303-бап. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия
көздерін пайдалануды қолдау саласындағы
заңнамасын бұзу
1. Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау
туралы заңнамалық актісінде белгіленген, жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын
энергия өндіруші
ұйымдар өндіретін электр, жылу энергиясын сатып алу міндетін орындамау
және (немесе) тиісінше орындамау –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі
жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін электр немесе жылу
желілеріне қосудың ең жақын нүктесін анықтаудың және оларды қосудың тәртібі мен
мерзімдерін бұзу түрінде жасалған Қазақстан Республикасының
жаңартылатын энергия
көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасын бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі
жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік шара
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
үш жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
304-бап. Жылу желілерін бүлдiру
Жылу желілерін (құбыржолдар мен олардың конструкцияларын, арналарды, жылу
камераларын, сорғы станцияларын) бүлдiру, егер бұл іс-әрекет адамдардың денсаулығына
және қоршаған ортаға зиян келтiрудiң
нақты қатерiне әкеп соқпаса, –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
305-бап. Электр және жылу желілері жолдарының, газбен
жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет
аймақтарында жұмыстар жүргiзу
Қарамағында электр немесе жылу желілері не газбен жабдықтау жүйелерінің
объектілері
бар ұйымдардың келiсiмiнсiз, электр және жылу желiлерi жолдарының, газбен
жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтарында құрылыс, монтаждау, жер қазу, тиеу -
түсiру жұмыстарын, ұңғымалар мен шурфтарды орнатуға байланысты iздеу жұмыстарын жүргiзу,
алаңдарды,
автомобиль көлiгi алаңшаларын, тұрақтарын жайластыру, базарларды орналастыру,
материалдарды жинап қою, қоршаулар мен дуалдар соғу, күйдiргiш коррозиялы заттар мен
жанар-жағармай материалдарын шығарып тастау және төгу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
306-бап. Газ пайдалану, газбен жабдықтау жүйелерінің
объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі
талаптарды бұзу
1. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында
белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін
және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу –
жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне отыз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Газ тұтыну жүйесіне тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді өз бетінше
қайта қосу -
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында
белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін
және
газ жабдығын қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану
қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз,
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
307-бап. Резервтiк отын шаруашылығының дайындығын
қамтамасыз етуге шаралар қолданбау
Өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылар үшiн көзделген
резервтiк отын шаруашылығының жұмысқа дайындығын қамтамасыз
етуге шаралар қолданбау
немесе өнеркәсіптік және (немесе) коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну
жүйелерінің белгіленген резервтік отын түрлерiмен жұмыс iстеуге дайын болмауы -
ескерту жасауға немесе жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
308-бап. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын
бүлдіру
1. Мұнай-газ құбырлары мен олардың жабдықтарын зақымдау немесе аспаптарды заңсыз
орнату, ауыстыру, желіге қосу, сондай-ақ оларды пайдалану қағидаларын аварияға себеп
болуы мүмкін өзге де
бұзушылықтар, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет
белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз бес, орта
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу бес айлық
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
309-бап. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде
аумақтарды бүлдiру
Тиiстi рұқсатсыз аулаларды, көшелер мен алаңдарды қазу, оларға құрылыс
материалдарын үйiп тастау, қазылған жерлердi, сондай-ақ құрылыс алаңдарын құрылыс пен
жөндеу аяқталғаннан кейiн ретке келтiруге шаралар қолданбау –