Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет3/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192

      Жеке өмiр, жеке бас, отбасы құпиясы, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де 
құпия заңның қорғауында болады. Әркiмнiң жеке салымдары мен жинақ ақшасының, жазысқан 
хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және өзге 
хабарларының құпиясына құқығы бар. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс 
жүргiзу барысында осы құқықтарды шектеуге заңда тiкелей белгiленген жағдайларда және 
тәртiппен ғана жол берiледi.
 
      17-бап. Меншiкке қол сұғылмаушылық
 
      1. Меншiкке заңмен кепiлдiк берiледi. Сот шешiмiнсiз ешкiмдi өз мүлкiнен айыруға 
болмайды.
 
      2. Меншікке қол сұға отырып, мүлiк пен құжаттарды алып қою; көлiк құралын, шағын 
көлемді кеменi басқарудан шеттету; көлiк құралын, шағын көлемді кеменi ұстап алу; көлiк 
құралдарын, шағын көлемді кемелердi жете тексеру; аумақтарды, үй-жайларды, көлiк 
құралдарын, тауарларды, өзге де мүлiктi, сондай-ақ тиiстi құжаттарды қарап-тексеру, 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзуді қамтамасыз етудің өзге де 
шараларын қолдану осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртiппен ғана жүргiзiлуi 
мүмкiн.
 
      18-бап. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға
 
               уәкілеттік берілген соттың (судьяның) және
 
               органның (лауазымды адамның) тәуелсiздiгi
 
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген соттар 
(судьялар) және органдар (лауазымды адамдар) оларды өздерiне сырттан ықпал етуге 
болмайтын жағдайларда шешедi. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға 
уәкілеттік берілген соттың (судьяның) және органның (лауазымды адамның) қызметiне қандай 
да болсын араласуға жол берiлмейдi және ол заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
 
      19-бап. Куә айғақтарын беру мiндетiнен босату
 
      1. Ешкiм өзiне-өзi, жұбайына (зайыбына) және заңмен айқындалған шектегi өзінің 
жақын туыстарына қарсы айғақ беруге мiндеттi емес.
 
      2. Дiни қызметшiлер өздерiне сенiп сырын ашқандарға қарсы куә болуға мiндеттi 
емес.
 
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген жағдайларда аталған 
адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы және бұл үшiн қандай да болсын жауаптылыққа 
тартыла алмайды.
 
      20-бап. Бiлiктi заң көмегiне құқықтарды қамтамасыз ету
 
      1. Әркiмнiң әкiмшiлiк iс жүргiзу барысында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес 
бiлiктi заң көмегiн алуға құқығы бар.
 
      2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегi тегiн көрсетiледi.
 
      21-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс
 
               жүргiзудiң жариялылығы
 
      1. Сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген 
органдар (лауазымды адамдар) осы iстер бойынша іс жүргiзудi ашық жүзеге асырады.
 
      2. Заңға сәйкес жабық іс жүргізу мемлекеттiк құпиялар болып табылатын мәлiметтерi 
бар iстерге қатысты, сондай-ақ сот, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға 
уәкiлеттiк берілген орган (лауазымды адам) iске қатысатын тұлғаның бала асырап алудың 
құпиясын қамтамасыз ету, жеке басы, отбасы құпиясын, коммерциялық немесе заңмен 
қорғалатын өзге де құпияны, жеке тұлғалар өмiрiнiң ішкі сырлары туралы мәлiметтердi 
сақтау қажет екендігiне не ашық талқылауға кедергi келтiретiн өзге де мән-жайларға 
сiлтеме жасаған өтiнiшхатын қанағаттандырған кезде жүзеге асырылады.
 
      3. Жеке тұлғалардың жеке жазысқан хаттары мен жеке телеграф хабарлары өзара хат 
жазысқан және телеграф хабарларын алмасқан адамдардың келiсімiмен ғана ашық iс жүргiзу 
кезінде жария етiлуi мүмкiн. Бұлай болмаған жағдайда осы адамдардың жеке жазысқан 
хаттары мен жеке телеграф хабарлары жабық iс жүргiзу кезінде жария етiледi және 


зерттеледi. Көрсетілген қағидалар жеке сипаттағы мәлiметтерді қамтитын фото- және 
киноқұжаттарды, дыбыс және бейне жазбаларды, электрондық жеткізгіштердегі ақпаратты 
зерттеген кезде де қолданылады.
 
      4. Iске қатысатын тұлғалардың және ашық iс жүргiзу кезінде қатысып отыратын жеке 
тұлғалардың iс жүргiзу жүзеге асырылып жатқан үй-жайда өздері отырған орындардан iстің 
жүргiзілу барысын жазбаша түрде немесе аудиожазбаны пайдалана отырып жазып алуға құқығы 
бар. Iс жүргiзу барысында кино- және фототүсірілімге, бейнежазбаға, радио, теледидар 
және интернет-ресурстар бойынша трансляциялауға соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) рұқсаты бойынша, iске 
қатысатын тұлғалардың пiкiрi ескеріле отырып, жол берiледi. Бұл әрекеттер iстiң қалыпты 
жүргізілу барысына кедергі келтірмеуге тиiс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы 
мүмкiн.
 
      22-бап. Iс жүргiзу барысында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы істерді қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) 
қалыпты жұмысын және iс жүргiзуге қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн 
жағдайларда өтедi. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында судья, лауазымды адам іс 
бойынша iс жүргiзу кезiнде қатысып отырғысы келетін адамдарға тексеру жүргізу, онымен 
қоса олардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, жеке басын жете тексеру және 
олар әкелген заттарды жете тексеру туралы өкiм бере алады.
 
      23-бап. Процестік шешiмдерге дау айту және процестік
 
               әрекеттерге шағым жасау еркіндігі
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер жөніндегі хаттамаларды жасауға 
уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) әрекеттерiне шағым жасалуы мүмкін, ал 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстерді қарауға уәкілеттік берілген соттың, органның 
(лауазымды адамның) шешімдеріне осы Кодексте белгiленген тәртiппен дау айтылуы мүмкін.
 
      2. Iске қатысатын тұлғаның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша 
қаулыларды осы Кодексте белгiленген тәртiппен қайта қаратуға құқығы бар.
 
      3. Шағым берген тұлғаға зиян келетiндей етiп немесе соның мүддесінде шағым 
берiлген тұлғаға зиян келетiндей етiп шағымды қарауға жол берiлмейдi.
 
      24-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды
 
               мүдделерiн сот арқылы қорғау
 
      1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғауға құқығы бар. 
Мүдделi тұлға бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңмен қорғалатын 
мүдделерiн қорғау үшiн заңда белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
 
      2. Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында және жеке 
тұлғалардың, ұйымдардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн 
талап қоюмен (арызбен) сотқа жүгiнуге құқылы.
 
      3. Ешкiмге өзінің келiсiмiнсiз ол үшiн заңда көзделген соттылығын өзгертуге 
болмайды.
 
      4. Кәмелетке толмағандар немесе өзінің физикалық немесе психикалық жағдайына 
байланысты өз құқықтарын өз бетінше жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылғандар болып 
табылатын, өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу 
жүргізіліп жатқан тұлғаның немесе жәбірленушінің заңды өкіліне сот осы Кодекстің 683-
бабының бесінші бөлігінде көзделген құқықты түсіндіруге міндетті.
 
   2-БӨЛIМ. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ӘКІМШІЛІК ЖАУАПТЫЛЫҚ 
   ЖАЛПЫ БӨЛІК 
   3-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ 
      25-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау