1) олар жариялайтын мәтіндердің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық
актілерінің эталондық бақылау банкіне сәйкестігіне сараптамадан өтпеген
нормативтiк
құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау;
2) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау
банкіне дәлме-дәл сәйкестікте жарияламау;
3) қолданысқа енгізу күнін көрсетпеу;
4) жарияланатын нормативтік құқықтық актілерге баспасөз басылымының
түсініктемелерімен нормативтік құқықтық актілердің ресми мәтіндерін кейіннен жариялау
түрінде жасалған бұзушылық
–
шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
460-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік
тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу
Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік
тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы»
Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы
–
жеке тұлғаларға – он, заңды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
461-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу
Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу -
ескерту жасауға не бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп
соғады.
462-бап. Мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау
және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына
өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына
кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және
өзге де талаптарды орындамау
1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының
лауазымды адамдарына өз құзыреттерiне сәйкес өздерінің қызметтiк мiндеттерiн орындауына
қажеттi құжаттарды, материалдарды, статистикалық (алғашқы статистикалық
деректерді
қоспағанда) және өзге де мәлiметтердi, қызмет туралы, кiрiстер туралы, энергетикалық
ресурстардың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы туралы, энергетикалық
ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының
көлемі туралы, сақтандыру
жарналарын есептеу және төлеу туралы, атом энергиясын пайдалану туралы ақпаратты беруден
бас тарту, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптамалар
және заңнамада көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту түріндегі
кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не анық емес
ақпарат беру
–
жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер
–
жеке тұлғаларға
–
жеті, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне
–
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
3. Осы Кодекстің 162, 227-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк
бақылау және қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды
адамдары өздерінің құзыретi шегiнде берген заңды талаптарды немесе нұсқамаларды,
ұсынуларды, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау
–
белгілі бір қызмет түріне рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып не қызметті немесе
жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамдарға – он
бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Тексерілетін субъектілердің бақылау және қадағалау органдары анықтаған
бұзушылықтарды жою бойынша қолданылатын шаралар туралы
ақпаратты бермеуі не уақтылы
бермеуі –
жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы Кодекстiң 625-бабының екiншi бөлiгiнде, 626-бабының бiрiншi бөлiгiнде
көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн
(пломбасын) жұлып тастау
–
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес
ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе.
1. Қаржы мониторингі субъектілерін қоспағанда, жеке тұлға қажеттi құжаттарды,
статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердiң
материалдарын, энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен
жарақтандырылуы туралы ақпаратты беруден бас тартқаны үшін
осы баптың бірінші және
екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға жатпайды.
2. Қаржы мониторингі субъектілерін, мемлекеттік кәсіпорындарды, мемлекет
қатысушысы немесе акционері болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді,
акционерлік қоғамдарды, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерді, ұлттық холдингтерді,
ұлттық компанияларды, сондай-ақ еншілес, тәуелді және олармен үлестес болып табылатын
өзге де заңды тұлғаларды қоспағанда,
заңды тұлға қажеттi құжаттарды, статистикалық
(алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және өзге де мәлiметтердiң материалдарын,
энергетикалық ресурстардың, судың есепке алыну аспаптарымен жарақтандырылуы,
энергетикалық ресурстарды, суды тұтынудың және олардың шығындарының көлемдері туралы
ақпаратты беруден бас тартқаны үшін, егер мұндай тұлға энергетикалық ресурстарды жылына
шартты отынның бір мың бес жүз тоннасынан аз көлемге барабар көлемде тұтынатын болса,
осы баптың бірінші және екінші бөліктеріне сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуға
жатпайды.
Ескерту. 462-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015
№ 343-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен
кейін алты ай өткен соң
қолданысқа
енгізіледі).
463-бап. Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама
жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен
айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)
жүзеге асыру
1. Тіркеу, рұқсат беру, хабарлама жіберу мiндеттi болған жағдайларда, тiркеусiз,
рұқсатсыз, сол сияқты хабарлама жібермей кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу,
сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды) жүзеге асыру, егер бұл әрекеттерде қылмыстық
жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса,
–
әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жасау нысаналары және (немесе) құралы тәркiлене
отырып не
онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады, ал лицензиясыз кәсiпкерлiк немесе өзге де қызметпен айналысу әкiмшiлiк құқық