5. Өзін-өзі тексеретін сұрақтар:1. Менеджменттің жалпы қызметтері.
2. Менеджменттің нақты қызметтері.
3. Стратегиялық , индикативтік және бизнес жоспар.
6. Пайдаланатын әдебиеттер:1,2,4,5,6,7,9,12,14,15,16
1.Тақырып Ұйымдастыру – менеджменттің функциясы ретінде.
2. Қарастырылатын сұрақтар:1. Ұйымдастыру функциясы.
2. Билік –негізгі түрлері.
3. Басқару құрылымы.
4. Дәрістің мақсаты: Тақырыпты жан-жақты қарастырып , ақпарат беру.
5. Дәріс мазмұны:
1.Ұйымдастыру – бұл кәсіпорын құрлымын құру процесі, оның өзі адамдардың өз мақсатына жетуі үшін тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Өкілеттілік – мақсатқа жету кәсіпорынның ресурстарын шектеулі қолдануға құқық береді.
Делегирлеу - өкілеттілік басшыны қарамағындағы бағынушылардың еркін іс-әрекетке бөлісу процесі. Істі шешерде өз өкілеттіктерін немесе басқа да өкілеттіктерді беруі.
Билік – бұл біреуге немесе бір заттарға иелік ету мүмкіндігі немесе қабілеті, тағдырға шешуші әсер ететін, құқы жайында немесе адамдардың іс-әрекетіне әртүрлі құралдардың түрімен мәжбүр етуі, беделі, құқы, еркі – ықпал жасауы.
Басқару құрлымы – басқару органдары мен жеке қызметкерлерінің жиыны, олардың горизонтальді, вертикальді байланыстары және белгілі тәртіптегі бір-біріне бағыныштылығы.
Басқару сатысының артында буындардың жиынтығы әрекет етеді, яғни ол басқару иерархиясының анықталған деңгейінде болады.
Басқару буыны – бұл жиынтық және жеке қызметтерді орныдайтын жеке құрлымдық бөлім (бөлімше).
Басқару құрылымына келесі 3 фактор әсер етеді:
3.
4. Басқару құрлымын жетілдіру - тиімді, ұтымды ұйымдық құрлымдар құруға, қалыптастыруға бағытталған жұмыста шаралар жиыны.
5.Өзін-өзі тексеретін сұрақтар: 1.Ұйымдастыру дегеніміз не?
2.Билік дегеніміз не?
3.Басқару құрылымына қандай факторлар әсер етеді?
4.Биліктін негізгі түрлерін ата?
6. Пайдаланатын әдебиеттер:1,2,4,5,6,7,9,12,14,15,16
1.Тақырыбы: Менежменттегі мотивация.
2. Дәрістің мақсаты: Дәріс бойынша тақырыпты ашып студенттерге түсінікті нақты және толықтай түсіндіру.
2. Қарастырылатын сұрақтар: 1.Мотивация - мақсаттары.
2. Қажеттіліктің түрлері.
4. Дәрістің мақсаты: Тақырыпты жан-жақты қарастырып , ақпарат беру.
5. Дәріс мазмұны:
1.Мотивация – бұл өзін және басқаларды өзінің жеке бастық мақсатына немесе ұйым мақсатына жету үшін жандандыратын, ынталандыратын процесс.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі мотивациялық құралдарды қолданады: мәжбүр ету, көтермелеу, бұйыру, көндіру.
Спецификалық формаға айналған керек нәрселер қажеттіліктер болып табылады. Адамда үнемі қажеттілік болады да, ол қызметте іс-әрекет жасауға әкеледі.
Қажеттіліктер 2 түрге бөлінеді, бірінші (физиологиялық) және екінші (психологиялық) қажеттіліктер.
1.«Х», «У», «Z» теорияларының негізінде адамның еңбекке және әртүрлі қажеттіліктер деңгейіне бағытталған.
«Х» теориясында нерадивый жұмысшының қасиеттері байланыстырылған, сондықтан оларда ынталандыру ретінде мәжбүр ету, ал қосымша материал ретінде көтермелеу қолданылады.
«У» теориясы «Х» теориясын антипод болып табылады да, қоғамның белсенді тобын көрсетеді де, еңбекке ынталандыру өзін-өзі көтеру, моральді және материалды ынталандыру. «Z»теориясы бойынша адам мотивінде әлеуметтік және биологиялық қажеттіліктер байланысады.
Мазмұндық теориялар адамды басқаша қызмет жасауға итермелейтін ішкі ояту идентификациясына негізделеді. Ол теория өкілдері: А. Маслоу, Альдефер, Д.Макклеланд, Ф. Герцберг т.б.
Маслоу иерархиясының негізгі мақсаттары:
адамдар үнемі қандайда бір қажеттілікті сезінеді;
адам қажеттіліктерін жеке топтарға бөлу керек;
қажеттіліктер тобы иерархиялық түрде орналасады (Маслоу пирамидасы және т.б.)
Альдефер теориясы бойынша қажеттіліктер үш топқа біріктірілген (өмір сүру қажеттілігі, байланыс қажеттілігі, өсу қажеттілігі).
Макклеланд теориясы бойынша қажеттіліктер адамды мынаған ынталандырады – бұл билікке, сәттілікке және меншікке қажеттілік.
Герцбергтің екі жақты теориясы бойынша қажеттіліктер гигиеналық және мотивацияға бөлінеді.
4.Процессуалды теориялар адам әр түрлі мақсатқа жету кезінде және нақты іс-қызмет кезінде өз күшін қалай бөлетіндігін талдайды.
Келесі үш процессуалды теорияны бөледі.
Үміттену теориясы мынадай қағидаға негізделеді: белсенді қажеттіліктің болуы адамдардың мақсаттарға жетуінің бірден бір себебі – мотивациясы болып саналады. Адам өзінің таңдап алған мінез-құлық типі өзін қанағаттандыратындығына және ойлаған мақсатына жеткізетіндігіне сенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |