1. Жалпы ережелер Еңбек қатынастары және еңбекпен қамту



жүктеу 0,67 Mb.
Дата25.12.2019
өлшемі0,67 Mb.
#24942



Мазмұны:
1. Жалпы ережелер

2. Еңбек қатынастары және еңбекпен қамту

3. Жұмыс уақыты және тынығу уақыты

4. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау

5. Еңбекке ақы төлеу және еңбекті нормалау

6. Әлеуметтік кепілдіктер, жәрдемақылар және өтемақылық төлемдер

7. Тараптардың ұжымдық шартты бұзғаны немесе орындағаны үшін жауапкершілігі

8. Студенттер

9. Тараптардың өндірістік және оқу үдерісін қамтамасыз ету жөніндегі өзара міндеттемелері

10. Қорытынды ережелер



1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР


    1. Осы Ұжымдық шарт «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» ШЖҚ РМК-ғы әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады.

1.2. Ұжымдық шарт жұмыс беруші мен жұмыскерлердің арасында, жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау, сондай-ақ жұмыскерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және кәсіби кепілдіктер, жеңілдіктер мен басымдылықтарды анықтау, оларға еңбектің анағұрлым қолайлы жағдайларын жасау бойынша жұмыскерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттемелерін айқындау мақсатында ҚР Еңбек кодексіне (бұдан әрі – ҚР ЕК), «Білім туралы», «Кәсіподақтар туралы» ҚР заңдарына, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жасалды.

1.3. Ұжымдық шарттың тараптары: Жұмыс беруші – «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Жұмыс беруші), өкілі - ректоры Дощанова Алма Іргебайқызы тұлғасында; Жұмыскерлер – бұдан әрі «Кәсіподақ ұйымы» деп аталатын «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің жұмыскерлері мен студенттерінің кәсіподақ ұйымы» филиалының мүшелері болып табылатын, еңбек шарты негізінде жұмыс істейтін жеке тұлғалар және студенттер, магистранттар, докторанттар, кәсіподақ ұйымының өкілі - төрағасы Мамиев Нұрлан Бекентайұлы тұлғасында.

1.4. Ұжымдық шарттың тараптары өзара қарым-қатынастарын әлеуметтік серіктестік қағидаттарының негізінде құрады:


  • тараптар өкілдерінің өкілеттігі;

  • тараптардың тең құқықтығы;

  • талқыланатын мәселелерді таңдау еркіндігі;

  • міндеттемелерді қабылдау еріктілігі;

  • тараптардың мүдделерін құрметтеу;

  • ұжымдық шарттарды, келісімдерді орындау міндеттілігі;

  • тараптардың мен олардың өкілдерін өздеріне қабылдаған міндеттемелерді өз кінәсі салдарынан орындамағаны үшін жауапкершілікке тарту;

  • қабылданатын шешімдердің жариялылығы.

1.5. Осы шарттың тараптары арасындағы әлеуметтік серіктестік:

  • ұжымдық шарттардың, келісімдердің жобаларын әзірлеу және оларды жасасу жөніндегі ұжымдық келіссөздер;

  • еңбек қатынастарын және солармен тікелей байланысты қатынастарды реттеу, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара кеңестер (келіссөздер);

  • оқу орнын басқаруға жұмыскерлердің, олардың өкілдерінің қатысуы;

  • жұмыскерлер мен жұмыс беруші өкілдерінің еңбек дауларын сотқа дейін шешуге қатысуы;

  • тепе-теңдік негізінде тұрақты қызмет атқаратын кеңесші және үйлестіру органдарын құру;

  • тараптардың әлеуметтік-еңбек қатынастарының мәселелері бойынша бірлескен шешімдер қабылдауы;

  • Жұмыс берушінің кәсіподақ ұйымының ұсыныстарын қарастыруы;

  • қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де нысандарда жүзеге асырылады.

1.6. Оқу орнының атауы өзгергенде, ректормен арадағы еңбек шарты бұзылған жағдайда немесе осы Ұжымдық шартқа қол қойған кәсіподақ ұйымының төрағасы қайта сайланған кезде Ұжымдық шарт әрекет ете береді.

1.7. Жұмыс берушінің қайта құрылуы (қосылу, бірігу, бөліну, қайта құру) кезінде осы ұжымдық шарт қайта құрылудың толық мерзімінде әрекетін сақтайды.

1.8. Жұмыс берушінің меншік иесі ауысқан кезде Ұжымдық шарт меншік құқығы ауысқан күннен бастап алты ай ішінде әрекет етеді.

1.9. Жұмыс беруші таратылған кезде Ұжымдық шарт тарату рәсімі жүргізілген мерзім ішінде әрекет етеді.

1.10. Осы Ұжымдық шарт үш жыл мерзіміне жасалды және оған тараптар қол қойған сәттен бастап күшіне енеді. Тараптардың келісімі бойынша осы Ұжымдық шарттың әрекет ету мерзімі белгілі мерзімге ұзартылуы мүмкін.

1.11.Ұжымдық шарт әрекет ететін мерзім ішінде тараптар оған ұжымдық шартты жасасуға арналған заңнамада белгіленген тәртіпте, сондай-ақ осы Ұжымдық шарттың 10.2 т. сәйкес өзара уағдаластық негізінде өзгертулер мен толықтырулар енгізуге құқылы.

1.12. Ұжымдық шарт әрекет ететін мерзім ішінде тараптардың ешқайсысының өздеріне қабылданған міндеттемелерді бір жақты тәртіпте тоқтатуға құқығы жоқ.

1.13. Тараптар жыл сайын нақты мерзімдер мен жауапты тұлғалар көрсетілген Ұжымдық шарттың орындалуы жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді.

1.14. Жұмыс беруші кәсіподақ ұйымының дәлелді пікірін ескере отырып, қабылдайтын еңбек құқықтарының нормаларынан тұратын жұмыс беруші актілерінің, нормативтік құжаттардың тізілімі:

- ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері;

- оқу сабақтарының кестесі;

- жұмыс кестелері;

- еңбек демалысының кестелері;

- ПОҚ оқу жүктемесі;

- еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық;

- еңбек жағдайының өзгеруі туралы бұйрықтар;

- жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;

- мереке және демалыс күндерін жұмыс күні ретінде жариялау туралы бұйрықтар;

- ынталандыру мен жазалау туралы бұйрықтар;

- сыйлықақы беру, қосымша ақылар белгілеу және материалдық көмек туралы бұйрықтар;

- толық емес жұмыс уақыты тәртібін енгізу туралы бұйрықтар;

- жұмыс уақытының жинақталған есебін қолдану туралы бұйрықтар;

- мүлікті қорғауды және жұмыскерлерге тапсырылған басқа да құндылықтарды қамтамасыз ете алмағаны үшін толық жеке немесе ұжымдық (ортақ) материалдық жауапкершілік туралы шарт жасалынатын жұмыскерлердің атқаратын немесе орындайтын лауазымдары мен жұмыстарының тізімін бекіту туралы жұмыс берушінің акті, сондай-ақ толық материалдық жауапкершілік туралы типтік шарт;

- «Қызметкерлерге еңбек ақы төлеу жүйесін ұйымдастыру» ережесі;



- арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен және басқа жеке қорғану құралдарымен, сондай-ақ жұмыс берушінің қаражаты есебінен жуу және зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз етілуге құқылы кәсіптер мен лауазымдар тізілімі;

- зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын берілетін кәсіптер мен мамандықтар тізілімі;

- жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскерлер алдын-ала және мерзімдік медициналық тексерулерден міндетті түрде өтуі тиіс кәсіптер тізілімі;

- жұмыскерлеріне ай сайын жуу және тазарту құралдары берілетін кәсіптер тізілімі.



1.15. Кәсіподақ ұйымының сауалы бойынша жұмыскерлердің жалақысынан ұсталған және мүшелік кәсіподақ жарналары ретінде Кәсіподақ ұйымының есеп шотына аударылған аударымдар мөлшері туралы ақпарат беріледі.

  1. Кәсіподақ ұйымының сауалы бойынша жұмыскерлердің жалпы саны және бөлімшелердің саны мен құрамы, еңбек ақы төлеу жүйесі, еңбек жағдайы мен өрт қауіпсіздігі, өндірістік жарақаттану көрсеткіштері, бос жұмыс орындарының болуы, еңбек ақы, шәкіртақы төлеу және өзге де әлеуметтік төлемдер бойынша қарызы туралы мәліметтер ұсынылады. Жұмыс беруші Кәсіподақ ұйымына кәсіпорынның немесе оның бөлімшелерінің алдағы уақытта болатын қайта құрылатындығы туралы, мүлікті жекешелендіруге әзірлеу туралы ақпаратты алдын-ала (кемінде 2 ай бұрын) жібереді.

  2. Тараптар тепе-теңдік негізде жылына бір рет (желтоқсан айында) Ұжымдық шарттың орындалу барысын талдайтын және қызметкерлер ұжымы мен білім алушыларға бұл туралы ақпаратты хабарлайтын комиссия құрады. Жұмыс берушінің өкілдері ректордың бұйрығымен тағайындалады, жұмыскерлердің өкілдері Кәсіподақ ұйымының мәжілісінде сайланады.


2. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ЕҢБЕКПЕН ҚАМТУ


    1. Тараптар жұмыскерлер мен Жұмыс берушінің еңбек қатынастары ҚР ЕК, «Білім туралы» ҚР Заңына, «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жарғысына сәйкес айқындалатынына негізделеді.

    2. Еңбек шартының жағдайлары қолданыстағы заңнамамен, салалық келісіммен және осы Ұжымдық шартпен салыстырғанда жұмыскердің жағдайын нашарлата алмайды.

    3. Жұмыс беруші жұмыскермен еңбек шартын жасасқан кезде оны кәсіпорынның Жарғысымен, осы Ұжымдық шартпен, Ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, кәсіпорынның қолданысындағы және жұмыскердің еңбек атқарымына қатысты лауазымдық нұсқаулықтармен және өзге де жергілікті құқықтық актілермен қолын қойғызып таныстыруға міндеттеледі.

    4. Тараптар жұмыскерлер санын немесе штатты қысқарту жөніндегі іс-шаралар жүргізілген кезде Жұмыс беруші жұмыскерге оның біліктілігіне сәйкес келетін кәсіпорында бар жұмысты (бос жұмыс орнын) ұсынуға міндетті, ал мұндай жұмыс болмаған жағдайда жұмыскер өзінің біліктілігі мен денсаулығының күйін ескере отырып, орындай алатын төмен дәрежелі бос жұмыс орнын немесе ақысы төмен жұмысты ұсынуға міндетті екеніне негізделеді.

2.5. Тараптар Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскерлерді жұмыстан босатуға тек кәсіподақ ұйымының дәлелді пікірін ескеріп жол беріледі деп келісті.

Егер еңбек қатынастары алдағы болатын жұмыстың сипатын немесе оны орындау жағдайын ескеріп белгісіз мерзімге белгіленбесе, ҚР ЕК көзделген жағдайларда шұғыл еңбек шарты жасалады, сондай-ақ еңбек шарты тараптарының келісімі бойынша жасалуы мүмкін.

2.6. Оқу үдерісінің үздіксіздігін сақтау мақсатында лауазымды қоса атқару бойынша жұмысқа қабылдау кезінде тиісті лауазымның орнын алмастыруға конкурс бойынша сайламай, ғылыми-педагогикалық жұмыскер лауазымының орнын алмастыруға 1 жылдан аспайтын мерзімге, ал заңға сәйкес жұмыс орны сақталатын уақытша болмаған жұмыскердің орнын алмастыру үшін осы жұмыскер жұмысқа шыққанға дейін еңбек шартын жасауға жол беріледі.

2.7. ҚР ЕК-де көзделген жағдайлардан басқа жағдайларда жұмыскерлерді олардың лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты емес жұмыстарға тартуға жол берілмейді.



2.8. Жұмыс беруші жұмыс орындарын, жұмыскерлерді экономикалық тұрғыдан және әлеуметтік негізсіз қысқартуға, жұмыскерлердің құқықтық кепілдіктерін бұзуға жол бермеуге міндеттеледі.

2.9 Тиімді жұмыс мақсатында Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен біліктілікті артырудың бекітілген жоспарына сәйкес 5 жылда бір рет жұмыскерлерді біліктіліктерін арттыру құқығымен қамтамасыз етеді.

2.10 Жұмыскердің міндеттері Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, лауазымдық нұсқаулықтармен және Жұмыс берушінің өзге актілерімен регламенттеледі.

Жұмыскердің біліктілігі оған тапсырылған жұмысты орындау үшін жеткілікті екенін тексеру мақсатында еңбек шартында сынақ мерзімі туралы шарт белгіленуі мүмкін. Еңбек шартында осындай шарт болмаған жағдайда Жұмыскер жұмысқа сынақ мерзімінсіз қабылданды деп есептеледі. Сынақ мерзімі еңбек шарты әрекет ете бастаған кезден басталады. Сынақ мерзімі Жұмыскердің еңбек өтіліне енеді және үш айдан аспауы тиіс. Ұйымның жетекшілері мен олардың орынбасарлары, бас есепшілер мен олардың орынбасарлары, ұйымның филиалдары мен өкілдіктерінің жетекшілері үшін сынақ мерзімі 6 (алты) айға дейін ұзартылуы мүмкін.

2.11 ПОҚ-ң оқу жүктемесінің көлемі оқу жоспары бойынша сағат санына, оқу бағдарламаларына, кадрлармен қамтылуына, осы ұйымдағы өзге нақты шарттарға негізделе отырып және кәсіподақ ұйымының пікірін ескере отырып тағайындалады.

Педагогикалық жұмыскердің оқу жүктемесінің көлемі еңбек шартында келісіледі және тараптар оны жұмыскердің келісімімен жазбаша түрде ғана өзгерте алады.

Оқу жоспарында қарастырылған сағат санына байланысты педагогикалық жұмыскерлердің оқу жүктемесі бірінші және екінші оқу жарты жылдығында әртүрлі болуы мүмкін.

2.12 Оқу жылы ішінде ПОҚ оқу жүктемесінің еңбек шартында немесе ұйым басшысының бұйрығында келтірілген оқу жүктемесімен салыстырғанда төмендеуі немесе ұлғаюы келесі жағдайларда мүмкін болады:

а) тараптардың өзара келісім бойынша;

б) жұмыс берушінің бастамасы бойынша келесі жағдайларда:

- оқу жоспарлары және бағдарламалары бойынша сағат санының азаюы, топтардың, білім алушылар санының азаюы;

- жұмыс орнында уақытша жоқ жұмыскерді ауыстыру үшін өндірістік қажеттілікпен байланысты оқу жүктемесі көлемінің уақытша ұлғаюы (бұл жағдайда жұмыскердің өз келісімінсіз ұлғайтылған оқу жүктемесін орындау мерзімі бір күнтізбелік жылдың ішінде бір айдан аспауы тиіс);

- жұмыс тұрып қалған кезде, жұмыскерлерге олардың мамандығы мен біліктілігін ескере отырып, жұмыс тұрып қалған кезде сол ұйымда немесе сол төңіректе орналасқан басқа ұйымда бір айдан аспайтын мерзімге басқа жұмыс тапсырылған кезде (ауа-райы жағдайына, карантинге байланысты және басқа жағдайларда сабақтардың болмауы);

- оқу жүктемесін осыған дейін орындаған педагогикалық жұмыскердің жұмысындағы еңбек дауын қарастырған органның қалпына келтіруі;

- баласы үш жасқа толмай, балаға күтім жасау жөніндегі еңбек демалысын үзген немесе аталған мерзім аяқталғаннан кейін әйел жұмыскердің жұмысқа оралуы.

2.13 Жұмыс берушінің бастамасы бойынша жұмыскердің еңбек жағдайын айтарлықтай өзгертуге әдетте жаңа оқу жылында, еңбек етудің ұйымдастырушылық немесе технологиялық шарттары өзгеруіне байланысты (топтар санының немесе білім алушылар санының өзгеруі, білім беру бағдарламаларының өзгеруі және т.б.), жұмыскер өзінің еңбек атқарымын өзгертпей (белгілі мамандық, біліктілік немесе лауазым бойынша) еңбек етуді жалғастырған кезде жол беріледі.
3. ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ТЫНЫҒУ УАҚЫТЫ
3.1. Жұмыскерлерге берілетін жұмыс уақыты мен тынығу уақыты осы Шартпен, Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек заңнамасымен және еңбек тәртібінің бекітілген ережелерімен регламенттеледі.

3.2 Профессорлық-оқытушылық құрамы (бұдан әрі - ПОҚ) мен оқу-қосалқы қызметкерлер құрамы (бұдан әрі – ОҚҚ) үшін күнделікті жұмыс ұзақтығы апталық норма 40 сағат 5-күндік жұмыс аптасы, егер сенбіде сабақ қажет болған жағдайда 6-күндік жұмыс апатасы.

ПОҚ-ң орташа оқу жүктемесі университеттің оқу кеңесінің шешімімен бекітіледі және кафедралардың ПОҚ құрамын белгілеу үшін пайдаланылады. ПОҚ-ң бір оқу жылына шақталған оқу жүктемесінің көлемі бір мөлшерлеме ауқымында анықталады және кафедраның шешімімен жыл сайын бекітіледі. Толық мөлшерлемеде жұмыс істейтін ПОҚ-ң педагогикалық жүктемесінің жалпы көлемі 40 сағатты құрауы тиіс. Бұл орайда оқытушының педагогикалық жүктемесінің жалпы көлеміне дейін оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу, тәрбие, ұйымдастыру және өзге жұмыс түрлерімен толықтырылатын оқу жүктемесі негізге алынады.

Оқытушылық қызмет дәл сол ұйымдарға негізгі жұмысымен қатар қоса атқаратын тұлғаларға, сондай-ақ өзге білім беру мекемелерінің педагогикалық жұмыскерлеріне (соның ішінде білім беруді басқару органдарының және оқу-әдістемелік кабинеттердің, орталықтардың жұмыскерлеріне) аталған ұйым негізгі жұмыс орны болып табылатын жұмыскерлер (ПОҚ арасынан) еңбекақының бір мөлшерлемесінен кем емес көлемдегі оқу жүктемесімен қамтылған жағдайда ғана ұсынылуы мүмкін.

Әкімшілік-басқару қызметкерлер құрамы, оқу-қосалқы және қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамы үшін күнделікті жұмыс ұзақтығы 5-күндік жұмыс аптасы, апталық норма 40 сағаттан аспаған кезде 8-сағаттық жұмыс күні түрінде тағайындалады.

3.3. Сабақ кестесі сабақтар арасында екі сағаттан артық үзіліс жібермей, оқытушылардың жұмыс уақытын тиімді пайдалануды ескере отырып құрылады.

3.4. Жұмыс беруші Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 86-бабында қарастырылған жағдайларды ескермегенде және ауысымдар кестесі (вахталар кестесі) бойынша жұмыс істейтін жұмыскерлерден басқа жұмыскерлерді олардың алдын-ала жазбаша келісімімен немесе өтініші бойынша демалыс және мереке күндері жұмысқа тартуға құқылы.

3.5 Еңбек демалысы – Жұмыскердің жыл сайынғы үздіксіз демалуын қамтамасыз ету үшін және әлеуметтік мақсат үшін Жұмыскердің жұмыс орнын (лауазымын), орташа еңбек ақысын сақтай отырып және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде белгіленген жағдайларда Қызметкерді белгілі кезеңге жұмыстан босату.

Жұмыскерлерге еңбек демалысының келесі түрлері ұсынылады:



  1. жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы;

  2. әлеуметтік демалыстар.

Жұмыскерлер әлеуметтік демалыстардың келесі түрлері ұсынылады:

  1. еңбек ақысы сақталмайтын демалыс;

  2. оқу демалысы;

  3. жүктілік және босану бойынша демалыс;

  4. жаңа туған нәрестені (балаларды) асырап алуына байланысты демалыс;

  5. 3 жасқа дейінгі балаға күтім жасау бойынша еңбек ақысы сақталмайтын демалыс.

Жұмыскерлерге оқу ұйымдарына түсу үшін, емтихандық сессияны тапсыру үшін және т.б. үшін 14 күнтізбелік мерзімге дейін орташа еңбекақысы сақталатын оқу демалыстары берілуі мүмкін.

3.6. Барлық жұмыскерлерге жұмыс орны (лауазымы) және орташа еңбекақысы сақталатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы кепілді түрде беріледі. ПОҚ және оларға теңестірілген тұлғаларға берілген еңбек демалысы 56 күнтізбелік күнді құрайды және оларға бір лауазымдық еңбек ақы көлемінде денсаулығын жақсартуға арналған жәрдемақы төленеді. Жетекшілерге, мамандарға және ӘБҚ, ОҚҚ және ҚКҚ жататын өзге қызметкерлерге берілетін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы 30 күнтізбелік күнді құрайды және оларға бір лауазымдық еңбек ақы көлемінде денсаулығын жақсартуға арналған жәрдемақы төленеді, осы құжаттың №2 қосымшасында көрсетілген лауазымдар тізілімі ескерілмейді.

Денсаулығын жақсартуға арналған жәрдемақы жұмыскер толық еңбек демалыс алуға мүмкіндік беретін кезеңде жұмыс істеген жағдайда ғана төленеді.

Жұмыс кәсіптерінің жұмыскерлеріне 24 күнтізбелік күнге созылатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі. Жыл сайынғы еңбек демалыстарының ұзақтығы мерекелік күндерді ескермей есептеледі.

3.7 Қалыпты жұмыс жағдайларынан ауытқығаны үшін Жұмыс беруші Жұмыскерлерге Ауыр жұмыстар өндірістерінің, цехтарының, кәсіптері мен лауазымдардың тізіміне, сондай-ақ ауыр жұмыстар, еңбек жағдайы зиянды (өте қауіпті) және (немесе) қауіпті жұмыстар тізіліміне сәйкес жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын беруге міндетті. Жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша ауыр, зиянды немесе қауіпті деп мойындалған жұмыс орындарында жұмыс істейтін Жұмыскерлерге Жұмыс беруші жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын беруге міндеттеледі. Берілетін жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысы ұзақтығы еңбек шартында белгіленеді, 6 (алты) күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс.

3.8 Жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалыстары:

1) Ауыр жұмыстар атқаратын, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлерге беріледі, сондай-ақ әкімшілік-басқару қызметкерлеріне ұзақ, үздіксіз, маңызды, шұғыл жұмыстарды атқарғаны үшін көтермелеу ретінде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бірге беріледі, ұзақтығы 10 (он) күнтізбелік күннен аспауы тиіс (ҚР ЕК 89-бабы);

2) бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге беріледі, ұзақтығы он күнтізбелік күннен аспауы тиіс (ҚР ЕК 89-бабы).

Жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын беру үшін бірінші және екінші топтардағы мүгедек болып табылатын Жұмыскерлерге қызметкерлер құрамын басқару бөліміне мүгедектік тобы көрсетілген мүгедектік мәртебесін растайтын құжаттарды мүгедектігі тағайындалған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде ұсынуы тиіс.

Жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысы жыл сайынғы ақылы еңбек демалысымен бірге не болмасы мүгедек жұмыскердің қалауы бойынша жылдың кез-келген уақытында беріледі. Жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын жылдың басқа уақытында, еңбек демалыстары кестесінен тыс алуға ниет білдірген мүгедек жұмыскер қосымша еңбек демалысы дұрыс рәсімделуі үшін, жазбаша арыз арқылы Жұмыс берушіге алдын-ала хабарлауға міндетті.

3) Университетте кем дегенде 10 жыл жұмыс істеген ӘБҚ қатарындағы қызметкерлерге (ПОҚ-қа теңестірілмеген) алты күнтізбелік күнге созылатын, жетекшілерге – он күнтізбелік күнге созылатын қосымша ақылы еңбек демалысы беріледі.

Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеген кезде жыл сайынғы қосымша еңбек демалысы жыл сайынғы негізгі еңбек демалысына қосылады.

3.9. Еңбек демалысының кестесі мен арыздар еңбек демалысын беру туралы бұйрық шығаруға негіздеме болып табылады.


  • ауыстырылған еңбек демалысын қайтадан ауыстыруға;

  • жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын екі жыл қатарынан бермеуге;

  • он сегіз жасқа дейінгі жұмыскерлер мен зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында жұмыс істейтін жұмыскерлерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бермеуге тыйым салынады.

3.10. Өндірістік қажеттілік туындаған жағдайда жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын жұмыс беруші жұмыскердің жазбаша келісімімен бұзуы мүмкін. Жұмыскерді еңбек демалысынан шақыртып алуына байланысты жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі тараптардың келісімі бойынша жұмыскерге ағымдағы жұмыс жылы ішінде немесе келесі жұмыс жылы кез-келген уақытта беріледі не болмаса келесі жұмыс жылы үшін берілетін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылады. Жұмыскер жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан шақыртылған кезде еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына жұмыскер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төленеді. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысынан он сегіз жасқа жетпеген жұмыскерлерді, жүкті әйелдерді және ауыр жұмыстар атқаратын жұмыскерлерді, зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайында еңбек ететін жұмыскерлерді шақыртып алуға жол берілмейді.

3.11. Жұмыскерге бірінші және одан кейінгі жұмыс істеген жылдары үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы Тараптардың келісімі бойынша жұмыс жылының кез-келген уақытында беріледі. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалыстары беру кезектілігі Жұмыскерлердің пікірін ескере отырып, бекітілген еңбек демалыстары кестесіне сәйкес Жұмыс берушінің актімен белгіленеді.

Жұмыстың маусымдылығын ескере отырып, ПОҚ қатарындағы қызметкерлерге еңбек демалысы әдетте жаз мезгілінде беріледі.

Тамыз айынан бастап қазан айы аралығында жұмысқа қабылданған жұмыскерлерге (ПОҚ арасынан) оқу жылы аяқталған кезде бірінші оқу жылы үшін жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы жұмыскерлердің тиісті санаттары үшін ҚР қолданыстағы заңнамасымен белгіленген ұзақтықпен алдын-ала беріледі.

Жұмыскердің жазбаша келісімінсіз оған нақтылы жұмыс істеген кезең үшін жазғы демалыс кезінде еңбек демалысын беруге рұқсат етілмейді.

3.12 Тараптардың келісімі бойынша жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы бөліктерге бөлінуі мүмкін. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының бөлігінің ұзақтығы тараптардың келісімі бойынша және Жұмысшының арызының негізінде анықталады.

3.13 Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы келесі жағдайларда толықтай немесе бөліктерге бөлініп ауыстырылады: жұмыскер уақытша еңбекке жарамсыз болғанда және жүктілік пен босану жөніндегі еңбек демалысқа шыққан кезде.

Жұмыскер уақытша еңбекке жарамсыз болса немесе жүктілік және босану жөніндегі еңбек демалысымен бір мезгілде болса жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы (оның бөлігі) жұмыскердің өтініші бойынша жыл сайынға ақылы еңбек демалысында кезеңге ауыстырылады (еңбекке жарамсыздық қағазы ашылған алғашқы күннен бастап). Кері жағдайда еңбек демалысы ауыстырылмайды. Тараптардың келісімімен ауыстырылатын еңбек демалысы келесі жұмыс жылындағы еңбек демалысына қосылуы мүмкін немесе жұмыскердің өтініші бойынша ағымдағы жылы жеке берілуі мүмкін.

Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігі келесі жылға ауысқан жағдайда немесе ағымдағы жылы пайдаланылған кезде Жұмыскердің келісімімен еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері үшін төленген ақы еңбекақыдан шегеріледі, себебі алдағы уақытта еңбек демалысының пайдаланылмаған күндері берілген кезде тиісті ақы қайтадан төленетін болады.

3.14 Жұмыскердің баласы дүниеге келгенде, некесі қиылғанда, жақын туыстары (жұбайы/зайыбы, балалары, ата-анасы) қайтыс болғанда және тараптардың келісімі бойынша басқа жағдайларда Жұмыс беруші Жұмыскерге оның жазбаша арызының негізінде 5 (бес) күнтізбелік күнге дейін еңбекақы сақталмайтын еңбек демалысын беруге міндетті.


4. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4.1. Жұмыс беруші мемлекеттік стандарттардың, нормативтік құқықтық актілердің, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі ережелердің талаптарына сәйкес жұмыскерлердің жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігінің жағдайлары бойынша еңбек ету барысында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау құқықтарына кепілдік береді.

4.2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы саясаты жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдығы, жұмыс орындарында өндірістік жарақаттануға жол бермейтін таза және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау қағидаттарына сүйеніп құрылады.

4.3. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында жұмыс беруші:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте еңбек міндеттерін қауіпсіз орындау үшін қажет жұмыскерлердің кәсіптік даярлығын қамтамасыз етуге;

2) тиісті білім беру ұйымдарындағы біліктілік арттыру курстарында өзінің оқытушылары және мамандарының оқуын және бөлімшелердің жетекшілері мен еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету үшін жауапты тұлғалардың еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі мәселелер бойынша білімін тексеруді жүйелі түрде (кем дегенде үш жылда бір рет) ұйымдастыруға;

3) жұмыскерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін тексеруді, оқытуды, нұсқаулықтан өткізуді ұйымдастыруға;

4) ҚР заңнамасымен белгілеген тәртіпте мерзімді медициналық тексерулерді өз қаражаты есебінен кем дегенде бір жылда бір рет ұйымдастыруға;

5) қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге;

6) жұмыс орындарын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықтауға;

7) ауыр жұмыстарға, зиянды және қауіпті жұмыс жағдайларына «ҚР-да зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы» ҚР Заңына сәйкес зейнеткерлік жасқа жеткен тұлғаларды жібермеуге;

8) еңбек қызметімен байланысты жазатайым жағдайларды тіркеу, есепке алу және талдау жүргізуге;

9) жұмыс өкілдерінің қатысуымен жүйелі түрде, кем дегенде бес жылда 1 рет еңбек бойынша уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен ережелерге сәйкес өндірістік нысандардың еңбек жағдайларына сәйкестігін аттестаттауды жүргізуге;

10) қызметкерлерге қажетті санитарлық-гигиеналық жағдайлар жасауға, санитарлық-тұрмыстық орынжайлармен қамтамасыз етуге;

11) орынжайларда санитарлық нормаларда белгіленген температураны, табиғи және жасанды жарықты, сондай-ақ желдетуді қамтамасыз етуге;

12) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен, арнаулы киіммен, аяқ киіммен, сондай-ақ еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген нормаларға сәйкес жуғыш және залалсыздандырғыш құралдармен, медициналық дәрі қобдишасымен қамтамасыз етуге;

13) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар өткізуге;

14) нұсқамалық жүргізуге, өндірістік үдеріс пен жұмысты қауіпсіз жүргізу жөніндегі құжаттармен қамтамасыз етуге;

15) қызметкерлер еңбек міндеттерін орындаған кезде олардың денсаулығы мен өміріне келтірілетін зиянға жауапкершілікті жұмыс берушінің қаражаты есебінен міндетті сақтандыруды қамтамасыз етуге;

16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуді қамтамасыз етуге міндетті.

Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы саясатты жүзеге асыру мақсатында:

- еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдерімен бірге жұмыс орындарындағы еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі жағдайларын тексереді;

- еңбек жағдайын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды жақсартумен байланысты мәселелерді тексеруге және қарастыруға қатысады;

- кәсіподақ ұйымымен бірге университеттің бөлімшелеріндегі еңбек жағдайы мен қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайына бақылауды ұйымдастырады.

4.4. Жұмыс беруші еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бұзған қызметкерлерді жұмыстан шығаруға және тәртіптік жауапкершілікке тартуға құқылы.

4.5. Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптары бұзылған жағдайда (қалыпты жарықтың болмауы, желдету жұмысының бұзылуы, орынжайлардағы төмен температура және т.б.) еңбек қауіпсіздігі жәнен еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторлар жұмыс берушіден анықталған бұзылымдарды жоюды талап етуге құқылы.

4.6. Жұмыс беруші барлық кафедраларды, бөлімдерді, қызметтерді, студенттер үйінің вахталарын алғашқы медициналық көмек құралдарымен қамтамасыз етуге және қажет болу шамасына қарай оларды толықтырып тұруға міндеттеледі.



5. ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ
5.1. Ұйымда еңбек ақы төлеудің мерзімді және кесімді нысаны қолданылады. Университет қызметкерлеріне еңбекақы төлеу осы ұжымдық шартқа қосымша болып табылатын қызметкерлерге «Еңбекақы төлеу жүйесін ұйымдастыру» ережесінің негізінде жүргізіледі.

5.2. Жұмыскердің бір айлық еңбекақысының мөлшері жұмыскердің біліктілігіне, атқаратын жұмысының күрделігіне, көлеміне және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайына байланысты сараланып тағайындалады. Еңбекақының мөлшері максималды мөлшермен шектелмейді.

5.3 Тараптар тарифтік комиссияның құрамына, сондай-ақ мамандық бойынша еңбек өтілін есептеу жөніндегі комиссияның құрамына міндетті түрде кәсіподақ ұйымының өкілі кіргізіледі деп келісті.

5.4. Әкімшілік-басқару қызметкерлері, оқыту-көмекші қызметкерлері мен қызмет көрсету персонал құрамына кіретін қызметкерлердің қызметтік жалақысын есептеу үшін жұмыс өтіліне, жұмыс өтілін анықтау бойынша комиссия шешімімен атқарған қызметі қай салада болмасын, бірдей мамандықтардағы лауазымдарда жұмыс істеген университеттегі ішкі ауысымдары есептелуі мүмкін.

5.5. Тараптар еңбекақы айына бір рет төленеді деген келісімге келді. Еңбекақы төленетін күн болып келесі айдың оныншы күні белгіленді.

5.6 Жұмыс беруші жұмыстан шығару кезінде және еңбек демалысы кезінде еңбекақы төлеген кезде есеп айырысу мерзімдерін қатаң қадағалауға міндеттеледі.

5.7. Үстеме уақыттағы, түнгі уақыттағы, мереке және демалыс күндеріндегі жұмыс үшін ҚР Еңбек кодексіне және осы ұжымдық шартқа сәйкес ақы төленеді.

5.8. Еңбек ету, еңбекақы төлеу нормаларын жұмыс беруші енгізеді, ауыстырады және қайта қарайды.  Еңбек ету және еңбекақы төлеудің жаңа нормалары енгізілетіні туралы жұмыскерлер кем дегенде бір ай бұрын хабардар болуы тиіс.

5.9. Жұмыскерлерге еңбек жағдайы үшін қосымша ақыларды жұмыс беруші Университет жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу ережесінде белгіленген мөлшерлерде төлейді.

5.10. Қазақстан Республикасының заңнамасында өзге жағдай көзделмесе, Жұмыс беруші жұмыскерлердің жазбаша келісімінсіз олардың еңбекақыларынан ұстауға жол бермеуге міндеттеледі.

5.11. Кәсіподақ ұйымының дәлелді пікірін ескере отырып, Жұмыс беруші еңбекақы төлеу қорының ауқымында жұмыскерлерге сыйлықақы беруді, еңбекақылары мен лауазымдық қызметкақыларының мөлшерлемесіне үстеме ақы тағайындайды.

5.12. Жұмыс беруші жұмыскерлерге ай сайын барлық шегерілген сомаларды көрсетіп, еңбекақы есептеу туралы толық жазбаша ақпаратты беру жөніндегі міндеттемені өзіне қабылдайды. Әлеуметтік шиеленісушілікті төмендету мақсатында еңбек ақыны белгілеу және оның мөлшеріне қатысты мәселелерде әділдікті және кең жариялылықты қамтамасыз ету үшін бірлескен күш салу қажет.

5.13. Тараптар ПОҚ қатарындағы жұмыскерлерге авторлық ғылыми жұмыстар мен оқулықтар жазу үшін 4 айға дейінгі мерзімге орташа жалақының 50% сақтап, шығармашылық еңбек демалысы берілуі мүмкін деп келісті.
6. ӘЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР, ЖӘРДЕМАҚЫЛАР ЖӘНЕ

ӨТЕМАҚЫЛЫҚ ТӨЛЕМДЕР
6.1. Жүктілік пен босану бойынша, жаңа туылған баланы асырап алу кезінде әлеуметтік жәрдемақы Міндетті әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорының қаражатынан төленеді.

6.2. Еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша әлеуметтік жәрдемақы жұмыскерлерге еңбекке жарамсыздық қағазына сәйкес белгіленген еңбекке жарамсыздықтың бірінші күнінен бастап еңбекке жарамдылығы қалпына келгенге дейін немесе мүгедектік белгіленгенге дейін төленеді.

6.3. Еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуге негіздеме болып ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте берілген еңбекке жарамсыздық қағазы табылады.

6.4. Қызметтік іс-сапар кеткен Жұмыскердің жұмыс орны (лауазымы) мен еңбекақысы сақталады. Қызметтік іссапарға жіберілетін жұмыскерге іссапарда болған әр күні үшін тәуліктік ақы, тұратын жерді жалдау және тағайындалған жерге және кері жол жүру жөніндегі шығындарды өтеу үшін ақы төленеді.

6.5. Жұмыскерге материалдық көмектің келесі түрлері көрсетіледі:

- жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілген кезде денсаулығын жақсарту үшін – бір айлық лауазымдық қызметақы мөлшерінде (жұмыскер толық еңбек демалысын алуға мүмкіндік беретін уақыт жұмыс істемеген жағдайды ескермегенде және осы шарттың № 2 қосымшасына сәйкес лауазымдар мен жұмыс мамандықтарының тізілімін ескермегенде);

- Жұмыскер қайтыс болған жағдайда - жанұя мүшелерінің біріне немесе онда тұлғалар болмаған жағдайды жерлеуді ұйымдастырған тұлғаға, жанұя мүшесінің немесе ондай тұлғалар болмаған жағдайда жерлеуді ұйымдастырған тұлғаны арызының және қоса берілген растаушы құжаттардың (қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмесі) негізінде бір рет төленетін 1(бір) айлық лауазымдық қызметақы мөлшерінде;

- Жұмыскердің жұбайы/зайыбы, балалары, ата-анасы қайтыс болған жағдайда – егер жұмыскер ұжымда 1 жылдан артық жұмыс істесе, онда растаушы құжаттар (қайтыс болуы туралы куәлік) ұсынылған жағдайда 10-нан 30 АЕК дейінгі мөлшерде;

- Жұмыскердің медициналық емделуін/отасын толық немесе ішінара төлеу үшін – уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімі екі айдан артық мерзімге тағайындалуы мүмкін аурулар түрлерінің белгілі тәртіпте бекітілген тізіліміне сәйкес, айрықша жағдайларда, Жұмыскердің немесе оның жанұя мүшесінің немесе онда тұлғалар болмаған жағдайда өзге тұлғаның (жанұя мүшесі болып табылмайтын туысы) арызының негізінде, құжаттар (амбулаториялық картадан үзінді көшірме, жеке реабилитациялау бағдарламасынан үзінді көшірме (медициналық бөлігі), медициналық-әлеуметтік сараптама туралы анықтамалар және заңнамада белгіленген тәртіпте берілген өзге құжаттар, сондай-ақ растау үшін олардың түпнұсқалары) көрсетілген кезде;

- неке қиюына байланысты – университетте 2 жылдан артық жұмыс істеген және алғаш рет неке қияп жатқан жұмыскерге заңнамамен белгіленген 5 АЕК мөлшерінде;

- кәсіподақ ұйымының қолдаухаты мен құрылымдық бөлімше ұжымының ұсынуы бойынша – университеттің дамуына айтарлықтай үлес қосқан жұмыскерлерге мерейтойлық жасқа жеткен кезде 60 жас әрі қарай әр бес жыл сайын жұмыскердің 1 (бір) айлық лауазымдық қызметақысы мөлшерінде;

- материалдық көмектің басқа түрлері (төтенше жағдайлар, өрт, ұрлық салдарынан Жұмыскерге мүліктік залал келтірілген жағдайда) – Жұмыскердің 1 (бір) айлық лауазымдық қызметақысы мөлшерінде.

6.6. Университетте кем дегенде 5 жыл үздіксіз жұмыс істеген жұмыскерлерге балалары бірінші жоғары білім алу үшін университеттің күндізгі оқу бөліміне түскен кезде Оқу кеңесінің шешімімен оқу үшін төленетін ақыны бірінші курстан бастап әр семестр үшін оқу құнының 50% мөлшерінде төлеуге рұқсат етіледі, алайда балалары алдыңғы семестрдің қорытындысы бойынша барлық емтихандар мен сынақтардан «үздік» және «жақсы» бағалар алуы тиіс.

Университетте кем дегенде 3 жыл үздіксіз жұмыс істеген жұмыскерлерге мақсатты магистратураға немесе докторантураға түскен кезде Оқу кеңесінің шешімімен оқу құнынан 100%, 50% жеңілдіктер беруге рұқсат етіледі, алайда жұмыскер ҚМУ-да магистратураны бітіргеннен кейін кем дегенде 3 жыл, докторантура бітіргеннен кейін кем дегенде 5 жыл жұмыс істейтіндігі туралы ҚМУ-мен шарт жасасуы тиіс.

6.7. Кәсіподақ ұйымының қолдаухаты бойынша Жұмыс беруші ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және ҚР заңнамасында қарастырылған өзге мерекелерді мерекелеу үшін, сондай-ақ университет қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету үшін және жаппай-мәдени, спорттық іс-шараларды өткізу үшін, жұмыскерлер мен білім алушылардың денсаулығын жақсарту үшін университеттің бюджеттен тыс қаражатынан жыл сайын 1% көлемінде қаражат бөлуге міндетті.

6.8. Жұмыс беруші өз қаражаты есебінен Жұмыскерге уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы төлеуге міндетті. Еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі әлеуметтік жәрдемақы төлеуге негіздеме болып ҚР заңнамасында белгіленген тәртіпте берілген еңбекке жарамсыздық қағазы табылады.

6.9. Жұмыс беруші келесі жағдайларда жұмысынан айрылуына байланысты бір айлық орташа еңбекақысы мөлшерінде өтемақылық төлемдер жүргізеді:

1) жұмыс беруші – заңды тұлға таратылған жағдайда не болмаса жеке тұлғаның жұмыс берушісінің қызметін тоқтатқан жағдайда – жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде; 

2) жұмыскерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайда жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шарты бұзылған кезде;

3) жұмыс беруші еңбек шартының талаптарын орындамаған жағдайда еңбек шарты жұмыскердің бастамасы бұзылған кезде.

6.10. Еңбек шарты Еңбек кодексінің 52-б. 1-т. 24) қ.т. келтірілген негіздеме бойынша, жұмыскердің «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетуі бойынша, жұмыскерге еңбек шарты бұзылатын күнге дейін кем дегенде бір ай қалған мерзімде ескерте отырып бұзылған кезде жұмыс беруші жұмыскерге бір айлық орташа еңбекақысы мөлшерінде өтемақы төлейді. Жұмыскер университетте 10 жылдан артық жұмыс істеген жағдайда жұмыс беруші жұмыскерге екі айлық орташа еңбекақысы мөлшерінде өтемақы төлейді.

6.11 Атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеп, жұмыс берушінің экономикалық хал-ахуалы нашарлаған жағдайда еңбек шартының жұмыс берушінің бастамасымен бұзылуымен байланысты Жұмыс беруші жұмыскерлерге екі айлық орташа еңбекақы мөлшерінде өтемалық төлемдер төлейді.

Еңбек шарты бұзылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған Жұмыскерге жыл сайынғы ақылы еңбек ақының пайдаланылмаған күндері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде өтемақылық төлемдер төленеді.
7. ТАРАПТАРДЫҢ ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТЫ БҰЗҒАНЫ НЕМЕСЕ ОРЫНДАМАҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
7.1. Кәсіподақ ұйымының қолдаухаты бойынша әкімшілік ұжымдық шарттың өзара міндеттемелерінің бұзылуына және орындалмауына кінәлі жұмыскерлерге (жетекшілеріне) заңнамада көзделген шараларды қолданады.

7.2. Тараптар ҚР заңнамасына сәйкес келіссөздерге қатысудан жалтарғаны үшін, ұжымдық шартқа енгізілген міндеттемелерді бұзуы және орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

7.3. Ұжымдық шартқа қол қойған әрбір тарап өз өкілеттіктері ауқымында аталған шарттың мақсаттарын жүзеге асыруға қатысты өз жауапкершіліктерін мойындайды және туындаған мәселелерді шеші үшін тең құқықтық пен өзара сыйластық, шегіну немесе келісушілік қағидаттары негізінде ынтымақтастық етуге міндеттеледі.

7.4. Кәсіподақ ұйымы мен әкімшілік ұжымды біріктіру жөнінде жұмыс жүргізеді. Ұжымдық шарт бойынша өз міндеттерін бұзған, орындамаған немесе жеткіліксіз орындаған кезін тараптар ҚР қолданыстағы занамасына сәйкес жауапкершілік тартады.



8. СТУДЕНТТЕР
8.1. Студенттердің кәсіподақ ұйымының пікірін ескеріп қабылдайтын жергілікті құқықтық актілердің тізілімі:

  • шәкіртақылық қамтамасыз ету туралы тәртіп;

  • студенттердің ішкі тәртіптемесінің ережесі;

  • студенттер үйі туралы ереже;

  • студенттер үйінде тұруға, рұқсатнамалық тәртіптемесіне және жұмыс ережесіне, студенттер үйінде тұратындар үшін білім беру үдерісіне тікелей байланысты емес ақылы қызмет енгізуге қатысты жергілікті актілер;

  • оқу және (немесе) тұрғын орынжайларды, сондай-ақ студенттердің тамақтануын ұйымдастыру үшін арналған орынжайларды жалдау шарттары;

  • студенттерге материалдық көмек туралы ереже;

  • студенттерге сыйлықақы беру туралы ереже;

  • мемлекеттік бюджеттен және бюджеттен тыс шығындардың орталықтандырылған қорынан бөлінетін қаражаттарды жұмсау тәртібі;

  • шәкіртақы тағайындау туралы бұйрықтар;

  • студенттердің тұрмысы мен бос уақытын ұйымдастыруға қатысты бұйрықтар, ережелер мен жұмыс жоспарлары.

8.2. Оқу үдерісі

8.2.1. Жұмыс беруші:



  • жылына жалпы ұзақтығы 7 аптадан аспайтын, соның ішінде қысқы мерзімде 2 аптадан аспайтын демалыстар белгілейді;

  • студенттің бір аптадағы міндетті сабақтардан тұратын аудиториялық жүктемесі оқу бағдарламасы мен курсына байланысты белгіленеді және 19 академиялық сағаттан аспауы тиіс;

  • академиялық сағаттың ұзақтығын 50-100 минут деп белгілейді;

  • студенттерден сабақ беру сапасына қатысты негізделген шағымдар түскен жағдайда оларды қанағаттандыру бойынша шаралар қабылдайды;

  • шұғыл жағдайларды қоспағанда, оқу үдерісі кезінде студенттердің кез-келген орталықтандырылған дерексізденуіне жол берілмейді;

  • отбасы құрған студенттерге (олардың жазбаша өтініштері бойынша) жеке кесте бойынша оқу мүмкіндігін береді;

  • оқу корпусында студенттер үшін тамақтану орнын ұйымдастырады, ол сабақтар мен емтихан тапсыру кезінде жұмыс істеуі тиіс;

  • оқу үдерісін ұйымдастыруды жақсарту мақсатында оқу аудиторияларында сабақ өткізу кезінде қалыпты жағдай жасау үшін қажетті және заңнамада қарастырылған жарық, жылу, желдету және тәртіп деңгейін ұстануға міндеттеледі;

  • студенттердің өзіндік жұмыстарының тиімділігін арттыру мақсатында оқу корпустары мен студенттер үйінде университеттің электрондық ресурстарына тегін қолжетімдікті қамтамасыз етеді.

8.2.2 Кәсіподақ ұйымы :

  • оқу үдерісін ұйымдастыруды, үлгерім мен оқу тәртіптемесін жетілдіру, оқу уақыты мен бос уақытты тиімді пайдалану үшін қажетті жағдай жасау жөнінде ұсыныстарды әзірлеуге қатысады;

  • емтихандар кестесі құрылғанға дейін деканатқа аталған мәселе бойынша ұсыныстарын білдіреді, деканат оларды емтихандар кестесін құру кезінде ескеруі тиіс;

  • «Студенттік әлеуметтік қызметтің» жұмысын ұйымдастырады, оның аясында пәндердің оқытылу сапасын анықтау мақсатында кемінде семестрде бір рет студенттердің арасында сауалнама жүргізіп, олардың пікірін ескереді.

- Кәсіподақ ұйымы жыл сайын жарықтандыру жағдайына, оқу аудиторияларының оқу жылына және жылу беру маусымына дайындығына тәуелсіз тексеру жүргізеді және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті және денсаулықты қорғау жөнінде ректоратқа өзінің ұсыныстарын енгізеді.

8.3. Студенттерді әлеуметтік қорғау және шәкіртақылық қамтамасыз ету

8.3.1. Жәрдемақыларға қосылатын ақшалай үстеме ақылардың мөлшері, материалдық көмек көрсету шарттары мен мөлшері, білім алушыларды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар жүйесі Шәкіртақылық қамтамасыз ету туралы ережемен және студенттерді материалдық қолдаудың басқа да нысандарында анықталады.

8.3.2. Әлеуметтік қорғалмаған студенттерге оқудың ақысын төлеуге және студенттер үйінде тұруға қатысты жеңілдіктер беріледі.

8.3.3. Студенттердің әлеуметтік қорғалмаған санатына:


  1. жетім студенттер немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттер;

  2. I және II топтағы мүгедек студенттер;

  3. бала кезінен мүгедек студенттер;

  4. балалары бар отбасылы студенттер жатады.

      1. Ата-ана қамқорлығынсыз қалған студенттер үшін Студенттер үйінен орын тегін беріледі.

      2. Жұмыс беруші:

  • шәкіртақылық қор қаражаттарының басқа мақсаттарға жұмсалуына жол бермейді;

  • қаңтар және қыркүйік айларынан басқа уақытта студенттерге шәкіртақылық қор қаражатының есебінен әр айдың 5-ші күнінен кешіктірмей шәкіртақы төлейді. Жазғы демалыс қорытындысына байланысты екі айдын (шілде, тамыз) айларының шәкіртақысы бірге төлнеді;

  • студенттердің балалары үшін жаңа жылдық сыйлықтар алуға қаражат бөледі;

  • оқу, ғылыми және қоғамдық жұмыстардағы жетістіктері үшін студенттерді ынталандыру мәселелерін шешеді;

  • ҚР Үкіметінің 12.03.2012 ж. №320 Қаулысын ескере отырып, жетім студенттер мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге тамақтануға қаражат төленеді;

  • кәсіподақ ұйымының шотына ай сайын келісім-шарттық негізде білім алушы студенттер үшін ҚР БҒМ ЖОО-на белгіліген базалық шәкіртақының 1% мөлшерінде жарна /қаражат/ аударуы тиіс (бакалавр, магистратура, доктарантура)

      1. Кәсіподақ ұйымы:

- кәсіподақ мүшелеріне ұзаққа созылған ауыр науқастану, табиғи апаттар, қайтыс болуы және басқа жағдайларда материалдық көмек көрсетеді.

      1. Туберкулез ауруына шалдыққан шәкіртақы алатын студенттерге 12 ай бойы шәкіртақы төлеу арқылы 1 жыл мерзіміне академиялық демалыс беріледі.

      2. Жұмыс беруші мен Кәсіподақ ұйымы студенттермен мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру жөнінде міндеттемелерді өздеріне қабылдайды.

Бұл мақсатта:

- Жұмыс беруші күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарына қаражат бөлуге міндеттеледі;

- Кәсіподақ ұйымы студенттермен мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын өткізуді ұйымдастырады.

8.4. Студенттерге тұрғын үй-тұрмыстық қызмет көрсету.

8.4.1. Жұмыс беруші:


  • университеттің тұрғын орын жайларында нормаларда белгіленген жылу режимі мен жарықтандыруды қамтамасыз етеді;

  • оқу үдерісіне қажетті жағдай жасау үшін факультеттердің оқу-ғылыми зертханаларын сумен қамтиды;

  • студенттер үйінің, оқу корпустары мен спорттық ғимараттардың жаңа оқу жылына дайындығын қамтамасыз етеді және оқу жылы бойына олардың жарамдылығына қолдау көрсетеді;

  • студенттер үйінде тұратындарға, әдеттегідей, олардың оқу мерзімі бойына ішкі тәртіптеме ережелерін қадағалауы шартымен тұрғын орынжайды бекітеді;

  • студенттер үйін жиһазбен және құрал-жабдықтармен толтыру бойынша жұмыс жүргізіп, оларға бекітілген аумақ пен жасыл көшеттерге күтім жасайды;

8.4.2. Кәсіподақ ұйымы:

  • тұрмысты ұйымдастыру, әлеуметтік және материалдық кепілдіктерді қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда университет студенттерінің мүдделерін білдіреді және қорғайды;

  • студенттерге құқықтық мәселелер бойынша заңгерлік көмек көрсетіп, қажетті кеңестер береді;

  • студенттер мен Әкімшіліктің ұсыныстары мен ескертулерін шұғыл түрде қарап, тиісті шараларды қабылдайды;

  • студенттер үйінде студенттік өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастырады, қолдау көрсетеді және жұмысын үйлестіреді;

  • студенттердің әлеуметтік қорғалмаған санаттарына жеңілдікпен (тегін) тұруға рұқсат беру туралы өтініш жасайды.

8.5. Студенттерді студенттер үйіне орналастыру және шығару тәртібі. Студенттер үйінің студенттік кеңесінің атқарымдары:

8.5.1. Студенттердің студенттер үйіне орналасуын комендант және студенттер үйінің студенттік кеңесі бақылайды. Студенттер үйіне студенттер 01 қыркүйектен бастап 30 маусымға дейін орналастырылады.



      1. Студенттерді орналастыру кезінде студенттер үйінде орын алу үшін:

  1. жетім студенттер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған тұлғалар;

  2. мүгедек студенттер;

  3. «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттер;

  4. ата-анасының біреуі I және II топтағы мүгедек болып табылатын отбасыдан шыққан студенттер;

  5. көп балалы (18 жасқа толмаған) отбасылардан шыққан студенттер;

  6. толық емес отбасынан шыққан студенттер;

  7. аз қамтылған отбасынан шыққан студенттер;

  8. шетелдік студенттер;

  9. облыстың шалғайдағы аудандарында тұратын студенттер артықшылық құқыққа ие болады.

      1. Студенттерді студенттер үйінен шығару:

8.5.4.Студенттер үйінен студенттер:

  • оқуды аяқталғанда;

  • оқудан шығарып тасталғанда;

  • студенттер үйінде тұру ережесін бұзған жағдайда шығарылады.


9. ТАРАПТАРДЫҢ ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӨНІНДЕГІ ӨЗАРА МІНДЕТТЕМЕЛЕРІ
Осы ұжымдық шартты жасай отырып, тараптар бір-бірінің алдындағы өзара құқықтары мен міндеттерін мойындайды, оларды қадағалауға және орындауға міндеттеледі.

9.1. Жұмыс берушінің міндеттері:

- Еңбек кодексін және ҚР өзге нормативтік-құқықтық актілерін, әлеуметтік кепілдіктерді сақтауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік серіктестік актілерін қадағалау;

- жұмыскерлердің біліктіліктерін арттыруға жағдай жасау;

- жұмыскерлерге жасалған еңбек шарттарына сәйкес еңбекақы төлеуді қамтамасыз ету;

- қауіпсіз еңбек жағдайын жасау, өндірістік жарақаттың алдын алуға мүмкіндік беретін қауіпсіздік техникасы құралдарын, ұжымдық және жеке қорғану құралдарын енгізу;

- кәсіподақ ұйымының тегін қолдануына іс-шараларды жүргізу үшін орынжайларды, байланыс құралдарын және автокөлік беру;

- ҚР заңнамасына сәйкес қызметкерлерді міндетті сақтандыруды жүзеге асыру;

- ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес жұмыс орындарын аттестаттауды жүргізу;

- кәсіподақ ұйымымен бірге университетте мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру;

- құрылымдық бірліктердің таратылуы немесе қызметкерлер санының қысқаруы кезінде босатылған қызметкерлерге университетте жұмысқа орналасуға басымды құқық беру;

- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау бойынша көзделген іс-шараларды орындау.

9.2. Кәсіподақ ұйымының міндеттері:

- ҚР ЕК және «Кәсіподақтар туралы» ҚР Заңына сәйкес әлеуметтік-еңбек мәселелері бойынша жұмыскерлердің құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау;

- жұмыс беруші мен оның өкілдерінің еңбек заңнамасын және еңбек құқығының нормаларынан тұратын өзге де нормативтік құқықтық актілерді ұстануына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. Қоғамдық бақылау Кәсіподақтың күшімен орындалады. Еңбек заңнамасын орындау бойынша тексерулер жұмыскерлердің арыздары мен шағымдары бойынша жүргізілетін тексерулерді қоспағанда, жылына бір рет жүзеге асырылады;

- еңбек даулары бойынша келісу комиссиясында еңбек ұжымы мүшелерінің еңбек құқықтарын білдіру және қорғау;

- жұмыскерлерге еңбек демалыстарының және олардың ақысының дұрыс және уақытында берілуіне бақылау жүргізу;

- жұмыскерлер үшін мәдени-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүзеге асыру;

- санаторлық-шипажайлық емделуге мұқтаждардың есебін жүргізу.

9.3. Қызметкерлердің міндеттері:

- ұйымның Жарғысын, Ішкі тәртіптеме ережесін орындау, адал және дұрыс еңбек ету;

- Жұмыс берушінің тапсырмаларын уақытында және бұлжытпай орындау;

- өзінің жұмыс уақытын өнімді еңбек ету үшін пайдалану;

- технологиялық тәртіпті қадағалау, жұмыс сапасын қамтамасыз ету;



- қызметтік міндеттерді орындау тәртібінде Жұмыскер жасап шығарған зияткерлік меншік нысандарына қатысты ұйымның құқықтарын мойындау және орындау;

- құпиялық тәртібінің талаптарын орындау. Жұмыскерге өзінің лауазымдық міндеттерін орындаумен байланысты мәлім болған заңмен қорғалатын құпияны (мемлекеттік, коммерциялық, қызметтік және өзге) жарияламау;

- еңбек дауларын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешу;

- оқу орнына жаңадан қабылдау жөніндегі жұмысқа қатысу;

- факультеттерде, кафедраларда, зертханаларда, бөлімдерде және қызметтерде тәртіп пен тазалықты ұстану бойынша айына бір рет тазалық күнін және бір күндік рейдтер өткізу;

- өз жұмыс орнын таза және тәртіпке сәйкес ұстау;

- еңбек қызметі барысында оқу орнына залал келтірілуіне жол бермеу, оның дамуына ықпал ету, энергияны және басқа да материалдық қорларды үнемдеп жұмсау;

- өзінің жұмысқа деген қатынасы мен жеке жүріс-тұрысы арқылы орнының имиджіне қолдау көрсету және студенттерде патриоттық сезімді тәрбиелеп, өз мамандығы мен жоғары оқу орны үшін мақтанышын оятып, олардың бойларына адалдық пен зиялылық нормаларын дарыту;

- өрт қауіпсіздігінің талаптарын ұстану және орындау;

- заңдарда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде, сондай-ақ еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарда белгіленген еңбекті қорғау талаптарын орындау, соның ішінде:


  • жеке және ұжымдық қорғану құралдарын дұрыс қолдану;

  • жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдерін және өндірісте жарақат алғандарға алғашқы көмек көрсетуге үйрену, еңбекті қорғау жөнінде нұсқамадан, жұмыс орнында тағылымдамадан өту, еңбекті қорғау талаптарын білу;

  • адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез-келген жағдай, әрбір жазатайым оқиға немесе өзінің денсаулығының нашарлауы туралы, соның ішінде шұғыл кәсіптік ауру (улану) белгілерінің пайда болғандығы туралы өзінің тікелей немесе жоғарғы басшысына дереу хабарлау;

  • міндетті алдын-ала (жұмысқа қабылданған кезде) және мерзімді (еңбек қызметі кезінде) медициналық тексерулерден өту, сондай-ақ ҚР ЕК қарастырылған жағдайларда Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша кезектен тыс медициналық тексерулерден өту;

  • білім алушылардың еңбекті қорғау талаптарын орындауын қамтамасыз ету.


10. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
10.1. Осы Ұжымдық шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғанға дейін үш ай қалған мерзімде кез-келген тарап екінші тарапқа жаңа Ұжымдық шарт жасасу бойынша келіссөздерді бастау туралы жазбаша хабарлама жіберуге құқылы. Егер ешбір тараптан хабарлама түспесе, онда Ұжымдық шарт бір жылға созылған болып есептеледі. Осы Ұжымдық шарт жаңа Ұжымдық шарт жасалғанға дейін әрекет етеді.

10.2. Тараптар осы Ұжымдық шарт әрекет ететін мерзім ішінде оған өзгертулер мен толықтырулар мынадай тәртіпте жүргізіледі деп келісті: толықтырулар мен өзгертулерді бір ай ішінде жүргізілетін өзара кеңес берулер негізінде Жұмыс беруші мен Кәсіподақ ұйымымен талқылайды және қабылдайды. Жаңа Ұжымдық шарттың жобасын әзірлеу бойынша ұжымдық келіссөздер жүргізілген кезеңде осы Ұжымдық шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.

10.3. Жұмыс беруші Ұжымдық шарттың бюджеттен тыс қаражаттың бөлінуін талап ететін тармақтарын орындау мақсатында, жыл сайынғы бюджеттен тыс шығындарды қаржыландыру сметасына Ғылыми Кеңесте бекітілгеннен кейін қолда бар қаражаттар ауқымында тиісті тармақтарды енгізуге міндеттеледі.

10.4. Тараптар Ұжымдық шартәрекет ететін мерзім ішінде жұмыскерлер еңбек және әлеуметтік-экономикалық мәселелер саласында жаңа талаптар қоймайтындығы жайлы және Жұмыс берушіге қысым көрсету ретінде жұмысты тоқтатпайтындығы (ереуілге шықпайтындығы) жайлы келісті. Бұл міндеттемені бұзған жағдайда Жұмыс беруші оған қатысушыларға еңбек тәртіптемесін бұзушылар үшін көзделген шараларды қолдануға құқылы. Жұмыскерлер осы Ұжымдық шарттың талаптарын орындаған жағдайда Жұмыс беруші жаппай жұмыстан босату шарасын қолданбауға міндеттеледі.

10.5. Осы Ұжымдық шарттың орындалуын екі тарап та бақылайды. Тараптар Ұжымдық шарттың орындалуы туралы жыл сайын есеп береді.

1 қосымша



Құндылықтарды сақтаумен, өңдеумен және жөнелтумен байланысты,

толық жеке немесе ұжымдық материалдық жауапкершілік туралы

жазбаша шарттар жасалатын

лауазымдардың тізілімі

Лауазымы

Әдіскер

Инженер

Зертханашы

Ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі

Референт

Өндірістік білім беру шебері

Студенттік тамақтану комбинатының директоры

Комендант

Маман

Инспектор

Қауіпсіздік қызметінің басшысы

Зертхана меңгерушісі

«Техсервис» ОӨЦ меңгерушісі

Техник

Дыбыс режиссері

Бас маман

Бас инспектор

Жөндеу шебері

Виварий меңгерушісі

Жатақхана меңгерушісі

Университет мұражайының меңгерушісі

Баспашы

Есепші-кассир

Автопарк басшысы

Жөндеу-пайдалану қызметінің басшысы

Желілік әкімшіліктеу секторының инженері

Спорттық-сауықтыру кешенінің меңгерушісі

Инженер-жылу технигі

Учаскелік медбике

Іс жүргізуші

Қойма меңгерушісі

Жаңа технологияларды енгізу жөніндегі әкімші

Кастелянша

Баспасөз хатшысы

Әкімшілік-шаруашылық қызметтің басшысы

Оқу-өндірістік шеберханаларының директоры

Аға маман

Оқу базасының басшысы

Буфетші әйел

Шебер

Кондитер

Бас инспектор

Мұрағатшы

Өндіріс меңгерушісі

Аға аспазшы

Дәрігер-тіс дәрігері

ҒЗС зертханасының меңгерушісі

Кітапханашы

Әдістемелік кабинет меңгерушісі

Байланыс инженері

Хатшы

2 қосымша


«А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті» РМК-да

2019-2021 жылдары өткізілетін еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралар




р/с

Іс-шаралардың (жұмыстардың) мазмұны

Мерзімдері

Іс-шара үшін жауапты орындаушылар




1.

Өрт қауіпсіздігін күшейту үшін өрт сөндіргіштермен және өзге өрт сөндіру құралдарымен қамтамасыз ету

Облыстық ТЖД МӨББ белгілеген нормалар бойынша

Хасенов Б.С.




2.

Корпустарда автоматты өрт дабылдамаларын орнату

Тиесілігі бойынша

Хасенов Б.С.




3.

«Мемэнергиясараптама» РМК-да инженер-электршінің ТПЕ және ҚТЕ бойынша білімін тексеру

Жыл сайын

Ихсанов Ж.К.

Осипчук Н.Е.






4.

Бөлімшелерді дәрі қобдишаларымен қамтамасыздандыру

Тиесілігі бойынша

Рахалиева Г.А.




5.

Міндетті медициналық тексерулерден өту

- студенттер,

- қызметкерлер,

- екпелер,

- спорттық жарыстарға қызмет көрсету


Жыл сайын

Осипчук Н.Е.






6.

Сымдардың жерге тұйықталу және кереғарлық контурларын сынау

ҚМУ-ң барлық корпустары мен шеберханалары

Ихсанов Ж.К.




7.

Инженерлік коммуникацияларды қауіпсіздік ережелері талаптарына сәйкестікке келтіру:

- жылыту жүйесін шаю,

- сантехникалық жұмыстар,

- ысырмаларды, бәсеңдеткіш тетіктерді тексеру және ауыстыру



Жеке кесте бойынша

Жұмағалиев Р.К.




8.

Жаңа компьютерлік сыныптарды зерттеу, олардың жұмысына рұқсат алу.

Жұмыс орындарын еңбек ету жағдайы бойынша аттестаттау.



Қажет болған кезде

Қалалық СЭС

Облыстық СЭС

Хасенов Б.С., Жұмағалиев Р.К.






9.

Арнаулы киіммен, арнаулы аяқ киіммен, құрал-сайманмен қамтамасыздандыру

Тиесілігі бойынша

Жұмағалиев Р.К.

Рахалиева Г.А.





10


Корпустар мен қасбеттерді әрлеу және жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде қауіпсіздік техникасын ұстану

Жоспар бойынша

АЭЖ

Жұмағалиев Р.К., Евлентьев В.П.





11


Университеттің барлық бөлімшелері үшін нұсқаулықтарды, журналдарды, нұсқамаларды көбеуту

Жыл сайын



Лата В.В

Хасенов Б.С.






12

Жұмыс орындарын аттестаттау актілерінің негізінде зиянды еңбек жағдайында жұмыс істегені үшін еңбек демалысына қосымша ақылы демалыс күндерін беру

Зиянды еңбек жағдайында жұмыс істелетін және еңбек демалысына қосымша демалыс күндерін беру қарастырылған лауазымдар тізіліміне сәйкес (№203-Ө бұйрығы)

кадрлар бөлімі

Байжанова Г.К

есеп Хасенов Б.С





13

Жылыту, канализация, ыстық сумен қамту жүйелеріне жөндеу жүргізген кезде қауіпсіздік техникасын ұстану

Ішінара, толықтай

Жұмағалиев Р.К., Аралбайулы А.,





14

Төбелерді жөндеген кезде және биіктікте өзге жұмыстарды орындаған кезде қауіпсіздік техникасын ұстану

Кесте бойынша

Жұмағалиев Р.К., Евлентьев В.П.,

Хасенов Б.С.






15

РВУ, жарықтандыру қалқандарын тексеру, шырағдандарды, розеткаларды, сөндіргіштерді, кабельдер мен электр сымдарын ауыстыру сияқты электр техникалық жұмыстарды оырндаған кезде қауіпсіздік техникасын ұстану

Жоспар және өтінімдер бойынша

Ихсанов Ж.К.,

Хасенов Б.С.






16

ҚМУ қызметкерлерін өрт-техникалық минимум бойынша оқытуды өткізу

Тиесілі бойынша,

Жыл сайын



Рахалиева Г.А.,

Хасенов Б.С.

















жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау