«Қазақтелеком» АҚ 20___ жылғы «____» __________ № _______бұйрығына 7-қосымша
iD Phone қызметінің абонентіне жадынама
Құрметті абонент! Сіздің iD Phone қызметінің абоненті болғаныңыз үшін қуаныштымыз!
1-қадам. Абонентті Жеке кабинетте тіркеу (бұдан әрі – ЖК)
Веб-браузер ашыңыз және адрестік жолға ЖК URL-адресі https://cabinet.idphone.kz/wps/portal енгізіңіз.
ЖК беттерінде «Тіркеу» сілтемесін басыңыз.
Ашылған бетте «Қазақтелеком» АҚ өкілдерінен алынған сәйкестендіру кодын енгізіңіз.
Тіркеуді жалғастыру үшін «Растау» түймешесін басыңыз.
Жаңа пайдаланушыны тіркеу нысанында дербес деректерді енгізіңіз.
Ақпаратты сақтау үшін «Растау» түймешесін басу қажет.
Назар аударыңыз! ЖК авторландырылған деректерді (логин, пароль) еске сақтау керек.
2-қадам. Бағдарламалық немесе аппараттық телефонды (шлюзді) жұмыс жағдайына келтіру үшін мынадай параметрлерді енгізу қажет:
User ID/user name
(ЖК Желіжол/Порт ретінде шығады)
|
User ID, Аuth ID, Password аутентификациялық деректері әрбір пайдаланушы үшін дербес және Жеке кабинетте болады
|
Аuth ID/auth user name
(ЖК Логин ретінде шығады)
|
Password
(ЖК Пароль ретінде шығады)
|
Домен/Realm/Sip Proxy
|
sip.telecom.kz
|
Outbound Proxy
|
Қызметті жұмыс жағдайына келтіру:
Outbound Proxy 92.46.61.21 ашылған Интернет арқылы,
әрбір қала үшін pvc 0/41 арқылы (Outbound Proxy адрестері www.idphone.kz әмбебап нұсқаулықта көрсетілген))
|
Барлық қалған жұмыс жағдайына келтірулер – Сіздің аппаратыңызды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес.
Негізгі проблемаларды шешу:
Проблема
|
Не істеу қажет (мүмкін нұсқалар)
|
Байланыстың болмауы. Байланыс сапасының төмендеуі және т.б.
|
ЖК жөндеу бюросына өтінім жасау
165 тел. нөмірі бойынша жөндеу бюросына телефон шалу
|
SIP-жабдықты жұмыс жағдайына келтіру. Қызмет және SIP-жабдық бойынша консультация
|
www.idphone.kz порталында on-line-қолдауға шығу
160 тел. нөмірі бойынша Байланыс орталығына телефон шалу
|
Қосымша қызметтер/ iD Phone нөмірлерін қосу
|
ЖК қосылуға өтінім жасау
www.idphone.kz порталында қосылуға өтінім ресімдеу
160 тел. нөмірі бойынша Байланыс орталығына телефон шалу
|
ЖК логин және парольді қалпына келтіру проблемалары
|
Жеке куәлігі көшірмесін қоса бере отырып, жоғалған мәліметтерді хабарлауға болатын (пошта, электронды пошта, факс және т.б.) ақпарат беру тәсілін, жеке есепшот иесінің, байланысқа шығуға болатын тұлғаның аты-жөнін көрсете отырып, «Қазақтелеком» АҚ сервис жүйесіне жазбаша сұрау ресімдеу қажет
|
Абоненттің мейлінше толық нұсқаулығы, SIP-жабдығын қалпына келтіру бойынша нұсқаулық www.idphone.kz порталында орналастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |