Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет99/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   192

бұзушылық жасау салдарынан алынған кірісті (дивидендтердi), ақшаны, бағалы қағаздарды 
қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

 
      әкімшілік құқық бұзушылық жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене отырып, 
жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де 
қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық бұзушылық салдарынан алынған кiрiстi (дивидендтердi), 
ақшаны, бағалы қағаздарды қосымша тәркiлеуге әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Осы бап бойынша жауаптылық «Валюталық реттеу және валюталық бақылау 
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операция 
туралы хабарламаға және валюталық операцияларды тіркеуге, сондай-ақ «Табиғи монополиялар 
және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге 
асырылатын хабарламаларға қолданылмайды.
 
      464-бап. Лицензиялау нормаларын бұзу
 
      1. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген лицензиялау нормаларын бұзу, 
оның iшiнде лицензияланатын қызмет түрлерiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес 
келмеу 

 
      белгілі бір қызмет түріне лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке 
тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе 
коммерциялық емес ұйымдарға – қырық бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
       2. Лицензиаттың лицензия алған кезде көрінеу анық емес ақпарат беруі, сол сияқты 
осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл 
ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік), сондай-ақ лицензияның қолданылуын 
тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін әкімшілік жауаптылыққа әкеп соққан, лицензиялау 
нормаларын бұзушылықтарды жоймау 

 
      белгiлi бiр қызмет түрiне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне үш жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 464-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (01.01.2015 
бастап қолданысқа енгізіледі).
 
      465-бап. Рұқсат берудің тәртiбiн және мерзiмiн бұзу
 
        1. Рұқсат беру мерзiмiн бұзу 

 
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында 
белгiленген тәртiптi бұза отырып рұқсат беру, сол сияқты рұқсат беруден негізсіз бас 
тарту 

 
      лауазымды адамдарға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
       3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

 
      лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      466-бап. Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларды
 
                мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен
 
                өкiлдiктерді есептік тiркеу туралы заңнамасын
 


                бұзу
 
      1. Заңнамада көзделген жағдайларда заңды тұлғаны, оның филиалдары мен өкiлдiктерін 
қайта тiркемей, қызметтi жүзеге асыру 

 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Тiркеушi органға заңды тұлғаның орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы уақтылы 
хабарламау 

 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бес, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – он, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне отыз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      467-бап. Лицензиарға лицензияны және (немесе) лицензияға
 
                қосымшаны қайтармау
 
      Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған күннен 
бастап он жұмыс күні ішінде лицензиаттың лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны 
лицензиарға қайтармауы 

 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға – жиырма, заңды тұлғаларға екі жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      468-бап. Қазақстан Республикасының сәйкестендiру
 
                нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы
 
                заңнамасын бұзу
 
      1. Жария етуге жатпайтын сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерiнде 
қамтылған мәлiметтердi жария ету, сол сияқты Қазақстан Республикасының сәйкестендiру 
нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді:
 
      уәкілетті орган:
 
      1) тіркеуші органдар өтініш берген кезден бастап бір жұмыс күні ішінде 
сәйкестендіру нөмірін қалыптастырмау;
 
      2) тіркеуші мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер өтініш берген 
кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей оларға ақпарат бермеу түрінде жасаған;
 
      тіркеуші орган:
 
      1) уәкілетті органға сәйкестендіру нөмірін қалыптастыру үшін мәліметтерді, осындай 
мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде уақтылы ұсынбау;
 
      2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін 
толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай 
мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
 
      3) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып 
тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай 
мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау түрінде жасаған;
 
      мемлекеттік органдар және өзге де мемлекеттік мекемелер:
 
      1) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері ақпараттық жүйелерінің деректерін 
толықтыру және өзектілік жағдайда ұстау үшін уәкілетті органға Қазақстан Республикасының 
Үкіметі белгілеген мәліметтерді, осындай мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс 
күні ішінде ұсынбау;
 
      2) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен сәйкестендіру нөмірлерін алып 
тастау немесе шартты түрде алып тастау үшін уәкілетті органға мәліметтерді, осындай 
мәліметтер келіп түскен кезден бастап бір жұмыс күні ішінде ұсынбау;
 
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу, рұқсат беру және өзге де 
сипаттағы құжаттарды беру кезінде сәйкестендіру нөмірін ескермеу түрінде жасаған;
 
      банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар:
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау