Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет45/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   192

      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      10. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасының сақтандыру 
iсi және сақтандыру қызметi туралы заңнамасында белгiленген, құжаттарды тиiсiнше 
құжаттау, сақтау, сақтандыру қызметiн жүзеге асыру құқығына лицензиялардың көшiрмелерiн 
орналастыру жөнiндегi шарттарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру ұйымының, сақтандыру 
брокерiнiң және сақтандыру агентiнiң Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген 
сақтандыру құжаттамасы бланкiлерiн есепке алу және сақтау, қолма-қол ақшамен жұмыс iстеу 
қағидаларын бұзуы –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      11. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының және сақтандыру брокерiнiң бұқаралық 
ақпарат құралдарында ол жарияланған күні шындыққа сәйкес келмейтiн жарнаманы хабарлауы 
немесе жариялауы –
 
      екi жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      12. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының есептiлiкте қамтылған көрсеткiштердiң 
не пруденциялық нормативтердi және (немесе) сақталуы мiндеттi өзге де нормалар мен 
лимиттердi сақтау туралы мәлiметтердiң бұрмалануына әкеп соққан есептiлiктi жасауы –
 
      заңды тұлғаларға төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      13. Осы баптың он екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
 
      алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      14. Сақтандыру брокерiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне өзiне белгiлi 
болған сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының төлем қабiлетсiздiгi фактiлерi туралы 
хабарламауы –
 
      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      15. Актуарийдiң Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне өзi анықтаған, сақтандыру 
(қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы заңнамасының сақтандыру резервтерiн 
қалыптастыру жөнiндегi талаптарын сақтамау фактiлерi туралы хабарламауы –
 
      елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      16. Сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру қорына мiндеттi немесе төтенше жарналарды 
төлемеу, уақтылы төлемеу не толық көлемде төлемеу –
 
      заңды тұлғаларға екi жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
       17. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қаржы есептiлiгiн және өзге де 
мәлiметтердi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында 
жариялау мiндеттiлiгi туралы талаптарды бұзуы – 
 
      бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      18. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 
көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін бағалау жөніндегі нормативтік-құқықтық 
актісін бұзуы –
 
      жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
 
      Ескертпе. Осы баптың он сегізінші бөлігінің мақсаты үшін сақтандыру (қайта 
сақтандыру) ұйымы, егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы айқындаған зиян мөлшері 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік-құқықтық актісіне сәйкес айқындалған 
зиян мөлшерінен төмен болса және айырмасы әкімшілік құқық бұзушылық анықталған күні 
қолданыста болатын заңға сәйкес белгіленетін елу айлық есептік көрсеткіштен аз болса
әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды.
 
      19. Сақтандыру ұйымының мемлекет қатысатын сақтандыру бойынша дерекқорды 
қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпарат беру және сақтандыру есептерін алу 
туралы шарттарды жасасу және осы ұйымда тіркелу міндеттілігі туралы талаптарды бұзуы –
 
       бір жүз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді. 
 


      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      20-тармақ 01.01.2018 дейін 
қолданыста
 болады - ҚР 24.11.2015 
№ 422-V
 Заңымен.
 
       20. 2017 жылғы 1 шілдеге дейін сақтандыру бойынша дерекқорды қалыптастыру және 
жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның сақтандыру бойынша дерекқорды 
жүргізу мен қалыптастыру және оны мемлекет қатысатын кредиттік бюроға беру жөніндегі 
талаптарды бұзуы, сондай-ақ сақтандыру бойынша дерекқорды құрайтын ақпаратты олардың 
берілу мерзімдері өткенге дейін ішінара немесе толық жоғалту және (немесе) жою – 
 
      бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді.
 
      
Ескерту. 228-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.11.2015
 № 422-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      229-бапқа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 24.11.2015 
№ 422-V
 Заңымен (16.12.2020 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      229-бап. Сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын
 
                жасасуға және орындауға байланысты талаптарды
 
                бұзуы
 
      1. Сақтандыру төлемдерiн жүзеге асырмау, сол сияқты уақтылы жүзеге асырмау немесе 
сақтандыру туралы жасасылған шарттың өзге де талаптарын дұрыс орындамау –
 
      заңды тұлғаларға бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Сақтандыру шартын орындау үшiн клиент ұсынған құжаттарды жоғалту –
 
      заңды тұлғаларға елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      230-бап. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру
 
                туралы заңнамасын бұзу
 
      1. Сақтандыру ұйымының Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген 
мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан жалтаруы – 
 
      заңды тұлғаға бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      2. Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру туралы заңнамалық актiсiне сәйкес 
мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi тұлғаның мiндеттi сақтандыру шартын 
жасасудан жалтаруы –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, жекеше нотариустарға, жеке сот 
орындаушыларына, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 
екі жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
бір мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының астанада, республикалық және облыстық 
маңызы бар қалаларда филиалдарының және (немесе) сақтандыру агенттерiнiң болуы, 
сақтандыру жөніндегі дерекқорға қатысу шартын жасасу, сақтандыру жөніндегі дерекқорға 
ақпарат беру жөніндегі талаптарды орындамауынан немесе тиiсiнше орындамауынан
сақтандыру шарттарын жасасу бойынша сақтандыру агентіне төленетін комиссиялық сыйақы 
мөлшерін асырудан көрiнген, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнiң талаптарын 
бұзуы –
 
      заңды тұлғаға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      4. Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының мiндеттi сақтандыру шартын:
 
      1) Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында 
айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сомаларының мөлшерлерiн белгiлеуден;
 
      2) Қазақстан Республикасының мiндеттi сақтандыру түрлерi туралы заңдарында 
айқындалғаннан өзгеше сақтандыру сыйлықақыларының мөлшерлерiн белгiлеуден, сол сияқты 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау