6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан айыра отырып, аудиторлық ұйымға екі
жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
246-1-бап. Аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит
жүргізу, квазимемлекеттік сектор
субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу
тәртібін бұзуы
Салықтар бойынша аудиторлық қорытындыны анық емес деп тануға әкеп соғатын
бұзушылықтарды қоспағанда, аудиторлық ұйымның салықтар бойынша аудит, квазимемлекеттік
сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит жүргізу
тәртібін бұзуы, –
аудиторлық ұйымға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
Ескертпе.
1. Осы бапта салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібін бұзу деп аудиторлық ұйымның
аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган
айқындайтын салықтар бойынша аудит жүргізу тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық
ұйымның сақтамауы түсініледі.
2. Осы бапта квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит
жүргізу тәртібін бұзу деп ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі, мемлекеттік мүлікті басқару
жөніндегі уәкілетті органдармен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті
органмен келісу бойынша республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөніндегі есеп
комитеті айқындайтын, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит
жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің арнайы мақсаттағы аудит бойынша
тәртібінде белгіленген міндеттерді аудиторлық ұйымның сақтамауы түсініледі.
Ескерту. 15-тарау 246-1-баппен толықтырылды - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
Заңымен
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда - ҚР 12.11.2015
№ 393-V
Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
247-бап. Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет
туралы заңнамасын бұзу
1. Аудиторлық ұйымның Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет
туралы заңнамасында көзделмеген қызмет түрлерін жүзеге асыруы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Аудитті «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында тыйым
салынған жағдайларда жүргізу –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Аудит жүргізілуі міндетті аудиттелетін қаржы ұйымдарына аудит жүргізу
нәтижесінде
анықталған, Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының
қызметін реттейтін заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкіне хабарламау және осы аудиттелетін ұйымдарды хабардар етпеу –
заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
5. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың тиісті уәкілетті органдарға
Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасына сәйкес берілуі талап
етілетін ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі, сол сияқты
анық емес мәліметтерді
беруі –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Аудиттелетін субъектілер атынан мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік
кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор
субъектілерінің мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарына осы ұйымдардың
аудиті, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілеріне арнайы мақсаттағы аудит
нәтижесінде анықталған,
бюджет қаражатын, кредиттерді, байланысты гранттарды, мемлекет
пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін, мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген
қарыздарды, сондай-ақ мемлекет кепілгерлігімен тартылатын қарыздарды
пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы хабарламауы,
–
бірінші басшыларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
7. Аудиторлық ұйымдардың біліктілік талаптарына сәйкес уәкілетті органға
есептілікті және (немесе) уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша өзінің азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін сақтандыру жөніндегі ақпаратты уақтылы бермеуі немесе бермеуі –
заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
8. Аудиторлық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне аудиторлық
есептi ұсынбауы –
заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
9. Аккредиттелген кәсіби аудиторлық ұйымдардың:
1) аудиторлық ұйымдар – кәсіби ұйым мүшелерінің орташа санының он пайызында, бірақ
кемінде бесеуінде күнтізбелік он екі ай осындай кәсіби ұйым тарапынан өтінішхатсыз
аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиядан
айырылуының болуы;
2) уәкілетті орган ескерту шығарған себептерді үш ай ішінде жоймауы;
3) аудиторларға кандидаттарды аттестаттаудан өткізудің Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке сәйкес келмеуі;
4) Аккредиттеу қағидаларын бір жыл ішінде жүйелі түрде (қатарынан екі реттен көп)
бұзуы;
5) аккредиттеуді алған кезден бастап алты ай ішінде Аудиторларға кандидаттарды
аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясын құрмау түрінде жасаған, Қазақстан
Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұзуы, –
аккредиттеу туралы куәліктен айыра отырып, бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
10. Міндетті аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдарға қойылатын ең төмен талаптарға
сәйкес келмейтін аудиторлық ұйымның міндетті аудит жүргізуі, –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
11. «Аудиторлық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген
мерзімде аудиторлық ұйымның кәсіби аудиторлық ұйымға кірмеуі және (немесе) уақтылы
кірмеуі, –
лицензиядан айыра отырып, екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
Ескерту. 247-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 12.11.2015
№ 393-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
248-бап. Аудитордың жеке мөрiн пайдалануға және сақтауға
байланысты бұзушылықтар
1. Аудитордың Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасында
белгiленген жеке мөрдi тиiсiнше сақтау және пайдалану жөнiндегi талаптарды бұзуы –