Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет107/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   192

      Ескертпе:
 
      Осы бапта лауазымды адамдар деп әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша 
жинауды жүзеге асыруға тапсырма берген әкімшілік көз басшыларын немесе олардың 
міндеттерін атқарушы адамдарды түсіну керек.
 
      
Ескерту. 503-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015
 № 376-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
     
 
      504-бап. Мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы,
 
                сондай-ақ таратылуы шектеулі қызметтік
 
                ақпаратпен жұмыс істеудегі белгіленген
 
                талаптарды бұзу
 
      1. Мемлекеттiк құпияларға қол жеткізудің немесе жіберудің белгiленген тәртiбiн 
бұзу 

 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Мемлекеттік құпиялармен немесе олардың жеткізгіштерімен жұмыс істеуге 
жіберілген адамдардың құпиялылық режимін қамтамасыз ету бойынша белгіленген талаптарды 
бұзуы, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, 

 
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       3. Құпияландыруға жатпайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз 
құпияландыру, мемлекеттік құпияларға жатқызылмаған мәліметтерді құпияландыру үшін 
құпиялылық белгілерін және өзге де шектеу белгілерін пайдалану, егер бұл әрекеттерде 
қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаса, 

 
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       4. Осы баптың үшiншi бөлiгінде көзделген, заңдылықтың бұзылғандығын жасыру 
мақсатында жасалған әрекеттер 

 
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      5. Мемлекеттік құпиялар туралы заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, 
мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді және олардың жеткізгіштерін негізсіз 
құпиясыздандыру, жеткізгіштерді құпияландыру кезінде оларды құпиясыздандырудың 
белгіленген мерзімдерін бұзу, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттер 
белгілері болмаса, 

 
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       6. Таратылуы шектеулі қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу бойынша белгіленген 
талаптарды оған кәсіптік немесе қызметтік жұмысына байланысты рұқсат берілген адамдардың 
осы мәліметтердің жария етілуіне немесе жоғалуына әкеп соққан бұзуы 

 
      он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      505-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын
 
                абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар
 
                мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін
 
                бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру
 
        1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-
ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және 
бүлдіру 

 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі 
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер 

 
 
      жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


      506-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз кіру
 
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік күзет қызметі, Ұлттық 
қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң органдары 
мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз кіру 

 
      он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он бес тәулікке 
дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      507-бап. Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың
 
                қызметіне кедергі келтіру
 
      Ұлттық алдын алу тетігіне қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің елеулі 
түрде бұзылуына әкеп соққан, олардың заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын 
пайдалана отырып кедергі келтіруі, сол сияқты лауазымды адамның осы қызметке өзінің 
қызмет бабын пайдалана отырып жасалған араласуы 

 
      қырық айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      508-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала
 
                болу барысында өздерiне белгiлi болған адамның
 
                жеке өмiрi туралы мәлiметтердi жария етуi
 
      Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу барысында өздерiне белгiлi 
болған адамның жеке өмiрi туралы мәлiметтердi осы адамның келiсiмiнсiз жария етуi, егер 
бұл әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
 
      жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      509-бап. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын жою
 
      1. Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, жеке құрам бойынша құжаттарды уәкілетті 
органның не облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы 
органының келісімінсіз жою –
 
      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 
қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 
бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 
 
      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
   28-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТIК ШЕКАРА 
РЕЖИМIНIҢ БЕЛГIЛЕНГЕН ТӘРТIБIНЕ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 
АУМАҒЫНДА БОЛУ ТӘРТIБIНЕ ҚОЛ СҰҒАТЫН ӘКIМШIЛIК ҚҰҚЫҚ 
БҰЗУШЫЛЫҚТАР 
      510-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген
 
                жерлерде болу тәртiбiн бұзу
 
      1. Мыналардың:
 
      1) жеке басын куәландыратын құжатсыз Қазақстан Республикасы азаматының;
 
       2) жеке басын куәландыратын құжатсыз және ішкі істер органдары беретін рұқсатсыз 
шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның; 
 
      3) Қазақстан Республикасына жеке басын куәландыратын құжатсыз және Қазақстан 
Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі беретін рұқсатсыз 
оңайлатылған өткізу пункттері арқылы кірген шетелдіктің (іргелес мемлекеттердің 
шекаралас аудандарының тұрғынының) шекара аймағына кiру (өту), онда уақытша болу немесе 
жүрiп-тұру кезінде шекара аймағында шекара режимін бұзуы, сол сияқты шетелдіктің немесе 
азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасынан шығу мақсатында өткізу пунктіне 
халықаралық теміржол және автомобиль жолдары бойынша шекара аймағы арқылы жүруі 
кезіндегі маршрутты өзгертуі –
 
       бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау