2. Эмитенттің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген, шет мемлекеттің
аумағында эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудың шарттары мен тәртiбiн бұзуы –
заңды тұлғаларға эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақша
сомасының елу пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
262-бап. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және
бағалы қағаздармен сауда-саттықты
ұйымдастырушының өздерінің қызметiне Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген
талаптарды бұзуы
Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының және бағалы қағаздармен сауда-саттықты
ұйымдастырушының өздерінің қызметiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген
талаптарды бірнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екі ай iшiнде екi және одан да көп рет)
бұзуы –
үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
263-бап. Бағалы қағаздар нарығындағы ақпаратты ашу
жөніндегі міндетті бұзу
Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында
және (немесе) қор биржасының ішкі қағидаларында айқындалатын тәртіппен және шарттармен
ақпаратты ашу жөніндегі міндетті бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі
және одан да көп рет) орындамауы, сол сияқты өз қызметі туралы толық емес немесе анық
емес ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік алты ай ішінде екі және одан да көп
рет) ұсынуы –
жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 263-бап жаңа редакцияда - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2016
бастап қолданысқа енгізіледі).
264-бап. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті
жинақтаушы зейнетақы қорларының және
инвестициялық портфельді басқарушының Қазақстан
Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы
заңнамасын бұзуы
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының
салымшылардың (алушылардың) дербес шоттарындағы зейнетақы жинақтарын есепке алу тәртiбiн
бұзуы, сондай-ақ инвестициялық портфельді басқарушының кастодиан-банктермен және
бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорымен, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларымен өзара
қарым-қатынастардың Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында
белгiленген тәртiбiн iрi залал келтiрмей бұзуы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының немесе ерікті зейнетақы жинақтаушы
қорының Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасын бұзып,
мәмілелер мен операцияларды жүзеге асыруы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
265-бап. «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының талаптарын бұзу
1. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының
өз қызметi, инвестициялық қордың таза активтерiнiң құрамы мен құнын сипаттайтын
көрсеткiштер туралы ақпараттың мазмұнына қойылатын «Инвестициялық қорлар туралы»
Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ оны жариялау және тарату тәртiбiн
бұзуы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Акционерлік инвестициялық қордың, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының
дәл емес, толық емес немесе жаңылыстыратын ақпаратты таратуы немесе жариялауы –
заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғады.
266-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде
төлемдер жүргiзу бойынша белгiленген шектеулердi
бұзу
Заңды тұлғалардың азаматтық-құқықтық мәмiле бойынша басқа заңды тұлғаның пайдасына
бір мың айлық есептiк көрсеткiштен асатын сомада қолма-қол тәртiппен төлемдi жүзеге
асыруы –
төлемдi жүзеге асырған заңды тұлғаға төлем сомасының бес пайызы мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
267-бап. Мемлекеттiк мекеменiң және жедел басқару
құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның (қазыналық
кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай
мiндеттемелердi мемлекеттiк бюджет қаражаты
есебiнен қабылдау жөнiндегi заңсыз әрекеттерi
1. Мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның
(қазыналық кәсiпорынның) лауазымды адамдарының ақшалай мiндеттемелердi мемлекеттiк
бюджет қаражаты есебiнен азаматтық-құқықтық мәмiлелердi заңнамада белгiленген тiркеусiз
және (немесе) уәкiлеттi орган бекiткен сметалар сомасынан асырып қабылдау жөнiндегi,
мемлекеттiк мекеменiң немесе жедел басқару құқығындағы мемлекеттiк кәсiпорынның
(қазыналық кәсiпорынның) мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе
тиiстi жергiлiктi атқарушы органның жауаптылығына әкеп соққан заңсыз әрекеттерi –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
268-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы
заңнамасын бұзу
1. Тауар биржасы қызметкерлерінің биржалық мәмілелерге қатысуы –
бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Тауар биржасының биржалық сауданы ұйымдастырумен тікелей байланысты емес сауда
қызметін және өзге де қызметті жүзеге асыруы –
бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарларды тауар биржаларынан тыс өткізу
–
жеке тұлғаларға – жетпіс, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық
емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
4. Биржалық брокерлердің және (немесе) биржалық дилерлердің әрбір клиент бойынша
жеке жасалатын биржалық мәмілелердің есебін жүргізу және осы мәмілелер туралы
мәліметтерді мәміле жасалған күннен бастап бес жыл ішінде сақтау жөніндегі талаптарды
сақтамауы –
сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
268-бапты 5 және 6-тармақтармен толықтыру көзделген - ҚР 27.10.2015
№ 364-V
Заңымен (01.07.2016 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |