Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет6/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192

      4. Әкiмшiлiк жаза мүлiктiк залалдың орнын толтыру құралы болып табылмайды. 
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтан келтiрiлген зиянның орны осы Кодекстiң 59-бабында көзделген 
тәртiппен толтырылады.
 
      41-бап. Әкiмшiлiк жаза түрлерi
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы 
мүмкін:
 
      1) ескерту жасау;
 
      2) әкiмшiлiк айыппұл;
 
      3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не нысанасы болған затты, сол сияқты 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу;
 
      4) арнайы құқықтан айыру;
 
      5) рұқсаттан айыру немесе оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тiзiлiмнен алып 
тастау;
 
      6) қызметті тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
 
      7) заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу;
 
      8) әкімшілік қамаққа алу;
 
      9) шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен 
әкімшілік жолмен шығарып жіберу.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн заңды тұлғаларға осы баптың бiрiншi 
бөлiгiнiң 1) – 5) және 7) тармақшаларында санамаланған әкiмшiлiк жазалар, сондай-ақ 
заңды тұлғаның қызметiн немесе қызметiнiң жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған 
тыйым салу қолданылуы мүмкiн.
 
      42-бап. Әкiмшiлiк жазалардың негiзгi және қосымша шаралары
 
      1. Ескерту жасау, әкiмшiлiк айыппұл, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк 
жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн.
 
      2. Арнайы құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, 
сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру 
немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды 
Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол сияқты 
қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн.
 
      3. Тәркілеу, заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу 
қосымша әкімшілік жаза ретінде ғана қолданылуы мүмкін.
 
      43-бап. Ескерту жасау
 
      Ескерту жасау әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды 
адамның) жасалған құқық бұзушылыққа ресми түрде терiс баға беруiнен және жеке немесе 
заңды тұлғаны құқыққа қарсы мiнез-құлыққа жол беруге болмайтындығы туралы сақтандырудан 
тұрады. Ескерту жазбаша нысанда шығарылады.
 
      44-бап. Әкiмшiлiк айыппұл
 
      1. Әкiмшiлiк айыппұл (бұдан әрi – айыппұл) – осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгінiң 
баптарында көзделген жағдайларда және шекте әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн салынатын, 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған кезде қолданыста болған заңға сәйкес 
белгiленетiн айлық есептiк көрсеткiштiң белгiлi бiр мөлшерiне сәйкес келетiн мөлшерде 
ақша өндiрiп алу.
 
      Осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген жағдайларда айыппұл мөлшерi:
 
      1) қоршаған ортаға келтiрiлген зиян сомасының;
 
      2) орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының;
 
      3) төленбеген (аударылмаған), уақтылы және (немесе) толық төленбеген 
(аударылмаған) әлеуметтiк аударымдар сомасының;
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 
№ 342-V
 Заңымен (01.01.2018 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 


      4) аударылмаған, уақтылы және (немесе) толық есептелмеген, ұсталмаған (есепке 
жазылмаған) және (немесе) төленбеген (аударылмаған) мiндеттi зейнетақы жарналары мен 
міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары сомасының;
 
      5) заңсыз кәсiпкерлiк нәтижесiнде алынған акцизделетiн тауарлар құны сомасының;
 
      6) Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк 
туралы заңнамасының талаптарына сәйкес есепке алынбаған не тиiсінше есепке алынбаған 
соманың;
 
      7) Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасын бұза отырып жасалған (жүргiзiлген) 
мәмiле (операция) сомасының;
 
      8) монополистiк қызметтi жүзеге асыру немесе Қазақстан Республикасының электр 
энергетикасы туралы, табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы 
заңнамасын, қаржы нарығының және қаржы ұйымдарының қызметiн реттейтiн Қазақстан 
Республикасының заңнамасын бұзу нәтижесiнде алынған кіріс (түсiм) сомасының;
 
      9) құқық бұзушылық жасалған, бiрақ бiр жылдан аспайтын кезеңде бекiтiлген 
нормативтерден тыс пайдаланылған энергетикалық ресурстар құнының;
 
      10) есепке жатқызылмаған ұлттық және шетел валютасы сомасының пайызымен 
көрсетiледi.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1-тармақтың екінші бөлігін 11) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР 16.11.2015 
№ 
406-V
 Заңымен (01.01.2017 бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      Егер осы бөлiмнiң Ерекше бөлiгiнiң баптарында көзделген айыппұл мөлшерi Қазақстан 
Республикасының қаржы заңнамасының нормаларын бұза отырып жүргiзiлген операция сомасының 
пайызымен көрсетiлсе және мұндай операция шетел валютасымен жүргiзiлсе, айыппұл сомасын 
теңгемен қайта есептеу әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде Қазақстан 
Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми бағам бойынша жүзеге асырылады.
 
      2. Жеке тұлғаға салынатын айыппұлдың мөлшерін бес жүз айлық есептiк көрсеткiштен 
асыруға болмайды.
 
      Лауазымды адамға, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына, адвокатқа, шағын 
кәсіпкерлік субъектілеріне, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдарға салынатын айыппұлдың 
мөлшерiн жеті жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.
 
      Орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн бір мың айлық 
есептiк көрсеткiштен асыруға болмайды.
 
      Iрi кәсiпкерлiк субъектiлеріне салынатын айыппұлдың мөлшерiн екi мың айлық есептiк 
көрсеткiштен асыруға болмайды.
 
      3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң екiншi абзацына сәйкес есептелген айыппұл осы 
бапта көрсетiлген айыппұлдардың белгiленген мөлшерлерiнен асатын немесе одан кем 
мөлшерде белгiленуi мүмкiн.
 
      4. Осы Кодекстiң 729-бабына сәйкес аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, 
кенттердiң, ауылдық округтердiң әкiмдерi салатын айыппұлдарды қоспағанда, айыппұл 
заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк бюджет кiрiсiне өндiрiп алынады.
 
      
Ескерту. 44-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 271-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      45-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы
 
               болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылық
 
               жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған мүлiктi тәркiлеу оларды заңнамада 
белгiленген тәртiппен мемлекет меншiгiне мәжбүрлеп өтеусiз айналдырудан тұрады.
 
      Меншiк иесiне қайтарып беруге жататын не айналымнан алынған затты әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық жасаған тұлғаның заңсыз иелiгiнен алып қою тәркiлеу болып табылмайды. 
Айналымнан алынған зат мемлекет меншiгiне айналдыруға немесе жойылуға жатады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау