1. ӨНЕРКӘСІПТІ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Экономикадағы өнеркәсіп саласының алатын орны мен маңыздылығы
Кез келген елдің экономикалық жағдайы көбіне оның өнеркәсіп саласының даму деңгейіне байланысты. Өндіріс жағдайымен даму динамикасы халықтың қажеттелігін қанағаттандыра алатын экономикалық тәуелсіздіктің нығаюы, ұлттық қауіпсіздік, әлемдік экономикалық тең құқылы және өзара тиімді шарттарда интеграциялау шараларындағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді нәтижелі орындау мүмкіндігінің кепілі бола алады.
Ұлттық экономикадағы өнеркәсіптік кешеннің мәні мен ролі келесі факторлармен анықталады.
Біріншіден, өнеркәсіптік өндіріс объективті түрде ішкі тұтынумен экспорттық барлық тауарлық массасының, жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) құрылымының негізгі қайнар көзі болып табылады. Тұрақты дамушы елдер экономикасында өнеркәсіптік сектор елдің ЖҰӨ-нің 40 пайызына жуығын өндіреді және өнеркәсіптік өндірістің қарқынды өсімі алдағы жылдарға ЖҰӨ өнімнің оң серпіні мен мақсатты көрсеткіштерге айқындаушы фактор болады. Ал бұрынғы Кеңес экономикасында, 90-жылдың басында бұл көрсеткіш 60 пайызға жуығын құрады. Сонымен қатар тұрақты дамушы елдер экономикасында және тұрақты жұмыс істейтін кәсіпорындар жұмыс бастылықты қамтамасыз етеді және ол сәйкесінше әлеуметтік меселелердің шешімін табады. Ондағы жұмысбастылық халықтың жалпы еңбекке қабілетті тұрғындарының 40 пайызын құрайды.
Екіншіден, өнеркәсіп экономиканың маңызды саласы ретінде ол барлық қалған салалармен қоғамдық өндіріс аумағын индустриализациялаудың шешуші фактор болып табылады. Олардың техникалық-технологиялық деңгейін, ғылыми техникалық базасы мен салааралық кешен жағдайын анықтайды. Сонымен қатар өнеркәсіп секторы бюджеттің негізгі салық төлеушісі болып табылады.
Үшіншіден, көп салалы өнеркәсіптік сектор барлық басқа салалар мен қоғамдық өндіріс аумағының өнімдері мен қызметтерінің негізгі тұтынушысы бола отырып, қоғамда сұранысқа төменқабілеттілігін туғызады және жылдам дамудың арқасында ЖҰӨ-нің өсімін реттейді.
Мемлекет экономикасының аяғынан тік тұрып, көштен қалмауы үшін индустриялық – инновациялық стратегияны ту етп алға ұстаудың жеткіліксіз екені, өндіріс пен өнеркәсіпке сапалы ғылыми жобаларды енгізбейінше бұл саланың алға баспайтыны әлемдегі инновациясы жақсы дамыған мемлекеттердің тәжірибесінен байқалар еді. Қазақстанның экономикасы салмақты елдердң қатарынан табылуы үшін Үкімет мемлекетіміздің ұлттық инновациялық жүйесін дамыту қажеттігін айтып, былтыр жазда дабыл қаққан болатын. Осы мәселеге қатысты Үкімет отырыстарының бірінде Тимур Сүлейменов еліміздің индустриалық инновациялық стратегиясын ұлттық инновациялық жүйені қалыптастырмайынша, жүзеге асыру қиын соғатынын айтып, Қазақстандағы инновациялық қызметтің барлық нысандары көптеген елдермен салыстырғанда кейін қалып қойғанын сынға алған-ды. Оның айқын дәлелі ретінде инновациялық даму инфрақұрылымдары – технопарктер мен инновациялық орталықтардың енд ғана құрылып жатқанын және қаржылық құрылымдарының мүлде дамымағанын, мысалға келтіреді.
Ал, Индустрия және сауда министрлігі тарапынан ұлттық инновациялық жүйенің негізгі құрамдауыштары - ғылыми әлеуетті дамытуға қаржының жеткіліксіз бөлінетіні, инновациялық орталықтар мен технопарктар құрылғанымен, инновациялық кәсіпорындар және инновациялық менеджерлердің жоқтығын жеткізіп, осы мәселелердің ұлттық инновациялық жүйенің дамуын тежеп отырғаны айтылған еді.
Сөз жоқ ағымдығы мыңжылдық инновация және ақпараттық технологиялар дәуірі болмақ. Дамушы елдердің көпшілігі, тіпт дамыған мемлекеттердің өзі әлемдік экономикада жетекші орынға шығып, өзгелерден озу үшін ұлттық инновациялық жобаларын дамытада қыруар жұмыстар атқаруда. Болашағы зор ғылыми жаңалықтарды өндіріске енгізіп, ғалымдарының ынталы жұмыс істеуіне жағдай жасауда. Яғни, дүниенің кілті ғылым мен білімде деген қағиданың жыл өткен сайын мәнін жоғалтпай, керісінше, жаңа сипатқа ие болғанын сөзбен емес, іспен дәлелдеуде. Жаһандану дәуірінде мықты мемлекет болу үшн тіл, дін сынды ұлттық ұлт екенін айғақтайтын маңызды өлшемдермен қоса, оның салмағын көрсететін экономикасының да мықты болуы шарт.
Экономиканың бәсекеге қабілеттілігі – мемлекет өндірісінің түрлі салаларындағы әлеуеті және халқының әл-ауқатының деңгейімен өлшенеді. Президенттің өткен жылғы Қазақстан халқына арнаған «Бәсекеге қабілетті мемлекет, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті ұлт» Жолдауында айтылған міндеттердің түп төркіні ең алдымен қазақтың, Қазақстан халқының байқуатты ғұмыр кешуі үшін нарықты экономика заманында озғанды қуып жетіп, қуып жеткенді басып озуға бағытталған стратегия екені анық. Экономиканы мығым ету үшін осы саланың түрлі секторларында атқарылып жатқан жұмыстармен қоса өндіріс пен өнеркәсіпке жан бітіріп, аяғынан тік тұрғызу қажет. Олай ету үшін сапалы идеялар мен ғылыми жобаларды аталған саларға көптеп енгізіп, жұмыс істету аса маңызды.
Біз экономикалық маңызы бар саланы дамытуда Кеңес одағы кезінде қалыптасқан кейбір үрдістерден әлі арыла алмай жүрміз. Мәселен, одақ кезінде өндіріске жіберілген ғылыми жобалардың басым көпшілігін мемлекет қаржыландыратын. Нәтижесінде, жоба кейін өндіріс пен өнеркәсіпке енгізіліп, нақты өмірде жұмыс жасай бастаған жағдайда қаржы бөлгендіктен ғана ол мемлекет меншігінде қалып қоятын. Дәл осы үрдіс Қазақстанда әлі де болса басым. Бұл жұмысқа жеке секторларды жұмылдырмайынша, нарық заманында экономиканың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мүмкін емес. Экономикалық жетістіктер жіті зерттеуді қажет етеді. Сондықтан, ғылыми жобаларды 100% мемлекет тарапынан қаржыландандыруға шектеу қою заман идеяларының пайдасын көру үшін ғылыми жобаларға мемлекеттен бөлінетін қаржыны 50% асырмаған жөн деп санайды. Бұл өз кезегінде жеке секторлардың өндіріске енгізілуге құлшынып тұрға идеялар мен жобаларға қызығушылығын тудырып, оған қаржылық жағынан қолдау көрсетуге ынталандырады. Осылайша, ұжымдаса жұмыс істеуден жоба авторы мен оған қаржы салған кәсіпкер немесе бизнесменнің де қомақты пайда табуына мүмкіндік бар.
Алайда, бір өкініштісі, біздегі жеке секторлар ғылыми жобаларды тек мемлекет қаржыландыруы тиіс деген қасаң түсініктен әлі арылмай келеді. Олардың ұғымында ғылыми жобалардың болашағына күмәнмен қарап, өзіне және қоғамға пайда әкелетін идеяға үрке қараушылық басым. Тәуекелге бару жағы кемшін. Сондықтан, еліміз экономикасының іргесі берік әрі бәсекеге қабілетті болуы үшін Еуропа мен Азияның бірқатар дамыған елдеріндегі тәжірибенің бізге пайдалы тұсын алып, ғылыми жобаларды жеке секторлардың қаржыландыруына көңіл бөлуіміз керек. Яғни, ғылым өндіріс үшін формуласын жүзеге асыру үшін мемлекет пен жеке сектор бірлесіп жұмыс жасауы тиіс. Бұған ведомствалық мүдделерді, яғни, бір жүріп екі асауға дағдыланғандарды араластырудың қажеті жоқ. Бұл дегеніміз – жобалармен кәсіби мамандардың жұмыс істеуіне мүмкіндік беру.
Атап өтер жайт, еліміз тәуелсіздік алған 90-шы жылдың басынан бері өнеркәсіп пен өндірісте салмақты инновациялық жаңалықтар болмады. Яғни, ғалымдарымыздардың идеялары өндірісітік тәжірибеде сыналмады. Мұның басты себебі – бізде ғылыми идеяларды коммерцияландыру жүйесі әлі жасалмаған. Мамандар, ғылыми жобалар мен деяларды коммерциландырудың алғашқы кезеңде тиімді болмауы мүмкін екенін, алайда, уақыт өте келе бұл іс міндетті түрде өз жемісін беретін айтуда. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру мақсатында осы жолмен жүру келер ұрпақ болашағы үшін қажет дүние.
Достарыңызбен бөлісу: |