Экономикадағы өнеркәсіп саласының алатын орны


Қазақстан Республикасындағы индустриалдық- инновациялық саясаты: қалыптасу мәселелері мен даму мүмкіндіктері



жүктеу 231,03 Kb.
бет13/21
Дата14.05.2020
өлшемі231,03 Kb.
#30431
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
ДИПЛОМ

2.3 Қазақстан Республикасындағы индустриалдық- инновациялық саясаты: қалыптасу мәселелері мен даму мүмкіндіктері
Шикізат ресурстарының өндрісі мен экспортын үдемелі дамыту ұлттық экономиканың дағдарыста еңсеруіне және соңғы үш жылда экономикалық өсудің жоғары қарқынын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Өнеркәсіп салаларын теңдестіре дамыту мақсатында Қазақстан- ның индустриялық – инновациалық дамуының 2020 – 2025 жылдарға арналған стратегиясы мен Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекетттік бағдарламасы әзірленді.

Өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттік индустриялық – инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады.

Ел экономикасының жақсы қарқын алғанын атап өту керек. Орта мерзімді кезеңде қарқынды дамуды жалғастыру және сонымен қатар экономика мен әлеуметтік салада сапалы өзгерістер жүргізу керек.

Сонымен қатар Қазақстан отын және минерал шикізатының ірі әлеуетін шоғырландырған шағын экономика ретінде өндірістің өңдеуші салаларына инвестициялар үшін тартымсыз. Бұл шикізат ресурстарына жағдаяттың өзгеруіне қатысты ел экономикасын осал әрі тәуелді етеді.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, шикізат ресурстарына бай кейбір дамушы елдер тұрақты экономикалық дамуға қол жеткізбейтін шикізаттың әлемдік тауар рыноктарында жағдаяттың өзгерістеріне тым тәуелді болып қала береді.

Экономиканың шикізат секторларынан едәуір табысқа ие болып, мемлекет пен жеке сектор экономиканың жаңа салаларын дамытуға ынталанбайды. Сонымен бірге ресурстар қоры мардымсыз немесе тапшы елдер ілдебайлап күн кешу шегінде болғандықтан, экономиканың жаңа секторларын дамутыға үнемі әрекет жасайды. Алайда ұзақ мерзімді келешекте шекізат қоры сарқылады, бұл пайдалы қазбалардың кен орындары толықтай пайдаланылғаннан кейін тұрақты даму тұрғысынан алғанда елеулі проблемалар туғызады.

Экономиканың шикізат секторынан алынатын ірі кірістерден шектен тыс толығу қауіпін ескере отырып және мұнай бағасының күрт төмендеуінің зардаптарын болжау негізінде Қазақстан Ұлттық қор құрылды, онда мұнай мен түсті металлдарға әлемдік баға деңгейінің белгіленген қалыпты шектен асып кетуінен түсетін кірістер жинақталады.

Бұл шара сондай-ақ Қазақстандық қаржы жүйесіне түсетін валюта қысымын жоюға және экспортты ынталандыратын және дайын өнімнің импортын тежейтін теңгенің айырбас бағамын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Құрылымдық–институционалдық реформалар саласындағы жетістіктерді, қаржы секторы сенімділігінің артуын және елдің экспорттық әлеуметінің жедел қарқынмен өсуін айта отырып, өнеркәсіптің өңдеуші салалары, сондай-ақ өндірістік сипаттағы қызметтер көрсететін салалар тиісінше дамымай отырғанын атап өту керек.

Өңдеуші өнеркәсіпте металлургия өнеркәсібі ғана сытрқы рынокта бәсеке түсе алады. Тамақ өнеркәсібінің кейбір өнімдері осыған ұқсас шетелдік өнімдермен ішкі рынокта ғана бәсекеге түсе алады, ал өңдеуші өнеркәсіптің қалған өнімдері бүгінгі таңда тікелей және жанама субсидилардың есебінен ғана ұсталып отыр. Бұл электр энергиясына, ЖЖМ, өнімді тасымалдауға төмен және экономикалық тұрғыдан негізделмеген тарифтің белгіленуінен, кедендік қорғау баждарын белгілеуден көрініс беруде. Қазақстанның қазіргі тандағы экономикасында мынандай проблемалар орын алуда:


  • экономиканың шикізат бағыттылығы;

  • әлемдік экономикаға ықпалдасуыдың әлсіздігі;

  • ел ішіндегі саларалық және өңіаралық экономикалық ықпалда- судың босаңдығы;

  • өңдеуші өнеркәсіп өнімділігің төмендігі;

  • ішкі рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;

  • өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жеткілікті дәрежеде дамуы;

  • мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негізгі қорлардың тез тозуы;

  • кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;

  • ғылым мен өндіріс арасында ұтымды байланыстың болмауы;

  • ҒЗТКЖ қаржының аз бөлінуі;

  • отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейімделуі, ғылыми – техникалық өнімді тауар деңгейіне дейін жеткізудің ықпалды тетіктердің болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациаялық ұсыныстар деңгейінің төмен болуы;

  • мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даяр- лаудың қазіргі заманғы жүйесінің болмауы;

  • экономиканың өңдеуші секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшін ынталандыру көздерінің болмауы;

  • менеджменттің экономиканы ғаламдану үрдістеріне және сервистік-технологиялық экономикаға өтуге бейімдеу міндеттеріне сәйкес келмеуі.

ЖІӨ-нің 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейі бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнімділігі бойынша кейбір индустриялық дамыған елдерден 7 – 10 еседен астам артта қалып отырмыз.

Қазақстан кәсіпорындарының негізгі қоралдары құлдырау алдында. 2015 жылдың басында негізгі құралдардың тозу дәрежесі орта есеппен 29,7% құрады. Бірқатар салаларда негізгі құралдардың нақты тозуы 50% және одан астам деңгейге жақындауда.

Қазіргі уақытта қолданылып жүрген кәсіпорынның қарауында қалған пайда есебінен негізгі құралдарды жаңартуға қаржы ресурстар- ын жинақтау тәртібі моральдық тұрғыдан ескітген жабдықты ауыстұруға ынталылық туғызбайды және оны жаңартуда белгілі бір дәрежеде тежеуші болып отыр.

Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті 2017 жылы – 8%, 2018 жылғ – 13,8%-ны құрады.

Мұндай өсуге мұнай және табиғи газ өндіруге инвестиция салу есебінен қол жеткізілді.

Негізгі құралдар құрылымында аса тозғандары – машиналар және жабдықтар. Олардың тозу дәрежесі 2018 жылы 42,1% құрады. Көлік құралдары – 41%, ғимараттар — 36,5% тозған.

Мұнай өндірумен және металдарды өндірумен байланысты емес салаларды жабдықтың тозу дәрежесі соңғы үш дылда 45%-тен 62%-ке дейін құрады. Өңдеуші өнеркәсіп кәсіпорындарында толықтай тозған машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының үлес салмағы 12%-ке жетті.

Бұл жабтықтың шығарылу жылына қарай және моральдық тұрғыдан алғанда ескіруіне, ел экономикасының бәсекеге түсу қабілетінің төмендеуіне душар етеді. Егер Қазақстанда ЖІӨ-нің 1 долларын өнді- руге 2,8 киловатт сағат жұмсалатын болса, Ұлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияты елдерде бұл көрсеткіш 0,22-0,3,АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда – 0,4-0,6, Канада мен Қытай – 0,8 – 1,2 кило- ватт сағатты құрайды.

Қазақстанда қаржы ресурстары бар, алайда банктер үлкен қауіп- қатерлер болуына байланысты операцияларға бара алмайды. Ашық экономикалы шағын ел болғандықтан, Қазақстан әлемдік бағаларға әсер ете алмайды, сондықтан оларды сол қалпында қабылдауға тиіс. Осының салдарынан ел өз экономисына пәрменді ықпал ету құралдар- ының шектеулі мөлшерін ғана қолдана алады. Осыған байланысты эко-номиканың сыртқы факторларға дәрменсіздігін азайту үшін елде жоғары технологиялық өндірістерді құру аса өзекті мәселеге айналуда.

Өткізуден түсетін табыстың 1 теңгесіне жұмсалатын шығындардың көрсеткіші еңбек және материалдық ресурстарды пайдалану тиімділігін бағалаудың индикаторы болып табылады. Бұл көрсеткіш өткізілген өнімнің (жұыстардың, қызметтердің) өзіндік құнының оларды сатудан түсетін табысқа қатынасымен өлшенеді. Бұл көрсеткіш аз болған сайын кәсіпорынның табысы жоғары болады.

Салық шешімдерін, өнім тасымалдауға және жарнамаға жұмсала- тын шығындарды еспке алғанда көптеген салалардың кәсіпорындары залалда қалады.

Жұмысшылардың санын қысқартатын жаңа технологияларды қолдану, өнімінің материал және энергия сыйымдылығын төмендету кәсіпорынның табыстылығын жорылатудың резервтері болып табылады.

Әлсіз жақтар.Бұл жылдардағы өнеркәсіптік сектордың өзкеруі, алайда, неғұрлым күрделі және ұзаққа созылған проблемалардың шиелесуімен ұштасып жатты, елдң индусриялық жағынан одан әрі дамуы, оның сытрқы әсерлерге тұрақтылығы үшін бұлардың шешудің стратегиялық маңызы бар.

Кеңестік кезеңнен мұраға қалған және әсіресе реформалар кезеңінде көрініс берген құрылымдық қожыраудың өсе түсуі:



  • өңдеуші салалардың әлсіздігіне орай шикізат салаларының нығаюы, өнеркәсіп құрылымында отын-энергетика және металлургия кешендерінің басым болуы;

  • салалардың техникалық-технологиялық деңгейінің әркелкілігі. Негізгі қорлардың елеулі бөлігінің, өңдеуші өнеркәсіпке инвестициялар деңгейінің төмендігі және соның салдарынан өнімнің төмен тұтыну сапасы, оларды өндіруге кететін шығынның жоғарылығы отандық өндірістің бәсекеге төтеп бере алмауына әкеп соғады. Нәтижесінде, өңдеуші өнеркәсіп орындарындағы өндірістік қуаттары 2017 жылы орта есеппен небәрі 49%-ға іске қосылды.

Үдемелі өндіріс процесінің тұтастығы үзіле отырып, халық шаруашылығы кешені ыдырауының күшеюі:

  • валюталық түсімнің есебінен дамитын және үдемелі өндіріс тұрғысында нақты сектордың әлсіз байланысқын басқа буындары экспорттық сектордың оқшаулануы;

  • технологиялық тізбектер мен қалыптасқан кооперациялық байланыстардың жойылуы және өндірістік кешендердің, қолданылып келген жоғары технологиялық укладтардың өздігінен күйреуі;

  • өнеркәсіптік сектордың ғылыми – технологиялық саладан қол үзуі, ғылымды мемлекеттік қаржыландырудың кемуі: 2017 жылы ғылымды қаржыландырудың көлемі ІЖӨ-нің 0,09%-ын құрады . Оның ғылыми – техникалық дамудың әлемдік үрдістерінен кейін қалуы;

  • нақты сектордың қаржы секторынан қол үзуінің сақталуы, соңғысы томаға – тұйық, өзіндік жеткілікті және өзіне ғана жұмыс істейтін болды.

2018 жылдың басында сауда секторына экономикаға берілетін кередиттердің жалпы сомасының 24,4%-ы, өнеркәсіпке 33,4%-ы кетті, 2019 жылдың соңындағы жағдай бойынша тиісінше 33,3% және 30,5% болды.

Ішкі рынок шектеулі ауқымы әрі шашыраңқылығы, көлік инфрақұрылымының межеулігі және өткізу нарығына өнімдер жеткізу жөніндегі көлік шығынының жоғарлығы, тауарлардың экспорттық тобының шекті номенклатурасы өнеркәсіптік сектордың дамуын шектейтін факторлар болды. Өнеркәсіптік менеджмент пен маркетингтің төмен деңгейі сақталып отыр.

Күшті жақтар.Секторда өткен жылдарда шаруашылық қатынастарын ырықтандыру жүргізлді. Директивалық жоспарлаудың, ресурстарды орталықтандырылған бөлудің ұйымдық құрылымдары мен тетіктері бөлшектенді.

Меншік қатынастары реформаланды, нарықтық дербес субъектілері қалыптасты және оның инфрақұрылымы құрылды.

Сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды және экономиканың ашықтығының жоғары дәрежесіне қол жеткізілді.

Тұтастай алғанда осы жылдар ішінде нарықтың – бәсекелестік ортаны қалыптастыру аяқталды. Өндіріс құрылымы шаруашылық жүргізу мен еңбек бөлінісінің әлемдік жағдайларына бейімделді. Құлдырауы еңсерілді және өндіріс тұрақтандырылды.

Өнеркәсіптік сектор ішкі сұранымды да, сонымен бірге өсе түскен экспорттық мүмкіндіктері де қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сан алуан және бай минералдық – шикізаттық базаға ие.

Өткен жылдарда өнеркәсіптің көп саласы құрылымы, жоғары ғылыми – техникалық әлеует қалыптастырылды. Дамыған отын – энергетикалық және металлургиялық кешендер жұмыс істейді. Өңдеуші салаларда өндірістік қуаттардың пайдаланылмаған резервтері бар.

Жекелеген салаларда өндірісті және басқаруды шоғырландырудың жоғары дәрежесіне қол жеткізілді, мұның өзі болашақта әлемдік экономикада бәсекеге төзімді ұлттық корпорациялардың құрылуына негіз болып табыла- ды.

Білікті және арзан жұмыс күші елдің ішкі де, сондай-ақ сыртқы да нарықтарында бәсекеге төзімді өнеркәсіптік сектордың өсуінің аса маңызды факторлар болып табылады.

Ірі инвестициялық жобалар өзінде шоғырланған және өнімнің әрбір өзгерту сатысында қосылған құны мөлшерін арттыру арқылы технологиялық тұрғыдан бірнеше қайтара өзгертуге болатын өнімдер шығаратын өндіріс орындары ҚҚТ әдісі бойынша бәсекеге түсуге қабілетті және эксопртқа бағ- дарланған өндірістерді дамыту мен қалыптастыру алаңына немесе базасына айналуы тиіс.

Іс жүзінде барлық мұнай экспорттаушы елдерді дерлік өз экономикасын әртараптандыру проблемасы алаңдатады. Дүние жүзінде осы бағытта біраз тәжірибе жинақталған.

Мұнай және мұнай өнімдеріне конъюнктура өзгерістерінің әсерін төмендету мақсатында аса ірі мұнай экспорттаушы елдер соңғы он жылдықта мұнай экспорттаудан алынатын табысты қайта бөлу есебімен экономиканың өндірістік құрылымын жетілдіру жөніндегі шараларды іске асыруда. Осымен бір мезгілде дамыған елдер экономикасынан кіріс алу мақсатында басқа елдерге капитал экспорттау жұмысы жүргізілуде.

Қазақстанда мұнай – газ өнеркәсібіне жылдан жылға көбейіп келе жатқан инвестициалар көлемі экономика құрылымын әр тарапатдыруға қолайлы орта болып табылады.

Осыған байланысты, Каспий теңізінің қазақстандық секторын (ҚТҚС) игеру индустрианы дамытудың негізгі қозғаушы бірі болып табылады, онда күнілгері бағалау бойынша көмірсутектердің жалпы қоры 8,0 млрд. тоннаны құрайды, ол күтіліп отырғандай, Қазақстанда көмірсутектер өндірудің неғұр- лым елеулі өсімін қамтамасыз етеді.

Перспективада қайраңдағы кен орындарынан мұнай өндіру жылына 150 – 200 млн. тоннаға жетіп, 25-30 жыл бойы осы деңгейде тұруы мүмкін.

Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі тұзды кен орындары мұнайда сұйылған газдың құрамы жоғары – шамамен 60% көлемінде болуымен сипат- талады. Қашаған кен орнының мұнайында ғана алынатын газдың қоры Қарашығанақ кен орнының қорымен ғана теңесуі мүмкін деп күтілуде.

Каспий өңірі көмірсутегін өндірудің өсуіне, магистральдық, оның ішінде экспорттық мұнай және газ құбырларын,жүктерді сақтау және ауыстырып тиеу үшін теңіз порттары мен порт құрылыстарын, мұнай құятын және газ толтыратын темір жол терминалдарын салуға, электр энергетика- сында және телекоммуникациялық инфрақұрылымда жаңа қуаттарды енгізу- ге байланысты Қазақстанның жалпы экономикалық қарқынына едәуір көлем- де әсер ететін инвестициалық және өндірістік белсенділіктің қуатты өсуін бастан кешіретін болады.

Каспийде көмірсутегін өндірудің дамуы мұнай – химия индусриаясы үшін отандық шикізат базасының қалыптасуына жағдай жасайды. Ірі инвесторларларды тарта отырып, Қашаған кен орнының өнеркәсіп аймағы- ның маңында ілеспе табиғи газды ұқсату жөніндегі мұнай – химия кешенін салу жоспарлануда. Кешен мұнай – химия өнімдерінің сұйық және бастапқы компоненттерінің ауқымды бөлігін – этан, пропан, бутан, гексан, этилен, пропилен, ацетилен, бензол,ксилол және басқаларын, олардың негізінде пластикалық массалар мен эластомерлер алуға мүмкіндік береді.

Алдағы он бес жылда Қазақстан мұнайын өнідіруді дамытуға инвесторлар 100 млрд. АҚШ долларынан астам қаржы салуға ниет білдіруде. Бұл қаржат іске қосылатын кәсіпорындардың және әлеуметтік объектілер салуға жұмсалатын болады.

Аталған инвестициалық жұмсалымдар тауарлар мен қызметтер көрсетулердің ауқымды түріне сұраныс тудырады, олардыыыыың бір бөлігі Қазақстан жағдайы үшін уақытша сипатта болады, ал басқа бөлігі мұнай қорлары сарқылғаннан кейін де сыртқы және ішкі рыноктарда қажет болатын өндірістер құруға бағытталатын болады.

Мысалы, Каспий жағалауының инфрақұрылымын дамыту демалыс және ойын – сауық индустриясын құру үшін, теңіз порттары – жүктерді тасымалдаудағы көлік шығыстарын азайту үшін, машина жасау зауыттары – баржалар, жүк, кәсіпшілік және әскери кемелер, жабдық пен тұрмыстық техниканың мол ассортиментін шығару және т.б. үшін алғышарт жасайды.

ҚҚТ дамуы бөлігінде шикізатты ұқсатуды кеңейте түсудің жақсы перспективалары бар.

Мұнай мен газды ұқсатуды кеңейте түсу іс жүзінде экономиканың бар- лық салалары мен тұрмыста пайдаланылатын полимерлік бұйымдардың шамамен 200 түрін шығаруға мүмкіндік жасайды. Осы бағытта ҚҚт-ны дамыту көп салалы трансұлттық корпорация құруға жағдай жасайды.

ҚҚТ-ны дамыту үшін металлургия өнеркәсібінде жақсы перспективалар бар. Қазақстанда Д.менделеевтің периодтық жүйесінің 10-ге жуық элементін қамтитын имнералдық рудалардың қорлары бар КСРО тұсында оның 74 элементі өнімінің алуан түріне пайдаланылады. Қазақстанның түсті металлургия өнімі ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялы тауарларды – ғарыш апараттарын, қару – жарақ, электр техникасын жасауда пайдаланылады.

Қазақстанда түсті, асыл және сирек кездесетін жер металдарының кең ауқымды мөлшерін күрделі және қоры аз рудалардан, руда үйінділерінен, металлургия шлактар мен қайта өңдеу қалдықтарынан алу жөніндегі ғылыми – инновациялық әзірлемелерді түсті металлургия кәсіпорындарында енгізудің осы саласында да зор ғылыми әлеуеті мен тәжірибесі бар.

Металлургиялық қалдықтар мен руда үйінділерін ұқсату жөніндегі жаңа технологияларды енгізуге орта мерзімді перспективада қосылған құны жоғары өнім алуға мүмкіндік береді.

Қазақстанға ірі инвестициялардың ағылуы түсті металлургия, химия және жиһаз өнеркәсібінің өнімдеріне және т.б. сұраныс тудырады. Осының бәрін мұнай мен газды және металдарды өәдеуді кеңейте түсу есебінен Қазақстанда шығаруға болады рі болашақта бұл өнім әлемдік рынокта өз орнын табады.

Қазақстан әлемдегі ірі астық өңдеушілердің бірі болып табылады. Астық өңдеу процесін тереңдету көп салалы ҚҚТ-ны құрудың құрудың негзгі базасы болуы мүмкін. Осындац тізбекті дамытудың бағыттары астық өңдеудің технологиялық процесін кеңейтуден де, жемшөп өндіру, мал шаруашылығы, ет пен сүт өнімін шығаруды дамытудан да көрінеді. ҚҚТ-ға сондай-ақ элеваторлар да, ауыл шаруашылығы техникасы мен минералдық тыңайтқыштарды шығару жөніндегі зауыттар да, табиғи тағам бояғыштарын, фармацевтикалық бұйымдарды, биотехнология өнімдері мен басқаларын шығару жөніндегі кәсіпорындар да кіреді.

Экономика құрылымын және қазақстандық экономиканың экспорттық бағытын әртараптандырудың аталған бағыттары әлеуетті тұрғыдан басым бағыт болып табылады. Алайда ұсынылып отырған жобаларды іске асыруға мемлекеттік қолдау көрсету жөніндегі түпкілікті шешімдері ҚҚТ әдісі бойынша аталған өнімдерді барынша қайта өңдеу бөлінісінде дамыту мүмкін болатын бәсекелестік артықшылықтарды егжей – тегжей талдаудан кейін ғана қабылдау қажет.




жүктеу 231,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау