Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


-тарау. Ғимараттардың жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар



жүктеу 28,89 Kb.
бет3/5
Дата22.01.2022
өлшемі28,89 Kb.
#34868
1   2   3   4   5
№29 бұйрық Әкім. және тұрғын ғимараттар (2)

2-тарау. Ғимараттардың жер учаскесін таңдауға, жобалауға, реконструкциялауға және пайдалануға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


      3. Ғимараттардың жер учаскесін таңдау, жобалау, реконструкциялау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган бекіткен санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің талаптарына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-16) тармақшасына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегi уәкiлеттi орган бекітетін сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің (бұдан әрі - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтер) талаптарына сәйкес айқындалады.


      4. Ғимараттарды жобалау, реконструкциялау және пайдалану кезінде цокольдық және (немесе) жертөле (жерасты) қабаттарында тұрғын үй-жайларды орналастыруға жол берілмейді.


      5. Аумақты функционалдық аймақтау инсоляцияға қойылатын мынадай гигиеналық нормативтерді сақтаумен қамтамасыз етіледі:


      1) тұрғын ғимараттарды жобалау, жаңадан жобалау және селитебті аумақты қайта жоспарлау кезінде инсоляцияның 2,5 сағаттық ұзақтығы:


      бір, екі, үш бөлмелі пәтерлердің кем дегенде бір тұрғын бөлмесінде;



      төрт, бес, алты бөлмелі пәтерлердің кем дегенде екі тұрғын бөлмесінде;



      жатақханада тұрғын бөлмелердің кемінде 60%-да қамтамасыз етілуі тиіс;



      2) инсоляцияның 3 сағаттық ұзақтығы мектепке дейінгі ұйымдардың ойын және топтық бөлмелерінде, жалпы білім беретін, бастауыш мектептердің, мектеп-интернаттардың сыныптарында және мектеп-интернаттардың жатын үй-жайларында, тұрғын үйлердің балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарының ойын құрылғылары, мектепке дейінгі ұйымдардың топтық алаңдары, спорт аймағы, жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттардың демалыс аймақтары аумақтарында қамтамасыз етіледі;


      3) ғимараттар орналастыру және олардың бағдары үй-жайлар мен аумақтарда үздіксіз инсоляцияның мынадай ұзақтығын қамтамасыз етеді:


      орталық аймақ үшін (580 – 480 солтүстік ендік географиялық ендіктер ауқымында) 22 наурыздан бастап 22 қыркүйек аралығында күніне кемінде 2,5 сағат;



      солтүстік аймақ үшін (580 солтүстік ендіктен солтүстікке қарай) 22 сәуірден бастап 22 тамыз аралығында күніне кемінде 3 сағат;



      оңтүстік аймақ үшін (480 солтүстік ендіктен кем) 22 ақпаннан бастап 22 қыркүйек аралығында күніне кемінде 2 сағат;


      4) жылдың ыстық уақытында үй-жайларда инсоляцияның артық жылулық әсерін шектеу ғимараттың тиісті жоспарлануымен және бағдарымен; күннен қорғау құрылғыларын қолдана отырып аумақтарды абаттандырумен, қажет болған жағдайда ауа баптау және ішкі салқындату жүйелерімен қамтамасыз етіледі;


      5) аумақты инсоляцияның жылулық әсерінен шектеу арнайы көлеңкелеу құрылғысымен және оңтайлы көгалдандырумен ғимараттан көлеңкелену арқылы қамтамасыз етіледі.


      6. Тұрғын ғимараттарды жобалау және реконструкциялау кезінде бір адамға тұрғын алаңның өлшемі кемінде 15 шаршы метр (бұдан әрі – м2) есебімен айқындалады.


      7. Әкімшілік ғимараттарды жобалау және реконструкциялау кезінде үй-жайлардың алаңы бір қызметкерге 6 м2, кресло-арбаларды пайдаланып жұмыс істейтін мүгедектер үшін тиісінше 5,65 және 7,65 м2 есебімен қабылданады.


      8. Жұмыс орындарын ірі габаритті жабдықпен жарақтандыру және жұмыс үй-жайларында ұжымдық пайдаланылатын жабдықты (электрондық есептеуіш машиналар терминалдарын, микрофильмдер көру аппараттарын және басқасын) орналастыру кезінде үй-жайлардың алаңы жабдықты пайдалануға арналған техникалық құжаттарға сәйкес ұлғайтылады.


      9. Жатақханаларды жобалау және реконструкциялау кезінде тұрғын бөлмелердің алаңы бір адамға кемінде 6 м2 есебімен айқындалады.


      10. Жатақханалардың әр қабатында санитариялық торапталар, қол жуатын орындар, асүйлер көзделеді.


      Жатақханалардағы санитариялық-техникалық аспаптардың саны: 4-6 адамға 1 себезгі, 1 қолжуғыш және 1 унитаз есебімен көзделеді.



      Әкімшілік ғимараттарда және жатақханаларда санитариялық тораптарға қойылатын, оның ішінде халықтың қимыл-қозғалысы шектелген топтары үшін талаптар сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес көздеу керек.


      11. Әкімшілік ғимараттарда мен жатақханаларда демалуға және тамақ ішуге, жеке және арнайы киімді сақтауға арналған бөлмелер (орындар), себезгі, санитариялық тораптама бөлінеді.


      12. Ғимараттарда:


      1) санитариялық тораптарды тұрғын бөлмелер үстінде орналастыруға;


      2) қоқыс камераларын тұрғын үй-жайлар астында орналастыруға;


      3) қоқыс құбырларын тұрғын бөлмелерге жанастыруға;


      4) тұрғын үй-жайларды мақсатынан тыс пайдалануға жол берілмейді;


      5) осы Санитариялық қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көрсетілген есептеулерге сәйкес келмейтін үй-жайларды пайдалануға жол берілмейді.


      13. Ғимараттардың үй-жайларын әрлеу үшін олардың сапасын және қауіпсіздігін растайтын құжаттары бар құрылыс материалдарын пайдаланады.


      Ғимараттарға кіретін жердегі және баспалдақ алаңдарындағы еден тайғақ, сондай-ақ деңгейі әртүрлі болмауы тиіс.


      14. Ғимараттар объектілеріне қолжетімділік сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарын сақтау арқылы қамтамасыз етіледі.


      15. Лифт шахталарын сыртқы және ішкі қоршау конструкциялары дыбыстан оқшауланған жағдайда тұрғын емес бөлмелермен көршілес орналастыруға жол беріледі.


      16. Ғимараттарға кіретін жерде қоқысқа арналған урналар және аяқкиімді тазартуға арналған торлар орнатылады.


      17. Тұрғын ғимараттарында сауықтыру және ойын-сауық мақсатындағы ұйымдарды, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелерін, қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерін, мектепке дейінгі тәрбиелеу және білім беру ұйымдарын, басқарма, ақпарат және байланыс мекемелерін орналастыру кезінде:


      1) дербес кіруді орнату;


      2) көршілес және (немесе) жоғарыда жатқан тұрғын үй-жайларды дыбыстан оқшаулау бойынша іс-шараларды әзірлеу;


      3) тұрғын үй-жайлар үшін рұқсат етілетін көрсеткіштерден аспайтын, шу және діріл тудырмайтын инженерлік технологиялық және басқа да жабдықты қолдану көзделеді.


      18. Жобалау кезінде балаларға арналған ойын алаңдарын магистральды көшелерден, коммуналдық және өндірістік кәсіпорындардан, гараждардан алыс оңаша жер учаскелерінде орналастыру керек. Ойын алаңдарының аумақтары арқылы қалалық (селолық) мақсаттағы инженерлік коммуникациялар (сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау) өтпеуі тиіс.


      18-1. Инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), ұлттық компаниялардың, басқа кеңселердің қызметі осы Санитариялық қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес талаптарға сай әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып қамтамасыз етіледі.


      Ескерту. Қағида 18-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.07.2020 № ҚР ДСМ-78/2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.


3-тарау. Ғимараттардың сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету жүйелеріне, микроклиматына, физикалық факторларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар


      19. Ғимараттарда шаруашылық-ауыз су, ыстық сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету және ауа баптау жарамды күйінде көзделеді.


      20. Ғимараттар Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің белгіленген талаптарына сәйкес қауіпсіз және сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.


      21. Селолық елді мекендерде орталықтандырылған сумен жабдықтау болмаған жағдайда орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көзделеді.


      22. Орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесі болмаған жағдайда су жылытқыштар орнатылады. Ыстық және суық су тұратын жерлердегі, медициналық мақсаттағы үй-жайлардағы барлық ванналарға, себізгілерге, кір жуатын орындарға, қолжуғыштарға, сондай-ақ ас блогындағы технологиялық жабдықтарға жүргізіледі.


      Технологиялық және шаруашылық-тұрмыстық мақсаттар үшін сумен жылыту жүйесінен ыстық су пайдалануға жол берілмейді.


      23. Селолық елді мекендерде ғимараттарды кәрізделмеген және ішінара кәрізделген жерлерде орналастыру кезінде жергілікті су бұру құрылғысы көзделеді. Сарқынды суды қабылдау ғимараттар аумақтарындағы шаруашылық аймақта орналасқан, гидравликалық бекітпелері бар қақпақтармен (сифондармен) жарақталған ортақ немесе бөлек су өтпейтін жерасты сыйымдылықтарына (шұңқырларға, тұндырғыштарға) жүзеге асырылады, оларды тазарту уақтылы жүргізіледі.


      Сарқынды суларды ашық су айдындарына және іргелес аумаққа шығаруға, сондай-ақ сіңіретін құдықтар орнатуға жол берілмейді.


      24. Қойма және тұрмыстық үй-жайларда су бұру үшін кәріз тікқұбырларын сыланған қораптарда жүргізеді.


      25. Ғимараттар орталықтандырылған жылу жүйелерімен жабдықталады. Орталықтандырылған жылумен жабдықтау көзі болмаған жағдайда дербес қазандық немесе басқа да жылумен жабдықтау көздері көзделеді.


      26. Селолық елді мекендерде пешпен жылытуды орнатуға жол беріледі.


      27. Ғимараттарда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 169 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 мамырда № 11147 болып тіркелген) бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтердің талаптарына және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес табиғи және жасанды жарықтандыру көзделеді.


      28. Табиғи жарықтандырусыз санитариялық тораптар, себезгілер, қоймаларды, мәжіліс залдарын және басқа да адамдар қысқа уақытта болатын қосалқы үй-жайларды орналастыруға жол беріледі.


      29. Ғимараттар желдету және ауа баптау жүйелері көзделеді. Ғимараттар желдету және ауа баптау жүйелерін жобалау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.


      30. Ғимараттардың үй-жайларында микроклиматтың параметрлері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 169 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 мамырда № 11147 болып тіркелген) бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.


      31. Тұрғын ғимараттардың үй-жайларында ауаның есептік параметрлері және ауа алмасу жиілігі осы Санитариялық қағидаларға қосымшаға сәйкес көрсеткіштерді қамтамасыз етеді.


      32. Ғимараттардың үй-жайларында инфрадыбыстың және шудың рұқсат етілетін деңгейлері Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 169 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 мамырда № 11147 болып тіркелген) бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес келеді.


      33. Айнымалы тоқтың әуемен электр беру желісінен және басқа да объектілерден 50 герц өнеркәсіптік жиіліктегі электр өрісінің кернеуі жер бетінен 1,8 метр биіктікте метріне 1 киловаттан аспайды.


жүктеу 28,89 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау