Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет157/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   192

      1. Егер ұйымдар, лауазымды адамдар және жеке тұлғалар баяндаған немесе 
куәландырған мәлiметтердiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс үшiн маңызы болса, 
құжаттар iс бойынша дәлелдемелер деп танылады.
 
      2. Құжаттар жазбаша да, өзге де нысанда тiркелген мәлiметтерді қамтуы мүмкiн. 
Құжаттарға, оның ішінде осы Кодексте көзделген тәртiппен алынған, талап етiп алдырылған 
немесе ұсынылған компьютерлiк ақпаратты, фото- және кинотүсiрiлiмдерді, дыбыс- және 
бейнежазбаларды қамтитын материалдар жатқызылуы мүмкiн.
 
      3. Көлік құралын басқару құқығына жүргізуші куәлігі оның төлнұсқалығын тексеру 
және жеке тұлғаны көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім қабылдау 
жағдайларында ғана іс үшін маңызы бар құжат болып табылады.
 
      4. Жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды 
адам) iс мәнi бойынша шешiлгенге дейiн құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге қажеттi 
шаралар қолдануға, сондай-ақ iстi қарау аяқталысымен олар туралы шешiм қабылдауға 
мiндеттi.
 
      5. Құжаттарда осы Кодекстiң 777-бабында көрсетілген белгiлер болған жағдайларда, 
олар заттай дәлелдемелер болып табылады.
 
      780-бап. Қосымша мәлiметтерді талап етіп алдыру
 
      1. Жүргізуінде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс жатқан судья, орган (лауазымды 
адам) ұйымдардан, қоғамдық бiрлестiктерден iстiң шешiлуiне қажеттi қосымша мәлiметтерді 
талап етіп алдыру туралы ұйғарым шығаруға құқылы.
 
      2. Судьяның, органның (лауазымды адамның) қосымша мәлiметтерді талап етіп алдыру 
туралы ұйғарымында қаралып жатқан iстiң мәнi қысқаша баяндалып, анықтауға жататын мән-
жайлар көрсетiледi. Осы ұйғарым жiберiлiп отырған сот үшiн мiндеттi болып табылады және 
белгiленген мерзiмде орындалуға жатады.
 
      3. Талап етiлетін мәлiметтер талап алынған күннен бастап үш тәулік ішінде 
жiберiлуге тиiс.
 
      4. Көрсетілген мәлiметтердi ұсыну мүмкiн болмаған кезде ұйым, қоғамдық бiрлестiк 
ұйғарым шығарған судьяны, органды (лауазымды адамны) бұл туралы үш тәулік ішінде жазбаша 
нысанда хабардар етуге мiндеттi.
 
      781-бап. Дәлелдеу
 
      1. Дәлелдеу әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi заңды, негiзді және әдiл 
қарау үшiн маңызы бар мән-жайларды анықтау мақсатында дәлелдемелердi жинаудан, 
тексеруден және бағалаудан тұрады.
 
      2. Құқық бұзушылықтың әкімшілік жауаптылық негіздері мен кiнәсiнiң болуын дәлелдеу 
мiндетi әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға 
уәкілеттік берілген органға (лауазымды адамға) жүктеледі.
 
      782-бап. Дәлелдемелерді жинау
 
      1. Дәлелдемелерді жинау осы Кодексте көзделген әрекеттерді жүзеге асыру арқылы 
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша іс жүргізу процесінде жүргізіледі.
 
      2. Нәрселер мен құжаттар оларды бағалағаннан кейін iске тігіледі, бұл жөнінде 
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамада тиісті жазба жасалады немесе бөлек хаттама 
жасалады.
 
      Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстер бойынша іс жүргізуге қатысушылар болып 
табылатын адамдардан нәрселер мен құжаттарды қабылдау өтінішхат негізінде жүзеге 
асырылады.
 
      783-бап. Дәлелдемелерді тексеру
 
      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы iс бойынша барлық жиналған дәлелдемелер мұқият, 
жан-жақты және объективтi тексеруге жатады. Тексеру алынған дәлелдемелердi талдауды, оны 
басқа дәлелдемелермен салыстыруды, қосымша дәлелдемелер жинауды, дәлелдемелердi алу 
көздерiн тексерудi қамтиды.
 
      784-бап. Дәлелдемелердi бағалау
 


        1. Дәлелдемелерді бағалау – бұл дәлелдемелерді талдау мен синтездеуден тұратын 
және жеке дәлелдемелердің тиесілігі, жол беруге болатындығы, анықтығы мен маңызы және 
қабылданған шешімді негіздеу үшін олардың жиынтығының жеткіліктілігі туралы түйінмен 
аяқталатын логикалық ойлау қызметі. 
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi жүзеге асыратын судья, 
орган (лауазымды адам) дәлелдемелердi заң мен ар-намысты басшылыққа ала отырып, 
дәлелдемелердi өз жиынтығында жан-жақты, толық және объективтi қарауға негiзделген 
өзiнiң iшкi сенiмi бойынша бағалайды. Ешбiр дәлелдеменiң алдын ала белгiленген күшi 
болмайды.
 
      3. Әрбiр дәлелдеме тиесiлiлiгi, жол беруге болатындығы, анықтығы, ал барлық 
жиналған дәлелдемелер өз жиынтығында iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктiлiгi тұрғысынан 
бағалануға жатады.
 
      4. Егер дәлелдеме iс үшiн маңызы бар мән-жайлардың болуы туралы түйіндерді 
растайтын, жоққа шығаратын немесе оған күмән келтiретiн нақты деректерді білдірсе, 
дәлелдеме iске қатысты деп танылады.
 
      5. Егер дәлелдеме осы Кодексте көзделген тәртiппен алынса, ол жол беруге болатын 
дәлелдеме деп танылады.
 
      6. Егер тексеру нәтижесiнде дәлелдеменiң шындыққа сәйкес екендiгi анықталса, ол 
анық дәлелдеме деп танылады.
 
      7. Егер дәлелденуге жататын мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы ақиқатты 
даусыз анықтайтын, iске қатысты жол берiлетiн және анық дәлелдемелердiң бәрi жиналса, 
дәлелдемелердiң жиынтығы iстiң шешiлуi үшiн жеткiлiктi деп танылады.
 
   40-тарау. ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ІСТЕР БОЙЫНША ІС 
ЖҮРГІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ 
      785-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша іс
 
                жүргiзудi қамтамасыз ету шаралары
 
      1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жолын кесу, оны жасауға күдiктiнiң жеке басын 
анықтау, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
хаттама жасау мүмкiн болмағанда, оны жасау, iстi уақтылы және дұрыс қарауды және iс 
бойынша қабылданған қаулыны орындауды қамтамасыз ету, адамдардың өміріне немесе 
денсаулығына тікелей қатерді, авария немесе техногендік апат қатерін болғызбау 
мақсатында уәкiлеттi лауазымды адам өз өкiлеттiктерi шегiнде жеке тұлғаға қатысты 
әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша iс жүргiзудi қамтамасыз етудің мынадай 
шараларын қолдануға құқылы:
 
      1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалатын жерге жеткiзу;
 
      2) жеке тұлғаны әкiмшiлiк ұстап алу;
 
      3) күштеп әкелу;
 
      4) жеке басын жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын 
жете тексеруді;
 
      5) көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелерді жете тексеру;
 
      6) құжаттар мен заттарды алып қою;
 
      7) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi басқарудан шеттету және оның 
алкогольден, есiрткiден, уытқұмарлықтан масаң күйiн куәландыру;
 
      8) көлiк құралын немесе шағын көлемдi кеменi ұстап алу, жеткiзу және пайдалануға 
тыйым салу;
 
      9) қарап-тексеру;
 
      10) жеке тұлғаның алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйiн 
медициналық куәландыру;
 
      11) осы Кодекстің 48-бабының тәртібімен қызметті немесе оның жекелеген түрлерін 
тоқтата тұру не оған тыйым салу.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау