Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет53/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   192

      7. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықтар нәтижелерін өзінің интернет-
ресурсында орналастыру жөніндегі міндетін орындамауы, уақтылы орындамауы –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
 
      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      268-бапты 9 және 10-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 27.10.2015 
№ 364-V
 
Заңымен (01.01.2017 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      11. Тауар биржаларының сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті 
органға есептіліктің күнделікті нысандарын ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы, сол сияқты 
көрінеу жалған ұсынуы –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      12. Осы баптың он бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 
бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
 
      заңды тұлғаға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      13. Тауар биржасының биржалық сауда-саттықты жүргізу режимдерін орындамауы –
 
      заңды тұлғаға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      14. Осы баптың он үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 
бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
 
      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      268-бапты 15-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 27.10.2015 
№ 364-V
 Заңымен 
(01.01.2017 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      
Ескерту. 268-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.10.2015 
№ 364-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
   16-тарау. САЛЫҚ САЛУ САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      269-бап. Мемлекеттік кіріс органында тіркеу есебiне қою
 
                мерзiмiн бұзу
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.03.2016 
№ 479-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      1. Мемлекеттік кіріс органында тiркеу есебiне қою туралы, дара кәсіпкердің, жекеше 
нотариустың, жекеше сот орындаушысының, адвокаттың тіркелу есебі туралы, жекелеген 
қызмет түрлері бойынша тіркеу есебі туралы салықтық өтініш берудiң Қазақстан 
Республикасының заңнамалық
 
актiлерiнде белгiленген мерзiмдерiн бұзу –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
 
      жеке тұлғаларға – сегiз, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, 
адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он 
бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Салық төлеушiнiң мемлекеттік кіріс органына қосылған құн салығы бойынша тіркеу 
есебіне қою туралы салықтық өтінішті берудiң Қазақстан Республикасының заңнамалық 
актiлерiнде белгiленген мерзiмiн бұзуы –
 


      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – есепке қойылмаған кезеңдегі салық салынатын 
айналым сомасының он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне отыз пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      270-бап. Арнаулы салық режимiн қолдану кезінде қызметтi
 
                құқыққа сыйымсыз жүзеге асыру
 
      1. Арнаулы салық режимiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде осы 
режим үшiн көзделген шарттарды бұза отырып қолдану –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      3. Дара кәсiпкердiң патент құнының есеп-қисабын беру не салық есептілігін ұсынуды 
тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтінішті беру мерзiмiн бұзуы –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет –
 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      271-бап. Мемлекеттік кіріс органының салық есептілігін
 
                ұсынуды тоқтата тұру туралы шешімінің қолданылуы
 
                кезеңінде қызметті жүзеге асыру
 
      1. Мемлекеттік кіріс органының салық есептілігін ұсынуды тоқтата тұру туралы 
шешімінің қолданылуы кезеңінде тұлғалардың қызметті жүзеге асыруы –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне елу айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      272-баптың тақырыбы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 
№ 412-V
  Заңымен 
(01.01.2017 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      272-бап. Салық есептiлiгiн, сондай-ақ шартты банк
 
                салымымен байланысты құжаттарды ұсынбау
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 18.11.2015 
№ 412-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      1. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген 
мерзімде мемлекеттік кіріс органына салық есептілігін ұсынбауы –
 
      ескерту жасауға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген іс-әрекетті қоспағанда, осы баптың 
бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап 
жасалған іс-әрекет 

 
      жеке тұлғаларға – он бес, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, 
адвокаттарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 
отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау