Орда ауылдық кітапханасы



жүктеу 142,7 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі142,7 Kb.
#5346

Орда ауылдық кітапханасы
Бөкей Ордасында алғашқы кітапхана ашылмастан бұрын Жәңгірдің кітап қорында аса бай жеке кітапханасы болған. Оның кітап қорынан тіптен көне қол жазбаларды кездестіруге болатын көрінеді. Астрахань генерал-майор Ладыженскийдің келтіруі бойынша Жәңгірдің кітапханасынан келесі кітаптарды кездестіруге болады: 212 сан түрлі шығыс түріндегі кітаптар, 35 орыс тіліндегі кітаптар, «Бірінші Петр тарихын » 4 томы, «Энциклопедиялық лексиканың» 15 томы, «Заң жинақтарынаң» 16 томы 1829 және 1841 жылдарғы Ресей империясының екі атласы және т .б. Ол орыс мемлекетінің көптеген баспаларына жазылып отырған. Соның ішінде орыстың «Северная пчела» және «Библиотека для чтнеия» атты мерзімдік басылымдарыда бар. Бұған қоса Жәңгір Қазан университетеінің директоры Фукспен жақсы таныс болған. 1826жылы жазда Жәңгір хан жұбайы Фатимамен бірге Николай І патшаның таққа отыру салтанатына барады. Қайтар жолында Жәңгір хан Қазан қаласына соғып, онда профессор Фукспен кездеседі. Қазан университетімен, оның кітапханасымен танысып, өз қол астындағы қазақ балаларын осы оқу орнында оқыту жөнінде әңгіме қозғайды. Университеттегі кітаптар қорын толықтырудағы қосқан үлесі үшін 1844 жылы Жәңгір осы университетінің құрметті мүшесі болып сайланды. Ол сыйға тартылғандардың ішінен мына кітаптарды анықтап жазады. Парсы тіліндегі Мырза Хайдардың «761-951 ж.ж. Монғол халықтарының тарихы» атты Мюстуфи атымен әйгілі Мұхаммед пен Ахметтің парсы тіліндегі шығармасы «Ғылым ой- толғаулар кітабы» атты түркі тіліндегі тарихи- философиялық шығарма. Бұған қоса Жәңгір хан барлық мұсылман мектептерінде классикалық шығырма ретінде танылған «Мюхтесерюль винамет» атты араб қол жазбасының шығарылуына жұмсалған бар материалдық шығынын өз қаржысымен жапқан. 1888 жылы жеке қаржы көздеріне Ордада екінші кітапхана ашылады да, бұл салтанатты түрде кітапхананың алғаш ашылуы болып бекітіледі. Музей қорындағы тарихи деректерге көз жүгіртер болсақ 1891 жылдың 1 қаңтарында Уақытша Кеңестің тұсындағы кітапханада 592 томдық 227 шығарма болған. 1895 жылы 62 томдық 7 шығарма толықтырылған және 1896 жылдың 1 қаңтарында бұл көрсетілген 654 томдық 234 шығармаға жетті.1894 жылы 9 мерзімді басылымға жазылады, оның ішінде 5 журнал бар. Кейбір басылымдардың аттары мынадай; «Новое время», «Русь», «Врач», «Родина», т.б. Бұл басылымдар мен кітаптар қоры өз уақытында қажетті және жеткілікті болатын. Сол кезден бастап кітапхана-баспа өнімдерін пайдалану ісін ұйымдастырып, оқырмандарға мәдени- ағарту және ғылыми бағытта көмек көрсететін мекеме болады.

Бөкей ордасында ғылым, білімді игеру Жәңгір ханның бастамасымен қолға алынған архив құжаттары дәлелдей алады. Хан Жәңгірдің өзінде де мол кітап қоры болған. 1826 жылдан Қазан университетімен, оның оқытушы- профессорларымен тығыз байланыс, достық қарым-қатынас жасап тұрған. Жәңгір сол университеттің кітапханасына сан түрлі құнды кітаптарды аударыпты. Университеттің ординаторлық профессоры, кітапханашы К.Фогтың айтуынша, 1844 және 1845 –жылдары Жәңгір араб, парсы, түрік тілдерінде жалпы құны 598 күміс теңге тұратын алты қолжазбаны кітапханаға сыйға тартқан. Олардың ішінде аса құнды Нефисбен –аваз Әл Хәкімнің медициналық шығармасы, Әл-Казбиннің 735-ші жылғы тарихи гюзиді, 1803 –жылы жазылған Эд Уссияры Жәлел Ад-Дин Румияның Эд жыры болатын. Университеттің ғылыми базасын нығайтуға қосқан осы еңбегі үшін Жәңгір 1844–жылғы 29-мамырда университеттің Ғылыми Кеңесінің құрметті мүшелігіне сайланады.

Енді хан ордасында алғашқы кітапхана қашан, қай кезеңде пайда болды деген сұраққа жауап іздеп көрелік. 1862-жылы Бөкей Ордасын басқару жөніндегі уақытша Кеңестің төрағасы полковник К.И.Герн Орынбор генерал-губернаторының атына өтініш жолдап, Ордада кітапхана ашу қажеттілігі туындап отырғанын баяндады.

Орынбор және Самара генерал-губернаторы Безак оның бұл өтінішін қанағаттандырып, Ордадағы қазақ мектептерінің жанынан кітапхана ашу жөнінде сол жылдан бастап рұқсат етеді. Кітапханаға қажетті-кітаптарды сатып алу үшін бір жылға 100 сом бөлініп отырған. Осы қаржының 75 сомына көркем әдебиет, ал қалған 25 сомына діни кітаптар сатып алынған.

1879 жылы Бөкей Ордасының мектебі Уақытша Кеңестің қарамағынан алынып, Оқу министрлігінің қарауына беріледі. Оны басқаруға арнайы, оқу инспекторы тағайындалады. Соған орай мектеп жанындағы кітапхана Уақытша Кеңес тарапынан көркем әдебиеттерді сатып алуға бөлініп отырған 75 сом ақша тоқталып қалады. Тек діни басқарма тарапынан діни кітаптарға ғана 25 сом ақша төленіп тұрады. (Ив. Сем. Иванов. «Внутренняя Киргизская Орда». Памятная книжка Астр. Губерний. стр-68, 189 г.)

Бұдан соң тек 1888 –жылы ғана жеке адамдардың жинаған қаражаты мен Уақытша Кеңестің жанынан жаңа кітапхана ұйымдастырылды. Бұл кітапхана 1888 –жылдан 1890 жылға дейін жеке адамдардың қаражаты арқылы өмір сүреді. Ал 1890 жылдан бастап Ішкі істер министрлігі тарапынан кітапханаға кітаптармен мерзімдік басылымдарды жаздыртып алуға 75 сом ақша бөліне бастаған. 1839- жылдың 1-қаңтарына дейінгі мерзімде кітапхана қорында 80-томдық 51 шығармалар жинаға болса, сол жылы тағы 163 томдық 84 шығармалар жинағы қосылған. Бұған қоса 31 дана журнал болған. Кітапхананың алғашқы құрылған күніне 1889 –жылдың 1-қаңтарына дейінгі аралықта кітапхана кассасына 261 сом 85 тиын аұша түскен екен. Оның 185 сом 46 тиыны кітап сатып алуға, 24 сом 66 тиын кітап түптеуге жұмсалыпты. Соның нәтижесінде 1890 жылдың 1 қаңтарында кітапхана кассасында

51 сом 73 тиын қалған.

Сол кезде кітапхана қорында мына төмендегідей кітаптар болған:

Золя «Наслаждение жизнью» (құны 1 сом 50 тиын)

1.Кольцов «Өлеңдер жинағы» (құны 20 тиын)

2 .Шекспир 5 томдық шығармалар жинағы (құны 1 сом 20 тиын)

3.Данилевский «Старина» (құны 25 тиын)

4.Бальзак «Евгений Гранде» (құны 1 сом)

5.Гюго «Собор парижской богоматери» (құны 3 сом)

6.Доде «Сафо» (құны 1 сом)

7.Диккенс «Ликквинский клуб» (құны 3 сом 51 тиын)

8.Ершов «Конек –Горбунок» ертегі (құны 40 тиын)

9.Шевченко «Кобзырь» (құны 1 сом 25 тиын)

10.Костоморов «Кудеяр» тарихи хроника (құны 2 сом)

(КР.О, А.ф -78, Оп-2, 5122-іс, 26 бет)

Кітапхана 1889 –жылдан бастап 22 журналды, 46 апалық басылымды және аптасына екі рет жарық көретін 13 басылым мен 16 күнделікті шығатын газетті жаздырып алып тұрған. Осылайша, 1888 жылы-Ордадағы тұңғыш кітапханың ашылған мерзімі болып тарихқа енді. Осы өңірде дүниеге келген небір таланттар мен дарындар,батырлар мен ғалымдар жалпы қазақ халқы тарихында, оның ішінде Бөкей ордасы тарихында лайықты орын алып, тарихи тұлғаларға айналып, бетке ұстар мақтанышымыз болып саналады. Топырағы қасиетті, суы бал, ауасы жұпар, желі жібек, жайқалған жасыл орманды Нарын құмы – Орда өңірі ежелден қазақ жерінің құт қоныстарының бірі. Орданың тарихы тым тереңде жатыр. Өз тарихын барша халыққа, көрші елдерге мақтан тұтып айтарлықтай мұражайын көз қарашығындай сақтап, оны қамқорлыққа алып отырған жер- осы Орда.
Тамырын тарих тереңіне жіберген осы кітапхана1952 жылға дейін Орда аудандық кітапханасы, 1964 жылдан бастап Орда ауылдық кітапханасы деп аталып, осынау тарихы бай, шежірелі өлкені білім мен мәдениеттің нәрімен сусындатып келеді. Ең алғаш кітапханашы болып Сисенғалиев Қаби жұмыс жасады.

Бөкей Ордасындай тарихи өлкенің топырағында кітап атты рухани мұраны жинақтап, сақтап, өз оқырмандарының ақпараттық сұранысына талғам-талабына сәйкес жұмыс атқарып жүрген Орда ауылдық кітапханасының кітапханашысы Хамитова Райхан.



Хамитова Райхан Ақтөбе мәдени-ағарту училищесін тәмәмдап, 1975 жылы өзі таңдап кітапханашы мамандығы бойынша жұмысқа орналасқан. Сол кезде кітапхананың кітап қоры 9500 дана, 400 оқырманы болған.

1976 жылы Орда да Совет өкіметін орнатушы А.Тәжетдинов пен және 30-жылдары колхоз құрушы ардагерлер У.Сахипов, С.Ермуханбетов, Ұлы Отан Соғысының ардагерлері О.Ділмашев, Ш.Сиранов, К.Садықов аталармен үлкен көлемде кездесу кешін өткізді.

1977 жылы жастар күні қарсаңында «Отаным менің –СССР», «Мен таңдаған жол» тақырыбында диспут өткізді.1980 жылы В.И.Лениннің туғанына 110 жыл толуы қарсаңында В.И.Ленин шығармаларын және ол туралы әдебиеттерді кеңінен насихаттау мақсатында Орда селолық кітапханасының меңгерушісі Хамитова «Ленин өсиетін орындайық» -атты оқу өткізгенде көсеміміз туралы естеліктерді, әдебиеттерді кеңінен пайдаланды, «Ленин ғажайып жан еді» - деген Лениннің замандастарының әсерлі де шынайы әңгімелеріне құрылған, Алматы «Қазақстан»баспасынан шығарылған естелікті талқылады. Қазақстан Компариясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Д.А.Қонаев жолдастың «Советтік Қазақстан» атты кітабына оқырмандар конференциясын өткізді.

Мектеп бітірушілермен «Қандай мамандықты қалайсың» деген тақырыпта кездесу кешін өткізіп, «Мектебіміз 140 жаста» кітап көрмесін шығарып шолу жасады. Кітапханада «Партия жоспары–халық жоспары», «Халықтың игілігі үшін», «Сен таңдар мамандық» деген тақырыпта стенділер ұйымдастырылған. «Сталинград шайқасына - 40 жыл», «Орал қаласына-370 жыл» деген тақырыптағы көрмелер ұйымдастырылып, қазақтың белгілі ақын Т.Жароковтың туғанына 75 жыл толуына арналған әдеби кеш өткізілген.

Орда кітапханасында 1984 жылы қазақ совет әдебиетінің классиктері Сәкен Сейфуллиннің, Ілияс Жансүгіровтың, Бейімбет Майлиннің 90 жылдығына байланысты кітап көрмелері әдеби және тақырыптық кеш өткізілді. Жаңадан түскен әдебиеттерден «Жаңа кітаптар» тақырыбында тұрақты кітап көрмесін ұйымдастырылып, библиографиялық шолу өткізіп тұрды. 1983 жылы облыстық пленумға Р.Хамитова делегат болып қатысты.

Р.Хамитова бала күтімімен отырған кезде уақытша орнына Әліпқалиева Қама жұмыс жасады.


Аудандық кітапхана да өткен семинар кеңестерге де қатысып отырды.

Кітапхана қызметін жан-жақты дамыту, оны жаңа биіктерге көтеру- қазіргі заман ағымы, уақыт талабы десек, осы жұмысты 33 жыл табан аудармай еңбек етіп отырған меңгеруші Райхан Хамитова және жас маман Абулхайрова Нұрлы абыроймен атқарып келеді.


Кітапхананың көптеген келелі міндеттерінің бірі: өлкетану жұмыстарын жетілдіру. Орда жерінің бай тарихын насихаттауда, сан ғасырлық бай мәдени мұрасын, оның қасиетін ұрпаққа танытуда кітапханада «Атамұра бағдарламасының жалғасы», «Ата баба дәстүрін сақтау», «Кітапханадағы библиографиялық ресурстар», «Экология –ел амандығы » деп аталатын үш жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Бұл жобалардың мақсаты: Өлкеміздің мәдени мұрасын сақтау, жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеу,олардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, экологиялық сауатын ашу, ұлт мәдениеті мен дәстүріне құрметпен қарауға баулу, осы бағытта насихат жұмысын жүргізу, библиографиялық жұмыстың заман талабына сай жаңаша қызмет түрлерін Интернет жүйесіне енгізу, КАБИС катализатор бағдарламасымен жұмыс жасау, электронды каталог құру, тұрғындардың ақпаратқа деген сұранысын уақтылы және нақты қамтамасыз ету, кітап қорын толықтыру, анықтама-библиографиялық жұмысты ұйымдастыру.

2006 жылдан бастап кітапхана «Атамұра» бағдарламасымен жұмыстануда.


Атамұра” кітапханалық жоба
Жобаныңмақсаты:

  • өлкеніңтарихынзерттеу, танып-білугеықпалету, кітапханалық – ақпараттыққызметкөрсету;

  • оқырмандардыңақпараттықмәдениетініңқалыптасуынаықпалету;

  • өлкеніңтарихитанымымензердесінқалыптастыру өз өлкесініңтарихына, туғанөлкегедегенмақтанышсезімінтәрбиелеу.


Жобаныңміндеті:

Жобаныңмақсатынжүзегеасыруүшінкітапханағатөмендегідейміндеттержүктеледі:

-   барлық сала бойыншакітапқорынжаңаәдебиеттерментолықтыру;

  • кітапқорында бар әдебиеттердіоқырмандарназарынаұсынуүшінжүйелікітапкөрмелерінұйымдастыру;

  •  оқырмандардың тарихизердесіментанымынқалыптастыруғабағытталғанмәдени-көпшілікшараларөткізу;

  • кітапханалықтехникалықжабдықталуыменэстетикалықталғамғасайбезендірілуі;

  • жобаныжарнамалау.


Жобаныңмазмұны:

Ұсынылыпотырғанжобадағы ең негізгімәселе:


- кітапқорыныңсапалыққұрамынтолықтыру. Бүгінгітаңда 14085 дана кітапқорының 7214 данасықазақтілінде. Кітапқорынжаңарту, толықтыру - жобаныңбастымақсаты. Кітапқорыныңжан-жақты, барлық білім саласыбойыншажүйелітүрдетолықтырылуыұсыныладыжәнемерзімдібасылымдарғажазылумәселесіқолғаалынды.

Жобаныңқаржыландырылуы:

Атамұра” кітапханалықжобасынжүзегеасыруүшін 300,0 мыңтеңгеқаржықажет. Оныңорындалуы 3 жыл мерзімге,



2006 жылда 2008 жылғадейінқарастырылғанЖобанықаржыландырылуытөмендегідей
есеппенжүргізіледі:
1. Кітап қорынтарихи-танымдық
әдебиетпентолықтыру -150,0 мыңтеңге.
- әдебиеттер алуға - 120,0 мыңтеңге,
- тарихи-танымдық мерзімдік
басылымдарға – 30,0 мыңтеңге.
2.     Техникалыққұрал–жабдықтаралу, эстетикалық
талғамғасайбезендіружұмыстарына – 145,0 мыңтеңге.
Кеңсетауарларыналуға – 5,0 мыңтеңге.

Атамұра” бағдарламасынжүзегеасырудыңнегізгібағыттары



2006 жылы Орда ауылдық кітапханасында облыстық деңгейде өткізілген семинар-кеңесте осы жоба аясында «Атажұрт» тарихи - танымдық ойыны оздырылған болатын. Қазіргі кезде бұл жоба бойынша «Бабалар мұрасы» клубы жұмыс жасайды. Мақсаты : өлкеміздің тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау, ұлттық жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп жинақтау, бабаларымыздың салт–дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, өлкеге байланысты әдебиеттерді насихаттап, көпшілік шаралар жүргізу болып табылады.

Клуб мүшелерінің бастамасымен кітапханада және мұражайда жерлес академик Хамит Мадановтың туғанына 80 жыл толуына орай «Халқымның қасиетті ұлылары», жерлес Батырлар Мәншүк Мәметова мен Темір Масинге арналған «Ерліктері ешқашан ұмытылмайды» және «Тауқыметті жылдар тағдыры» атты тақырыптық іс- шаралар Шәңгерей Бөкеев туралы «Бөкейден қалған бір тұяқ» атты саяхат кешіне ұласып, «Тарихтан тағлым» атты ауызша журнал ұйымдастырылды. Сондай –ақ өз өлкеміздің тарихынан сыр шертер көнекөз қариялармен ауылдағы еңбек, соғыс ардагерлерімен, зейнеткер кітапханашылармен кездесу ұйымдастырып отырады.
Қазіргі таңда экология- күн тәртібінде түспей тұрған өзекті мәселе . Жас ұрпақтың бойына адамзаттың аялы бесігі – табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімін ояту мақсатында да «Атамекен » жас экологтар клубы жұмыс жасайды. Экологиялық тәрбие беру бағытындағы клуб мүшелері орман шаруашылығы мекемелерімен, мектептердің өлкетанушыларымен қарым қатынаста жұмыс жасайды.
Орда өңірінің экологиясын, табиғатын танып білуде, атамекенге, туған жерге, Отанға деген перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеуде «Нарын тағдыры –біздің тағдырымыз» атты кітап көрмесін шығарып, әдебиеттерге шолу жасады. «Табиғатты қорғау –болашақты ойлау » атты ауызша журнал , «Кім көрер көз жасыңды қайран Нарын» атты дөңгелек үстел өткізді.

Өлкетанушылық жұмыс бағыттары тек кітап қорын толықтырумен шектелмейді, өлке тарихын зерттеу жұмыстарының басым бағыттары музей, аурухана, мектеп қызметкерлерімен, әкімшілік орындармен жүргізіледі. Қазан айында М. Мәметованың туғанына-85 жыл толуына орай «Мәншүктің өшпес ерлігі» тақырыбында Мәншүк ескерткіші тұсында ауыл тұрғындарымен, әкімшіліктің қатысуымен үлкен шара-тақырыптық кеш өтті. Орда ауылы Жәнгір мектебінің -165 жылдығын облыстық деңгейде атап өтті. Кітапхана « Ұлыдан қалған ұлағат ұясы » атты кітап көрмесін шығарып, шараларға қатысты.

Кітапхана әдістеме- библиографиялық жұмыс жүргізу бағытында

«Тарихтан тағлым» /Орда тарихы туралы және Ш:Бөкеев, С.Бабажанов, А Тәжетдинов туралы/

---«Ерлік ешқашан ұмытылмайды» / М. Мәметова, Т. Масин туралы

---- «Шежірелі жылдар мен сандар»/ Бөкей ордасының тарихи жылнамасы /

---- «Жарқ еткен жасын ғұмыр» /М.Мәметова арналған библиографиялық көрсеткіш / атты әдістемелік құралдар шығарды.

Қазіргі таңда кітапханаға РАБИС бағдарламасы енгізілген Модем алынып, Интернет жүйесі қосылу үстінде.

Орда ауылдық кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімі: оқу залы мен абонименттен тұрады. 2001 жылдан бастап Орда ауылдық кітапханасының меңгерушісі. Өз ісінің шебері кітапхана ісіне өзінің адалдығын еңбегімен дәлелдей білген таңдағы мәдениетін көтеру, елін сүйер ұрпағын тәрбиелеуде де еңбегі ұшаң-теңіз.

Қазіргі заман талабына сай оқырман сұранысын қанағаттандыруда тәжірибесі мол Райхан Хамитова кітапханадағы кітап қорын оқырмандар арасында кеңінен насихаттап, әртүрлі қызықты тақырыптық кештер, тренинг-ойындар, танымдық кештер, оқырмандар конференциясын ұйымдастырып отырады.


Орда ауылдық кітапханасы ауылдық мектеппен, Бөкей ордасы тарихи мұражайының қызметкерлерімен, денсаулық сақтау қызметкерлерімен тығыз байланыс жүргізе отырып, әртүрлі мәдени–көпшілік шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

Орда ауылдық кітапханасы «Атамұра» кітапханалық жобасы бойынша жұмыс жүргізуді қолға алды.



Аудан көлеміндегі ауылдық кітапханалардың мамандарына Райхан Хамитова оларға түрлі кеңестер беріп, практикалық, іс-тәжірибелік көмектер көрсетіп отырады. Ол өз әріптестері алдында зор беделге ие, үнемі өзінің жинақтаған өмірлік, іскерлік іс-тәжірбиесімен бөлісіп отырады.
Орда ауылдық кітапханасы аудандағы үлгі кітапханаға айналып отырғанының басты себебі де Райхан Хамитова өз ісіне деген сүйіспеншілігінің, табысты еңбегінің арқасы. 2008 жылдың мамыр айынан бастап зейнеткерлікке шықты. Бүгінгі күні Орда ауылдық кітапханасының меңгерушілік қызметін Ұ.Дүйсенғалиева, ал кітапханашы қызметін А.Гумарова. атқарып келеді. 2006 жылы шілде айында облыстық кітапхананың қолдауымен Орда ауылдық кітапханасында «Кітапханашы және оқырман: қарым-қатынас негізі» тақырыбында семинар кеңес оздырылды. Бұл семинар кеңеске облыстың барлық аудандарының кітапханашылары, әдіскерлері және директорлары, аудандық кітапхананың кітапханашылары түгелдей қатысты. Осы семинар кеңеске ауыл әкімі Р.Зұлқашев, орман шаруашылығының директоры Т.Саматов демеушілік жасап, «Орда тарихи-мәдени кешенінің» директоры Т.Махимов Орда тарихынан сыр шертер видеофильм көрсетті.

Өлкемізден шыққан жерлес ақын Т.Жароковтың туғанына 100 жыл толуына арнап «Тайыр халқының жүрегінде» кітап көрме ұйымдастырып «Өшпес өмір өлмес жыр» поэзия кешін өткізді. Астана қаласының 10 жылдығына орай «Астананың асқақтығы – мемлекеттің мерейі» кітап көрме, «Астана бас қала» тақырыптық кеш өткізді. Еліміз бойынша өткен «Бір ел бір кітап» акциясына кітапханада М.Әуезовтың «Қилы заман» кітабына оқырмандар конференциясын өткізіп «Әлем таныған Әуезов» кітап көрмесін шығарып әдебиеттеріне шолу жасады.
жүктеу 142,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау