Экономикадағы өнеркәсіп саласының алатын орны


Өнеркәсіп саласының бәсекелестік артықшылықтары және бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолдары



жүктеу 231,03 Kb.
бет17/21
Дата14.05.2020
өлшемі231,03 Kb.
#30431
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
ДИПЛОМ

3.2 Өнеркәсіп саласының бәсекелестік артықшылықтары және бәсекелестік ортаны қалыптастыру жолдары
Мемлекет және өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекелік артылықшылықтары.Қазіргі кезде әлемнің барлық мемлекеттері ұлттық бәсекеге қатысты мәселелерді XXI- ші ғасыр талабына сай шешуге ынталы. Елдің бәсекелік артықшылығы нақтап айтса, кәсіпорын мен фирмаларға тәуелді.

Кәсіпорынның бәсекелік артықшылықтары – бұл тұтынушыны тарту, нарықтағы оның орны.

Бәсеке – тиімді даму мен қызмет етудің негізгі механизмі. Тиімді бәсекеге жағдай жасау – мемлекетік индустриалдық – инновациялық саясаттың негізгі міндеті мен мақсаты.

Өнеркәсіптің өңдеу саласына инвестииця тартылмау, олардың шикізат – ресуртар нарығындағы кішкентай өзгерістерге тәуелді болуына әкеледі.

Қазақстан экономикасының мұнай – газ және теу – кен саласынан басқа саларға инвестииця тарту аз немесе сапасыз тауарлары біздің нарықты жаулап алды және бұл бәсекені дамытқан жоқ, керісінше жергілікті өнеркәсіптің құлдырауына әкелді. 1990 жылы жеңіл өнеркәсіптің үлесі 21% болса, қазір 0,52%.

Отандық кәсіпорындардың негізгі қорының 60% жабдықтары ескерген. Әрі қарай инвестициялық тиімді саясат жүргізу үшін, инвестициялық қолайлы климат жасау үшін ҚР-ң “инвестиция” туралы заңы жасалады.

Қазақстан үшін бірден үш мәселені шешу керек. Ол - әлемдік кеңістікте экономиканы интеграциялау, оның құрылым және жүйелік трансформациясын жүргізу. Дер кезінде өзгерістер жасаған кәсіпорындар бизнес (жаңа) артықшылықтарының нәтижесін көре алады.

Отандық кәсіпорындар бәсекеге төзімді болу үшін халықаралық тәжірибелерді принцип ретінде ұстау керек. Оларға жататындар:



  • шаруашылық әрекеттерінің барлық аспектілерін жаңалықтар мен өзгерістерге, артықшылықтарды қолдануға ынталандыру;

  • бәсекеге артықшылықтарының көлемінің өсуі және оның шыңдалуы;

  • кәсіпорынның құрылуын, өнімнің өндірісін және өтуін қамтитын, бәсекелік артықшылықтарды құруға жүйелі қадам жасау.

ҚР-ң кәсіпкерлікті қолдау проектісінде кіші және орташа кәсіпорындарға жеңілдіктер мен гарантиялар берілу қарастырылған. Олардың тауарлары мен қызметтеріне ішкі және сыртқы нарықта көрмелер ұйымдастыру, жәрмеңке, конкурстарға қатыстыру көзделген.

Біздің өндірушілер халықаралық стандарттарды енді ғана үйрене бастағанына қарамастан, қазірдің өзінде тұтынушылар үшін күрес жүре бастағаны байқалады.

Қазақстан капиталының сыртқы нарыққа, әсіресе ТМД елдерінде шығуы жалғасын тауып келеді. Отандық экспеттердің айтуынша қарасақ, алдағы 3 жылда қазақстандық банктердің Ресейдегі инвестициясы 5,5 млрд. АҚШ долларын құрауы тиіс.

Өкінішке орай тау – кен өнеркәсібі мен өңдеудің арасындағы өсу қарқынының алшақтығы үлкейіп барады.

Бірақ та, бүгінгі таңда өнеркәсіптің өңдеуші кәсіпорындары көрші елдер нарығына шыға бастағаны байқалады.

Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілгін арттырудың мемлекеттік саясаты.Кез – келген мемлекетің қуаттылығы оның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне байланысты. Қазірігі кезде жаһандандыруға байланысты елдер мен елдердің, фирмалар мен аймақтардың өзара бәсекеге түсуі макроэкономикалық саясаттың үлесінде.

Нарық өркениетті, қарқынды дамуына жағдай жасау олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру әрбір ел үшін мемлекеттік реттеудің негізгі көзі болып табылады.

Бәсекеге қабілеттілік – бұл күрделі экономикалық категория, онда тек нарық талаптары ғана емес, нарықты жаулап алу, ұстап тұру, нығайтуға және кеңейту сияқты белсенді бәсекелік шаралар жүріледі. Мемлекеттік саясаттың сәл өзгерісіне тәуелді субъектілерге бизнестік ортада үлкен мән беруге тура келеді.

Бәсекелік қатынас 3 деңгейде өтеді:


  • микро - өнімнің бәсекелік түрі, өндіріс, кәсіпорын;

  • мезо – біріккен кәсіпорындар, салалар;

  • макро – салааралық, ұлттық деңгей.

Ең маңыздысы – макро бәсекелік. Бәсекенің артықшылықтарын, бәсеке қабілеттілікті бағалау әдістерін анықтаудың әртүрлі критершілері бар:

  • Ресурстық

  • Технологиялық

  • Жаһандану

  • Мәдени

Біздің республикамыз тек ресуртық артықшылықтарымен ерекшелене- ді. Технологиялық және жаһандану ерекшеліктері қазір бізде жоқ. Оны былай түсіндіруге болады:

  • негізгі қор шығынының өсуі (салалардың экономикалық әрекетіне қарай ол 50 – 70% құрайды);

  • кәсіпорындардың техникалық және технологиялық ескеруі;

  • өндіріспен тиімді ғылыми байланыстың болмауы;

  • республикамыздағы инновациялық үрдістің даму деңгейінің төмендігі;

  • халықаралық экологиялық, әлеуметтік стандарттар мен нормаларды сақтамау, мүлде жоқтығы;

Сондықтан бәсекенің қазіргі жағдайын нығайту керек, бұл тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Қазіргі кезде еліміз минералды – шикізаттық потенциал негізінде экономикалық саясат құрып жатыр. Болып жатқан экономикалық, саяси, демограциялық үрдістер минералдық шикізатқа сұранысты күрт өсіріп жіберді, ал ол көп елдердің әлемдік минералды – шикізат кешенінде өз позициясын жоғалтуға әкелді.

Қазақстан бүгінгі күнде көмірсутегі қорына бай елдердің қатарына жатады: мұнай қоры бойынша 12 – орын, газ және газ конденсаты бойынша 15 – орын, мұнай өндіру бойынша 23 – орын алады. Қазақстанның мұнай қоры әлемдік қордың – 2% иеленді. Уран қорынан әлем бойынша 25% – Қазақстанның үлесінде.

Сондықтан қазақстанның табиғи ресуртар сыртқы нарықта ірі бәсекелестердің бір болып отыр.

Шикізатты экспортқа шығару көлемінің өсуіне байланысты еліміздің экономикалық өсу қарқыны күшейіп келеді. Дегенмен әлемдік нарықтың конъюктурасына (валюта курсы, өнім құнының жағдайы) тәуелді. Еліміздегі бәсеке қабілеттіліктің артуына әсер ететін бір фактор – инвестиция.

Экономиканың барлық салаларына, оның ішінде ғылыми база мен технологияны дамытуға инвестиция тарту, бәсекелік позицияның артуына ықпал етеді. Қазақстан шетел инвестициясын тарту көлемі бойынша ТМД –да ғана емес, Шығыс Еуропа елдерінің алдыңғы қатарында. Әлемдік экономиканың жаһандану үрдістерінің күшеюіне байланысты бәсекелестік позицияны ұстап тұру қиындайды. Қазақстанның инновациялық жүйесі нарық жағдайына енді ғана бейімделіп келе жатыр. Экономикалық дағдарысқа байланысты қаржыланжырылмаған ғылым саласы көп зардап шекті. Инновациялық әрекеттерді дамытуға оң әсер ететін келесі факторларды айта кетуге болады:


  • бай табиғи ресуртар;

  • салыстырмалы түрде дамыған ғылыми техникалық потенциал;

  • мамандандырылған инженерлік – техникалық персонал;

  • еркін өндірістік қуаттылықтың болуы;

  • арзан жұмыс күші.

Бұл оңтайлы факторларды мемлекеттік инновациялық саясат жүргізу барысында қолдануға болады. Инновациялық жүйені дамытуға мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарына мыналарды жатқызуға болады:

  • инновациялық әрекеттерді реттеудің нормативтік – құқықтық шыңдалуы;

  • инновациялық орталық құруда жаңадан енгізілген перспективаларды меңгеруге мемлекетік қолдау көрсету;

  • кәсіпорынның салық алымдарын азайту;

  • ғылыми – техникалық қорды қолдау, ғылыми – зерттеу инфрақұрылымының ақпараттарын күшейту;

  • ғылыми – зерттеу мекемелерінің шығындарына, ғылыми - әдебиеттерді сатып алуға субсидия бөлу;

  • интелектуалдық меншікті қорғау;

  • кейбір бағыттарда ТМД елдерімен бірлесе жұмыс істеу.

Бәсекеге қаблеттілікті арттыратын тағы бір “қозғағыш” бұл болып ірі корпорациялар табылады. Жапония мен батыс елдерінің тәжірибесінде ұлттық капитал шетелдік ірі копаниялармен, трансұлттық корпорациялармен ірі өнеркәсіптік қаржылық бірлестігін құрған жағдай да ғана бәсекені ұстап тұра алатыны дәлелденген. Негізгі капиталдың өсу деңгейі үлкен корпорацияларға байланысты. Қазіргі кезде елімізде нақты интеграция мен капитал концентранциясы шикізат – экспорттық сала арқылы жүзеге асып отыр. Дегенмен, жекеленген кәсіпкердің ісін ірі шаруашылыққа айналдыруға қаржылық - өнеркәсіптік қолдау көрсететін шаруашылық және қаржылық механизм құру қажет. Түпкі мақсат – ақпараттық өсім жасау, қазіргі заман техникаларын алу, зерттеулер мен жетілдіру, яғни бұларға мемлекет тарапынан жоғары деңгейде қолдау көрсетілуі қажет.

Экономикадағы маңызды сипаттамалардың бірі бәсекелестік екені белгілі. Нарықтық шаруашылықтың дамуының маңызды тәсілі ретінде, қоғамдық өндірісті реттеудің негізгі меншігі ретінде бәсеке өзіне қуатты экономикалық артықшылықтар артады.

Бәсеке – шаруашылық субъектілерінің оң тиімдірек өндіріспен ұсынылған тауарлар мен қызметтер өткізу арасындағы экономикалық бақталастықтың араздасқан түрі. Әрбір кәсіпкердің мақсаты табысын өсіру болғандықтан, әркім өз кәсіпкерлігінің көлемін ұлғайтуға тырысады.

Ал кәсіпорынды ұлғайту өндіретін тауарға деген қажеттілікке оған деген сұранымға тікелей байланысты. Кәсіпкерлер өзара тұтынушылар үшін күреске түседі. Шығын мен кәсіпорынның неғұрлым тиімді шарттарын “шығынды азайтып, өнімнің көлемін өсіріп және өз тауарына сұранымды жоғарлату ” сияқты мәселелерді көздейді. Дегенмен, бағаның төмендеуі, ұсынымның да төмендеуіне алып келеді. Егер сұраныс ұсыныстан асып кетсе онда өзара тұтынушылар бәсекеге түседі. Сирек тауарды алу үшін кейбір тұтынушылар басқаларынан жоғары баға төлеуге дайын. Баға көтерілсе, ұсыныстың артуына жағдай жасайды. Ұсынымының өсуі сұраныммен теңескенше көтеріледі де теңескен соң тұрақты баға арқылы басқа теңдікке алып келеді. Бір сөзбен айтқанда бәсеке деген белгілі бір қоғамдық пропорцияларды құрайтын нарықтың теңдігіне жету құралы. Шаруашылық жүйесіндегі бәсеке барлық экономикалық процестерге оң нәтижесін береді.

Бәсекелесінің жетістігін көре отырып, кәсіпкер болашақтағы сұраныстарды тудыру үшін алдын ала еңбек етеді. Бәсекенің негізгі экономикалық жетістігі:


  1. қоғамдық көзқарас бойынша, тек бәсекелік күрестің арқасында шектеулі ресурстар неғұрлым тиімді қолданылып, нені қанша өндіру керек екендігін және сұранымға ие болатын зат қана өндіріледі;

  2. бәсеке кәсіпкерді үнемі кәсіпорынға көңіл бөлуін талап етеді, яғни өнім бірлігіне шаққандағы шығынды төмендетуге оның сапасын, арттыруға бағаны мүмкіндігінше төмендетуге ынталандырып отырады. Бұл жағдай төменгі бағамен тұтынушы шақырады. Кәсіпкер неғұрлым ресурстарды тиімді пайдаланып, қабылданған стандартты сақтауға, өнімінің ассортиметтерін жаңартуға күш салады. Бұл әрине кәсіпорын тиімділігіне әкеледі.

3) шығындарды азайту жолында кәсіпкер жаңа өнімділікті арттыратын техникалар мен жаңа технологияларды қолдануға, кәсіпорын мен еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін енгізуге, нарықтағы өз орнын нығайтуға тырысады;

4) қоғам үшін бәсекенің маңызды нәтижесі сол тұтынушыларды тарту үшін бизнесмендердің фирмасының имиджі үшін адал бет – бейнесін сақтап қалу үшін тырысуында. Ол үшін тауардың сапалы болуы жеткіліксіз. Тұтынушылар үшін шығындануға тура келеді, яғни халықтың кейбір топтарына төмен бағамен сату, тұрақты клиенттеріне сыйлықтар тарту, қайырылымдылық шараларын өткізу т.б.

Дегенмен, бәсекенің қоғамға алып келетін зияны да бар. Ресурстарды тиімді пайдаланғанмен, әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ете алмайды.

“Қазақстан өз азаматтары үшін өмір сүрудің жоғарғы стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуы тиіс. Біз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей аламыз.

Біз бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қадамы мол басым салаларды дамытуға кірістік.

Біздң стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу” делінген елбасының Қазақстан халқына биылғы жолдауында.

Өнімнің сапасын басқаруды жетілдіруде отандық өндірушілердің алдына қойылатын негізгі проблемалар. Олар:

• өнімнің сапалылығын басқару жүйесіне маркетинг қызметі механизмін қосу;

• тұтынушыға және барлық өндірістік қызметтерде сапаны басқару жүйесін қалай бағыттау;

• өнімнің өмірлік кезеңінің барлық белестеріндегі сапаны басқару жүйесіндегі механизм әсерлерін күшейту.

Осындай қалыптасқан бірқатар мәселелерді шешіп, бәсекелестікті одан әрі дамыту бағытында қазір Қазақстанда тікелей елбасының қолдауымен ғылымға сүйеніп “Кластер” деген ұғым қарастырылуда.

Өткен жылдың шілдесінен бастап “Бәсекелестік қабілетін арттыру және кластерлік даму” бағдарламасы жүзеге аса бастады.

Үкімет кезінде өндіріс орындарын ашуға ынталанып, импортты алмастыру бағдарламасын дайындады. Премьер Министр Д. Ахметов “Сапалы әрі қосымша құны, жоғарғы тауар шығармай, импортты қалай алмастыруға болады?” деген мәселе көтерді. Содан барып индустриалдық және инновациялық даму стратегиясы қабылданды.

Клостер – ағылшын сөзінің қазақша мағынасы “шоғыр, бір түр” дегенді білдіреді. Яғни, бір салада жұмыс істейтін компаниялар бір – бірімен байланысқанда ғана шетелге жіберілетін бәсекелестікке қабілетті өнім шығаруға болады екен.

Қазақстандағы кластер жобасының бас – қасында жүрген экономистің бірі Алекс Хансен пікірінше кластер - әрі ынтымақтастық, әрі бәсекелестік. Әр компания өз табысының артқанын қалайды. Бәсекелестік осыдан шығады. Табыс арту үшін, яғни жаңа жетістіктерге жету үшін ынтымақтасу қажет деп санайды. Қазіргі таңда Қазақстанға ұсынылған 10 клостер жобасының 7 – 8 түрін таңдап алдық. Ендігі мәселе осы бағытымыз дұрыс па, бұл жол арқылы бәсекенің жоғарғы шыңына қол жеткізе аламыз ба, жоқ па осы ой толғандырады.

Ішкі бағдар салалары.Импорттық таурлармен бәсекеге түсуге, оларды ішкі нарықтан ығыстыру және әлемдік нарықта біртіндеп өз орнын табуына ықтимал қабілеттілігіне қарай олар үш топқа (блокқа) бөлінеді.



  1. Бәсекелестігі жоғары топ (блок);

а) тамақ өнеркәсібі.

Саланы тиімді дамыту – тұтыну нарығын теңдестірудің міндетті шарты, азық – түлік қаупсіздігін қамтамасыз ету және көптеген әлеуметтік проблемаларды шешудің алғышарты. Сала өнімдеріне сұраныс кепілді және ол халықтың табысының өсуіне қарай артатын болады. Капитал айналымының қысқа мерзімді, біржолғы мардымсыз күрделі қаржы салымдары саланы жекеше инвестициялар үшін тартымды етеді.

Бірінші кезекті міндеттер:


  • азық – түлік нарығының жекелеген бөліктерінде импорт алмастыратын өндірістерді, экспортты дамыту;

  • байыпты сауда протекционизмін жүзеге асыру, ішкі нарықты жосықсыз бәсекеден, демпингтен және субсидияландырылған экспорттан қорғау.

Жалпы жүйелік шаралар:

  • сыртқы сауданы реттеудің тарифтік және тарифтік емес әдістерінің тиімділігін арттыру;

  • өнімді экспортқа жылжытуды қамтамасыз ету үшін өнім өндіру және өткізу жөніндегі ірі, орташа және шағын кәсіпорындарды комерциялық ұйымдарға кезең – кезеңімен өзгерте отырып, олардың өзара іс – қимылы негізінде салалық одақтар, қауымдастар құру;

  • аграрлық сектормен тігінен интеграцияландырылған, толассыз өндірістік циклді түзілімдер құру.

Іріктеп қолданудың негізгі нысандары:

  • мемлекеттік кредиттік дамыту ұйымдарының шағын кәсіпкерлікті қолдау және импортты алмастыру бағдарламалары шеңберінде орташа және ұзақ мерзімді кредит беруі;

б) мұнай – газ өңдеу өнеркәсібі, электр энергетикасы.

Бұл салалар ішкі нарықта сұранысқа және перспективада экспорттық әлеуетке ие.

Бірінші кезекті міндеттер:


  • жұмыс істеп тұрған энергия өндіретін және мұнай айдайтын қуаттардың жүктемелілігін қамтамасыз ету;

  • елдің энергетикалық тәуелсіздігін қамтамасыз ету (электр энергиясымен, газбен, мұнай өнімдерімен өзін - өзі қамтамасыз етуге қол жеткізу). Батыс Қазақстанда газ – турбиналық қондырғылар және республиканың оңтүстік – шығысында шағын су электр станцияларын салу. Ішкі өткізу нарықтары үшін газ өңдеу қуаттарын және газ құбырларын іске қосу;

  • мұнай өңдеудің тереңдігін арттыру мақсатында жұмыс істеп тұрған мұнай өндіру зауыттарын қайта жаңарту.

Жалпы жүйелік шаралар:

  • электр энергиясының ашық бәсекеге нарығын дамыту;

  • электр энергиясын беру жөніндегі қызметтерге икемді тариф саясатын жүргізу, елдің солтүстігінен оңтүстік және батыс аймағына электр энергиясын жеткізуді ынталандыру үшін тиімді алмастыру схемасын дамыту;

  • мұнай өнімдерін өндірушілер мен өткізу жүйесінің арасындағы салық салмағын оңтайландыру.

Іріктеп қолданудың негізгі нысандары:

  • республиканың мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдауға арналған тарифтер бойынша төмендететін коэффициенттер ұсыну;

  • энергия шығаратын жаңа қуаттарды салу жобалары бойынша салықтық жеңілдіктер мен преференциялар беру;

  • мемлекеттік кредиттік дамыту ұйымдарының газ өнеркәсібінің жекелеген жобаларына орташа және ұзақ мерзімді кредит беруі.

  1. Бәсекелестігі орташа топ (блок):

а) машина жасау.

Жұмыс істеп тұрған машина кәсіпорындары негізінен экспортқа бағдарланған өнеркәсіптік кешеннің, аграрлық сектор мен көліктің көмекші және қызмет көрсетуші блоктарын құрайды.

Бірінші кезекті міндеттер:


  • қолда бар өндірістік базада трактор және ауыл шаруашылығы, көліктік машина жасауды, мұнай – газ секторы, кен – металлургия кешендері үшін жабдықтар өндірісін дамыту;

  • республиканың машина жасау кәсіпорындарында мұнай – газ секторы мен кен – металлургия кешендері үшін құрал – жабдықтар мен жинақтаушы бөлшектерге арналған тапсырыстың орналастырылуын қамтамасыз ету;

  • жоғары технологиялық өндірістер нобайын қалыптастыру және игеру, соның ішінде франчайзинг шартымен игеру, патенттер мен лицензиялар сатып алу;

  • машиналар мен жабдықтарды, электрондық және электротехникалық өнімдерді жетекші өндірушілердің бірлескен кәсіпорындары мен филиалдарын құру;

Жалпы жүйелік шаралар:

  • ресеймен және Беларусьпен машина жасау саласында мемлекетаралық өндірістік кооперацияны кеңейту;

  • ішкі нарықты жосықсыз бәсекелестіктен, демпингтен және субсидияланған бағадан қорғау;

  • жер қойнауын пайдалану жөніндегі жұмыс істеп тұрған келісім шарттарға түзету енгізген және сыртқы басқару мен жаңаларын жасасқан кезде ішкі нарықта жабдықтардың, құралдардың жекелеген түрлерін дайындауға арналған тапсырыстарды орналастыру бойынша талаптар енгізу;

  • машина – технологиялық станциялар желісін дамытуды ынталандыру.

Іріктеп қолдаудың негізгі нысандары:

  • мемлекеттің қатысуымен ұйымның лизингтік қоры үшін ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу;

  • мемлекеттік кредиттің дамыту ұйымдарының басым жобаларға орташа және ұзақ мерзімді кредит беруі;

  • салықтық жеңілдіктер мен преференциялар;

  • мемлекеттің қорғаныс және жұмылдыру қажеттері үшін мемлекеттік сатып алу;

б) құрылыс материалдары өнеркәсібі.

Сектордың дамуы ірі мұнай жобаларын жүзеге асыруымен, кен – металлургия өнеркәсібінде, энергетикада жаңа қуаттар салумен, сондай-ақ тұрғын үй құрылысының қарқынын ұлғайтумен тікелей байланысты болады.

Бірінші кезекті міндеттер:


  • жаңа технология мен техниканың негізінде өндірістік базаны жаңғырту және техникалық қайта жарақтау;

  • құрылыс материалдарын жетекші өндірушілердің бірлескен кәсіпорындарын немесе филиалдарын құру.

Іріктеп қолдаудың негізгі нысандары:

  • импорт алмастыратын өндірісті дамыту үшін мемлекеттік кредит ұйымдарының орташа және ұзақ мерзімді кредит беруі;

  • цемент өнеркәсібі қуаттарын қайта жаңартуға немесе жаңаларын құруға шетелдік заемдар тарту;

  • сыртқы экономикалық қызметті тарифтік және тарифтік емес реттеудің тетіктерін енгізу жолымен ішкі және сыртқы нарықта отандық өндірушілерді қолдау.

  1. Бәсекелестігі төмен блок.

Ішкі нарықта бәсекелестігі әлсіз салалар – жеңіл (тоқыма – тігін, тері – аяқ киім) және ағаш өңдеу өнеркәсіптері.

Мемлекет ең алдымен отандық ауыл шаруашылығы шикізатын (тоқыма және тері өндірісін) өңдеуге бағытталған қолда бар өндірістер әлеуетін сақтау жөнінде шаралар қолданады.

Тігін және аяқ киім өндірісін дамыту оның нарықтық қажеттілігімен және кәсіпкерлердің жеке бастамасымен айқындалады.

Бірінші кезекті міндеттер:



  • тиімділігі аз өндірістерді қайта бейімдеу немесе бөлшектеу, солардың негізінде шағын және ұтқыр бәсекеге төзімді өндірістер құру.

Іріктеп қолдаудың негізгі нысандары:

  • әскери және соларға теңестірілген арнаулы тұтынушылар, әлеуметтік мекемелер үшін жеңіл және жиһаз өнеркәсіптерінің дайын өнімдерін конкурстық негізде мемлекеттік сатып алу;

  • мемлекеттік кредиттің дамыту ұйымдарының импорт алмастыру бағдарламаларының шеңберінде тоқыма өндірісіне орташа және ұзақ мерзімдік кредит беруі.

Бәсекелестікті қорғау. Бәсекелестік – экономиканың тиімді дамуы мен жұмыс істеуінің басты тетігі. Тиімді бәсекелестік үшін жағдай жасау, адал бәсекелестікті қолдау мен қорғау мемлекеттің индустриалдық және инновациялық саясатының негізгі міндеті – экономиканың әртараптануы мен өнеркәсіпті жаңғыртуды іске асыруға ықпал етуі тиіс.

Байсалды инвестициялық саясат, сондай-ақ биржа саудасы тауар рыноктарында бәсекелестік ортаны қалыптастырудың негізі болып табылады.

Бәсекелестік саласындағы мемлекеттік саясат жосықсыз бәсекелестікке жол бермеу, шектеу практикасының шектен тыс шоғырлануы мен өсуі проблемаларын шешуге бағытталған.

Бәсекелестік саясатының негізгі бағыттары:

монополиялық бағаларды белгілеу, өндірісті негізсіз қысқарту мен монополиялық тауарлар мен қызмет көрсетулерді жеткізу, шарттарға кем қою талаптарын енгізу, басқа кәсіпорындардың тауар және қаржы нарықтарына кіруіне кедергі жасау, рынок субъектілері және олардың бірлестіктерін құру, қайта ұйымдастыру, тарату, рынок субъектілерінің жарғылық капиталындағы акцияларды (үлестірді, пайларды) сатып алу жөніндег монополистер әрекеттерінің жолын кесу арқылы басым жағдайға ие нарық субъектілерінің асыра сілтеуіне жол бермеу;

бірыңғай бағалар мен тарифтерді белгілеуге, рынокты аумақтық принципі бойынша бөлуге, ықтимал бәсекелестердің рынокқа қол жеткізуін шектеуге немесе рыноктағы бәсекелестік субъектілер арасында сөз байласуға бағытталған, бәсекелестер арасындағы келісілген әрекеттердің жолын кесу арқылы бәсекелестікті жоюға немесе шектеуге бағытталған жосықсыз бәсекелестік пен бәсекелестікке қарсы келісімдерге тыйым салу;

мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласуына жол бермеу. Мемлекеттік органдардың жекеленген кәсіпорындарға жеңілдіктер беруі, сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің белгілі бір тобына тауарлар мен қызмет көрсетудің брінші кезектегі жеткізілімі туралы шаруашылық субъектілеріне нұсқау беруі арқылы бәсекелестікті шектеуге бағытталған әрекетінің жолын кесу.

Тариф саясаты. Стратегияны табысты іске асыру мақсатында қазіргі күні қолданыстағы тарифтерді жасанды ұстап тұрудан бас тартып, табиғи монополиялар саласына барлық қатысушыларына – субъектілердің өздері мен олардың қызмет көрсетуін тұтынушылар мүдделері теңдестіруге қол жеткізуге бағытталған икемді тарифтік реттеу саясатына көшу қажет.

Бүгінгі күні экономиканы дамыту инфрақұрылымы болып табылатын табиғи монополия саласының қарқынды өсуінсіз өнеркәсіп кешенін дамыту мүмкін емес.

Табиғи монополиялардың қазіргі жағдайы негізгі құралдар мен жабдықтардың тозу деңгейінің жоғарылығымен сипатталады.

Іс жүзінде оның барлық салаларындағы моральдық, табиғи, тозу деңгейі сындарлы шекке жетті.

Моральдық жағынан тозған жабдықты пайдалану ұсынылатын қызмет көрсетулер көлемінің азаюына, сапасының нашарлауына және апатты жағдайлардың туындауына әкеледі.

Бұдан өзге, жеке айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі жабдықты ауыстыруына бағытталған капитал салымдарын (инвестицияларды) жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі қорларды жаңарту оларды пайдалану тиімділігін, көрсетлетін қызметтердің сапалық сипаттамалардың жақсартудың және түптеп келгенде, экономикалық өсім мен ел индустриясын тұрақты дамытудың басты факторларының бірі болып табылады.

Бүгін тарифтік реттеу әдістері табиғи монополия саласына инвестицияларды тартуға қолайлы жағдайлар жасауды және өндірісті жаңғырту негізделген, аталған экономика секторының басып озатын қарқынына қол жеткізуді қамтамасыз ету қажет.

Сондықтан, индустрияның тұрақты дамытуын қамтамасыз ету, олар көрсететін қызметтер сапасын жақсарту, өзіндік құнды төмендету мен қызмет көрсетулерге тариф деңгейлерінің тұрақтылығы үшін тарифтік саясатты: /24/

инвестицияларды ынталандыратын және орта мерзімді кезеңде тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз ететін тарифті қалыптастырудың жаңа әдістерін енгізу;

есептеудің халықаралық стандарттарын және тиісті қызметтер көрсету түрлері мен шығындар элементтері бойынша шығындарды бөлек есептеу әдістерін енгізу;

табиғи монополиялардың тұтынушыларға әсерін талдау үшін ақпараттық мәліметтер базасын жасау арқылы одан әрі жетілдіру қажет.

Аталған іс – шараларды кең ауқымда іске асыру және тарифтерді белгілеудің жаңа әдістерін енгізу табиғи монополия саласында жұмыс істейтін кәсіпорындарды жаңғырту әрі ресурстарды сақтайтын және шығыны аз жаңа технологияларды енгізу үшін, олардың қайтарымдылығы мен бес жылға дейінгі перпективада тарифтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуі тис.

Табиғи монополиялар саласында. Қазіргі уақытта орта мерзімді тарифтік реттеу қағидаттарын іске асыруға және жүргізілген инвестицияларды ескере отырып, айқындалатын нарықтық пайданы есептеуге мүмкіндк беретін тариф белгілеудің негізгі әдістемелері жасалды және қабылданды.

Бүгінгі таңда көптеген табиғи монополиялар субъектілері үшін ағымдағы және күрделі жөндеуді ғана емес, сонымен қатар ауыстыруды, кейінен әрі жаңғыртуды талап ететн негізгі қорлар тозуының жоғары деңгейі тән болып отыр.

Бұдан басқа, табиғи монополия субъектілері жай – күйін нақты бағалауды алуға кедергі болып отырған табиғи монополия субъектілерінің қызметіне тәуелсіз техникалық және қаржылық сараптама жасау жоқ екенін атап өту қажет.

Тұтынушылардың жекелеген топтары бойынша табиғи монополия субъектілерінің қызметтеріне тарифтердің (бағалардың, алымдар ставкаларының) негізсіз саралануы байқалуда.


жүктеу 231,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау