4-тарау. Ғимараттардың аумағына, жөндеуге және күтіп-ұстауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар
34. Ғимараттарға іргелес аумақ абаттандырылады, кіретін жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдардың қатты жабындысы болады, таза ұсталады.
35. Қалдықтарды жинау, сақтау, тасымалдау Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес реттеледі.
36. Әкімшілік ғимараттар мен жатақханалардың үй-жайларын жөндеу қажеттілігіне қарай жүргізіледі.
37. Әкімшілік ғимараттар мен жатақханалардың барлық үй-жайлары жуу құралдарын қолдана отырып күнделікті ылғалды жиналады.
Жабдықтарды, мүкәммалды, әкімшілік ғимараттар мен жатақханалардың үй-жайларды жуу және дезинфекциялау үшін технологиялық нұсқаулыққа, дайындаушының қолдану жөніндегі нұсқаулығына сәйкес Қазақстан Республикасының және Кеден одағына мүше мемлекеттердің аумағында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдаланады.
38. Жылыту радиаторлары жинау үшін жеңіл қолжетімді болуы тиіс.
39. Үй-жайлар фрамугалар, желкөздер немесе басқа да құрылғылар арқылы желдетумен қамтамасыз етіледі.
40. Санитариялық тораптарды жинауға арналған жинау мүкәммалына (шелек, швабралар) сигналды таңбалау жазылады, жинау мүкәммалы (шелек, швабралар, шүберек) мақсаты бойынша пайдаланылады. Жинау мүкәммалын сақтау үшін үй-жайлар (орын) бөлінеді.
41. Жатақханаларда жұмсақ мүкәммал (матрастар, жастықтар, көрпелер) эпидемиялық көрсеткіштер бойынша Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес дезинфекцияланады.
42. Матрастар ластануына қарай жуылып тұратын ауысымды матрас қаптармен қамтамасыз етіледі. Төсек-орын тысын ауыстыру ластануына қарай, бірақ күнтізбелік 7 күннен сиретпей жүргізіледі. Жұмсақ мүкәммал дайындаушы көрсеткен пайдалану мерзіміне сәйкес ауыстырылады.
43. Төсек-орын жабдықтарының жиынтықтары (матрас қаптар, жастықтар, көрпелер), таза төсек-орын қойма үй-жайларында шкафтарда (стеллаждарда) сақталады.
44. Жатақханалардың асүйлерінде күнделікті және толуына қарай босатылып тұратын тамақ қалдықтарына арналған тығыз жабылатын сыйымдылықтар орнатылады.
45. Ғимараттардың жертөле үй-жайлары таза ұсталады, құрғақ және жарықтандырылған болуы тиіс.
Ғимараттардың жертөле үй-жайларында су ағу, авариялар және коммуникациялардың бітеліп қалуы уақтылы жойылады. Авария жойылғаннан кейін жертөле үй-жайларындағы кәріз желілерінде профилактикалық дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі.
46. Ғимараттардағы дезинфекциялық, дезинсекциялық және деразитарлық іс-шаралар Кодекстің 144-бабының 6-тармағына және 145-бабына сәйкес бекітілген санитариялық қағидалардың, гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
|
"Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға
|
|
қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар"
|
|
санитариялық қағидаларына
|
|
қосымша
|
Достарыңызбен бөлісу: |