Қызылорда қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы



жүктеу 126,25 Kb.
Дата30.12.2019
өлшемі126,25 Kb.
#25542



Қызылорда қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібін бекіту туралы



«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңдарына сәйкес Қызылорда қалалық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қосымшаға сәйкес Қызылорда қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі бекітілсін.

2. «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 19/2 шешiмiнің (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 4490 нөмiрiмен тiркелген, «Ақмешiт ақшамы» газетiнде 2013 жылғы 21 тамыздағы № 34 (1004), «Ел тілегі» газетiнде 2013 жылғы 21 тамыздағы № 34 (298) жарияланған), «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» Қызылорда Қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 19/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 29 қазандағы № 23/2 шешiмiнің (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 4544 нөмiрiмен тiркелген, «Ақмешiт ақшамы» газетiнде 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 50 (1020), «Ел тілегі» газетiнде 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 50 (314) жарияланған), «Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Қызылорда қалалық мәслихатының 2013 жылғы 16 шілдедегі № 19/2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Қызылорда қалалық мәслихатының 2014 жылғы 18 ақпандағы № 26/3 шешiмiнің (нормативтiк құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № 4604 нөмiрiмен тiркелген, «Ақмешiт ақшамы» газетiнде 2014 жылғы 5 наурыздағы № 10 (1033), «Ел тілегі» газетiнде 2014 жылғы 5 наурыздағы № 10 (326) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.





Қызылорда қалалық мәслихатының кезектен тыс
ХХХХХІІІ сессиясының төрағасы

М. БАЕКЕЕВ




Қызылорда қалалық мәслихатының хатшысы

И. ҚҰТТЫҚОЖАЕВ

Қызылорда қалалық мәслихатының

2016 жылғы 1 ақпандағы

№ 53/2 шешіміне қосымша



Қызылорда қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің

қосымша тәртібі
1. Осы Қызылорда облысында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі (әрі қарай - Тәртіп) 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленген.
1. Қызылорда қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуге арналған арнайы орындар
2. Қызылорда қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, митингілер өткізу үшін келесі арнайы орындар белгіленсін:

1) Облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсер лiк орталығының аумағындағы саябақ (Е.Әуелбеков көшесi, № 41).

2) М.Ералиева атындағы мәдениет үйi ғимаратының алдындағы алаң (Ә. Қашаубаев көшесi, нөмiрсiз).

3) Тасбөгет кентiндегi «Тасбөгет» саябағы.

4) «Қалалық қосымша оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының жанындағы саябақ (А.Тоқмағамбетов көшесі, №9).

5) Яссауи көшесінің бойындағы «Келмембет батыр» ескерткішінің жанындағы саябақ.


3. Қызылорда қаласы аумағында бейбіт жиналыстар, демонстрациялар өткізу үшін келесі арнайы маршруттар белгіленсін:

1) Толыбеков көшесінің бойы («Е.Әуелбеков көшесінен Желтоқсан көшесі аралығы).

2) Бейбітшілік көшесінің бойы (Жаңқожа батыр көшесінен Хон Бен До көшесіне дейін).

3) Жеңіс көшесінің бойы (Б.Мәтенова көшесінен Астана даңғылына дейінгі аралықта).

4) Тасбөгет кентiндегi Ш. Есенов көшесінің бойы (М. Шоқай көшесінің қиылысындағы Тасбөгет саябағына дейін).

4. Бейбіт пикеттер өткізу үшін арнайы орындар белгіленбейді.



2. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібіне

қосымша талаптар
5. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар (әрі қарай – шара) өткізу туралы өтініш оларды өткізудің белгіленген күнінен кемінде он күн бұрын жазбаша нысанда беріледі.

6. Өтініште шараны өткізудің мақсаты, нысаны, өткізілетін орны немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкілдердің (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртіптің сақталуына жауапты адамдардың тегі, аты, әкесінің аты, олардың тұратын және жұмыс істейтін (оқитын) жері, өтініштің берілген датасы көрсетіледі.

Өтініш жалпыға қолжетімді ақпараттық жүйелер бойынша және Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнама талаптарына сәйкес берілуі мүмкін.

Қала әкімдігіне тікелей жүгіну барысында өтініш берушіге өтінішті қабылдаған тұлғаның аты-жөні, қабылдаған күні мен уақыты көрсетілген талон беріледі.

7. Өтініштің берілген мерзімі қала әкімдігіне тіркелген күннен бастап есептеледі.

8. Шараны өткізу туралы өтінішті еңбек ұжымының, қоғамдық ұйымдардың немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының 18 жасқа толған уәкілдері береді.

Уәкілеттікті рәсімдеу Қазақстан Респуликасының азаматтық заңнамаларымен бекітілген тәртіппен жасалады.

9. Қала әкімдігі өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген шараның өткізілетін уақытынан бес күн бұрын уәкілдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешім туралы хабарлайды.

10. Қала әкімдігі басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің қалыпты жұмыс жасауын, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда өтініш жасағандарға шараны өткізудің өзге уақыты мен орнын ұсынады.

Қабылданған шешімге қолданыстағы заңнамада бекітілген тәртіппен шағым жасауға болады.

11. Шара өткізу туралы өтініш беру барысында 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3 бабының талаптары бұзылған жағдайда жіберілген қателерді жою туралы ұсыныспен қала әкімдігімен ресми жауап беріледі.

Жаңадан түскен өтінішті қарау мерзімі оның келіп түскен уақытынан бастап есептеледі.

12. Егер шараның өткізілу мақсаты нәсілдік, ұлттық, әлеуметтік араздықты, діни төзімдікті, тектік астамшылықты, республиканың конституциялық құрылымын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің басқа қағидаларын бұзу немесе оларды өткізу қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін болса, қала әкімдігі бұларды өткізуге тыйым салады.

13. Бұқаралық шараларды темір жол, су және әуе көлігінің объектілерінде, сондай-ақ, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлік, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқада энергия көзімен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен білім беру мекемелерінің жанында өткізуге жол берілмейді.

14. Бас тартылған жағдайда ұйымдастырушыларға барлық дайындық рәсімдерін тез арада тоқтату шараларын қабылдау және бұл жөнінде әлеуетті қатысушыларды тиісті түрде хабардар ету жазбаша түрде көрсетіледі.

15. Егер ұйымдастырушылар дайындық шараларын тоқтату жөніндегі шараларды өздігінен қабылдамаса қала әкімдігі шараны өткізуге рұқсат беруден бас тартылғандығы туралы ақпаратты, санкцияланбаған шараға қатысқаны үшін жауапкершіліке тартылатындығы туралы ескертумен бірге өзінің ресми интернет-ресурстарына, сондай-ақ, ұйымдастырушылар заңсыз шараға шақыру, шақырту орналастырған (орналасқан) басқа да ресурстарға орналастыруға құқылы.

16. Қала әкімдігі ұйымдастырушылардың келісімі бойынша қоғамдық тәртіпті, көліктің, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету, азаматтардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алу мақсатында, сондай-ақ, шаралардың нысаны, өткізілу орны мен уақыты тура келіп, алайда басқа шараның бағыты мен мақсатына сәйкес келмеген жағдайда белгіленген мерзімге бұрын немесе бір мезгілде түскен шараны өткізу туралы арыздардағы шараның өткізілу уақытын, орнын (маршрутын) және өткізілу тәртібін өзгертуге құқылы

Қала әкімдігінің ұсынысы нақты сипатта болуы тиіс, дегенмен бірнеше нұсқаны қамти алады.

17. Шара мақсаттарына сәйкес өтініште көрсетілген мерзімде, уақытта шартты орындарда (белгіленген маршрутпен) өткізіледі.

18. Егер шараның нысанын өзгерту қажеттілігі туындаса, шараны ұйымдастырушы тиісті рұқсатты алу үшін қала әкімдігіне жүгінуі қажет.

19. Шараны өткізу барысында өтінішке қол қойған ұйымдастырушыда айырмалық белгілер болуы тиіс, бекітілген тәртіпке сәйкес өзі келіп және шараның өткізілуіне толық жауапкершілік алады.

20. Шараны өткізу барысында ұйымдастырушылар мен қатысушылар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, басқа да нормативтік актілерін, қоғамдық тәртіпті сақтауға міндетті.

21. Шараны ұйымдастырушылар мен қала әкімдігі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін, медициналық қызметті, өрт қауіпсіздігін және төтенше жағдайлар туындағанда қатысушыларды эвакуациялауға шаралар қабылдайды.

22. Шара өткізілетін орындарда алкогольді сусындарды ішу, есірткі құралдарын, психотроптық және оларға ұқсас заттарды пайдалануға тыйым салынады.

Шараны ұйымдастырушылар мас және есірткі пайдаланған тұлғалардың шараға қатысуына жол бермеуге міндетті.

Шараға қатысушыларға өзімен бірге қару, жарылғыш заттар, улы, есірткі заттарын, алкогольдік сусындарды, сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалардың өміріне қарсы, тәртіпсіздікті арандату, митингіге кедергі келтіру және т.б. жағдайда қолданылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген заттарды алып жүруге тыйым салынады.

23.Шараны ұйымдастырушылар оны өткізу барысында дауыс күшейткіштер, транспаранттар, ұрандар және басқа да материалдарды дайындау және (немесе) пайдалану, сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыс жасауға шақыратын, кімге де болмасын тіл тигізетін көпшілік алдында сөз сөйлеулерге жол бермеуі тиіс.

24. Пикетке шығушыларға рұқсат етіледі:

пикет өткізілетін объектіде отыруға, тұруға;

көрнекі үгіт-насихат құралдарын пайдалануға;

пикеттің тақырыбына сәйкес қысқа ұрандар мен лозунгілерді айқайлап айтуға.

25. Қоғамдық тәртіпті сақтау және пикетке қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі жекелеген пикетке қатысушылар бір-бірінен шамамен 50 метр қашықтықта орналасуы қажет.

26. Шараның өткізілуі барысында ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметі заңнамаларға сәйкес қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, азаматтардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын қорғауды, қылмыстар мен әкімшілік құқық бұзушылықтарды алдын алу және оларға жол бермеуді қамтамасыз етеді, қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған басқа да қызметтерді атқарады.

27. Ішкі істер органдары жергілікті полиция қызметтерінің қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты талаптары барлық азаматтарға, шараға қатысушы мекемелер мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларына міндетті болып табылады.



28. Азаматтардың бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларға бостандығы құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін мемлекеттік органдардың, ұйымдастырушылардың, қатысушылардың барлық іс-әрекеттеріне жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен сотқа шағымдануға болады.
жүктеу 126,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау