шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –
үш жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
аккредиттеу туралы куәлiктiң қолданысын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, заңды
тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) бір
жүз пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпе. Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кіріс (түсім) деп
әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға алған кіріс (түсім)
пен Қазақстан
Республикасының заңнамасы сақталған кезде осы тұлға алуға тиіс болған кіріс (түсім)
арасындағы айырма түсініледі.
172-бап. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы
туралы заңнамасын бұзу
1. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы
туралы заңнамасында көзделген инвестициялардың көлемі мен бағыттары не инвестициялық
міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында
жарияламауы, уақтылы, анық немесе толық жарияламауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз алпыс, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне
сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Энергия өндіруші ұйымның Қазақстан Республикасының электр энергетикасы
туралы заңнамасында көзделген электр энергиясын өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындар
бойынша және электр энергиясын өндіру мен өткізу көлемі бойынша есептерді ұсынбауы,
уақтылы, анық немесе толық ұсынбауы –
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың мемлекеттік органдар сұрау салған,
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген өз
өкілеттіктерін жүзеге асыруына қажетті
ақпаратты ұсынбауы, уақтылы, анық немесе толық
ұсынбауы –
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – үш жүз жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне
бір мың алты жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында көзделген
жағдайларды қоспағанда, энергия өндіруші ұйымның келісімде айқындалған инвестициялық
міндеттемелерді орындамауы –
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – келісімде көзделген инвестициялық
міндеттемелерді іске асыруға пайдаланылмаған соманың бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне
он пайызы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Электр және (немесе) жылу энергиясын заңсыз шектеу және (немесе) ажырату –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –
елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
6. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шартын
жасасудан бас тартуы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне –
елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жетпіс бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 172-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 272-V
Заңымен (01.01.2015
бастап қолданысқа енгізіледі).
173-бап. Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз
араласуы
Қадағалау және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың,
сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың лауазымды адамдарының, дара кәсiпкерлердiң,
заңды
тұлғалардың қызметiне, олардың кәсiпкерлiк қызметiне кедергi келтiретiн заңсыз
актiлер шығару және заңсыз тапсырмалар беру арқылы заңсыз араласуы -
бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
174-бап. Кәсіпқой спорт жарыстарының және коммерциялық
ойын-сауық конкурстарының қатысушылары мен
ұйымдастырушыларын параға сатып алу
1. Спортшыларды, спорт судьяларын, жаттықтырушыларды, команда басшыларын және
кәсіпқой спорт жарыстарының басқа да қатысушыларын немесе ұйымдастырушыларын, сол сияқты
коммерциялық ойын-сауық конкурстарының ұйымдастырушыларын немесе қазылар алқасы
мүшелерін осы жарыстардың немесе конкурстардың нәтижелеріне
ықпал ету мақсатында параға
сатып алу –
екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не он бес тәулікке дейін
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
3. Спортшылардың жарыс нәтижелеріне ықпал ету мақсатында өздеріне берілген ақшаны,
бағалы қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, сол сияқты спортшылардың дәл сол
мақсаттарда өздеріне ұсынылған мүліктік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді заңсыз
пайдалануы –
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Спорт судьяларының, жаттықтырушылардың, команда басшыларының және кәсіпқой
спорт жарыстарының басқа да қатысушыларының немесе ұйымдастырушыларының,
сол сияқты
коммерциялық ойын-сауық конкурстарын ұйымдастырушылардың немесе қазылар алқасы
мүшелерінің осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген мақсаттарда ақшаны, бағалы
қағаздарды немесе өзге де мүлікті заңсыз алуы, мүліктік сипаттағы қызметтерді заңсыз
пайдалануы –
төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
175-бап. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу
тәртібін бұзу
1. Жеке кәсіпкерлік субъектілеріне тексеру жүргізу тәртібін бұзу, оның ішінде:
1) тексеру жүргізу негіздерінің болмауы;
2) тексеруді тағайындау туралы актінің болмауы;
3) тексеру жүргізу туралы хабарлау мерзімдерінің сақталмауы;
4) егер Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің
жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген
талаптар
мемлекеттік органның құзыретіне жатпаса, осындай талаптардың орындалуын тексеру;
5) егер құжаттар, ақпарат, өнім үлгілері, қоршаған орта объектілерін және
өндірістік орта объектілерін зерттеп-қарау сынамалары тексеру объектілері болып
табылмаса немесе
тексеру нысанасына жатпаса, оларды беруді талап ету;
6) өнім үлгілеріне, қоршаған орта объектілерін және өндірістік орта объектілерін
зерттеп-қарау сынамаларына зерттеу, сынау, өлшеу жүргізу үшін көрсетілген үлгілердің,
сынамалардың белгіленген нысан бойынша және (немесе) ұлттық стандарттарда, үлгілерді,
сынамаларды іріктеп алу қағидаларында және оларды зерттеу, сынау, өлшеу әдістерінде,
техникалық регламенттерде немесе олар қолданысқа енетін күнге
дейін қолданыста болатын
өзге де нормативтік техникалық құжаттарда, зерттеу, сынау, өлшеу қағидаларында және