Экономикадағы өнеркәсіп саласының алатын орны


Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік өндірістің қазіргі жағдайы



жүктеу 231,03 Kb.
бет7/21
Дата14.05.2020
өлшемі231,03 Kb.
#30431
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
ДИПЛОМ

1.2 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптік өндірістің қазіргі жағдайы
Кеңес одағының ыдырауымен сәйкесінше келген ауыр өнеркәсіптің өніміне сұраныстың күрт төмендеп кетуі 1991 жылы экономикалық дағдарысқа әкелді, ол 1994 жылға дейін жалғасып, 1998 жылы мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі мен Ресейдегі тамыз қаржы дағдарысының салдарынан ел экономикасы тағы бір құлдырау қиыншылығын бастан өткізді. Осыдан кейін 2000-2001 жылы мұнай бағасының өсуімен, 1999 жылғы девальвациясы мен берекелі егістіктің арқасында бірқатар дүмпу байқалды.

Әлемдік экономикада өңдеуші өнеркәсіптің жыл сайынғы өсімі 15,6%-ды құрайды, бұл қазақстандық деңгейден (11,8%)1 жоғары. ЭЫДҰ елдерінде бұл көрсеткіш орта есеппен 14,3%-ды, ЕО елдерінде 14%-ды құрайды. Көптеген дамушы елдерде өңдеуші өнеркәсіптің жыл сайынғы өсімі 20-35%-ға жетеді: мысалы, Қытайда – 29,3%, Малайзияда – 23,3%, Индонезияда – 20,2%, посткеңестік кеңістік елдерінде, атап айтқанда Ресейде – 12%, Беларусьте – 22%, Украинада – 12%. Қытай мен Корея экономикаларының табысы елдің ЖІӨ құрылымындағы өңдеуші өнеркәсіптің жоғары үлесін сақтауға ықпал ететін индустриялық даму жолына көшумен байланысты.

2010-2018 жылдары индустрияландырудың екі бағдарламасын іске асыру кезеңінде өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың оң серпіні қалыптасты, өндіріс көлемі базалық 2010 жылы 2,9 трлн. теңгеден 2018 жылы 10,4 трлн. теңгеге дейін немесе атаулы мәнде 3,5 есеге ұлғайды. Көрсетілген кезеңде өңдеуші өнеркәсіптің нақты көлем индексінің (бұдан әрі - НКИ) орташа жылдық өсу қарқыны 3,9%-ды құрады және жиынтығында 42%-ға ұлғайды. Бұл тау-кен өндіру секторындағы ұқсас көрсеткіштен екі есе жоғары (21%).

Өңдеуші өнеркәсіптің салалық құрылымында 2018 жылы металлургия (44%) басым болды, 2010 жылы – 41,5% басым, тамақ өнімдерін өндіру үлесінің біршама төмендегені байқалады (18,1%-дан 14,9%-ға дейін), машина жасаудың (9,8%-дан 10,3%-ға дейін), химия өнеркәсібінің (2,7%-дан 3,7%-ға дейін) үлестері біраз ұлғайды. Қалған салалардың үлес салмағы іс жүзінде өзгеріске ұшыраған жоқ (1-сурет).


1-сурет. 2010 және 2018 жылдардағы өңдеуші өнеркәсіп салаларының салалық құрылымы

жиынына %-бен (100% - барлық ӨӨ)




Металлургия өнеркәсібі

Тамақөнімдеріөндірісі

Машина жасау

Кокс жәнемұнайөңдеуөнімдеріөндірісі

Өзге де металл емесминералдықөнімдерөндірісі

Химия өнеркәсібіөнімдеріөндірісі

Сусынөндірісі

Машиналар мен жабдықтарданбасқа, дайын металл бұйымдарөндірісі

Резеңкежәне пластмасса бұйымдарыөндірісі

Текемібұйымдарыөндірісі

Жеңілөнеркәсіп

Өзгесалалар


Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК

Экономикалық факторлардың кез-келген тұрақсыздығы салалардың көрсеткіштеріне әсер ететін мемлекеттерінің экономикасы шикізат өндірісіне өте қатты тәуелді болып келеді. Мысалы, Қазақстанда металлургиялық өнімнің өндірісі төменгі деңгей шегінде қалып келеді (болаттан жасалған жұқа табақ, тазартылған мыс және т.б.), ал Лондондық металлдар биржасында (TheLondonMetalExchange) металлдардың құны 2019 жылда түсіп кетті, 1 тонна мыс 6000 доллар бағаланған, оның бағасы 2018 жылдың мамырында – 7000 долларды құраған болатын.

Бұл ретте мемлекеттің өңдеуші өнеркәсіп көлемінде металлургиялық өнеркәсіп үлесі 2014 жылдан 2018 жылдар аралығында 31,4% дан 44,7% дейін сәйкесінде артты.

Шикізатты сатып алу бағасының кенеттен өзгеріске ұшырамайтын, әлемдік саудаға бағытталған, әлде қайда қиын жоғары технологиялық өнімдер өндірісін ұйымдастыру есебінен өңдеуші өнеркәсіпті қарқынды дамыту сұрағы туындады.

Мысалы Жапонияда өндірістің басты назары жоғары технологиялық өнімдерге бағытталған (кеме жасауға, транспортқа және электротехникаға арналған болат). Осының нәтижесінде Жапонияның металлдық өндірісі шикізат бағасынаың ғаламдық секірісіне тұрақты болып келеді.



2-Сурет. Қазақстан мен Жапонияның қара металлургиясына болат бағасының индексінің ықпалын салыстыру.


Қазіргі таңда барлық салаларды мемлекеттік қолдау индустриализацияның алғашқы жылдарында қажет болған айтарлықтай әсерді тудыра алмайды.

Өңдеуші өнеркәсіптің негізгі іргетасын қолдау Қазақстан экономикасының дағдарысқа қарсы шарасы ретінде бүкіләлемдік экономикалық дағдарысқа жауап реакциясы болды.

Қазіргі таңда Қазақстанға барлық салаларды қолдау тәжірибесін қойып, өзінің экспорттық қоржынын тез арада диверсиялау керек.

Өңдеуші өнеркәсіптің технологиялық күрделілік дәрежесі жоғары және экспортқа бағытталған тауарлар тізімін анықтау қажеттілігі туды.

2009-2018 жылдары өңдеуші өнеркәсіптің ЖҚҚ нақты өсімі жиынтығында 48%-ды құрады, бұл Қазақстанның ЖІӨ өсіміне шамалас (2009 жылға қарағанда 2018 жылы - 47,9%). Мұндай үйлесімдіктің негізгі факторларының бірі сыртқы нарықтардағы шикізат ресурстарына бағаның төмендеуі нәтижесінде ҚР өндіруші өнеркәсібінің өсу қарқынының 22,9%-ға дейін баяулауы болып табылады.

Өңірлік бөліністе өңдеуші өнеркәсіпті дамытуға Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары (жиынтығында 44%-ға жуық) ірі металлургиялық кәсіпорындардың осы облыстарда шоғырлануы есебінен көп үлес қосады. Түркістан, Алматы облыстары және Алматы қаласы өңдеуші өнеркәсіптің барлық ЖҚҚ-ның 26%-дан астамын қамтамасыз етеді. Өңірлердің үшінші тобына (саланың ЖҚҚ-дағы әрқайсысының үлесі 2-ден 5%-ға дейін) Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Атырау облыстары жатады. Ақырында, өңірлердің 4-ші тобы ең аз үлес қосады - ЖҚҚ жалпы көлемінің 2%-ынан кем - бұл Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Өңірлік бөліністе әртүрлі салалар кәсіпорындарының шоғырлану дәрежесін талдау металлургия өнеркәсібінің (Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында) көп шоғырландырылғанын көрсетеді, оның үлесіне саланың ЖҚҚ-ның 78,4%-ы тиесілі. ЖҚҚ-дағы үлес шамасы бойынша келесі тамақ өнімдерін өндіру кәсіпорындарының тобы салыстырмалы түрде жоғары географиялық орнымен сипатталады: Қазақстанның 9 өңіріне осы саланың ЖҚҚ-ның 80%-дан астамы келеді. Кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісі негізінен ірі мұнай өңдеу зауыттары орналасқан 3 өңірде - Шымкент қаласында, Атырау және Павлодар облыстарында шоғырланған, осы өңірлерде саланың шоғырлану деңгейі 83%-ды құрайды Құрылыс материалдары Қазақстанның барлық өңірлерінде өндіріледі: ЖҚҚ 80%-ы 9 өңірге тиесілі.

2019 жылдың басында ҚР өңдеуші өнеркәсібінде 23003 кәсіпорын тіркелген, оның ішінде 14700 жұмыс істеп тұрған кәсіпорын есепке алынған, оның 8398-і – белсенді кәсіпорындар.

Өңірлік бөліністе республиканың өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының ең көп саны Алматы (24%) және Нұр-Сұлтан (12%) қалаларында, сондай-ақ Қарағанды облысында (11%) тіркелді. Өңірлердегі кәсіпорындар саны бойынша басымдық тамақ өнімдері өндірісінде сақталады, бұл жергілікті өткізу нарықтарының бірінші кезектегі қажеттіліктерін объективті түрде көрсетеді.

Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының өндірістік қуаттарының жүктелу деңгейі орта есеппен 44%-58% құрайды. ҰКП мәліметтері бойынша жиһаз, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз өнеркәсібі кәсіпорындарының жүктелуі 45 – 59% құрайды. Отандық өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының толық жүктелмеуінің негізгі себептері - қуаттарды жаңғыртуға арналған айналым құралдарына қаржы қаражатының жетіспеуі, ішкі және сыртқы нарықтарда кәсіпорындардың өніміне сұраныстың болмауы немесе жеткіліксіз болуы, шикізатпен байланысты проблемалар, арнайы жабдықта жұмыс істеу үшін даярланған кадрлардың жеткіліксіздігі немесе болмауы.

Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындары мен дайын сапалы шикізат өнімін өндірушілер арасында коллаборациялық байланыс жоқ. Осыған орай мемлекетте импорттық шикізат пен құрамдастардан тәуелділіктің жоғары екені байқалады, бұл өз кезегінде отандық тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігіне сыни әсер етеді.

Өндірілетін шикізат пен құрамдастардың жоқ болуына немесе жеткіліксіздігі келесі себептерге байланысты:



  • Шикізат өндірісінің технологиялық дамымуы (жоғары сапалы шикізат пен материалдар өндірісінің болмауы);

  • Шикізаттың белгілі бір түрлерін өндірудің экономикалық жөнсіздігі (ішкі қажеттіліктің мардымсыз болуы);

  • Келесіде қайта өңдеуді ұйымдастыруға арналған бастапқы шикізаттың болмауы.

Жоғарыда көрсетілген дәлелдерді ескеріп, Қазақстан аймағында өндірілмейтін және өндіріс келешегі жоқ және солардың нәтижесінде кеден бажы мен салық жойылатын тауарлар тізімі (шикізат пен құрамдастар) анықталады. Ынталандырудың бұл шаралары өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының толық жобалық қуатқа шығуын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорындардың тұрақты қызметінің маңызды факторы шикізатпен қамтамасыз етілу болып табылады. Отандық шикізатпен қамтамасыз етілудің неғұрлым жоғары деңгейі кокс және мұнай өңдеу өндірісі (98%), металлургия өнімдерін өндіру (90%), дайын металл бұйымдарын өндіру (машиналар мен жабдықтардан басқа) (86%) сияқты салаларда байқалады.

Сонымен қатар, паспорттау деректеріне сәйкес өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының үштен бірі (32%): оның ішінде: тамақ (42%), жеңіл (40%), жиһаз, ағаш өңдеу және целлюлоза-қағаз (9-15%), химия (35%) және фармацевтика (29%) өнеркәсібінің кәсіпорындары шикізатпен байланысты проблемаларды бастан кешіруде.

Тұтастай алғанда, салалар бөлінісінде кәсіпорындардың өңірлік шоғырлануы шикізат ресурстарына жақындығын не ірі мегаполистерде ішкі нарықтарда сала өніміне сұраныстың бар екенін көрсетеді, бұл төлемге қабілетті сұраныстың болуымен байланысты.

ҚР өңдеуші өнеркәсібінде өндірісте технологияларды пайдалану қарқындылығымен өлшенетін, технологиялық күрделілігіне байланысты салалардың үш тобы бөлінеді: жоғары технологиялық, орта технологиялық және төмен технологиялық салалар.

2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіндегі ең үлкен үлес салмақты орта технологиялық салалар иеленеді (47,9%). Одан әрі - төмен технологиялық (41,2%); жоғары технологиялық (10,9%) салалар. 2010 жылмен салыстырғанда жоғары технологиялық салалардың үлесі 8,9%-дан 10,9%-ға дейін артты, сонымен қатар төмен технологиялық салалардың үлесі 43,1%-дан 41,2%-ға дейін төмендеді, орта технологиялық салалардың үлесі 48%-дан 47,9%-ға дейін төмендеді. Әзірше бұл өзгерістер оңтайлы технологиялық құрылымның негізін жоғары технологиялық және орта технологиялық өндірістер (48% - ға жуық) құрайтын, бұл ретте жоғары технологиялық өндірістер шамамен 20%-ды иеленетін ЭЫДҰ-ның дамыған елдерінің деңгейіне жақындау үшін жеткіліксіз.

Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсібінің жоғары технологиялық салаларының арасында химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі (ӨӨ жалпы көлемінің 3,9%-ы) және негізгі фармацевтикалық өнімдердің өндірісі (2,5%) басым. Орта технологиялық салалардың ішінде ең үлкен үлес салмақты металлургия өнеркәсібі (ӨӨ-нің барлық көлемінің 38,2%-ы) және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндірісі (6%) алады. Төмен технологиялық салалар арасында тамақ өнімдері өндірісін (ӨӨ жалпы көлемінің 15,3%-ы), кокс және мұнай өңдеу өнімдері өндірісін (10,9%) және сусындар өндірісін (6,7%) атап өткен жөн.

Төмен технологиялық өндіріс Қазақстанның 7 өңірінде басым, 8 өңірде орта технологиялық өндірістің үстемдігі байқалады. Технологиялық күрделілігі жоғары өнімдер басым өңірлерге Жамбыл (38%), Маңғыстау (27%), Алматы (26,7%) және Қостанай (23,4%) облыстары жатады (2-сурет).
3-сурет. Өңірлердің технологиялық күрделілік бойынша мамандануы, 2017 жыл

Жиынына %-бен = әр өңір үшін 100%




Атырау

ОңтүстікҚазақстан

СолтүстікҚазақстан

Алматы қ.

БатысҚазақстан

Түркістан

Қостанай

Маңғыстау

Ақмола

Ақтөбе


Жамбыл

Павлодар


Нұр-Сұлтан қ.

ШығысҚазақстан



Қарағанды

төментехнологиялық

орта технологиялық

жоғарытехнологиялық

Дереккөз: ҚР ҰЭМ Статистика комитеті
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың цифрландыруға дайындығын бағалау мақсатында 600-ден астам кәсіпорынға жүргізілген кешенді сауалнама (Фраунгофер атындағы институттың әдіснамасы бойынша) өңдеуші кәсіпорындардың 80%-дан астамы және өндіруші өнеркәсіп кәсіпорындарының 60%-ы Индустрия 2.0 (жартылай автоматтандырылған операциялар) деңгейінде немесе автоматтандырылған өндіріске көшу кезеңінде екенін анықтады8. Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіпте 3%-ы және тау-кен өнеркәсібінде 21%-ы Индустрия 3.0 деңгейінде немесе толығымен автоматтандырылған.

ҚР ресми статистикасының деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы инновациялық қызмет көрсеткіштері индустриялық-инновациялық даму бағдарламаларын іске асырған сәттен бастап оң серпінді көрсетеді.

Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарының инновациялық белсенділігі 2010-2018 жылдар аралығында 4,6%-дан 15,8%-ға дейін 3 есеге артты.

2018 жылдың қорытындысы бойынша өңдеуші өнеркәсіптегі технологиялық инновацияларға арналған шығындар 610,8 млрд теңгені құрады (2014 жылы 202,9 млрд теңге).

Өңдеуші өнеркәсіпте өндірілген инновациялық өнім көлемі 7,5 есеге ұлғайып, 930,1 млрд. теңгеге жетті. Инновациялық өнімнің экспорты 2015 жылы 31 427,8 млн. теңгеден 2018 жылы 161 671,9 млн. теңгеге дейін 5 есеге ұлғайды. Өсудің осындай жоғары көрсеткішіне қарамастан, ЖІӨ-дегі инновациялық өнімнің үлесі өте төмен деңгейде - 1,6%.

Елімізде инновацияға, инновациялық өнім шығаруда шығындар көлемінің өскені байқалса да, Қазақстан технологиялық дамыған елдерден әлі де артта қалып отыр. Мәселен, технологиялық инновацияларды жүзеге асырған ұйымдардың үлес салмағы 2018 жылдың қорытындысы бойынша Ұлыбританиядағы, Франциядағы және Германиядағы тиісінше 34%-ға, 36,7%-ға және 55%-ға қарағанда 10,6%-ды құрады. Бұл ретте, көрсеткішке сәйкес, ДЭФ ЖБИ «инновациялық әлеует» факторы бойынша 2018 жылы Қазақстан 87-орынға ие болды, жаһандық инновация индексі рейтингінің деректері бойынша Қазақстан 74-орында (Ресей - 46, Украина - 44)

Қазақстанда ҒЗТКЖ-ға арналған шығындар көрсеткіші ЖІӨ-нің 0,1% ын құрайды, ал ЕО елдерінде ол 2%-ға тең, жекелеген елдерде 3-4%-ға дейін жетеді (мысалы, Израиль - 4,5%, Швеция - 3.3%), ең төменгі көрсеткіш Латвияда - 0,5%.

Қазақстанның жекелеген ірі компаниялары жүргізген технологиялық жаңғырту, сондай-ақ қоса берілетін мемлекеттік саясат шаралары еңбек өнімділігінің өсімін 2010 жылғы 4367,0 мың теңгеден 2018 жылы 11849,0 мың теңгеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді. Өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігінің өсуіне жұмыспен қамту көрсеткішінің төмен үлесі әсер етті, ол саланың өсу қарқынымен салыстыру кезінде тұтастай экономика және бүкіл өнеркәсіп бойынша ұқсас көрсеткіштермен салыстырғанда еңбек өнімділігінің озық өсуіне ықпал етті. Мәселен, талданып отырған кезеңде бүкіл экономика бойынша және өнеркәсіпте жиынтық еңбек өнімділігі жеке-жеке 33,5%-ға және 10,9%-ға өсса, өңдеуші өнеркәсіпте көрсеткіш өсімі 34,8%-ға тең болды.

Алайда, талданып отырған кезеңде орын алған девальвациялық процестер басқа елдердің долларлық эквиваленттегі ұқсас көрсеткіштерімен салыстыру кезінде Қазақстан экономикасындағы еңбек өнімділігінің өсу көрінісін төмендетті. 2014-2016 жылдары теңгенің күрт құнсыздануы нәтижесінде Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің өсуі 2018 жылы 34,4 мың АҚШ долларын құрады (салыстыратын болсақ: 2010 жылы – 29,6 мың АҚШ доллары). Бұдан басқа, халықаралық сарапшылардың бағалауына сәйкес, еңбек өнімділігі өсімінің төмен қарқынының себептерінің бірі тиімсіз компанияларды қамтитын шоғырландырылмаған мемлекеттік қолдау болып табылады.

Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, Қазақстан экономикасы бойынша еңбек өнімділігі төмен деңгейде қалып отыр, ЭЫДҰ дамыған елдерінің деңгейінен 5,7 есе төмен (2017 жылғы 94,6 мың АҚШ долларына қарағанда 16,5 мың АҚШ доллары). ҚР өңдеуші өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі долларлық баламада небәрі 6%-ға өсті, ал Еуропалық Одақ елдері бойынша орташа алғанда (28 ел) ол 2017 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 30,6%-ға, оның ішінде еуроаймақ елдерінде 34,9%-ға өсті.


2-сурет. ҚР-дағы жалпы экономика, өнеркәсіп және өнеркәсіп салалары бойынша 2010-2018 жылдардағы еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары/адам

Жалпы экономика бойынша

Өңдеушіөнеркәсіп

Дереккөз: ҚР ҰЭМ СК


ҚР өңдеуші өнеркәсібінің жекелеген салаларының еңбек өнімділігін салыстырмалы талдау мәндердің: кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіруде 257,1 мың АҚШ долларынан жеңіл өнеркәсіпте 5,6 мың АҚШ долларына дейін бір-бірінен қатты өзгешеленетінін көрсетеді.
3-сурет. 2018 жылы ҚР өңдеуші өнеркәсібінің жекелеген экономикалық қызмет түрлері бойынша еңбек өнімділігі, мың АҚШ доллары/адам

Кокс жәнемұнайөңдеуөнімдеріөндірісі

Сусынөндірісі

Металлургия өнеркәсібі

Негізгіфармацевтикалықөнімдерөндірісі

Химия өнеркәсібіөнімдеріөндірісі

Тамақөнімдеріөндірісі

Өзге де металл емесминералдықөнімдерөндірісі

Машина жасау



Жеңілөнеркәсіп

Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібінің сыртқы сауда балансы талданып отырған кезең бойы теріс болды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша импорт 29,5 млрд. АҚШ долларын құрап, экспорттан (16,7) 12,8 млрд. АҚШ долларына асып түсті.

Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі экспортының орташа жылдық өсу қарқыны талданып отырған кезеңде 2%-ды құрады, бұл ұқсас көрсеткіштерден әлдеқайда төмен, мысалы, Ресей (7,5%), АҚШ (3,8%), Германия (5,9%), Ұлыбритания (2,4%).

Тауар құрылымында 2010-2018 жылдары ҚР өңдеуші өнеркәсібі экспортының ең үлкен көлемі салалардың 3 тобына – металлургия, кокс және мұнай өңдеу өнімдеріне және химия өнеркәсібі өнімдеріне тиесілі. Одан әрі тамақ, сусындар және машина жасау өнімдері жүреді. Еліміз ферроқорытпалардың, сары фосфордың, ұнның, мақта майының жекелеген түрлерін жеткізу бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады. Металлургияда айтарлықтай өзгерістер болды: базалық металдар (мыс, қорғасын, мырыш және т.б.), жартылай өнімдер (қаңылтақ, блюм және т. б. дайындамалар) және жартылай фабрикаттар (илем өнімі) өндірісінен дайын бұйымдар (болат құбырлар, металл құрылымдары, рельстер, сымдар) шығаруға көшу жүзеге асырылды.

Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіп өнімдерінің импорты талданып отырған кезеңде орташа жылдық мәнде шамамен 31,5 млрд. АҚШ долларын немесе тауарлар импортының жалпы көлемінің 89%-ын құрады. 2014-2016 жылдары импорт ең алдымен теңгенің девальвациясы және тиісінше отандық тауарлармен салыстырғанда импорттық тауарлардың бағалық бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі себебінен қысқарды.

2010 - 2018 жылдары импорттың ең үлкен көлемі салалардың 5 тобына тиесілі болды – машина жасау, металлургия өнеркәсібі, химия өнеркәсібі, тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі.

Импорт құрылымында жоғары (56%) және орта технологиялық (18%) салалардың өнімі басым, барлық импорттың 73%-ын құрайды (2018 жылғы деректер бойынша). Қалған 27%-ы төмен технологиялық салалардың тауарларына тиесілі, оның ішінде тұтыну тауарлары - тамақ өнімдері, сусындар, темекі, киім және т.б. Жеңіл өнеркәсіптің басқа да бұйымдары 13,4%-ды құрайды.

Қазақстанда өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар ағынының оң серпіні байқалады. 2018 жылы Қазақстанның өңдеуші өнеркәсібі кәсіпорындарының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі 1247 млрд.теңгені құрады, бұл 2010 жылғы сәйкес көрсеткіштен үш есе жоғары (413 млрд. теңге). Дегенмен, инвестициялаудың бұл көлемдері өндіруші салалардың негізгі капиталына түскен инвестициялар көлемінен (2018 жылы 4499,6 млрд.теңге) 3,5 еседен астам төмен қалып отыр.

Бүкіл экономика мен өнеркәсіп бөлінісінде өңдеуші саланың негізгі капиталына инвестициялардың түсуін талданып отырған кезеңдегі елдің ЖІӨ-дегі өңдеуші өнеркәсіптің және жалпы өнеркәсіптің үлесімен салыстыруға болады. Мәселен, талданып отырған кезеңде бүкіл экономика мен өнеркәсіп бойынша негізгі капиталға (ағымдағы бағаларда) инвестициялар жиынтығында тиісінше 144,8% және 198,8%-ға өсті. Оның ішінде 19,6 п.т. және 59,7 п. т. өңдеуші өнеркәсіпке тиесілі.

4-сурет. 2010-2018 жылдардағы бүкіл экономика және өнеркәсіп бойынша негізгі капиталға инвестициялардың өсуінің жинақталған қарқынының декомпозициясы, %




Өңдеушіөнеркәсіпсалымы

Қалғансалаларсалымы

Жалпы

Өнеркәсіп


ҰЭМ СК деректері бойынша ҚЭЗО есептері


Бүкіл талданып отырған кезеңде инвестициялардың ең үлкен көлемі металлургия өнеркәсібіне - бүкіл кезеңдегі инвестициялардың жиынтық көлемінің 34,6%-ы, кокс және мұнай өңдеу өнімдері – 23,9%, өзге де металл емес минералдық өнімдер – 9,5%, химия өнімдері - 8,5%, тамақ өнімдері - 7,7% түсті. Өңдеуші өнеркәсіптің басқа секторларының негізгі капиталына тартылған инвестициялар көлемі елеусіз (жалпы көлемнің 1-ден 2%-ға дейінгі шегінде).

ҚР өңірлері бойынша өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияларды бөлу өнеркәсіп кәсіпорындарының салалық мамандануы мен географиялық шоғырлануына байланысты. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың басым бөлігі өңдеуші өнеркәсіптің (металлургия және мұнай өңдеу) базалық салаларының ірі кәсіпорындары орналасқан өңірлерде салынған - бұл Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Атырау облыстары.

Өңдеуші өнеркәсіпке 150 млрд. теңгеден аз инвестиция алған аутсайдерлер қатарынан Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстары орын тапты.

Инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету үшін Қазақстанда елдің индустриялық-инновациялық жүйесінің инфрақұрылымын құрайтын Арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) және Индустриялық аймақтар (ИА) құрылды. Бүгінгі күні елімізде 12 АЭА және 23 ИА жұмыс істейді.

АЭА аумағында, олардың жұмыс істеген барлық уақытында (2002 жылдан бастап 2019 жылға дейін) 183 жоба іске қосылды, оның 46-ы шетелдік қатысумен. Осы жобаларды іске асыру нәтижесінде 15,5 мың жұмыс орны құрылды, бюджетке салық түсімдері 150 млрд.теңгені құрады.

Барлық АЭА инфрақұрылымын салуға арналған бюджеттік шығындар 314,3 млрд.теңгені құрады, бұл ретте тартылған инвестициялар көлемі шамамен 910 млрд. теңгені құрады. Яғни инфрақұрылымға салынған 1 бюджеттік теңге 2,8 теңге жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді (шетелдік қатысу үлесі 27%-ды құрайды).

Индустриялық аймақтарда инвестиция көлемі 183 млрд. теңгеге жуық 168 өндіріс іске қосылды. 8,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылды. ИА инфрақұрылымына 85,9 млрд. теңге салынды. Осылайша, салынған 1 бюджеттік теңгеге 2,1 теңге инвестиция тартылды.

Тартылған инвестиция көлемі бойынша Қызылорда облысының ИА-ы көш бастап тұр.

Жобалардың ең көп саны (43 млрд.теңге сомасына 60-тан астам) Шымкент қаласында пайдалануға берілді, 4 мыңнан астам жұмыс орны ашылды.

Жұмыс істеп тұрған ИА-ның ең көп саны (7) Түркістан облысында шоғырланған.

«Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА басқару үшін «JEBEL ALI» АЭА (Дубай қ., БАӘ) басқаруда табысты тәжірибесі бар «DP World» халықаралық компаниясы тартылды. Бұл әлемдік АЭА рейтингісінде бірінші ондыққа кіретін, Таяу Шығыстағы ең ірі порт. Бүгінгі күні мұнда келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-да операциялық процестер құрылды;

- жылына 4 млн. тонна жүк қуаты бар Құрғақ порт құрылды. Құрғақ порттың инвестициялық тартымдылығы ірі теңіз тасымалдаушысы Cosco Shipping компаниясының порт капиталына кіруін қамтамасыз етті.

Сондай-ақ, «DP World» компаниясын «Ақтау теңіз порты» АЭА-ны басқаруға тарту жоспарлануда.

АЭА-ны одан әрі дамыту, тікелей инвестицияларды тарту және экспортты ілгерілету мақсатында 2019 жылы «Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Заң қабылданды. Онда мемлекеттік шаралар алу рәсімін оңайлату көзделген.

2019 жылы Бүкіләлемдік Банктің институционалдық қолдауымен индустриалдық-иноовациялық даму саласының уәкілетті органымен және индустрияның даму саласында дамудың халықаралық институты бірлесіп кластерлік саясатты жүзеге асыру үшін әдістемелік негіз құрастырды.

Байқау негізінде алты сынамалы аймақтық кластерлер таңдалынды: Қарағанды облысында (құрылыс кластері), Шымкент қаласында (фармацевттік өнім өндірісі бойынша кластер), Алматы қаласында (жиһаздық өнім өндіру кластері бойынша), Қостанай облысында (ұн тарту кластері), Ақмола облысында (сүтті қайта өңдеу кластері), Алматы облысында және Алматы қаласында (туризмді дамыту бойынша кластер).

Кластерлік тәсіл негізінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру әлем мемлекеттерінің көпшілігінің стратегиялық дамуында кең қолданыс тапты.Кластерлер өндірістік дамуға, бәсекеге қабілеттілікке және экономиканың тиімділігіне оң әсер ететін өте ұтымды құрал екені мойындалды.

Сол себепті кластерлік саясат өндеуші өнеркәсіптің және тағамдық қызмет көрсету секторларының дамуында маңызды бағыт болуы керек.

Қазақстандағы кластерлік саясатты өрбітудің заманауи деңгейінде саясаттың тұжырымдамалық негіздерінен кластерлік бастаманы қолдау жөнінде тәжірибе жүзіндегі іс-шараларды қолдауға көшу көзделіп отыр. Дамыған елдер тәжірибесінен кластерлік ынталандыруды қолдау механизмін тікелей енгізу стратегиясы Қазақстан өңірлерінің өздеріне тән орталарын есепке алу және қалыптасқан кластерлік білімді қолдау тұрғысынан қайта қарастырылуы керек.




жүктеу 231,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау