Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет46/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   192

сақтандыру сыйлықақысын есептеу кезiнде коэффициенттердi дұрыс емес (негiзсiз) 
қолданудан;
 
      3) сақтандыруға жатпайтын объектiлердi мiндеттi сақтандыру түрлерi бойынша 
сақтандырудан көрiнген, Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн 
шарттарда жасасуы –
 
      заңды тұлғаларға мәмiле сомасының оннан бiр пайызы не операциялар бойынша алынған 
кіріс сомасының бір жүз пайызы не операциялар бойынша алынған сақтандыру сыйлықақылары 
сомасының бір жүз пайызы мөлшерiнде, бiрақ айлық есептiк көрсеткiштiң кемінде екi жүз 
және екi мыңнан аспайтын мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 230-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.04.2015 
№ 311-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      231-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 
№ 422-V
 Заңымен (16.12.2020 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      231-бап. Қаржы ұйымдарының, банк және сақтандыру
 
                холдингтерiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк
 
                беру қорының басшы қызметкерлерiн келiсудің
 
                Қазақстан Республикасының заңнамасында
 
                белгiленген мерзiмдерiн бұзу
 
      1. Қаржы ұйымының, банк және сақтандыру холдингiнiң, Сақтандыру төлемдерiне 
кепiлдiк беру қорының басшы қызметкерiн келiсу мерзiмдерiн қаржы ұйымының, банк және 
сақтандыру холдингiнiң, Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорының бұзуы –
 
      заңды тұлғаларға тоқсан айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет -
 
      заңды тұлғаларға екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      232-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қаржы
 
                ұйымдары филиалдары мен өкiлдiктерiнiң ашылғаны
 
                және олардың қызметiнiң тоқтатылғаны туралы
 
                уақтылы хабардар етпеу, сондай-ақ қаржы
 
                ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу
 
                кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының
 
                талаптарын сақтамау
 
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қаржы ұйымдары филиалдары мен 
өкiлдiктерiнiң ашылғаны және қызметiнiң тоқтатылғаны туралы уақтылы хабардар етпеу, 
сондай-ақ қаржы ұйымдарының филиалдарын, өкiлдiктерiн ашу кезiнде Қазақстан 
Республикасының банк заңнамасының, Қазақстан Республикасының сақтандыру ісі және 
сақтандыру қызметi туралы заңнамасының талаптарын сақтамау –
 
      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      233-бап. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып
 
                кредит, қарыз алу не оларды пайдалану
 
      1. Дара кәсiпкердiң немесе ұйымның банкке немесе банк операцияларының жекелеген 
түрлерiн жүзеге асыратын ұйымға дара кәсiпкердiң немесе ұйымның шаруашылық жағдайы, 
қаржылық жай-күйi немесе кепiлге салатын мүлкi туралы немесе кредит, кредит берудiң 
жеңiлдікті шарттарын алу үшiн елеулi маңызы бар өзге де мән-жайлар туралы көрiнеу жалған 
мәлiметтер ұсыну арқылы кредит не кредит берудiң жеңiлдікті шарттарын алуы, сол сияқты 
банкке немесе өзге де кредиторға кредит берудi тоқтатуға, жеңiлдiктердiң күшін жоюға не 


бөлiнген кредит мөлшерлерiн шектеуге әкеп соғуы мүмкiн мән-жайлардың туындауы туралы 
ақпаратты хабарламауы, егер бұл іс-әрекеттер iрi залал келтiрмесе, –
 
      елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Бюджеттік кредитті нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау, егер бұл іс-әрекет 
жеке тұлғаға, ұйымға немесе мемлекетке iрi залал  келтiрмесе, –
 
      бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Мемлекет кепілдік берген қарыздардың және мемлекет кепілгерлігімен тартылатын 
қарыз қаражатын қарыз шарттарында көзделмеген және кепілгерлік шартында көзделмеген 
мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге пайдалану –
 
      мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы – тиісті заңды тұлғаның 
бірінші басшыларына, олардың орынбасарларына не тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару 
жүктелген оларды алмастыратын адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      234-бап. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге
 
                түсiмдердi уақтылы, толық есепке жатқызбау
 
      1. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн қаражатты уақтылы, толық 
есепке жатқызбау –
 
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Бюджет қаражатын алушылардың тиiстi банктердегi немесе банк операцияларының 
жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы шоттарына аударылатын қаражатты уақтылы, 
толық есепке жатқызбау –
 
      лауазымды адамдарға жетпіс айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      235-бап. Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi
 
                жасау мен ұсыну қағидаларын бұзу
 
      Бюджеттiк есепке алуды жүргiзу, есептiлiктi жасау мен ұсыну қағидаларын бұзу –
 
      лауазымды адамдарға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      236-бап. Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер
 
                мен мемлекет кепiлгерлiктерін беру шарттары мен
 
                рәсiмдерiн бұзу
 
      Бюджеттiк кредиттердi, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн беру 
шарттары мен рәсiмдерiн бұзу –
 
      лауазымды адамдарға төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      237-бап. Шығындарды өтеу қағидаларын бұзу
 
      1. Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк 
берілген көлемiн көрсету жөнiндегi шығындарды өтеу қағидаларын бұзуы –
 
      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған дәл сол 
іс-әрекет –
 
      лауазымды адамдарға бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      238-бап. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың
 
                Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен
 
                қаржылық есептiлiк туралы заңнамасын бұзуы
 
      1. Жеке тұлғалардың және лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының 
бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңнамасында көзделген мiндеттердi:
 
      1) iрi залал келтiрмеген, бухгалтерлiк есеп жүргiзуден жалтару;
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау