Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет5/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192

      1. Жекеше нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар, дара кәсіпкерлер және 
заңды тұлғалар осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгінде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады.
 
      2. Егер осы бөлімнің Ерекше бөлігінде көзделген іс-әрекетті (әрекетті не 
әрекетсіздікті) заңды тұлғаны басқару функцияларын жүзеге асыратын орган, тұлға немесе 
дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-
шаруашылық функцияларын орындайтын қызметкері жасаса, рұқсат берсе, мақұлдаса, дара 
кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа 
жатады.
 
      3. Заңды тұлғаның дербес салық төлеушiлер болып табылатын және салық салу мен 
кеден ісі саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаған құрылымдық бөлiмшелерi заңды 
тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
 
      4. Дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту дара 
кәсіпкердің және заңды тұлғаның қызметкерін осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік 
жауаптылықтан босатады.
 
      34-бап. Шетелдiктердiң, шетелдiк заңды тұлғалардың және
 
               азаматтығы жоқ адамдардың әкiмшiлiк жауаптылығы
 
      1. Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 
континенттік қайраңында әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасаған шетелдiктер, шетелдiк заңды 
тұлғалар, олардың филиалдары мен өкілдіктері және азаматтығы жоқ адамдар жалпы 
негiздерде әкiмшiлiк жауаптылыққа жатады.
 
      2. Шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң 
құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары мен өкiлдiктерi) Қазақстан Республикасының қоғамдық 
бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзғаны үшiн заңды тұлғалар ретiнде әкiмшiлiк 
жауаптылықта болады.
 
      3. Шет мемлекеттердiң дипломатиялық өкiлдерi және иммунитетті пайдаланатын өзге де 
шетелдiктер Қазақстан Республикасының аумағында жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар 
үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешiледi.
 
   5-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ БОЛҒЫЗБАЙТЫН МӘН-ЖАЙЛАР 
      35-бап. Қажеттi қорғану
 
      1. Қажеттi қорғану жағдайында, яғни жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер 
учаскесiн және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның 
немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне қол сұғушыға зиян келтiру арқылы 
құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғау кезiнде, егер бұл ретте қажеттi қорғанудың шегiнен 
шығып кетуге жол берiлмеген болса, осы Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасау әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық болып табылмайды.
 
      2. Кәсiби немесе өзге де арнайы дайындығына және қызмет жағдайына қарамастан, 
барлық адамдардың бiрдей дәрежеде қажеттi қорғаныс құқығы бар. Құқыққа қарсы 
қолсұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттiк органдарға көмек сұрап 
жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан, адамға бұл құқық тиесiлi болады.
 
      3. Қолсұғушылықтың сипатына және қауіптілік дәрежесiне қорғанудың айқын сәйкес 
келмеуi, соның салдарынан қол сұғушыға жағдайдан туындамаған анық шектен тыс зиян 
келтiру қажеттi қорғанудың шегiнен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығып кету тек 
қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
 
      4. Құқыққа қарсы қолсұғушылықтан туындаған үрейдiң, қорқудың немесе сасқалақтап 
қалудың салдарынан қажеттi қорғану шегiнен шығып кеткен адам әкiмшiлiк жауаптылыққа 
жатпайды.
 
      36-бап. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу
 
      1. Құқыққа қарсы қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу кезiнде, осы адамды 
мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қолсұғушылықтар жасау мүмкіндігінің жолын 
кесу үшiн, егер мұндай адамды өзге құралдармен ұстап алу мүмкiн болмаса және бұл ретте 


осы үшiн қажеттi шараларды асыра қолдануға жол берiлмесе, осы Кодексте көзделген іс-
әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
 
      2. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу үшiн қажеттi шараларды асыра қолдану деп 
адамға қажеттiлiктен асып, жағдайдан туындамаған, анық шектен тыс зиян келтiрген кезде, 
олардың ұстап алынған адам жасаған қолсұғушылықтың сипаты мен қауiп дәрежесiне және 
ұстап алудың мән-жайларына анық сәйкес келмеуi танылады. Мұндай асыра қолдану тек 
қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана әкiмшiлiк жауаптылыққа әкеп соғады.
 
      3. Қолсұғушылық жасаған адамды ұстап алу құқығына оған арнаулы уәкiлеттiк берілген 
тұлғалармен қатар жәбiрленушiлер мен басқа жеке тұлғалар да ие болады.
 
      37-бап. Аса қажеттiлiк
 
      1. Аса қажеттiлiк жағдайында, яғни аталған адамның немесе өзге де адамдардың 
өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң 
мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн осы Кодекспен қорғалатын 
мүдделерге зиян келтiру, егер бұл қауiптi өзге құралдармен жою мүмкiн болмаса және бұл 
ретте аса қажеттiлiктің шегiнен шығып кетуге жол берiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық 
болып табылмайды.
 
      2. Аса қажеттiлiктің шегiнен шығып кету деп қатер төндiрген қауiптiң сипаты мен 
дәрежесiне және қауiп жойылған, құқық қорғау мүдделерiне тең немесе зиянды болғызбаудан 
айтарлықтай көбiрек зиян келтiрген жағдайға анық сәйкес келмейтiн зиян келтiру танылады. 
Мұндай шектен шығып кету тек қасақана зиян келтiру жағдайларында ғана жауаптылыққа әкеп 
соғады.
 
      38-бап. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
 
      1. Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде, егер мұндай мәжбүрлеу 
салдарынан адам өз әрекеттерiн (әрекетсiздiгiн) басқара алмаса, осы Кодексте көзделген 
іс-әрекеттi жасау әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды.
 
      2. Психикалық мәжбүрлеу нәтижесiнде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеу нәтижесiнде, адам 
соның салдарынан өз әрекеттерiн басқару мүмкiндiгiн сақтаса, осы Кодекспен қорғалатын 
мүдделерге зиян келтiрiлгендiгi үшiн әкiмшiлiк жауаптылық туралы мәселе осы 
Кодекстiң 37-бабының ережелерi ескерiле отырып шешiледi.
 
      39-бап. Бұйрықты немесе өкiмдi орындау
 
      1. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау үшiн әрекет еткен адамның осы 
Кодексте көзделген іс-әрекеттi жасауы әкiмшiлiк құқық бұзушылық болып табылмайды. Мұндай 
іс-әрекеттiң жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам әкiмшiлiк жауаптылықта 
болады.
 
      2. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындауы үшін қасақана әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық жасаған тұлға жалпы негiздерде әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Көрiнеу заңсыз 
бұйрықты немесе өкiмдi орындамау әкiмшiлiк жауаптылықты болғызбайды.
 
   6-тарау. ӘКIМШIЛIК ЖАЗА ЖӘНЕ ӘКIМШIЛIК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ 
ШАРАЛАРЫ 
      40-бап. Әкiмшiлiк жаза ұғымы және мақсаттары
 
      1. Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды 
адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы 
болып табылады және мұндай құқық бұзушылық жасаған тұлғаны құқықтары мен 
бостандықтарынан осы Кодексте көзделгендей айыруды немесе олардың шектелуін қамтиды.
 
      2. Әкiмшiлiк жаза құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны заңнама талаптарын сақтау және 
құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, басқа 
тұлғалардың да жаңа құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу мақсатында қолданылады.
 
      3. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған тұлғаға дене азабын келтіруді 
немесе адами қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян 
келтіруді мақсат тұтпайды.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау