Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет101/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   192

      4) мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген тұлғаға немесе оған 
теңестірілген тұлғаға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне келіп түскен және арнаулы 
мемлекеттік қорға өтеусіз тапсыруға жататын сыйлықтарды;
 
      5) заңнамалық актілерде көзделген өзге де жағдайларда республикалық меншікке өткен 
мүлікті, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік режимінде ресімделген 
тауарлар мен көлік құралдарын;
 
      6) белгіленген тәртіппен қараусыз қалған деп танылған мүлікті;
 
      7) мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке өткен мүлікті, оның ішінде иесіз мұраны;
 
       8) олжаларды; 
 
       9) қараусыз қалған жануарларды уәкiлеттi органға толық және (немесе) уақтылы 
бермеу, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, 

 
      жеке тұлғаларға – сегiз, лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға қырық бес 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне келіп түскен мүлiктi есепке алу, 
сақтау, бағалау және өткізу тәртiбiн:
 
      1) мемлекеттің меншік құқығының туындағанын куәландыратын құжаттардың сақталуын 
қамтамасыз етпеу;
 
      2) аукционды ұйымдастырушыны аукциондарды ұйымдастыру мен өткізу жөніндегі 
қызметтер көрсетуді мемлекеттік сатып алу арқылы таңдамау;
 
      3) ең төмен баға бойынша өткізілмеген мүлікті жоймау;
 
      4) осындай мүлікті өткізуден түскен сомаларды мемлекеттік бюджетке уақтылы 
аудармау түрінде жасалған сақтамау -
 
      лауазымды адамдарға – он бес, заңды тұлғаларға қырық бес айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      473-бап. Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi жария ету
 
      Салық құпиясын құрайтын мәлiметтердi Қазақстан Республикасының салық заңнамасында 
белгіленген тәртіппен өздеріне мұндай мәліметтер туралы белгілі болған тұлғалардың 
кәсіптік немесе қызметтік қажеттіліксіз жария етуі 

 
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      474-бап. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың
 
                (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке төленетін
 
                басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алмай, сол
 
                сияқты мұндай төлемдi растайтын құжаттар алмай
 
                тұрып, белгiлi бiр әрекеттердi жүзеге асыруы
 
        1. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) салықтарды және бюджетке 
төленетін басқа да мiндеттi төлемдердi өндiрiп алмай, Қазақстан Республикасының 
заңнамасында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы 

 
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
       2. Мемлекет уәкiлеттiк берген органдардың (ұйымдардың) растайтын құжатты алу 
заңнамалық актiлерде көзделген жағдайларда, салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да 
мiндеттi төлемдердiң төленгенiн растайтын құжатты алмай тұрып, Қазақстан Республикасының 
заңнамасында көзделген заңдық мәнi бар әрекеттердi жүзеге асыруы 

 
      лауазымды адамдарға отыз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
       3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза 
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

 
      лауазымды адамдарға жетпiс айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      475-бап. Салық есебiне қоюдан бас тарту немесе салық
 
                есебiне қою мерзiмдерiн бұзу
 


      1. Салық төлеушiнi тiркеу есебiне немесе салық төлеушiнi қосылған құн салығына 
салық төлеушi ретiнде есепке қоюдан бас тарту, сол сияқты мемлекеттік кіріс органы 
лауазымды адамының салық заңнамасында белгiленген мұндай тiркеу (есепке алу) мерзiмдерiн 
бұзуы 

 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

 
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      476-бап. Төтенше жағдай режимiн бұзу
 
      Төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттiк орган белгiлеген режимдi 
бұзу немесе талаптарды орындамау, сондай-ақ жергілікті жер комендантының заңды 
бұйрықтары мен өкімдерін:
 
       1) келу мен кетудiң ерекше режимi; 
 
      2) белгiлi бiр жеке тұлғалар үшiн белгiленген мерзiмге белгiлi бiр жерден, өзiнiң 
пәтерiнен (үйiнен) кетуге тыйым салу;
 
      3) жиналыстар, митингiлер, шерулер және демонстрациялар,  сондай-ақ ойын-сауық, 
спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салу;
 
      4) ереуiлдер өткiзуге тыйым салу;
 
      5) қарумен, күштi әсер ететiн химиялық және улы заттармен, сондай-ақ алкогольдік 
iшiмдiктермен және құрамында спирт бар заттармен сауданы шектеу немесе оған тыйым салу;
 
      6) карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемияға қарсы iс-шараларды 
өткiзу;
 
      7) көбейту техникасын, сондай-ақ радио- және теле хабар тарату аппаратурасын, 
аудио- және бейнежазу техникасын пайдалануға шектеу қою немесе тыйым салу; дыбыс 
күшейткiш техникалық құралдарды алып қою туралы нұсқамалар; бұқаралық ақпарат құралдарын 
бақылауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар;
 
      8) байланысты пайдаланудың ерекше қағидалары;
 
      9) көлiк құралдарының жүруін шектеу және оларды жете тексеруден өткiзу;
 
       10) коменданттық сағат кезінде жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын арнайы 
берiлген рұқсаттарсыз және құжаттарсыз көшелерде немесе өзге де қоғамдық орындарда 
жүруiне не жеке басын куәландыратын құжаттарсыз өз үйiнен тыс жерде болуына тыйым салу 
бөліктерінде орындамау, егер бұл әрекеттерде (әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-
әрекет белгілері болмаса, 

 
      ескерту жасауға немесе он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он 
бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      477-бап. Терроризмге қарсы операция жүргізу
 
                аймағында құқықтық режимді бұзу
 
      Терроризмге қарсы операцияның жариялануына байланысты белгіленген құқықтық режимді 
бұзу немесе талаптарды:
 
      1) келу мен кетудің ерекше режимі;
 
      2) жеке тұлғалардың жергілікті жердің жекелеген учаскелерінде және объектілерде 
жүруіне тыйым салу, сондай-ақ көлік құралдарын сүйреп әкетуге кедергі келтіру;
 
      2-1) бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің жедел штаб басшысының рұқсатынсыз 
терроризмге қарсы операция жүргізу аймағында болуы және олардың дыбысжазуды, фото- және 
бейнетүсіруді жүзеге асыруы;
 
      3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеруге, жеке басын жете 
тексеруді және жеке тұлғаның жанындағы заттарды жете тексеруді, көлік құралдарын жете 
тексеруді жүргізуге кедергі келтіру;
 
      4) байланысты пайдаланудың ерекше қағидаларын;
 
      5) егер кешеуілдеу адамдардың өміріне немесе денсаулығына нақты қатер төндіруі 
мүмкін болса, жедел медициналық жәрдемді қажет ететін адамдарды емдеу мекемелеріне 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау