ұяларында 1 мән болады, себебі әрбір жол мен баған кіру диапазонында өзін-өзі толығынан корреляциялайды.
Топтандыру. Ол үшін бағандар бойынша жағдайға ажыратқыш орнатып, ОК-ны басу керек.
S7:V10 ұялар блогына шығу мәліметтері бар корреляциялық матрицасы қойылады.
Алынған есептер диагональ асты элементтері корреляцияның қосарлы коэффициенттері: rxy, rxz, rvz екенін көрсетеді.
Корреляция коэффициентінің – 1-ден +1-ге дейінгі интервалдан мән алатыны белгілі.
Корреляция коэффициентіне +1 мәні тиісті ауытқулар арасында (хi -) және (yi -) тікелей байланыс, ал – 1 мәні олардың арасында кері байланыс болғанда жетеді. Осы шамалар арасындағы байланыстардың мәні тікелей немесе кері байланыстар көбірек ауытқыса, ауытқу сомасы сонша көп болып, нөлге жақындайды.
Корреляцияның оң коэффициентінде оң корреляция, теріс коэффициетінде теріс корреляция туралы айтылады. Корреляция коэффициенті ±1 мәніне неғұрлым жақын болса, байланыс та соғұрлым тығыз да қарқынды. Желі үдемелі функциональдық тәуелділікте өзгермелі у пен х арасында ryx= +1, желі бәснңдігінде ryx= -1. Корреляция байланысы нөлге жақындаған сайын зерттелетін байланыс нашарлау. Екі өзгермелілер арасындағы желі байланысы жағдайында тек бір корреляция коэффициенті болады.
Мәліметтердің екі жиынтығының арасындағы корреляция коэффициентін есептеу үшін КОРРЕЛ статистикалық функциясын пайдалануға болады.
Ұяларға формулалар енгізіледі:
rxy V15: =КОРРЕЛ(В7:В31; С7:С31);
rxz V16: =КОРРЕЛ(В7:В31; В7:О31);
rvz V17: =КОРРЕЛ(С7:С31; О7:В31).
Ол үшін Мастер функций терезесінде Статистикалық категорияны, ол онда КОРРЕЛ функциясын таңдап, функция мастерін пайдаланамыз.
1 массивте – мәндер интервалының ұясы, 2 массив – мәнді ұялардың екінші интервалы.
Бұл функция массив 1 және массив 2 адрестері бойынша анықталған ұялар интервалдары арасындағы корреляция коэффициентін оралтады. Корреляция коэффициенті екі айырықшылық арасында өзара байланыстың бар-жоғын анықтау үшін пайдаланылады.
Алынған есептер негізінде мынадай қорытынды жасауға болады.
Кәсіпорынның басқаларымен жұмысының тиімділігінің зерттелген көрсеткіштерінің әрқайсысы өзара тығыз байланысты (детерминацияның барлық көбейтінді коэффициенттері мәнді және 0,8-ден асады).
Әсіресе қор қайтарымы мен қалған екі көрсеткіш – еңбек өнімділігі мен материал сыйымдылығы тығыз байланыс бар. Қор қайтарымының орташа 84,25%-ға өзгеруі еңбек өнімділігі мен материал сыйымдылығының өзгеруімен түсіндіріледі (қор қайтарымының орташа 15,75%-ға өзгеруі бақыланбайтын факторлардың, нышандардың ықпалымен түсіндіріледі). Мұнда еңбек өнімділігі 1млн. тенгеге ұлғайғанда қор қайтарымы негізгі өндіріс қорының рубліне шаққанда орташа 0,55 тенгеге ұлғаяды. Материал сыйымдылығы 1%-ға кемігенде қор қайтарымы орташа 0,48%-ға ұлғаяды. Зерттелген көрсеткіштер өздерінің орта деңгейлерінен шағын мөлшерде ауытқыған жағдайда көрсетілген нормативтер салыстырмалы түрде тұрақты (тұрақтылық сенімді интервалдармен және 0,95 ықтималдығымен көрсетіледі).
Бұл жағдайларда материал сыйымдылығы мен еңбек өнімділігінің арасындағы өзара тәуелділік (қор қайтарымын есептегенде) дәлелденбеген (корреляцияның жеке коэффициенті pxz/y елеулі емес). Мұндай тәуелділікті барынша сенімді тексеру үшін біздің қолымыздағыдан көбірек іріктеу көлемі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |