907-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру
туралы қаулыны орындау тәртiбi
1. Жеке тұлғаны, дара кәсiпкердi немесе заңды тұлғаны рұқсаттан айыру туралы
қаулыны орындау рұқсатты алып қою және (немесе) рұқсаттар мен
хабарламалардың
мемлекеттік электрондық тізілімінен рұқсатты алып тастау арқылы жүргізіледі.
2. Жеке тұлға, дара кәсiпкер немесе заңды тұлға рұқсатты тапсырудан жалтарған
жағдайда, рұқсат берген орган – рұқсатты алып қою және рұқсаттар мен хабарламалардың
мемлекеттік электрондық тізілімінен рұқсатты алып тастау үшін заңнамада көзделген
шараларды қолданады.
908-бап. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру
мерзiмдерiн есептеу
1. Рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі рұқсаттан айыру
(қолданылуын тоқтата тұру) туралы қаулы заңды күшiне енген күннен бастап есептеледi.
2. Белгiлi бiр қызмет түрiне рұқсаттан айыру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк
жазаның осы шарасы қолданылған тұлға лицензияны заңнамада белгiленген тәртiппен алады.
Рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұру мерзiмi өткеннен кейiн әкiмшiлiк жазаның осы
шарасы қолданылған тұлғаға алынып қойылған рұқсат белгiленген тәртiппен қайтарылады.
3. Рұқсаттың қолданылуы әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыда көрсетілген күннен
бастап және сонда көрсетiлген мерзiмге тоқтатыла тұрады.
909-бап. Қызметтi тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы
қаулыны орындау
1. Заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу
түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны судья шығарады және шешiм заңды күшiне
енгеннен кейін заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе дара кәсiпкер дереу орындауға тиiс.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармаққа өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015
№ 342-V
Заңымен (01.01.2018
бастап
қолданысқа
енгізіледі).
2. Өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу, алименттерді өндіріп алу
бойынша, еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін тұлғалардың еңбегіне ақы мен өтемақы төлеу,
әлеуметтік
аударымдар, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы
жарналары, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша,
айыппұлдарды төлеу бойынша
төлемдерді қоспағанда, заңды тұлғаның және дара кәсiпкердiң
қызметi тоқтатыла тұрған кезеңде олардың банк шоттарындағы ақшаларын пайдалану құқығы
тоқтатыла тұрады. Қоғамдық бiрлестiктiң қызметi тоқтатыла тұрған кезеңде оған бұқаралық
ақпарат құралдарын пайдалануға, үгiт және насихат жүргiзуге,
митингiлер, демонстрациялар
және басқа да бұқаралық іс-шараларды өткiзуге, сайлауға қатысуға тыйым салынады. Егер
қызметiн тоқтата тұрудың белгiленген мерзiмі iшiнде қоғамдық бiрлестiк бұзушылықты
жойса, онда қаулыда көрсетілген мерзiм өткеннен кейiн қоғамдық бiрлестiк
өз қызметiн
қайта бастайды.
3. Заңды тұлға құрылтайшысы (басқарушы орган, лауазымды адам) немесе дара кәсiпкер
олардың қызметiн тоқтата тұру не оған тыйым салу түрiндегi судья қолданған әкiмшiлiк
жазаны өз еркiмен орындамаған жағдайда, қаулыны уәкiлеттi орган атқарушылық iс жүргiзу
тәртiбiмен орындайды.
910-бап. Қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу туралы
қаулыны орындау тәртiбi
1. Уәкiлеттi лауазымды адам ұйымдардың, жекелеген өндiрiстердiң жұмысын iшiнара
немесе толық тоқтата тұрады,
ғимараттарды, құрылыстарды, жекелеген үй-жайларды,
қоймаларды, электр желiлерiн, жылыту аспаптарын пайдалануға тыйым салады.
2. Заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын орган заңды тұлғаның қызметiне тыйым
салу (тарату) туралы шешiмдi ала отырып, заңнамада көзделген
қызметке тыйым салу
(тарату) тәртiбiнiң сақталуын тексередi және он тәулік iшiнде заңды тұлға қызметiнiң
тоқтатылғанын тiркейді, бұл жөнінде мемлекеттiк статистика саласындағы уәкілетті органға
хабарланады.
911-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау
1. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы
соттың қаулысын өзiне қатысты осы әкiмшiлiк жаза шығарылған тұлға орындайды.
2. Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзу түрiнде
сот қолданған әкiмшiлiк жаза өз еркiмен орындалмаған жағдайда, қаулыны уәкiлеттi
орган атқарушылық iс жүргiзу тәртiбiмен орындайды.
912-бап. Құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы қаулыны орындау
бойынша шығыстар
Заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау құқық
бұзушының есебiнен жүзеге асырылады.
913-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны орындау
1. Судьяның қамаққа алу туралы қаулысын Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген тәртiппен iшкi iстер органдары және әскери полиция органдары орындайды.
2. Әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлғалар iшкi iстер органдары айқындайтын орындарда
күзетпен ұсталады. Әкiмшiлiк қамаққа алу туралы қаулыны
орындау кезiнде қамаққа
алынғандардың жеке басы жете тексеріледі.
Әскери қызметшiлер әкiмшiлiк қамаққа алуды гауптвахталарда өтейдi.
3. Әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында
белгiленген қағидалар бойынша жүргізіледі.
914-бап. Әкiмшiлiк қамаққа алу жазасын өтеуден жалтару
салдары
Егер әкiмшiлiк қамаққа алынған тұлға әкiмшiлiк қамаққа алу мерзiмi өткенге дейiн
оны өтейтiн орынды өз бетiмен тастап кетсе, өтеген мерзімі судьяның қаулысымен әкімшілік
қамаққа алу мерзiмiне толық немесе iшiнара есептелмеуi мүмкiн. Бұл ретте судья әкiмшiлiк
қамаққа алуды өтеу мерзiмiнiң басталуын жаңадан белгiлейдi.
915-бап. Мүлiктiк залалды өтеу бөлiгiнде қаулыны орындау
Осы Кодекстiң 59-бабына сәйкес өндiрiп алуға жататын мүлiктiк залалды өтеу
бөлiгiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша
қаулы заңнамада белгiленген
тәртiппен орындалады.
916-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды
Қазақстан Республикасынан әкiмшiлiк жолмен
шығарып жiберу туралы қаулыны орындау
1. Шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасынан
әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберу туралы қаулыны орындау Қазақстан Республикасынан шығарып
жiберiлетiн адамға бақылау жасала отырып, өздігінен кетуi арқылы жүргiзiледi.
Шығарып жіберу бойынша шығыстарды шығарып жіберілетін заңсыз көшіп келушілер,
көшіп келушіні Қазақстан Республикасына шақырған жеке немесе заңды тұлғалар көтереді.
Аталған адамдардың шығарып жіберу бойынша шығыстарды жабуға қаражаты болмаған не
жеткіліксіз болған жағдайларда, тиісті іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты
есебінен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес, осы
адамдарды жеткізген көлік ұйымы келу құқығынсыз
келген адамдарды Қазақстан
Республикасының аумағынан әкету үшін жауапты болып табылады.
2. Шығарып жіберу туралы сот шешімін орындамаған және шешімде көрсетілген мерзімде
Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген адам сот шешімі бойынша мәжбүрлеу
тәртібімен шығарып жіберілуге жатады.
3. Егер шығарып жiберiлетiн адамды шет мемлекеттің өкiлiне беру Қазақстан
Республикасының аталған мемлекетпен шартында көзделмесе, шығарып жiберу Қазақстан