Сауда платформасын орнатуға арналған нұсқаулық
Стационарлық компьютерге арналған нұсқа
1.
Қосымшаны орнату
«Цесна Капитал Сауда платформасының» стационарлық компьютерге арналған
Silverlight
нұсқасын www.tscapital kz сайтында орнату үшін
Silverlight
нұсқасын орнатуды
басу
қажет (Internet Explorer браузерін пайдалану ұсынылады)
.
Экранның ортасында Қосымшаны жүктеу индикаторы пайда болады. 100% белгіге
жеткен соң тінтуірдің оң батырмасын басып (индикатордың тұсында), құрылғының
контекстік мәзірін шақыру керек, онда тінтуірдің сол жақ батырмасын баса отырып, «Осы
компьютерге Цесна Сауда тұғырнамасын орнату...» тармағын таңдау керек.
Қосымшаны орнатар алдында оның шын мәніндегі баспагері «Цесна Капитал» АҚ
екенін білдіретін жүйелік ескерту терезесі ашылады. Орнатуды жалғастыру үшін «Орнату»
батырмасын басу керек. Орнатудың қосымша параметрлерін белгілеуге болады, олар
әдепкі қалпы бойынша, жұмыс үстелінде және «Іске қосу» панелінде Қосымша
таңбашасын жасауды ұсынады.
Қосымша орнатылғаннан кейін автоматты түрде іске қосылады. Қосымшаның одан
кейінгі іске қосылуы стандартты бағдарламаларда сияқты, айталық, жұмыстық үстеліндегі
таңбашаны шақыру арқылы жүзеге асырылады.
2.
Клиентті сәйкестендіру
Қосымшаны іске қосқан кезде клиенттің тіркеу деректерін (логин мен пароль)
енгізуге арналған нысан ашылады.
Пайдаланушы логин мен парольді енгізгеннен кейін Қосымша авторланған клиентті
қалайда анықтайды.
3.
Сауда платформасының негізгі терезесі
Қосымшаның негізгі терезесі екі бөлікке бөлінген: мәзір панелі және жұмыс бөлігі.
Жұмыс бөлігінде пайдаланушы терезені ашып, оларды өз қалауы бойынша орналастыра
алады, кейіннен жұмыс істеу кезінде бұл терезелердің орналасуын қалпына келтіру
мүмкіндігіне ие болу үшін олардың орналасуын баптап, сақтай алады. Ол үшін мәзірдің оң
жақ бұрышындағы тиісті
белгішесін басып шақыратын «Терезелермен жұмыс» бөлімін
пайдалану керек. Терезенің оң жақ төменгі бұрышында тінтуірдің сол жақ батырмасын
басып және тінтуірмен тиісті жаққа ауыстыра отырып, терезенің көлемін өзгертуге болады.
4.
Құралдар тізімін баптау
Клиент өз қалауы бойынша «Акциялар» және «Облигациялар» бөлімдерін ашу
кезінде пайда болатын өзінің дербес құралдар тізімін қалыптастыра алады. Ол үшін мәзір
панелінің оң жақ бұрышында орналасқан «Құралдар тізімін баптау»
белгішесін
басқаннан кейін «Акциялар тізімін баптау» немесе «Облигациялар тізімін баптау» бөлімін
таңдау керек. Экранда құралдар тізімі көрсетілген нысан пайда болады. Тиісті тикердің
қасына қанат белгісін қою/алып тастау жеткілікті болады. Сонымен бірге клиент тикерге
әріптік кіруді немесе «Сүзгі» өрісіне құрал атауын енгізу арқылы көрсетілетін тізімді
пайдалана алады. Сауда платформасы Клиент жүзеге асырған барлық баптауды арнайы
кестеде сақтайды.
Кестеге KASE-де саудаға қойылатын құралдардың (акциялар/облигациялар)
ағымдағы баға белгіленімі жөніндегі ақпарат кіреді. Ақпарат Терминалдан кестеге
жүктеледі және әрбір 15 секунд сайын жаңартылады. Баға көрсеткіштері бар
бағаналардағы мәндер өзгерген кезде аталған ұяшықтардың аясы басқа түске боялады
(
баға төмендеген жағдайда - қызыл, көтерілген кезде – жасыл).
5.
Контекстік мәзірді шақыру
Бөлімдердегі рұқсат етілген операцияларды шақыру үшін тінтуірдің оң батырмасын
басу арқылы шақырылатын контекстік мәзір пайдаланылады.
Мысалы, акциялар тізімімен жұмыс істеу үшін тінтуірдің оң жақ батырмасын
басқанда, құралдар орналасқан жолда контекстік мәзір пайда болады.
«Баға белгілеу стақаны» тармағын таңдаған кезде экранның тиісті бөлігінде биржа
мүшелері таңдалған қаржы құралдарын (акциялар/облигациялар) сатып алуға/сатуға
шыңғарған барлық (қазіргі уақытта қолданылатын) тапсырыстар туралы жиынтық ақпарат
пайда болады. Саудаға қойылған акциялардың/облигациялардың барлық бағалары және
саны туралы ақпарат көрсетіледі.
«Кесте» тармағын таңдаған кезде белгіленген уақыт кезеңіндегі құрал құнының
өзгеру кестесі жеке терезеде көрсетіледі. Кесте кезеңін түсетін тізімнен таңдауға болады.
Бұл ретте,ашуға болатын кестесі бар терезелердің саны шектелмейді.
6.
Бағалы қағаздарды сатып алуға/сатуға тапсырыс беру
Клиент бағалы қағаздарды сатып алу/сату үшін клиенттік тапсырыс
қалыптастырады. Мәселен, сатып алу кезінде контекстік мәзірден (тінтуірдің оң
батырмасын басу арқылы шақырылады) таңдалған құралы бар жолда құралдар тізімінен
«Сатып алу» тармағы таңдалады.
Сол сияқты, сату кезінде контекстік мәзірден (тінтуірдің оң батырмасын басу
арқылы шақырылады) таңдалған құралы бар жолда құралдар тізімінен «Менің
құралдарым» бөлімінен «Сату» тармағы таңдалады.
Содан соң пайда болған алдын ала нысанында клиент тапсырыс параметрлерін
(бағасын, санын және қолданылу мерзімін) көрсету керек. Бұл ретте, әдепкі қалпы
бойынша, тапсырысты қолдану мерзімі ағымдағы күнтізбелік күннің соңына дейін
белгіленеді. Тапсырыстың болжанып отырған жалпы сомасы бір құралдың бағасын сатып
алынатын/сатылатын құралдардың санына көбейту арқылы есептеп шығарылады.
Клиент аталған параметрлерді толтырып, «ОК» батырмасын басқаннан кейін
Сауда платформасы клиенттік тапсырыстың соңғы нысанын қалыптастырып, экранға
шығарады. Клиент тапсырыстың дұрыстығын тексеріп, «ОК» батырмасын басу қажет.
Қалыптасқан клиенттік тапсырысқа қол қою үшін пайда болған экрандық нысанда
«Файлдық сертификатты таңдау» батырмасын басып, содан кейін Windows
тасымалдаушының ашылған терезесінен өзіңіздің ЭЦҚ кілтінің файлын табу қажет (жеке
тұлғалар үшін – RSA, заңды тұлғалар үшін GOST атауымен басталатын файл
пайдаланылады).
Файлды таңдаған кезде басты контейнерге кіру паролін енгізу қажет:
Клиент тапсырысты/бұйрықты растағаннан кейін Сауда платформасы берілген
құжатқа тексеру жүргізіп, содан кейін Қосымша клиентке тексеру нәтижелері көрсетілген
хабарламаны экранға шығарып береді.
7.
Клиенттік тапсырыстар/бұйрықтар тізімі
«Бұйрықтар» бөлімінде белгіленген уақыт кезеңіндегі клиенттің барлық
тапсырыстарының/бұйрықтарының тізімі ашылады.
8.
Тапсырыстардың/бұйрықтардың күшін жоюға бұйрық беру
Бағалы
қағаздарды
сатып
алуға
немесе
сатуға
бұрын
берілген
тапсырыстың/бұйрықтың күшін жою үшін клиент күшін жоюға арналған тиісті бұйрықты
қалыптастырады. Ол үшін контекстік мәзірдің (тінтуірдің оң батырмасын басу арқылы
шақырылады) тиісті жолынан тапсырыстар/бұйрықтар тізімінен «Бұйрықтың күшін жою»
тармағы таңдалады, содан кейін Қосымша бұйрықтың толтырылған нысанын экранға
шығарады. Бұйрыққа қол қою бойынша кейінгі әрекеттер сатып алуға/сатуға клиенттік
тапсырыс беру кезіндегі әрекеттерге ұқсас болады (Бағалы қағаздарды сатып
алуға/сатуға тапсырыс беру бөлімін қараңыз).
9.
Ақшаны аударуға бұйрық беру
Ақшаны өзінің банктік шотына аудару үшін «Портфель» бөлімін ашып, содан кейін
контекстік мәзірдің (тінтуірдің оң батырмасын басу арқылы шақырылады) ақша
жайғасымы көрсетілген жолдағы «Менің ақшаларым» кіші бөлімінде «Ақшаны аударуға
тапсырма» тармағын таңдау керек.
Ашылған нысанда банктік деректемелерді
және аударылатын соманы толтыру қажет.
Бұйрыққа (тапсырмаға) қол қою процесі
клиенттік тапсырысқа қол қою процесіне
ұқсас болады (Бағалы қағаздарды сатып
алуға/сатуға тапсырыс беру бөлімін
қараңыз).
10.
Клиент мәмілелерінің тізімі
«Мәмілелер» бөлімінде клиенттің белгіленген уақыт кезеңіндегі барлық мәмілелері
туралы ақпарат көрсетілген тізім ашылады.
11.
Клиенттің паролін өзгерту
Өзіңіздің пароліңізді өзгерту үшін мәзір панелінің оң бұрышында орналасқан
«Парольді ауыстыру» батырмасын басу қажет.
Ашылған нысанның тиісті өрістерінде клиент ескі парольді, сондай-ақ жаңа
парольді (екі рет) көрсету керек. Дұрыс мәндер енгізілген жағдайда Қосымша «Пароль
сәтті өзгертілді» деген хабарды экранға шығарады. Олай болмаған жағдайда экранға
мәтіннің қатесі көрсетілген хабарлама шығарылады.
Барлық мәселелер бойынша мына телефондар арқылы хабарласуыңызды
сұраймыз: (7172) 767-443, 767-441.
Достарыңызбен бөлісу: |