Қарыз Гранттар Салық жеңілдктері
Қаржы – экономикалық шараларға мыналарды да жатқызуға болады. Мемлекеттік құнды қағаздарды шығару; мемлекеттк облигация мен қордың бағалы қағаздарын сату; Бұндағы мақсат ары қарай, халықаралық қор биржасына шығу, еліміздің өнеркәсіп саласына инвестиция тарту; өнеркәсіптерге ұзақметзмді қарыз беру кепілі; кәсіпорындарының айналым капиталын өсіру клирингтк есп алйырысуды ұйымдастыру және т.б. болып табылады.
Жоғары инерция жағдайында информацияны ұстап тұру үшін, халық пен кәсіпорындардың информациялық қауіпін түсіру үшін және бұндай жағдайды кәсіпорынды инвестицияға тарту үшін үкімет валюталық бақылау жасай отырып, мемлекеттік құнды қағаздарды 2 – 3 жылда банкаралық валюта аукционында өтеп алу негізінде нарыққа шығарады. Бұл бағалы қағаздардың ерекшелігі — өтімділігіне (мемлекеттік бағалы қағазды қарыз уақыты келгенше қайта сатып алуға қашан да дайын) және олардың айналымына шектеу қойылмауында. Құнды қағаздарды сатып алатын кәсіпорындарды қызықтыратыны – ол инфляциясы жоғары теңгеге банкаралық аукционда осы саланы валютаға айырбастау міндетті емес.
Мұндай шара біріншіден, кәсіпорынның қаржы жинағын инфляция кезіндегі құнсыздануынан сақтап, ақша айналымының жылдамдығы азайтуға мүмкіндік береді; екіншіден, инфляциялық құнсызданудан сақтану есебінде валютаға деген сұранысты азайтады; үшіншіден, кәсіпорын күткен инфляция деңгейін төмендетеді.
Әрине бұл шараның тиімділігі шектеулі . Дегенмен бұл инфляцияны жою жолдарының біреуі. Ішкі инвестицияның аздығы шетел инвестициясын тартуға әкеледі. Шетелдік инвестицияны алдымен экономикалық дағдарыстан шығу үшін, сосын техникалық – технологиялық деңгейді көтеру үшін және құрылымдық жүйелерді жүзеге асыру үшін қолдану керек. Шетелдік инвестиицяның тиімдлігін құрылымдылық, инновациялық, кадрлық және т.б. ғылыми негізделген саясаттың арқасында ғана көре аламыз.
Шетелдік инвестицияның сласындағы экономикалық саясат ұлттық өнеркәсіпті дамытуға бағытталған және ашық болу керек. Шетелдік кешенді тарту көлемі сыртқы қарыздарды жаба алатын және ұлттық капитал салымдарын көбейте алатын болу керек. Шетелдік капитал ағымын құруға және экономикалық өсуді қамтамасыз етуге мақсатты бағдарлама сондай-ақ, мемлекеттік реттеу механизмдер іске қосылу керек. Инвестордың алғашқы жұмысын бастауына жағдай туғызу керек. /18/
Ірі жобалардыі жүзеге асыру міндетті түрде конкурстық түрде жүргізілуі және экспертизадан өтуі керек. Сосын төмендегідей нақты мәселелерді шеше алатын инвесторға жұмыс істеуіне ерік берілу керек:
экспорттық потенциалдық тиімділігін көтеру және экспорттың сыртқы нарықтағы позициясын нығайту;
импортты алмастыратын өнімдердің дамуы;
өндірістің ғылыми – техникалық деңгейін арттыру;
дайын өнім қалдықтарына технологиялық цикл құру;
мемлекеттік бюджетке салықтың түсуін артыру;
артта қалған аудандарды дамытуға үлес қосу;
жаңа жұмыс орнын құру.
Сондай-ақ инвестицияны сақтандыру қарастырылу керек. Шетелдік капитал салымдарын тартуда олардың негізгі көңіл аударатын мәселелері: салық жүйесі, ұлттық валютаны тұрақтандыру шаралары, валюталық реттеудің қаталдандырылуы (ужасточениесі).
Шетелдік инвестиция өнеркәсіпке мынадай түрде тартылуы мүмкін:
Қазақстан үкіметінің кепілдігімен келген жеке инвестор түрінде, донор – елдер үкіметі ретінде және халықаралық ұйымдардың несиесі түрінде;
шетелдің қатысуымен біріккен кәсіпорын құру түрінде;
республиканың өнеркәсіп объектілерін шетелдік компанияларға сату немесе жалға беру;
қордың құнды қағаздарының шығарылуы және олардың шетелдік банктер үлесіне тиюі;
орташа және ұзақмерзімді қарыздар тартуға қарыз алушының мүлкінің кепілге алу ретінде.
Біріккен кәсіпорын құру үшін 50%-дан жоғарғы қаржыны шетелдік салымдар шығару керек. Бұл олардың іс - әрекетіне бақылау жасауға мүмкіндік береді. Отандық компаниялар мен фирмалар мұндай жағдайда біріккен кәсіпорынның соңғы өніміне біртіндеп жергілікті жабдықтаушылар мен мердігілердің үлесін арттыра отырып, шетелдік тәжірибені үйренуге болады.
Жұмысшыларды мамандандыру дейгейін қашан өз бетінше жетілдірілген ұлттық кәсіпорын жұмысын жүргізе алғанша көтеру керек.
Қазақстан территориясында 100% шетелдік кәсіпорын бақылауында болатын кәсіпорын құрылуы да мүмкін. Бірақ ол технологиялық және ғылыми артта қалған өнеркәсіпті дамытуды және құрылымдық өзгертулерді қажет ететін салаларда болуы мүмкін.
Мұндай форма елімізге мынандай оң нәтиже береді:
ол өзімен қазіргі заман технологиясын әкеледі; нарыққа сирек тауарларды шығарады, сондай-ақ бағаны төмендетеді; шетелдік мамандарды тартады; жергілікті жұмыс күшінің мамандану деңгейін және табысын көтереді; экономиканы көтеруге әсер етеді.
бұдан кейін батыстық фирмалардың қызығушылығы артып, олар да келе бастайды ал, бұл бәсеке негізінде конкурс өткізуге мүмкіндік береді.
Халықаралық қор нарығына шығу Қазақстан өнеркәсіптерінің халықаралық капитал көздеріне қол жеткізуіне мүмкіндік береді.
Салықтық – несиелік саясат. Салық салу жүйесін таңдау керектігі белгілі. Негізгі мәселе конфискациялық салықтан экономикалық тиімділікті ынталандыруға өту, Құрылымдық жетілген өзгерістер жасау және жинақты көбейту.
Мемлекет компанияның қаржылық жағдайын нығайту үшін табыс салығын азайтады, сондай-ақ инвестициялық үрдісті ынталандырады.
Салық саясаты саласында жанама ықпал қатарына тура салық пен мемлекеттік кәсіпорындардың бюджетке жыл сайынғы аударымдары. Жанама салықтар әртүрлі салық жеңілдіктері кіреді.
Салық саясаты нарық экономикада өте ықпалды механизм болғандықтан кәсіпорынның табысына салықты жеңілдіктер арқылы азайтуға болады. Бұл айналым капиталын толтыру мақсатында берілген жеңілдіктер болуы мүмкін. Кәсіпорынның табысына салықты азайту және мүлде салықтан босату олардың сирек тауарларды тұрақты шығаруына және нарыққа бейімделуіне ықпал етеді.
Бұл “жоспарлау – бағдарламалау – бюджетті қарастыру” жүйесі шеңберінде өнеркәсіптерде жүргізілетін ірі проектілерді жүзеге асыру шаралары барысында маңызды рөл атқарады.
Салық салуға дифференциялданған қадам жасау керек, оның ішінде жеңілдіктерге. Бюджет тапшылығы кезінде және салықтан босату кезінде инфляция маңызды өндірістерді, тиімді экспорт саласын сондай-ақ тиімділігі жоғары, өтімді инвестициялық проектерді ынталандыруы тиіс.
Қысқа мерзімге дефлециялық сипаттағы арнайы салық шаралары жүргізіледі. Бұған ең алдымен тұтыну қорының өнімінен салық алу жатады.
Салық салудың фискальдық түрінен ынталандырушы түріне өту үшін қазіргі кезде орын алып отырған қосымша құн салығын тоқтату ұсынылады. Салық салу объектісіне баға мен түсім емес, нақты қосымша құн кіру керек.
Дамыған және жаңа индустриалық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып елімізде салық салынбайтын резервтік қор кәсіпорында 2 түрде болу керек: қайта құрылуды қажет ететін өнеркәсіптің дәстүрлі базалық саласында және алғашқы жылдарында жұмыс жүргізуге құралдары жетпеген, қайтадан өндіріс ретінде құрылуды қажет ететін кәсіпорындарда.
Техникалық жабдықталу үшін және кәсіпорынды қайта құру үшін жаңадан инвестиция тартуға инвестициялық несиеге пайыздың икемділігі мен салық жеңілдіктерінің реттелуі керек. Инфляция ағымының қуаттылығына қарамастан өнеркәсіптерді несиелеу деңгейі төмен екендігін көрсетеді. Мұндай жағдай өндірістегі инвестицияның мүмкіндігін шектейді.
Несие саясаты саласында экспорттық несиені сақтандыру, банктік несиенің көлемін реттеу, капиталды орталықтандыруды және нығайтуды несиелеу, персепктивті салаларды мемлекеттік несиелеу сияқты инструменттер мен тетіктер қолданылады.
Несиелік операциялардың көбі орташа және ұзақмерзімді болу керек. Өнеркәсіптің базалық саласының өндірістік аппарттарын жаңартуға берілген несиені қайтару үшін оның проценті аз, мүлде процентсіз болу керек.
Өндірісті дамыту үшін алынған ұзақмерзімді несиелер, оның ішінде мемлекеттік облигацияларды шығару арқылы алынған несие мұндай облигацияны бар коммерциялық банктердің қызығушылығын арттырып, белгілі бір мөлшерде инфляцияны ұстап тұра алады, дегенмен соңғы нәтижесінде ол табысты қаржылық сектордан материалдық өндіріс саласына қайта бөлуге алып келеді.
Өз қателіктерінен төлемқабілетінен айрылған кәсіпорындарға орталықтандырылған несиелеуден жеңілдік ретінде несие беру қажет.
Баға саясатындағы маңызды мәселе бағаның өсуін ұстап тұру, тауарға байланысты олардың қозғаласына бақылау жасау, өндірістік шығындар деңгейіне әсер ету.
Стагфляция жағдайында сұраныстың шектеулі төлемқабілеті жағдайды ушықтырады. Энергия тасымалдаушы бағасына өндіру монополизациясы жоғары болған кезде мемлекеттің араласуы ішкі түтынымды қысқартуға әкеледі. Сонымен қатар әлемдік нарықта ұсынымның өсуі шикізатқа бағаның төмендеуіне әкеліп, нәтижесінде экпорттан түсетін табыс азаяды. Экономикалық кризис пен төлемдердің тұрақты төленбеуі кәсіпорындарды банкрот қылып жариялайды. Көбінесе банкрот жасанды болады. Отын энергетикалық ресурстарға бағаны одан әрі көтеру көп жылдар бойы арзан энергия тасымалдаушыларға бейімделген ұлттық өнеркәсіптің бәсекеге қабілетсіз болуына әкеледі және түбімен жойылады. Бәсекенің болмауы монополист кәсіпорындардың жаңа технология деген ынтасын тежейді. Мемлекеттің бағаға араласуы толыққанды бәсекеге жағдайында ғана іске асады. Баға бәсекесі болса, баға тұрақталып, тауар мен қызмет сапасы артады.
Елімізде монополизация деңгейі өте жоғары, ал оның радиналды төмендеуіне уақыт пен ресурс қажет. Сондықтан бәсекені мемлекеттік реттеуді алмастыру керек. Мұндай кезде мемлекеттің монополисті реттеуден сәл ғана бас тартуы нарықта келеңсіздіктердің орын алуына әкеледі.
Сондықтан бұның жалғыз жолы – бағаға бақылау жасау.
Достарыңызбен бөлісу: |