Экономикадағы өнеркәсіп саласының алатын орны


ӨНЕРКӘСІПТІК САЯСАТ ЭКОНОМИКА ӨРЛЕУІНІҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ



жүктеу 231,03 Kb.
бет9/21
Дата14.05.2020
өлшемі231,03 Kb.
#30431
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21
ДИПЛОМ

2. ӨНЕРКӘСІПТІК САЯСАТ ЭКОНОМИКА ӨРЛЕУІНІҢ МАҢЫЗДЫ ФАКТОРЫ РЕТІНДЕ

2.1 Өнеркәсіптік саясаттың құрылуының мәні, түрлері және қағидалары
Өнеркәсіптік саясат – тура мағынада теория болып саналмайды. “Теориялық ой – тәжірибе” сұлбасы бойынша макроэкономикалық шешім қабылдаудан ерекшелік, өнеркәсіп саясат нақты рыноктық процесстердің әсер ететін экономикалық жүйенің құрылымдық трансформацияның нақты процесін көрсетеді. Өнеркәсіптік саясат – бұл ұлттық механизмның тұрақты жағымсыз әсерлерін икемді орналастыру (мұнай бағасының өсуі, ұлттық ақша бірлігінің валюталық курсының өсуі, жұмыс күшінің қымбаттауы және т.б.). осымен қоса қатаң шарттарға қойылған ұлттық элита бір жағдайдан екіншісіне жоспарлы ауыстыру жүйесі үшін әртүрлі, яғни әкімшілік, сондай-ақ нарықтық механизмдерді қолданады.

Оқулық кітаптарда ӨС мәселелеріне көңіл енді ғана бөлініп жүр. Алайда ғылыми кітаптарда ӨС жүйесіне көптеген анықтамалар берілген, солардың бірі жоғарыда көрсетіліп кетті. Осындай анықтамалардың анализі бұл құбылыстың маңызды деген сипаттамаларын алуға мүмкіндік береді: яғни бұл саясаттық объектісі, субъектісі, мақсаты және оны іске асыру құралдары.

Объектісі ретінде елдің барлық өнеркәсіптік секторы, яғни барлық салалар жиынтығы, өнеркәсіп салаларының ғылыми – техникалық деңгейіне әсер ететін салалық құрылымы мен барлық құрылымдық жетілуі көрінеді. Сондықтан ӨС қарастырған жағдайда объективті ерекше салалық, құрылымдық, ғылыми – техникалық, инавациялық саясат қарастырылады. Өйткені олар бір сектор аумағында орналасқан және бір мақсатты көздейді.

ӨС субъектісі мемлекет, яғни өзінің барлық салалардағы басқарушы органдармен қатар көптеген басқада шаруашылық субъектілер бола алады, мысалы: ірі корпорациялар, қаржылық - өнеркәсіптік топтар, акционерлік қоғамдар және т.б. өзінің жеке көзқарастары, мотиві және сәйкесінші ӨС жүргізе алатын мүмкіндіктер бар шаруашылықтың мықты құрылымдары. Ірі капиталдары бар жағдайда олар өздерінің жеке ӨС-тың жүргізетін маңызды мүмкіндіктерді иемденеді.

ӨС құрудағы өте маңызды рөл саясаттың мақсаттық бағыты болып табылады. Міне осыларға ӨС нақты типі де, артықшылықтар жүйесі де, оның нақты мазмұны да және қолданыстағы құралдардың барлық қорларына да байланысты. Алайда ӨС перспективаларға бағытталған және оның негізгі талаптарының бірі – шынайлық, жеткіліктілік, экономикадағы шаруашылық жағдайды ескеру.

Сондықтан кейбір авторлардың ӨС-қа басты, орта мерзімді және тактикалық мақсаттарды ұзақ мерзімді және кезең – кезеңдік процесс ретінде қарайтын көзқарастары дұрыс болып табылады. Басты мақсат ретінде – елдің аграрлы шикізаттық мамандану және кәсіпорындардың жоғары техника - технологиялық деңгейімен өндірушілер арасындағы бәсекенің іс - әрекеттік механизм базасындағы тиімді олигополиялық рынок құрылымын қалыптастыру.

Орта мерзімді мақсат – бұл халық шаруашылығының құрылымдық және технологиялық қайта құрылымының индустриалды базисі, кеңейтілген ұдайы өндірісті қалпына келтіру.

Тактикалық мақсат - өндіріс құлдырауының алдын алу және экономика қадамына орнықты даму мен тұрақты сипат беру сияқты ағымдағы міндеттерді шешеді. Көрініп тұрғандай, бұл мақсаттар әртүрлі уақыт кординатын көрсетіп, қабылданған ӨС-ң негізгі мазмұнын іске асырудың логикалық сатысы ретінде көрінеді.

Жоғарыда келтірілген республика өнеркәсібінің дамуының қазіргі кездегі жағдайын қысқаша талдау, үкіметтің индустриалдық саясатын қалыптастыру ерекшеліктерін анықтау үшін қажет. Бұл жерде, осы саясатты қалыптастыру ерекшеліктерін айқындайтын бес негізгі факторды атап өтуге болады. Олар:


  1. өнеркәсіп өндірісінің макроқұрылымын бәсекелестікке сай ақтық өнімдерді және шет елдерден алынатын өнімдерді ауыстыратын өнім түрлерін шығаратын салалардың пайдасына күрт өзгертудің қажеттілігі;

  2. өндірістік қорлардың жаңарту мен жаңғырту процестерн жеделдету мақсатында шет елдерден технологиялық инвестицияларды тартуды ынталандыру;

  3. ғылыми ізденістерді талап ететін өнеркәсіп салаларын жедел дамыту мақсатында материалдық – шикізат, қаржылық және интеллектуалдық қорлардың бір бөлігін жұмылдыру;

  4. халықаралық еңбек бөлінуінде өз орнын анықтау және әлемдік шаруашылық дамуының интеграциялық процестерінде өз орнын табу;

  5. аграрлық сектордың ақтық өнімінің дайындық деңгейін жоғарлату, ауыл шаруашылық өнмдерінің ысырап болуын төмендету және жергілікті халықты еңбекпен қамтамасыз ету мәселелерін шешу мақсатында ауылды индустриаландырудың материалдық – техникалық негізін құру.

Әрине, республиканың индустриалдық саясатын құру негіздері өзгеріссіз қала алмайды. Қалыптасқан саяси, экономикалық, әлеуметтік жағдайларға байланысты олар өзгеріп отырады. Бірақ, индустриалық саясатты қалыптастырудың ең бастапқысы ұстанымы өзгермеуі тиіс.

Олар:


а) тек өндірістік емес, сонымен бірге әлеуметтік салалардың дамуының тиімділігінің жоғары болуы;

б) экономиканың және оның салаларының дамуы әлеуметтік бағытта болуы;

в) халық тұрмысының экологиялық қауыпсіз болуы.

Индустриалдық саясатты қалыптастыру процесі бірнеше кезеңнен өтеді.

1) ол осы саясатты ғылыми негіздеу. Оның негізгі бөлігі ретінде өнеркәсіп дамуының бастапқы деңгейін ғылыми талдау және синтездеуді айтуға болады. Олардың нәтижесі өнеркәсіп дамуының негіздерінің, қағидаларының, болжамдық есептеулерінің және берілген саланы дамытудың оңтайлы вариантын таңдаудың ғылыми базасы қызметін атқарады.

2) индустриалдық саясатты нақтылаудың келесі кезеңі ретінде эксперттік баға беру шараларының нәтижесін айтуға болады. Эксперттік баға беру – саясаттың, экономиканың және әлеуметтік сфераның мәселелерін терең түсінетін білікті мамандарды қатыстыру арқылы жүргізіледі.

3) аталған саясатты қалыптастырудың соңғы кезеңіне орта және ұзақ мерзімге арналған республиканың индусртиалық саясатын заңдастыру процесі жатады.

Қазіргі кезде басыңқы сала ретінде мына сала – аралық кешендер белгіленген: отын – энергетикалық, металлургиялық, машина жасау және мұнай – химиялық.

Өнеркәсіп салаларының дамуын мемлекеттік реттеу процесі құқығының заңнамалық әдістер туралы әкімшілік – экономикалық әдістерді ұштастыра қолдану арқылы жүргізілуі тиіс.

Әкімшілік реттеулердің мәні мемлекеттің төмендегі жұмыстарды атқаруы арқылы көрінеді.


  1. ірі халық шаруашылық маңызы бар мәселелерді шешу үшін ұлттық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және іске асыру;

  2. облыстардың (қалалардың, аумақтардың) әлеуметтік – экономикалық кешенді дамуының жоспарларын жасау;

  3. жаңа пайдалы қазба кен орындарын игеру жөнінде атқарушы билік органдарының шешім қабылдауы;

  4. төменгі шаруашылық ұйымдары орындалған міндетті басқару органдарының шешім қабылдауы;

Ал, экономикалық реттеу әдістеріне мыналар жатады:

  • мемлекетік секторға бағынбайтын шаруашылық субъектілерінің стратегиялық жоспарларының мемлекеттік атқару билігінің зерттеуі және мақұлдауы;

  • жалпыға бірдей экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуді жеңілдететін өндірістік кәсіпорындарды іске қосуды мемлекет тарапынан қолдау және жеңілдетілген жағдайлар туғызу;

  • сапалы өнім шығаратын, жаңа техника мен технологияны пайланатын, өндіріс қалдықтарын іске жарататын жаңа кәсіпорындарға қаржылық – несиелік, салықтық, бағалық, нормативті – таривтік жеңілдіктер тағайындау;

  • құрылысы және іске қосылуы әкімшілік – аумақтық құрылымдарды әлеуметтік – экономикалық дамуының кешенділігіне ықпал ететін кәсіпорындарға тікелей материалдық және қаржылық көмек көрсету.

Өндірістік саясат тек мемлекеттік сектордағы өндіріс дамуын ғана емес сонымен қоса басқа да әртүрлі меншік формаларындағы, өнеркәсіптік негізгі салаларының дамуымен сәйкеседі. Бұл мемлекет құзырында бар реттеуді әртүрлі формалар мен әдістерін қолдану арқылы іске асуы мүмкін.

Экономикалық әдебиеттерде мемлекеттік ӨС-тің әртүрлі классификациялары кездеседі.



  • экономикалық өсім сипаты бойынша ӨС-тің теңдестірілген және

теңдестірілмеген типі;

• өнеркәсіптік комплекске әсер етуі бойынша – активті және пассивті;

• бағытына қарай – жалпы жүйелік және селективалық;

• мазмұнына қарай – экспортқа бағытталған, импортқа бағытталған және инновациялық;

• масштабтылығына қарай – жалпыұлттық және аймақтық.

Көбіне осылардың қолдануы қалыптасқан өнеркәсіптік комплексті даму деңгейі мен оның қолданылатын стратегиялық мақсаттық жағдайына қарай болады және нақты шаруашылық тәжірибеде ӨС әртүрлі типтері жинақы және мағынасына қарай қолданылуы мүмкін. (схема) /10/


Ұлттық өнеркәсіптік саясатты құрудың жалпы сұлбасы




жүктеу 231,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау