Экономика және баскару институты. «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасы. Туризм


Тақырып : Қазіргі басқару әдістері



жүктеу 2,68 Mb.
бет13/16
Дата07.02.2018
өлшемі2,68 Mb.
#8895
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Тақырып : Қазіргі басқару әдістері



2.Қарастырылатын сұрақтар:

1. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдісі.

2. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдісі

3.Дәрістің мақсаты: Дәріс бойынша берілген тақырыпты толықтай қарастырып, студенттерге түсінікті етіп мәлімет беру.

4.Дәріс мазмұны:

I.Ұйымдық-әкімшілік әдістер. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері ұжымдарға және солар арқылы өндіріс процестері мен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ықпал етуге үлкен роль атқарады. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері дегеніміз - өндіріс процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдерімен жолдары құралдарының жиынтығы болып табылады.

Ұйымдық -әкімшілік ықпал үш бағыт бойынша жасалады.

  1. Басқарылатын жүйе элементтерінің арасындағы, яғни техника, технология ж”әне өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру, еңбек заттары, еңбек құралдары мен жұмыс күші арасындағы, сондай –ақ біртұтас өндіріс және еңбек процесінде әртүрлі функциялар атқаратын қызметкерлердің еңбектегі іс-қимылдары арасындағы байланыстар мен арақатынастарды реттеу.

  2. Басқарушы жүйе ішіндегі байланыстар (қатынастар), атап айтқанда: бөлу ұйымдық әкімшілік ықпалға ұшырайды.

  3. Ұйымдық-әкімшілік ықпал жасаудың объектісі-басқаратын және басқарылатын кіші жүйелер арасындағы өзрар іс-қимыл формалары болып табылады.

Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістерінің ерекшеліктері:

  • ықпал етудің тура сипаты әдетте тікелей жасалады;

  • бөлу ықпалы әдетте актімен рәсімделеді;

  • ұйымдық-әкімшілік әдістер бүкіл басқару әдістері жүйесін пайдаланудың негізі болып табылады.

Ұйымдық-әкімшілік әдістердің көмегімен шешілетін міндеттердің ерекшеліктері басқару объектісіне жасалатынықпалдың сипатын анықтайды.Ықпал ету сипатына қарай олар 2 топқа бөлінеді:

Кез-келген экономикалық жүйеде оған жүйе ретінде тән болатын заңдар мен заңдылықтарды қолдау үшін ұйымдық әдістер жолымен:

  • кәсіпорынның кіші жүйелерін (сапа мен сан жағынан) олардың өзара сәйкес келуі мақсатымен;

  • олардың бірігуімен өзара іс-қимылының ұтымды формалары мен әдістерін енгізуді;

  • жүйе элементтері арасында ұтымды функционалдық байланыстар ұйымдастыруды;

  • жүйе бөліктері арасындағы тұрақты өзара іс-қимыл мен олардың сәйкестігін сақтауды;

  • жалпы басқару жүйесін ара-тұра жетілдіріп отыруды анықтау қажет.

Басқаратын және басқарылатын кіші жүйелерге ұйымдық ықпал ұжымдар мен жекелеген қызметкерлердің жұмысын тәптіштеу формасында жасалады. Бұл тәптіштеу ұзақ уақыт әрекет ететін әкімшілік актілердің-Жарғылардың, Ережелердің, Қағидалардың, Нұсқаулардың көмегімен жүзеге асырылады.

Ұйымдық жағынан тәптіштеу дегеніміз- кәсіпорынның құрамын, оның органдары мен қызметкерлерінің функцияларын айқын белгілеуге мүмкіндік беретін әдіс.

Ұйымдық тәптіштеу нәтижесінде сол кәсіпорында:



  • ұйымдық құрылым;

  • басқарудың линиялық және функционалдық буындар туралы жалпы Ережелері;

  • лауазымды адамдар және қызметтер туралы жеке ережелер жасалуы тиіс.

II. Әлеуметтік-экономикалық жүйеде басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің атқаратын рөліне баға жеткісіз. Бұл жүйелерде негізгі элемент-адам. (басшы, субъект). Басшының өндірістегі аса маңызды функциясы –шешім қабылдау, ол шешімдерге жеке стильдер ықпал жасайды.

Басшының маман екені көбінесе оның еңбек ұжымын басқаруда әлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалана білуімен анықталады. Басшы әлеуметтік-психологиялық әдістердің көмегімен еңбек ұжымдарына және жекелеген қызметкерлерге ықпал жасайды, сондықтан да ол әлеуметтік-психологиялық факторлардың экономикалық қатынастарға игі ықпал жасайтынын көре білуге міндетті.



Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері еңбек ұжымдарында алда тұрған міндеттерді мейлінше тиімді шешуге жәрдемдесетін қолайлы және тұрақты моральдық-психологиялық ахуал жасауға бағытталған. Оларға жататын басқарудың әлеуметтік әдістері мыналар:

  • моральдық жағынан ынталандыру әдістері;

  • әлеуметтік жоспарлау әдісі;

  • тәрбиелік әдістер;

  • әлеуметтік бастама мен жаңашылдықты жандандыру әдістері;

  • қызметкерлер арасындағы ресми және бейресми қатынастар

Басқарудың психологиялық әдістері:

  • шағын топтарды, коллективтерді комплектілеу әдістері;

  • еңбекке адамгершілік сипат беру әдістері;

  • іштей құлшындыру әдістері;

  • кәсіптік іріктеу және үйрету әдістері.

Өз қызметкерлерінің әлеуметтік белсенділігін арттыру үшін басшы өндірістік коллективтің әлеуметтік даму жосмпарын жасай білуге міндетті, ол кіріспе бөліктен және мынадай 4 бөлімнен тұрады:

  • бірінші бөлім (әлеуметтік құрылымдағы өзгерістер, қызметкерлердің біліктілігі мен білімін арттыру);

  • екінші бөлім (қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту мен денсаулығын сақтау);

  • үшінші бөлім (қызметкерлердің әл-ауқатын арттыру және мәдени, тұрғын үй тұрмыстық жағдайларын жақсарту);

  • төртінші бөлім қызметкерлерді тәрбиелеу, олардың еңбектегі және қоғамдық белсенділігін дамыту және басқалары.

Қызметшілерді басқарудың мазмұнды қағидалары төмендегідей:

  • әр қызметкердің өз жұмысына өз жауапкершілігін жүктеу;

  • әр қызметкер тікелей кімге бағынуы керек және кімнен нұсқау алуы керектігін жете білу;

Нарықтық қатынастарының қалыптасу кезінде мынадай әлеуметтік-психологиялық аспектілерінің маңызы өте зор:

  • жұмыстағы басты ынталандыру-ол қызмет жағдайынан тұрақтылығы;

  • жұмыстан әкімшіліктің бастауымен босату өте сирек кездесуі керек, себеп: ол көптеген ережелерге байланысты;

  • жұмыскерлерді өз кәсіпорының жақсы қасиеттерін ұстануға тәрбиелеу.

Әлеуметтік-психологиялық басқаруда қызметшілерді басқару тиімділігін арттыруда мына факторларды ескерген жөн.

  • жұмыс орнының жақсы ұйымдастырылуы;

  • өндірісті кендікті тиімді жоспарлау мен пайдалану;

  • жұмыскерлердің мамандықтығын жүйелі түрде арттыру;

  • жұмысбастылықты тұрақты етуді қамтамасыз ету;

  • әртүрлі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жөндеу және іске асыру.

Өзін - өзі тексереін сұрақтар:

  1. Ұйымдық экономикалық әдістің әсері.

  2. Әлеуметтік психологиялық басқарудың қызметкерлерге әсері қандай?

Қолданылатын әдебиеттер:

1.Чудновский А.Д., Жукова М.А. Менеджмент туризма.- М.:Финансы 2002.

2.Зорин И.В. Менеджмент персонала. ППланирование карьеры в туризме: учебник М: Риа,1998. М.

3.Ильина Е.Н. Туроперейтинг: организация деятельности. М., 2001.

4.Кабушкин Н.И. Основы менеджмента. – М., 2004.

5.Кабушкин Н.И. Менеджмент туризма. Минск, 1999.

6.Кабушкин Н.И. Менеджмент гостиниц и ресторанов. Минск, 2001
Тақырыбы:Басқару процесін ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қарастырлатын сұрақтар:

1.Ақпарат түсінігі

2.Ақпараттық жүйе

3.Коммуникация түрлері



3. Дәрістің мақсаты: Тақырыпты жан-жақты қарастырып , ақпарат беру.
Дәріс мазмұны:

  1. Ақпарат түсінігі, оның жіктелуі.

  2. Ақпараттық жүйелер, олардың негізгі элементтері, параметрлері.

  3. Коммуникация және оның түрлері.

  4. Коммуникациялық процесс және оның жетілдіру жолдары.

1. Ақпарат – ол белгілі бір құбылыс туралы мәлімет. Ол сақтау, беру объектісі болып табылады.

2. Ақпараттық жүйе – бұл басқаруды керек ақпаратпен қамту бойынша барлық кешенді операциялардың жүзеге асуын қамтамасыз ететін әдістер мен құралдар жиынтығы.


3. Коммуникация дегеніміз – қарым-қатынас, екі және оданда көп адамдардың өзара түсінуге негізделген байланысы, бір-бірімен ақпарат, мәлімет алмасуы.

4. Коммуникация процесі – бұл екі немесе оданда көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу және оның негізгі мақсаты алмасу заты болып есептелінетін мәліметтердің түсінікті болуын қамтамасыз ету.



жүктеу 2,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау