Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет51/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   192

      жеке және заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      256-бап. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің және өзге
 
                де тұлғалардың есептілікті, ақпаратты,
 
                мәліметтерді беру жөніндегі талаптарды бұзуы
 
        1. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының 
(акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының есептілікті, мәліметтерді және 
(немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік он екі ай 
ішінде екі және одан да көп рет) ұсынбауы, сол сияқты бірнеше рет (қатарынан күнтізбелік 
он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) уақтылы ұсынбауы – 
 
      жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Бағалы қағаздар нарығы субъектісінің, сондай-ақ оның қатысушыларының 
(акционерлерінің) және (немесе) үлестес тұлғаларының, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы 
субъектілерінің қызметіне тексеру жүргізу барысында анық емес, сол сияқты толық емес 
есептілікті, мәліметтерді және (немесе) өзге де сұратылатын ақпаратты бірнеше рет 
(қатарынан күнтізбелік он екі ай ішінде екі және одан да көп рет) ұсынуы –
 
      жеке тұлғаларға – елу, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Бағалы қағаздар нарығы субъектiсiнiң бағалы қағаздармен жасалатын операциялар 
туралы көрiнеу жалған, қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ мәліметтер ұсынуы –
 
      заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      Ескертпе. Осы баптың бірінші бөлігіндегі есептілік деп берілуі эмиссиялық бағалы 
қағаздарды шығаруды мемлекеттік тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару 
проспектісіне өзгерістер мен толықтыруларды тіркеу, эмиссиялық бағалы қағаздарды 
орналастыру және (немесе) өтеу қорытындылары туралы есепті бекіту, облигацияларды 
ұстаушылар өкілінің қызметі туралы және облигациялар бойынша міндеттемелерді орындамау 
не тиісінше орындамау туралы хабарлау; тәуекелдерді басқару және бағалы қағаздар 
нарығына кәсіби қатысушыларды ішкі бақылау жүйесіне қойылатын талаптардың орындалуын 
бағалау мақсатында Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттар мен 
есептілік түсініледі.
 
      Ескерту. 256-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 
№ 342-V 
(01.01.2016 бастап 
қолданысқа 
енгізіледі); 24.11.2015
 № 422-V  
(01.01.2016 бастап
 қолданысқа 
енгізіледі) 
Заңдарымен.
 
      257-бап. Бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтарын бұзуы
 
      1. Акционерлердің акционерлiк қоғам iстерiн басқару құқықтарының, кіріс бөлiгiн 
бөлу (дивидендтер төлеу) тәртiбiнің, бағалы қағаздарды артықшылықпен сатып алу, қоғамның 
қызметi туралы ақпарат алу құқықтарының бұзылуы, сондай-ақ акционерлердiң жалпы 
жиналысын шақыру мен өткiзудiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 
тәртiбiн бұзу –
 
      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Облигациялар бойынша сыйақылар төлеудің және (немесе) оларды өтеудің Қазақстан 
Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбi мен шарттарын бұзу –
 
      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      3. Бағалы қағаздар эмитентінің өзі орналастырған бағалы қағаздарды сатып алудың 
Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы бағалы қағаздарды шығару 
проспектісінде белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуы, сондай-ақ өзі орналастырған 


бағалы қағаздарды сатып алуды Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) осы 
бағалы қағаздарды шығару проспектісінде белгіленген жағдайларда жүзеге асырмауы –
 
      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      258-бап. Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы
 
                құралдарымен мәмiлелер жасау тәртібін, сондай-ақ
 
                мәмілелер жасасу шарттарын бұзу
 
      Бағалы қағаздармен және (немесе) туынды қаржы құралдарымен мәмiлелер жасаудың 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiбiн, сондай-ақ мәмілелер 
жасасудың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шарттарын бұзу -
 
      жеке тұлғаларға – екі жүз, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – 
үш жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес 
жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      259-бап. Бағалы қағаздар нарығында айла-шарғы жасау
 
                 мақсатында мәмiлелер жасасу
 
      1. Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнің бағалы қағаздар бағаларымен айла-шарғы 
жасау мақсатында мәмiлелер жасауы –
 
      жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлеріне – үш жүз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық 
есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.
 
      2. Қаржы нарығы субъектiлерiнің өзге де қаржы құралдары бағаларымен 
(бағамдарымен), оның ішінде нарықтық валюта айырбастау бағамымен айла-шарғы жасау 
мақсатында мәмiлелер жасасуы –
 
      жеке және заңды тұлғаларға айла-шарғы жасау мақсатында жасалған мәмілелер 
сомасының он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
 
      
Ескерту. 259-бап жаңа редакцияда - ҚР 24.11.2015
 № 422-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
      
 
      260-бап. Бағалы қағаздармен мәмiлелердi тiркеу, олар
 
                бойынша құқықтарды есепке алу және растау
 
                тәртiбiн бұзу
 
      1. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының бағалы қағаздарды ұстаушылар 
тiзiлiмдерiнің жүйесiн немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесiн жүргiзу тәртiбiн 
бұзуы, сол сияқты бағалы қағаздар бойынша құқықтарды растау тәртiбiн бұзуы, егер бұл 
әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, –
 
      үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Бағалы қағаздар нарығына кәсiби қатысушының номиналды ұстау жүйесiн құрайтын 
құжаттар мен мәліметтерді бағалы қағаздар нарығына басқа кәсiби қатысушыға берудің 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртібі мен шарттарын бұзуы –
 
      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      261-бап. Эмитенттiң эмиссиялық бағалы қағаздарды
 
                шығарудың және (немесе) орналастырудың шарттары
 
                мен тәртiбiн бұзуы
 
      1. Эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздарды шығарудың және (немесе) орналастырудың 
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген шарттары мен тәртiбiн бұзуы, оның 
ішінде қаржы ұйымы болып табылмайтын эмитенттің, облигациялар шығару проспектісінде 
белгіленген, осы баптың екінші бөлігінде көзделген әрекеттерді қоспағанда, 
облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдалану шарттары мен тәртібін бұзуы –
 
      лауазымды адамдарға – үш жүз, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне, коммерциялық емес 
ұйымдарға – үш жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау