Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет160/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   192

туралы iс жүргізу қозғалған адам – қажет болған жағдайларда жеке басын анықтау және 
құқық бұзушылықтың мән-жайларын анықтау үшiн бұл жөнінде ұстап алынған кезден бастап 
жиырма төрт сағат iшiнде прокурорға жазбаша хабарланып, қырық сегiз сағатқа дейiн 
ұсталуы мүмкiн. Төтенше жағдай жарияланған жерде коменданттық сағат енгiзiлуiне 
байланысты белгiленген тәртiптi бұзуға жол берген адамдарды iшкi iстер органдарының 
(полицияның) қызметкерлерi немесе әскери патрульдер коменданттық сағат аяқталғанға 
дейiн, ал өзімен бірге құжаттары жоқтарды – олардың жеке басын анықтағанға дейiн, бiрақ 
қырық сегiз сағаттан аспайтын уақытқа ұстай алады.
 
      790-бап. Күштеп әкелу
 
      1. Осы Кодекстiң 785-бабында көзделген жағдайларда, өзiне қатысты әкiмшiлiк іс 
бойынша iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлғаны не заңды тұлғаның өкiлiн, әкiмшiлiк 
жауаптылыққа тартылатын кәмелетке толмаған адамның заңды өкiлiн күштеп әкелу 
жүргiзiледi.
 
      2. Күштеп әкелуді әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап жатқан судьяның, 
органның (лауазымды адамның) ұйғарымы негiзiнде тиісінше Қазақстан Республикасының Iшкi 
iстер, Мемлекеттік қызмет істері, Қаржы министрліктері белгiлеген тәртiппен көрсетілген 
органдардың қарауында жатқан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша iшкi iстер 
органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және экономикалық тергеп-тексеру қызметі 
жүргiзедi.
 
      
Ескерту. 790-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 18.11.2015
 № 411-V 
(01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі); 06.04.2016 
№ 484-V
 (алғашқы ресми жарияланған күнінен 
кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
      791-бап. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның
 
                өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру
 
      1. Жеке басты жете тексеру – құқық бұзышылықтарды анықтау және алдын алу, 
әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы не оның нысанасы болған құжаттарды, заттарды 
және басқа да нәрселерді табу және алып қою мақсатында адамның денесін және оның киімін 
мәжбүрлеп зерттеп-қарау.
 
      2. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеру – жеке тұлғаның 
өзімен бірге алып жүрген заттарын құрылымдық тұтастығын бұзбай зерттеп-қарау.
 
      3. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын 
жете тексеруді уәкілетті лауазымды адамдар ғана жүргізеді, олардың тізбесі осы 
Кодекстің 787-бабында айқындалған және ол толық болып табылады. Көрсетілген шараларды 
басқа адамдардың жүргізуіне тыйым салынады және заңда көзделген жауаптылыққа әкеп 
соғады.
 
      4. Жеке басты тексерiп қарауды тексерiп қаралушымен жынысы бірдей адам және жынысы 
осындай екi куәгердiң қатысуымен жүргiзіледі.
 
       5. Жеке басты жете тексеру және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын 
жете тексеру әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу кезеңінде ғана 
жүргізілуі мүмкін. Адамның әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны жеке басты жете тексеруді 
және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете тексеруді жүргізуге негіз 
болып табылады. 
 
      6. Жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын (қол жүгiн, багажын, аң және 
балық аулау құралдарын, олжалаған өнiмi мен өзге де нәрселерін) тексерiп-қарау осы 
заттардың меншік иесі немесе иелігіндегі тұлғаның қатысуымен және екі куәгердің 
қатысуымен жүргiзіледi.
 
      7. Жеке тұлғаның қолында айналасындағылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiру 
үшiн пайдаланылуы мүмкiн қару немесе өзге де нәрселер бар деуге негiздер болған ерекше 
жағдайларда, жеке басты жете тексеру, заттарын жете тексеру жиырма төрт сағат iшiнде 
прокурорға бұл жөнінде хабарланып, куәгерлерсіз жүргiзiлуi мүмкiн.
 


      8. Жеке басты жете тексеруді және жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын 
жете тексеруді (жетуге қиын жерде, тәуліктің түнгі уақытында, төтенше жағдайда немесе 
соғыс жағдайында) жүргізуге куәгерлердің қатысуы шын мәнінде мүмкін болмаған кезде, оның 
барысын және нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары міндетті түрде қолданыла отырып, 
куәгерлердің қатысуынсыз жүргізілуі мүмкін.
 
      9. Қажет болған жағдайларда фото- және кинотүсiрілім, бейнежазба жүргiзiледi, 
заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де тәсілдері қолданылады.
 
      10. Жеке басты жете тексеру, жеке тұлғаның өзімен бірге алып жүрген заттарын жете 
тексеру туралы хаттама жасалады. Жеке басты жете тексеру туралы хаттаманың көшiрмесi 
өзiне қатысты іс бойынша iс жүргiзiлiп жатқан адамға, оның заңды өкiлiне тапсырылады. 
Хаттамада оның жасалған күнi, уақыты мен орны, хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі 
мен аты-жөнi, жеке басы тексерiп қаралған адам, заттардың түрi, саны, өзге де 
сәйкестендіру белгiлерi туралы, оның iшiнде қарудың тұрпаты, маркасы, моделі, калибрi, 
сериясы, нөмiрi, белгiлерi, оқ-дәрiлердің, арнаулы жедел-iздестiру іс-шараларын 
жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдардың және ақпаратты қорғаудың 
криптографиялық құралдарының саны және түрi туралы мәлiметтер көрсетiледi.
 
      11. Жете тексеру хаттамасында фото- және кинотүсiрiлiмiнiң, бейнежазбаның, 
құжаттарды тіркеудің өзге де тәсілдерінің қолданылғаны туралы жазба жазылады. Фото- және 
кинотүсiрiлiмдерiн, бейнежазбаларды, заттай дәлелдемелердi тіркеудің белгiленген өзге де 
құралдарын қолдана отырып, қарап-тексеру жүргiзу кезiнде алынған материалдар тиiстi 
хаттамаға қоса беріледi.
 
      12. Жеке басты жете тексеру, заттарды жете тексеру хаттамасына оны жасаған 
лауазымды адам, жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттар иесi, куәгерлер 
қол қояды. Жеке басы жете тексерілген адам, жете тексерілген заттардың иесi хаттамаға 
қол қоюдан бас тартқан жағдайда, хаттамаға тиiстi жазба жасалады.
 
      792-бап. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi жете
 
                тексеру
 
      1. Көлік құралын, шағын көлемді кемені жете тексеру, яғни көлік құралын, шағын 
көлемді кемені олардың құрылымдық тұтастығын бұзбай жүргізілетін зерттеп-қарау құқық 
бұзушылық жасау құралдарын не әкімшілік құқық бұзушылық заттарын табу және алып қою 
мақсатында жүзеге асырылады.
 
      2. Көлiк құралдарын, шағын көлемдi кемелердi тексерiп қарауды екi куәгердiң 
қатысуымен осы Кодекстiң 787-бабында санамаланған, осыған уәкiлеттік берiлген лауазымды 
адамдар жүргiзедi.
 
      Ерекше жағдайларда (жетуі қиын жерде тиісті қатынас құралдары болмаған кезде 
немесе басқа да объективті себептерге байланысты жеке тұлғаларды куәгерлер ретінде 
тартуға мүмкіндік болмаған кезде) көлік құралдарын, шағын көлемді кемелерді жете 
тексеру, яғни құрылымдық тұтастығын бұзбай жүзеге асырылатын зерттеп-қарау куәгерлердің 
қатысуынсыз, бірақ бұл ретте оның барысы мен нәтижелерін тіркеудің техникалық құралдары 
қолданыла отырып жүргізілуі мүмкін.
 
      3. Мыналар:
 
      1) көлiк құралында, шағын көлемдi кемеде әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралдары 
не нәрселер бар деп есептеуге жеткілікті негіздердің болуы;
 
      2) алкогольден, есірткіден, уытқұмарлықтан масаң күйдегі жүргізушінің көлік 
құралын басқаруы, егер жүргізуші уәкілетті лауазымды адамдардың заңды талаптарына 
бағынбаса;
 
      3) уәкілетті лауазымды адамдардың іздеудегі көлiк құралдарын, шағын көлемдi 
кемелерді ұстап алу жөніндегі іс-шараларды жүргізуі;
 
      4) егер көлік құралымен, шағын көлемді кемемен тасымалданатын жүк ұсынылған 
құжаттарға сәйкес келмейді деп есептеуге жеткілікті негіздер болса;
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау