Елдің ӨС-ы
Тактикалық Орта мерзімді Стратегиялық
ӨС модельдері
Экономикалық өсім сипаты бойынша
|
Әсер ету сипатына қарай
|
Мазмұнына қарай
|
Бағытына қарай
|
Ауқымына қарай
|
Сбалаксир и несблок
|
Актив, пассив
|
ЖС, импорт, инновация
|
Жалпы учет селектив
|
Жалпыұлттық аймақтық
|
ӨС объектілері
Мемлекет жеке шетел бірлескен аймақтық меншігіндей өнеркәсіптік меншігіндегі кәсіпорындар өнеркәсіптік
кәсіпорындар кәсіпорындар кәсіпорындар комплекс
ӨС құралдары
Шарттық бюджеттік антимонополиялық
заңнама салықтық реттеу
меншік қаржылық - бағалық
тұрғысынан несиелік реттеу
реттеу реттеу
сыртқы валюталық мақсатты
экономикалық реттеу бағдарламаларды
реттеу жоспарлау және
құрастыру
сурет.
Әлемдік тәжірибе ӨС-тің белгілі қағидаларын анықтады.
• ұлттық экономиканың сапалы өзгеруіне жетуге бағытталу;
• өнеркәсіп өндірістері әлемдік шарттарға бағытталуы;
• өнеркәсіп өндіріс сферасы мен салаларының басымдықтарын анықтау;
• өндірілген өнеркәсіп өнімдеріне сұраныстың табыстылығы және тиімділігі;
• ӨС-тың барлық құрастырушы элементтерінің өзара байланыстығы;
• бар өнеркәсіптік потенциалға тіреу;
• ӨС-ті іске асыруды билік, ведомстволар, кәсіпорындар арасында функциаларды нақты бөлу.
Жекелеп алғанда кейбір экономистердің пікірі бойынша барлық кәсіпорындар қаржылық тапшылықтан біржола құтылу мүмкін емес болғандықтан ҚР-ның экономикадағы өнеркәсіптік саясаттың ең тиімді жолы теңдестірілмеген даму болды. Сондықтан селектикалық жеңілдік жолмен әлемдік нарықтағы бәсекеге шыдайтын кәсіпорынды ғана одан әрі дамыту қажет. Яғни экспортқа бағытталған ӨС-ты таңдау. Оны жүзеге асыру барысында өндіріс пен нақты салаларға активті де, пассивті де әдісті қолдану болды. Бір сөзбен айтқанда жоғарыдағы көрсетілген ӨС типтерінің бәрі сол бір саясаттың әртүрлі аспектілері болып отыр.
Экономиканың негізгі болып табылатын ірі өнер кәсіпорындарын жаппай шетелдік басқаруға беру, шетел компанияларына сату, Қазақстан экономикасының болашағы үшін, халық үшін тиімді емес. Банкроттық механизмді іске қосу, кәсіпорындардың төлемдік қабілетін ескеру арқылы, қай кәсіпорындар жекешелендіруге немесе жойылуға тиіс, ал қай кәспорындарға мемлекет тарапынан көмек көрсету арқылы, олардың қаржылық – шаруашылық жағдайлары жақсартылуы тиіс екені анықталу керек. Бұл жерде бір жақты көзқарас болмағаны дұрыс. Жекешелендіру (оның ішінде шет елдік компанияларға сату) немесе кәсіпорынды жою мәселелері халық шаруашылығының басыңқы бағыттары, салааралық, аумақтық, әлеуметтік мүдделерді ескере отырып шешілуі тиіс.
Қазақстанның жағдайында өнеркәсіпті қайта құру ұзақ мерзімді және кезеңдік процесс. Сондықтан ӨС-ты қалыптастыру кезінде қазіргі жағдайларды меңгерген жөн. Олар: елдермен оның аймақтарын мамандандыру; өнеркәсіптің қалыптасқан салалық құрылымы, оның техникалық жағдайын, шаруашылық байланыстар, формалары, өнеркәсіптік кәсіпорындардың типтері мен көлемі және т.б. Бұл жағдайлар өнеркәсіптің қайта құрылу процесінің ұзақтығын объективті көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |