жоба
Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекіту туралы
|
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесi бекітілсін.
2. «Қызылорда қаласы жергiлiктi атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы» Қызылорда қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы №5076 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5478 тіркелген, «Ақмешiт ақшамы» газетiнде 2016 жылғы 27 сәуірде №35, «Кызылорда таймс» газетінде 2016 жылғы 27 сәуірде №18, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 26 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау «Қызылорда қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қызылорда
қаласының әкімі Н. Нәлібаев
2017 жылғы «__» ақпандағы
Қызылорда қаласы әкімдігінің
№_____ қаулысымен бекітілген
Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесi (бұдан әрi - Әдiстеме) «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 33-бабының 5-тармағына және «Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №110 бұйрығына сәйкес әзiрлендi және «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң (бұдан әрi - «Б» корпусының қызметшiлерi) қызметiн бағалау алгоритмiн айқындайды.
2. «Б» корпусы қызметшiлерiнiң қызметiн бағалау (бұдан әрi - бағалау) олардың жұмыс тиiмдiлiгi мен сапасын анықтау үшiн жүргiзiледi.
3. Бағалау «Б» корпусы қызметшiсiнiң атқаратын лауазымындағы қызметiнiң нәтижелерi бойынша:
1) тоқсан қорытындысы бойынша (тоқсандық бағалау) - бағаланып жатқан жылдағы есептiк тоқсаннан кейiнгi айдың онынан кешiктiрмей (бағалануы оныншы желтоқсаннан кеш емес өткiзiлетiн төртiншi тоқсанды қоспағанда);
2) жыл қорытындысы бойынша (жылдық бағалау) - бағаланып жатқан жылдың жиырма бесiншi желтоқсанынан кешiктiрмей жүргiзiледi.
«Б» корпусының қызметшiсiн бағалау оның нақты лауазымда орналасу мерзiмi үш айдан кем болған жағдайда, сондай-ақ сынақ мерзiмi кезеңiнде өткiзiлмейдi.
Әлеуметтiк демалыстағы немесе еңбекке уақытша қабiлетсiздiгi кезеңiндегi «Б» корпусының қызметшiлерiнiң бағалауы жұмысқа шыққаннан кейiн 5 жұмыс күнi мерзiмiнде өтедi.
4. Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң «Б» корпусы қызметшiлерi қызметiнiң бағалауы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң автоматтандырылған бағалау жүйесiмен көзделген ерекшелiктерiн ескере отырып жүргiзiледi.
5. Тоқсандық бағалауды тiкелей басшы жүргiзедi және «Б» корпусы қызметшiсiнiң лауазымдық мiндеттердi орындауын бағалауға негiзделедi.
«Б» корпусы қызметшiсiнiң тiкелей басшысы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес аталған қызметшi бағынатын тұлға болып табылады.
6. Жылдық бағалау:
1) «Б» корпусы қызметшiсiнiң есептiк тоқсандардағы орта бағасынан;
2) Осы Әдiстеменiң 1-қосымшасына сәйкес «Б» корпусы қызметшiсiнiң жеке жұмыс жоспарын орындау бағасынан құралады.
7. Бағалауды өткiзу үшiн «Б» корпусы қызметшiсiн мемлекеттiк лауазымға тағайындау және мемлекеттiк лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөнiндегi комиссия құрылады, персоналды басқару қызметi оның жұмыс органы болып табылады.
8. Бағалау жөнiндегi комиссияның отырысы оның құрамының үштен екiсiнен астамы қатысқан жағдайда өкiлеттi болып есептеледi.
Бағалау жөнiндегi комиссияның төрағасы не мүшесi болмаған жағдайда, оларды алмастыру Бағалау жөнiндегi комиссияны құру туралы бұйрыққа өзгертулер енгiзу арқылы уәкiлеттi тұлғаның шешiмi бойынша жүзеге асырылады.
9. Бағалау жөнiндегi комиссияның шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
10. Дауыс беру қорытындысы Бағалау жөнiндегi комиссия мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен айқындалады. Дауыс саны тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Бағалау жөнiндегi комиссияның хатшысы болып персоналды басқару қызметiнiң қызметшiсi табылады. Бағалау жөнiндегi комиссияның хатшысы дауыс беруге қатыспайды.
2. Жұмыстың жеке жоспарын құрастыру
11. «Б» корпусы қызметшiсi жұмысының жеке жоспары «Б» корпусы қызметшiсiмен және оның тiкелей басшысымен бiрлесiп келесi жылдың оныншы қаңтарынан кешiктiрiлмей осы Әдiстеменiң 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құрастырылады.
Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң «Б» корпусы қызметшiлерi үшiн жеке жоспарлардың нысаны мен құрамы Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң автоматтандырылған бағалау жүйесiмен көзделген ерекшелiктерi негiзiнде электронды түрде құрастырыла алады.
12. «Б» корпусының қызметшiсiн лауазымға осы Әдiстеменiң 11-тармағында көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн тағайындалған жағдайда, атқаратын лауазымдағы «Б» корпусы қызметшiсi жұмысының жеке жоспары оны лауазымға тағайындаған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде құрастырылады.
13. «Б» корпусының қызметшiсi жұмысының жеке жоспарындағы мақсаттық көрсеткiштердiң саны төрттен көп емес және олар нақты, өлшенетiн, қолжетiмдi, белгiлi бiр орындау мерзiмдермен болу қажет.
14. Жеке жоспар екi данада құрастырылады. Бiр дана персоналды басқару қызметiне берiледi. Екiншi дана «Б» корпусы қызметшiсiнiң құрылымдық бөлiмше басшысында болады.
3. Бағалауды жүргiзуге дайындық
15. Персоналды басқару қызметi Бағалау бойынша комиссия төрағасының келiсiмiмен бағалауды өткiзу кестесiн қалыптастырады.
Персоналды басқару қызметi бағалауға жататын «Б» корпусы қызметшiсiн және бағалауды iске асыратын тұлғаларды бағалау басталмастан күнтiзбелiк он күн бұрын бағалау туралы хабардар етудi қамтамасыз етедi және оларға бағалау парақтарын толтыру үшiн жiбередi.
4. Лауазымдық мiндеттердi орындаудың тоқсандық бағалауы
16. Лауазымдық мiндеттердi орындауды бағалау негiзгi, көтермелеу және айыппұл баллдарынан құралады.
17. Қызметшiнiң өз лауазымдық мiндеттерiн орындағаны үшiн негiзгi баллдар 100 балл деңгейiнде белгiленедi.
18. Көтермелеу баллдары ағымдағы жұмыстың орташа көлемiнен асатын қызмет көрсеткiштерi, сондай-ақ мазмұндық және/немесе ұйымдастырушылық жағынан күрделi болып табылатын қызмет түрлерi үшiн қойылады.
19. Ағымдағы жұмыстың орташа көлемiнен асатын қызмет көрсеткiштерi және күрделi болып табылатын қызмет түрлерi мемлекеттiк органдармен өз ерекшелiктерiне сүйенiп өз бетiмен белгiленедi және атқарылған жұмыстың көлемi мен күрделiгiнiң қосу тәртiбiмен бес деңгейлiк шәкiл бойынша орналастырылады. Бұл ретте көтермеленетiн қызмет көрсеткiштерi мен түрлерiне Электронды құжат алмасудың бiрыңғай жүйесiнде және мемлекеттiк органның Интернет-порталында белгiленетiн де, белгiленбейтiн де құжаттар мен iс-шаралар кiре алады.
Әр көтермеленетiн қызмет көрсеткiшi мен түрi үшiн «Б» корпусының қызметшiсi тiкелей басшымен бекiтiлген шкалаға сәйкес «+1»-ден «+5» баллға дейiн иеленедi.
20. Айыппұл баллдары орындау және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн қойылады.
21. Орындау тәртiбiн бұзуға жоғары тұрған органдардың, мемлекеттiк орган басшылығының, тiкелей басшының тапсырмаларын және бақылаудағы құжаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн орындау мерзiмдерiн бұзу жатады.
Орындау тәртiбiн бұзу фактiлерi туралы ақпараттың қайнары ретiнде құжат айналымы қызметi және «Б» корпусы қызметшiсiнiң тiкелей басшысының құжатпен дәлелденген мәлiметi саналады.
22. Еңбек тәртiбiн бұзуға:
1) дәлелдi себепсiз жұмысқа кешiгу;
2) қызметшiлердiң қызметтiк әдептi бұзуы жатады.
Еңбек тәртiбiн бұзу фактiлерi туралы ақпараттың қайнары ретiнде персоналды басқару қызметi және «Б» корпусы қызметшiсiнiң тiкелей басшысының құжатпен дәлелденген мәлiметi саналады.
23. Әр орындау және еңбек тәртiбiн бұзғаны үшiн «Б» корпусының қызметшiсiне әр бұзу фактiсi үшiн «-2» мөлшерiнде айыппұл баллдары қойылады.
24. Лауазымдық мiндеттердiң орындалуын бағалауды жүргiзу үшiн, «Б» корпусының қызметшiсi тiкелей басшыға осы Әдiстеменiң 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын келiсу үшiн ұсынады.
25. Тiкелей басшы «Б» корпусы қызметшiсiнiң еңбек және орындау тәртiбiн бұзғаны туралы персоналды басқару, құжат айналымы қызметтерi берген мәлiметтерiн есепке ала отырып, бағалау парағында берiлген деректердiң растығын қарастырып, оған өзгертулер (болған жағдайда) енгiзедi және онымен келiседi.
26. Тiкелей басшы келiскеннен кейiн, бағалау парағына «Б» корпусы қызметшiсiмен қол қойылады.
«Б» корпусы қызметшiсiнiң бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөнiндегi комиссияның отырысына жiберу үшiн кедергi болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң жұмыскерi және «Б» корпусы қызметшiсiнiң тiкелей басшысы еркiн нысанда танысудан бас тарту туралы акт құрастырады.
27. Қызметшiнiң тiкелей басшысы «Б» корпусы қызметшiсiнiң тоқсандық қорытынды бағасын мынадай формула бойынша есептейдi:
- тоқсандық баға;
a - көтермелеу баллдары;
в - айыппұл баллдары.
28. Тоқсандық қорытынды баға мынадай шәкiл бойынша қойылады: 80 баллдан төмен - «қанағаттанарлықсыз», 80-нен 105 (қоса алғанда) баллға дейiн - «қанағаттанарлық», 106-дан 130 баллға дейiн (қоса алғанда) - «тиiмдi», 130 баллдан астам - «өте жақсы».
5. Жылдық бағалау
29. Жылдық бағалауды өткiзу үшiн «Б» корпусының қызметшiсi тiкелей басшыға келiсу үшiн осы Әдiстеменiң 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылған бағалау парағын жолдайды.
30. Тiкелей басшы бағалау парағын онда берiлген мәлiметтердiң анықтылығы тұрғысынан қарастырып, түзету енгiзедi (болған жағдайда) және оған келiсiм бередi.
31. Жұмыстың жеке жоспарының орындалуын бағалау мынадай шәкiл бойынша қойылады:
Жұмыстың жеке жоспарымен көзделген мақсаттық көрсеткiштердiң орындалмағаны үшiн 2 балл қойылады;
Мақсаттық көрсеткiштiң жартылай орындалғаны үшiн - 3 балл;
Мақсаттық көрсеткiштiң орындалғаны (күтiлетiн нәтижеге қол жеткiзгенi) үшiн - 4 балл;
Мақсаттық көрсеткiштiң күтiлетiн нәтижесiне асыра қол жеткiзгенi үшiн - 5 балл.
32. Тiкелей басшымен келiскеннен кейiн бағалау парағын «Б» корпусының қызметшiсi растайды.
«Б» корпусы қызметшiсiнiң бағалау парағына қол қоюдан бас тартуы құжаттарды Бағалау жөнiндегi комиссияның отырысына жiберуге кедергi бола алмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң жұмыскерi және «Б» корпусы қызметшiсiнiң тiкелей басшысы танысудан бас тарту туралы еркiн нысанда акт жасайды.
33. Персоналды басқару қызметi «Б» корпусы қызметшiсiнiң жылдық қорытынды бағасын мына формула бойынша Бағалау жөнiндегi комиссия отырысына дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей есептейдi:
- жылдық баға;
- есептiк тоқсандардың орта бағасы (орта арифметикалық мән).
Бұл ретте тоқсандық бағалардың алынған орта арифметикалық мәнi осы Әдiстеменiң 28-тармағында көрсетiлген шәкiлдi есепке ала отырып, бес баллдық бағалар жүйесiне келтiрiледi, атап айтқанда:
«қанағаттанарлықсыз» мәнге (80 баллдан төмен) - 2 балл,
«қанағаттанарлық» мәнге (80-нен 105 баллға дейiн) - 3 балл,
«тиiмдi» мәнге (106-дан 130 баллға (қоса алғанда) дейiн) - 4 балл,
«өте жақсы» мәнге (130 баллдан астам) - 5 балл;
- жеке жұмыс жоспарын орындау бағасы (орта арифметикалық мән).
34. Жылдың қорытынлы бағасы мынадай шәкiл бойынша қойылады: 3 баллдан төмен - «қанағаттанарлықсыз»; 3 баллдан бастап 3,9 баллға дейiн - «қанағаттанарлық» 4 баллдан бастап 4,9 балға дейiн - «тиiмдi»; 5 балл - «өте жақсы».
6. Комиссияның бағалау нәтижелерiн қарауы
35. Персоналды басқару қызметi Комиссия төрағасымен келiсiлген кестеге сәйкес бағалау нәтижелерiн қарау бойынша Комиссияның отырысын өткiзудi қамтамасыз етедi.
Персоналды басқару қызметi Комиссияның отырысына мынадай құжаттарды:
1) толтырылған бағалау парақтарын;
2) толтырылған айналмалы бағалау парағын (жылдық бағалау үшiн);
3) «Б» корпусы қызметшiсiнiң лауазымдық нұсқаулығын;
4) осы Әдiстемеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссия отырысы хаттамасының жобасын тапсырады.
36. Комиссия бағалау нәтижелерiн қарастырады және мына шешiмдердiң бiрiн шығарады:
1) бағалау нәтижелерiн бекiтедi;
2) бағалау нәтижелерiн қайта қарайды.
Бағалау нәтижелерiн қайта қарау туралы шешiм қабылдаған жағдайда Комиссия хаттамада тиiстi түсiндiрмемен келесi жағдайларда бағаны түзетедi:
1) егер «Б» корпусы қызметшiсiнiң қызмет тиiмдiлiгi бағалау нәтижесiнен көп болса. Бұл ретте «Б» корпусы қызметшiсiнiң қызмет нәтижесiне құжаттамалық растау берiледi;
2) «Б» корпусы қызметшiсiн бағалау нәтижесiн санауда қате жiберiлсе.
37. Персоналды басқару қызметi бағалау нәтижелерiмен ол аяқталған соң екi жұмыс күнi iшiнде «Б» корпусының қызметшiсiн таныстырады.
«Б» корпусының қызметшiсiн бағалау нәтижелерiмен таныстыру жазбаша немесе электронды нысанда жүргiзiледi.
«Б» корпусы қызметшiсiнiң танысудан бас тартуы бағалау нәтижелерiн оның қызметтiк тiзiмiне енгiзуге кедергi болмайды. Бұл жағдайда персоналды басқару қызметiнiң қызметкерi танысудан бас тарту туралы еркiн нұсқада акт жасайды.
38. Осы Әдiстеменiң 35-тармағында көрсетiлген құжаттар, сондай-ақ комиссия отырысының қол қойылған хаттамасы персоналды басқару қызметiнде сақталады.
7. Бағалау нәтижелерiне шағымдану
39. Комиссия шешiмiне «Б» корпусы қызметшiсiнiң мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық департаментiне шағымдануы шешiм шыққан күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде жүзеге асырылады.
40. Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе оның аумақтық департаментi «Б» корпусы қызметшiсiнен шағым түскен күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде шағым қарайды және заңнамамен белгiленген бағалау жүргiзу тәртiбiнiң бұзушылықтары анықталған жағдайда, мемлекеттiк органға Комиссия шешiмiнiң күшiн жою туралы ұсыныс жасайды.
41. Қабылданған шешiм туралы ақпаратты мемлекеттiк орган екi апта iшiнде мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық департаментiне бередi.
42. «Б» корпусы қызметшiсiнiң бағалау нәтижелерiне сотта шағымдануға құқығы бар.
8. Бағалау нәтижелерi бойынша шешiм қабылдау
43. Бағалау нәтижелерi бонус төлеу және оқыту бойынша шешiм қабылдауға негiз болып табылады.
44. Бонустар «өте жақсы» және «тиiмдi» бағалау нәтижелерi бар «Б» корпусы қызметшiлерiне төленедi.
45. «Б» корпусының қызметшiсiн оқыту (бiлiктiлiгiн арттыру) жылдық бағалаудың қорытындылары бойынша «Б» корпусы қызметшiсiнiң қанағаттанарлықсыз болып танылған қызмет бағыты бойынша жүргiзiледi.
«Б» корпусының қызметшiсi Комиссия оның қызметiн жылдық бағалаудың нәтижелерiн бекiткеннен кейiн үш ай iшiнде бiлiктiлiктi жоғарылату курстарына жiберiледi.
46. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған «Б» корпусының қызметшiсi мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға алғаш рет қабылданған тұлғаларға тәлiмгер ретiнде бекiтiлмейдi.
47. «Б» корпусы қызметшiсiнiң қатарынан екi жыл қорытындысы бойынша «қанағаттанарлықсыз» мәндегi бағалау нәтижесi оны лауазымында төмендетуге негiз болып табылады. Кез-келген төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда, «Б» корпусының қызметшiсi заңнамамен белгiленген тәртiпте жұмыстан шығарылады.
48. «Б» корпусының қызметшiлерiн бағалаудың нәтижелерi олардың қызметтiк тiзiмдерiне енгiзiледi.
Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 1-қосымша
Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiсiнiң жеке жұмыс жоспары
__________________________________жыл
(жеке жоспар құрастырылатын кезең)
Қызметшiнiң (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))________________
Қызметшiнiң лауазымы: _____________________________________________
Қызметшiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң атауы:_________________________
__________________________________________________________________
№ р/с
|
Мақсаттық көрсеткiштер*
|
Күтiлетiн нәтижелер
|
1
|
Мақсаттық көрсеткiш 1
|
|
2
|
Мақсаттық көрсеткiш 2
|
|
3
|
Мақсаттық көрсеткiш 3
|
|
4
|
…
|
|
Ескертпе:
* Мақсаттық көрсеткiштер мемлекеттiк органның стратегиялық мақсатына (мақсаттарына), олар болмаған жағдайда қызметшiнiң функционалдық мiндеттерiне сәйкестiгiн есепке ала отыра анықталады.
Мақсаттық көрсеткiштердiң саны төрттен көп емес, оның iшiнде жартысы өлшенетiн болуға тиiс.
Қызметшi
___________________________
(тегi, аты-жөнi)
күнi _______________________
қолы ____________________
|
Тiкелей басшы
___________________________
(тегi, аты-жөнi)
күнi _______________________
қолы ____________________
|
Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 2-қосымша
Бағалау парағы
_____________________тоқсан_____жыл
(бағаланатын кезең)
Бағаланатын қызметшiнiң (тегi, аты, әкесiнiң аты
(болған жағдайда): _________________________________________________
Бағаланатын қызметшiнiң лауазымы: __________________________________
Бағаланатын қызметшiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң атауы:
__________________________________________________________________
Лауазымдық мiндеттердi орындау бағасы:
№ р/п
|
Қызметшiнiң өзiн-өзi бағалауы
|
Тiкелей басшының бағалауы
|
Ескерту
|
Көтермеленетiн көрсеткiштер мен қызмет түрлерi туралы мәлiметтер
|
Орындау тәртiбiн бұзу туралы мәлiметтер
|
Еңбек тәртiбiн бұзу туралы мәлiметтер
|
Көтермеленетiн көрсеткiштер мен қызмет түрлерi туралы мәлiметтер
|
Орындау тәртiбiн бұзу туралы мәлiметтер
|
Еңбек тәртiбiн бұзу туралы мәлiметтер
|
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Өзiн-өзi бағалау нәтижесi:
|
Бағалау нәтижесi:
|
|
Қызметшi
___________________________
(тегi, аты-жөнi)
күнi _______________________
қолы ____________________
|
Тiкелей басшы
___________________________
(тегi, аты-жөнi)
күнi _______________________
қолы ____________________
|
Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 3-қосымша
Бағалау парағы
_________________ жыл
(бағаланатын жыл)
Бағаланатын қызметшiнiң (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)____________________________________________________________
Бағаланатын қызметшiнiң лауазымы: ____________________________________
Бағаланатын қызметшiнiң құрылымдық бөлiмшесiнiң атауы:
____________________________________________________________________
Жеке жоспарды орындау бағасы
№ р/с
|
Мақсаттық көрсеткiштiң нәтижесi
|
Маңызы
|
Қызметшiнiң өзiн-өзi бағалау нәтижелерi
|
Басшының бағалау нәтижелерi
|
Ескерту
|
1
|
1 мақсаттық көрсеткiштiң нәтижесi
|
2-ден 5 ке дейiн
|
|
|
|
2
|
2 мақсаттық көрсеткiштiң нәтижесi
|
2-ден 5 ке дейiн
|
|
|
|
3
|
3 мақсаттық көрсеткiштiң нәтижесi
|
2-ден 5 ке дейiн
|
|
|
|
4
|
…
|
|
|
|
|
Қызметшi
___________________________
(тегi, аты-жөнi)
күнi _______________________
қолы ____________________
|
Тiкелей басшы
___________________________
(тегi, аты-жөнi)
күнi _______________________
қолы ____________________
|
Қызылорда қаласы жергілікті атқарушы органдарының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша
Бағалау жөнiндегi комиссия отырысының хаттамасы
____________________________________________________________________
(мемлекеттiк органның атауы)
____________________________________________________________________
(бағалау түрi: тоқсандық /жылдық және бағаланатын кезең тоқсан және (немесе) жыл)
Бағалау нәтижелерi
№
р/с
|
Қызметшiлердiң (тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда
|
Бағалау нәтижелерi туралы мәлiмет
|
Комиссияның ұсыныстары
|
1.
|
|
|
|
2.
|
|
|
|
...
|
|
|
|
Комиссия қорытындысы:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тексерген:
Комиссия хатшысы: ___________________________ Күнi: _____________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда, қолы)
Комиссия төрағасы: ____________________________ Күнi: ____________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), қолы)
Комиссия мүшесi: _____________________________ Күнi: _____________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда қолы)
Достарыңызбен бөлісу: |