«Таран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірыңғай конкурстық комиссиясы, 111700, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60,№27 кабинет. Анықтама үшін телефон: 8 (71436) 3-60-81, электрондық мекенжайы: s.syzdykov@kostanay.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
«Евгенов ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, санаты Е-G-3 (1 бірлік), лауазымдық еңбек ақысы қызмет өтіліне байланысты 69 957 теңгеден 94 108 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы», «Мемлекеттік рәміздер туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Саяси партиялар туралы» заңдарының шеңберінде жұмысын басқару. Қоғамға маңызды үдерістерін жоспарлау, мониторинг және талдау саласында жұмысын басқару. 2050 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының даму Стратегиясын, Қазақстан халқына Ел Басшының жыл сайынғы Жолдауын іске асыру шеңберінде түсіндіру жұмыс жүргізу. Қоғамдық құрылымдарының, халықтың нысаналы топтарының, аға буынның өкілдерінің, жұмыс істеген халық пен жастардың жұмысын басқару арқылы тұрақтылығын, этникааралық татулық пен бірлікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенді (семинарлар, кеңестер, конкурстар, акциялар, дөңгелек үстелдер және басқалар) өткізуін ұйымдастыру. Аумақта мемлекеттік ақпарат саясатын, жұртшылықпен, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен байланысты жүзеге асыру, ішкі сяасат мәселелер жөніндегі аудан әкімдігінің Интернет-ресурсын толтырылу және өзектілігін қамтамасыз ету. Шаруашылық кітаптарын жүргізу. Ауыл азаматтардың шаруашылық жүргізу бойынша кітабында есеп жүргізу. Статистикалық есептілігін дайындау. Тұрғын қор бойынша жұмыс жүргізу. Ауыл аумағының санитарлық тазарту жұмысын ұйымдастыру, ақпаратты жинау және тапсыру. Төтенше жағдайлар бойынша жұмыс жүргізу. Ауылдың ЖШС басшыларымен, шаруа қожалықтарымен, жеке кәсіпкерлермен өзара әрекет ету. Мәдениет мәселесі бойынша жұмысын жүзеге асыру, жастармен жұмыс жүргізу. Экономика және қаржы бөлімдері бойынша жұмыстарды жүргізу және есептілікті кәсіпкерлік бөлімі мен ауыл шаруашылығы бөлімдіріне тапсыру. Жер салығы мен мүліктік салықты төлейтіндердің есебін жүргізу, жеке тұлғалардан салық жер салығы мен мүліктік салықты жинау. Салық төлеушілерден қалған қаражаттың қалдығы мен қозғалысының есебін жүргізу, бюджет алдындағы берешегін салыстырып тексеруіне қатысу. Салық төлеуден қалған қаражат қалдықтары мен қозғалысы туралы есептілікті құру, бюджет алдындағы берешегін салыстыруға қатысу. Экономика және қаржы бөлімдерінің бағыттары бойынша жұмыстарды жүргізу және есептілікті тапсыру. Үй-үйді аралауды жүзеге асыру, салық төлеушілерге төлем хабарламаларын тапсыру. Евгенов ауылы әкімінің өкіміне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудегі тиісті стандарттар мен регламенттерді және әкімшілік процедураларды сақтай отырып мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізеді. Қолданыстағы заңнамасына және ауыл әкімінің тапсырмаларына сәйкес басқа қызметтерді жүзеге асыру.
Жалпы конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; құқық; гуманитарлық ғылымдар; білім; техникалық ғылымдар және технологиялар, жаратылыстану ғылымдары; қызмет көрсету; ауылшаруашылық ғылымдары; ветеринария.
Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім – білім беру, құқық, қызмет көрсету, экономика және басқару, метрология, стандарттау және сертификаттау, байланыс, телеқатынас және ақпараттық технологиялар, ауылшаруашылық, ветеринария және экология білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын).
Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурс Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі (бұдан әрі - Қағида).
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысанындағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;
3) білім туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшірмесі;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулық туралы медициналық анықтама (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, Таран ауданы әкімі аппаратының кадрлар жұмысы бөлімі құжаттардыңкөшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар құжаттарын «Таран ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің кадрлар жұмысы бөліміне, 27 кабинет, 111700, Қостанай облысы, Таран ауданы, Таран ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 60, анықтама үшін телефон 8 (71436)-3-60-81, электронды почта мекенжайы: s.syzdykov@kostanay.gov.kz,қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Құжаттарды қабылдау мерзімі - 7 жұмыс күні, ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Құжаттарды электронды түрде «Таран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің электрондық поштасына не «Е-gov» электронды Үкімет порталына берген жағдайда, құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған Таран ауданы әкімі аппаратының 51 кабинетінде(Кіші зал) әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Таран ауданы әкімі аппараты кадрлар жұмысы бөлімінде тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар Таран ауданы әкімі аппараты кадрлар жұмысы бөліміне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
23.08.2018
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені________________________________________________________
_________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
_________________________________________________________________
______________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
2 қосымша
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІКМЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТІКТІЗІМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
_______________________________________
т егі, аты және әкесініңаты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР/ ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi,ғылыми дәрежесi, ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетелтiлдерiнбiлуi/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттiкнаградалары, құрметтiатақтары(болған жағдайда)
Государственные награды, почетные звания(при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда)
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/
Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/
должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылдаған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
___________________
Кандидаттың колы/
Подпись кандидата
|
____________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |