Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет185/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   192

                мiндеттiлiгi
 
      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы барлық мемлекеттiк органдардың, жергiлiктi 
өзiн-өзi басқару органдарының, лауазымды адамдардың, жеке тұлғалардың және олардың 
бiрлестiктерiнiң, заңды тұлғалардың орындауы үшiн мiндеттi.
 
      2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы заңды күшiне енген кезінен бастап 
орындалуға жатады.
 
      3. Арнайы құқықтан айыру және әкімшілік қамаққа алу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану 
туралы қаулы шығарылған кезінен бастап орындалуға жатады.
 
      885-бап. Қаулыны орындауға енгізу
 
      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға енгізу қаулыны шығарған судьяға, 
органға (лауазымды адамға) жүктеледi. Қаулы оны орындатуға уәкiлеттiк берілген органға 
(лауазымды адамға) ол заңды күшiне енген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде жiберiледi. 
Арнайы құқықтан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарылғаннан кейiн 
оны орындатуға уәкiлеттiк берілген органдарға дереу жiберiледi.
 
      886-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға
 
                келтіру
 
      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодексте белгiленген тәртiппен осыған 
уәкілеттік берілген органдар орындауға келтіреді.
 
      2. Бiр тұлғаға қатысты әкiмшiлiк жазалар қолдану туралы бiрнеше қаулы шығарылған 
жағдайда, әрбір қаулы дербес орындауға келтіріледі.
 
      3. Тұлғаның әкiмшiлiк жазадан жалтаруы, бұл жазаны заңнамаға сәйкес мәжбүрлеу 
тәртiбiмен орындауға әкеп соғады.
 
      887-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға
 
                байланысты мәселелердi шешу
 
      1. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған органға (лауазымды адамға) осы 
қаулыны орындауға байланысты мәселелердi шешу және оның орындалуын бақылау жүктеледi.
 
      2. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын кейiнге қалдыру, мерзімін 
ұзарту, тоқтата тұру немесе тоқтату туралы, сондай-ақ кәмелетке толмаған адамға салынған 
айыппұлды оның ата-анасынан немесе оларды алмастыратын адамдардан өндiрiп алу туралы 
мәселелердi қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) тиiстi мәселенi шешу үшiн негiз 
пайда болған күннен бастап үш күндік мерзiмде қарайды.
 
      3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелердiң шешiлуiне мүдделi 
тұлғаларға олардың қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл ретте, мүдделi 
тұлғалардың дәлелсіз себептермен келмеуі тиiстi мәселелердi шешу үшiн кедергi болып 
табылмайды. Әкiмшiлiк қамаққа алуды өтеуден жалтару туралы мәселенi қарау кезiнде 
әкiмшiлiк қамаққа алынған адамның қатысуы мiндеттi болып табылады.
 
      4. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көрсетілген мәселелер бойынша шешiм қаулы түрiнде 
қабылданады.
 
      5. Қаулының көшiрмесi өзіне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды 
тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ өзінің өтiнiшi бойынша жәбiрленушiге қолхатпен дереу 
тапсырылады. Аталған тұлғалар болмаған жағдайда қаулының көшiрмесi ол шығарылған күннен 
бастап үш күн iшiнде жiберiледi, бұл жөнінде iсте тиiстi жазба жүргізіледі.
 
      888-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын
 
                кейiнге қалдыру және мерзімін ұзарту
 
      Әкімшілік қамаққа алу, арнайы құқықтан айыру немесе айыппұл (әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық жасалған жерде айыппұл өндiрiп алуды қоспағанда) түрінде әкiмшiлiк жаза 
қолдану туралы қаулының заңда белгiленген мерзiмдерде орындалуы мүмкiн болмайтын мән-
жайлар болған кезде, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) өзiне қатысты қаулы 
шығарылған адамның арызы бойынша қаулының орындалуын бiр айға дейiнгi мерзiмге кейiнге 
қалдыра алады. Әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған адамның материалдық жағдайын ескере 


отырып, қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам) айыппұл төлеудi үш айға дейiнгi 
мерзiмге ұзартуы мүмкін.
 
      Екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына 
кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдау жүргізу 
туралы соттың заңды күшіне енген шешімі болған кезде, қаулы шығарған судья, орган 
(лауазымды адам) екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк 
конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта 
құрылымдауды тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін әкімшілік жаза қолдану 
туралы қаулыны олардың өтініштері бойынша кейінге қалдыруы мүмкін.
 
      889-бап. Әкiмшiлiк жазаны орындаудан босату
 
      Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулы шығарған судья, орган (лауазымды адам):
 
      1) әкiмшiлiк жауаптылық белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi 
жойылған;
 
      2) осы Кодекстің 8-бабының екінші бөлігінде көзделген;
 
      3) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға қайтыс болған немесе заңда белгiленген 
тәртiппен ол қайтыс болған деп жарияланған;
 
      4) осы Кодекстің 890-бабында белгіленген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны 
орындаудың ескіру мерзімі өткен;
 
      5) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке 
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық 
кодексі) қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда қаулының 
орындалуын тоқтатады және әкiмшiлiк жазадан босатады.
 
      890-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың
 
                ескіруі
 
      1. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, егер ол заңды күшіне енген күннен бастап 
бір жыл ішінде, ал салық салу және бәсекелестікті қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар 
үшін ол заңды күшіне енген күннен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, орындауға жатпайды.
 
      2. Қаулыны орындау осы Кодекстiң 834-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда 
ескіру мерзiмінiң өтуi шағым немесе наразылық қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.
 
      3. Егер әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылған тұлға оны орындаудан жалтарса, осы баптың 
бiрiншi бөлiгiнде көзделген ескіру мерзiмінiң өтуiне үзiліс жасалады. Бұл жағдайда 
ескіру мерзiмінің өтуін есептеу осы тұлға табылған күннен бастап қайта жалғасады.
 
      4. Осы Кодекстiң 888-бабына сәйкес қаулыны орындау кейiнге қалдырылған жағдайда, 
ескіру мерзiмінiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал 
қаулыны орындау ұзартылған кезде ескіру мерзiмінiң өтуi ұзарту мерзіміне ұзартылады.
 
      
Ескерту. 890-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015
 № 376-V 
Заңымен (01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
      891-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау
 
                бойынша іс жүргізуді аяқтау
 
      1. Жаза толық жүргізілген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны жүргізілген жаза 
туралы белгі соғып, қаулыны орындаған орган қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды 
адамға) қайтарады.
 
      2. Орындау жүргізілмеген немесе орындау толық жүргізілмеген әкімшілік жаза қолдану 
туралы қаулы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік құқық 
бұзушылық туралы қаулыны шығарған, хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) 
қайтарылады.
 
   52-тарау. ӘКІМШІЛІК ЖАЗАЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІН ОРЫНДАУ ТӘРТІБІ 
      892-бап. Ескерту жасау туралы қаулыны орындау
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау