Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет50/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   192

      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, аудитор әкімшілік жаза қолданылғаннан 
кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекет –
 
      екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      249-бап. Аудиттелетін субъектінің аудиторлық ұйымға
 
                уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі
 
      Аудиттелетін субъектінің аудит жүргізу барысында аудиторлық ұйымға анық емес 
аудиторлық есеп жасауға әкеп соққан, уақтылы, анық немесе толық ақпарат бермеуі –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      250-бап. Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару
 
      Мiндеттi аудит жүргізуден жалтару не оны жүргiзуге кедергi 
 
келтiру –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – он бес, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      251-бап. Ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау
 
                талабын орындамау
 
      Уәкiлеттi банктердегi банк шоттарына ұлттық валюта мен шетел валютасын:
 
      1) тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) экспортынан түсетін ұлттық валюта 
мен шетел валютасындағы түсiмдердi;
 
      2) резиденттiң тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) импорты үшін резидент 
еместiң пайдасына аударған, резидент еместiң тауарларды жеткізу (жұмыстарды жүзеге 
асыру, қызметтер көрсету) бойынша мiндеттемелердi орындамауына немесе толық орындамауына 
байланысты қайтарылуға жататын ұлттық валюта мен шетел валютасын есепке жатқызбау 
түрiнде жасалған, ұлттық валюта мен шетел валютасын репатриациялау талабын орындамау –
 
      шағын кәсіпкерлік субъектілеріне, орта кәсіпкерлік субъектілеріне, ірі кәсіпкерлік 
субъектілеріне, коммерциялық емес ұйымдарға есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел 
валютасы сомасының жиырма пайызы, бірақ екі мың айлық есептiк көрсеткіштен аспайтын 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      Ескертпе.
 
      Осы бапта көзделген құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жауаптылық репатриациялау 
мерзімі өткеннен кейін есепке жатқызылмаған ұлттық валюта мен шетел валютасының сомасы 
елу мың АҚШ долларына баламалы сомадан асып түскен және егер осы әрекеттерде 
(әрекетсіздікте) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгілері болмаған жағдайларда 
басталады.
 
      Дара кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар осы бапта көзделген жауаптылықта 
болмайды.
 
      252-бап. Валюталық операцияларды Қазақстан
 
                Республикасының валюта заңнамасын бұза отырып
 
                жүргізу
 
      1. Шетел валютасымен айырбастау операцияларын уәкілетті банктер мен олардың 
айырбастау пункттері, сондай-ақ уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункттері арқылы 
жүргізбеу, резиденттер арасында тыйым салынған валюталық операциялар жүргізу, ақша 
төлемдері мен аударымдарын уәкілетті банктердегі шоттар арқылы жүргізбеу, егер мұндай 
талап Қазақстан Республикасының валюта заңнамасында белгіленсе, –
 
      жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
 


      жеке тұлғаларға, белгіленген тәртіпті бұза отырып жүргізілген операция сомасының – 
елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта 
кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз пайызы 
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық 
Банкі белгілеген айырбастау пункттері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел 
валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шектерін сақтамауы –
 
      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ipi кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       4. Қолма-қол шетел валютасын иелену және (немесе) сату бағамдарын белгілеу туралы 
өкім шығарудың Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі белгілеген тәртібін өкім шығарылған 
жердің жергілікті уақытымен күндізгі сағат 18.00-ден келесі күнгі сағат 8.00-ге дейінгі 
кезеңде және (немесе) «Қазақстандық қор биржасы» акционерлік қоғамының жұмыс емес 
күндері осындай өкім шығару арқылы бұзу – 
 
      орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз 
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
 
      
Ескерту. 252-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015
 № 422-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      253-бап. Арнаулы валюталық режимді бұзу
 
      Арнаулы валюталық режимді:
 
      1) валюталық операция жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің арнаулы 
рұқсатын алу талабын орындамау;
 
      2) резиденттер алған шетел валютасын міндетті түрде сату талабын орындамау;
 
      3) шетел банктеріндегі шоттарды пайдалану;
 
      4) валюталық операциялар жүргізу тәртібіне қойылатын талаптарды орындамау;
 
      5) Қазақстан Республикасының Президенті енгізген өзге де уақытша валюталық 
шектеулерді сақтамау бөлігінде бұзу –
 
      жеке және заңды тұлғаларға арнаулы валюталық режимді бұза отырып жүргізген 
операция сомасының бір жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      254-бап. Инсайдерлік ақпаратты заңсыз пайдалану
 
      1. Инсайдерлердің бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен 
мәмілелер жасау кезінде инсайдерлік ақпаратты пайдалану, инсайдерлік ақпаратты үшінші 
тұлғаларға заңсыз беру, үшінші тұлғаларға инсайдерлік ақпаратқа негізделген, бағалы 
қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасау туралы ұсынымдар 
немесе ұсыныстар беру жөніндегі әрекеттері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы 
заңнамасының эмитенттерге қатысты инсайдерлер деп танылған заңды тұлғалардың осы 
эмитенттерге ақпарат беруі жөніндегі талаптарын орындамауы, егер осы әрекеттер ірі залал 
келтірмесе, –
 
      жеке тұлғаға – екі жүз, лауазымды адамға – төрт жүз, заңды тұлғаға алты жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Эмитент және ол шығарған (берген) бағалы қағаздар (туынды қаржы құралдары) 
туралы инсайдерлік ақпаратқа билік етуге және оны пайдалануға бақылауды жүзеге асыру 
бөлігінде эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды 
бұзуы –
 
      заңды тұлғаларға алты жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      255-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз
 
                жарнамалау
 
      Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің жарнаманы жариялау кезiнде анық емес 
мәлiметтер ұсыну және тарату арқылы бағалы қағаздар нарығындағы қызметтi жосықсыз 
жарнамалау –
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау