Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет165/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   192

мемлекеттік кіріс органдары бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асырған кезде әкімшілік 
құқық бұзушылық белгілері анықталған жағдайларға қолданылмайды.
 
      4. Осы Кодекстің 785-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша 
іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану туралы бірінші хаттама жасалған, әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған немесе прокурор әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
iс қозғау туралы қаулы шығарған кезден бастап, сондай-ақ судья (сот) сот талқылауы 
барысында процеске қатысушы тұлғаның тарапынан сотты құрметтемеушiлiк фактiсiнiң 
белгіленгені туралы жариялаған кезден бастап әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс 
қозғалған деп есептеледі.
 
      Егер әкімшілік құқық бұзушылықты автоматты режимде жұмыс істейтін сертификатталған 
арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптары тіркеген жағдайда, сондай-ақ 
істерді мемлекеттік кіріс органдары қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар жасалған кезде 
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі хабардар ету (хабарлау) тиісті түрде жеткізілген 
кезден бастап қозғалған деп есептеледі.
 
      
Ескерту. 802-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
  (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015
 № 376-V  
(01.01.2016 бастап
 қолданысқа 
енгізіледі); 
24.11.2015
 № 419-V  
(01.01.2016 бастап
 қолданысқа 
енгізіледі).
 
Заңдарымен.
 
      803-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама
 
      1. Осы Кодекстiң 807-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық 
бұзушылық туралы хаттаманы оған уәкiлеттiк берілген лауазымды адам жазбаша нысанда 
жасайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманың жазбаша нысанымен бірге электрондық 
нысаны да пайдаланылуы мүмкін.
 
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамада:
 
      1) хаттама жасалған күнi мен орны;
 
      2) хаттаманы жасаған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні;
 
      3) өзіне қатысты ic қозғалған тұлға туралы мәлiметтер (жеке тұлғалар үшiн – тегi, 
аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде), туған жылы, айы, күнi, тұрғылықты жерi, жеке басын 
куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері, сәйкестендіру нөмірі, жұмыс орны, 
телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және (немесе) электрондық 
мекенжайы (егер бұлар болса); заңды тұлғалар үшін – атауы, орналасқан жері, заңды 
тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмiрi және күнi, сәйкестендіру нөмiрi және 
банк деректемелері, телефонның, факстың, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі және 
(немесе) электрондық мекенжайы (егер бұлар болса);
 
      4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалған орны, уақыты мен мәнi;
 
      5) осы Кодекстiң 2-бөлімінің Ерекше бөлiгiнiң осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк 
жауаптылық көзделетiн бабы; егер куәлар және жәбiрленушiлер болса, олардың тегі, аты, 
әкесінің аты (ол болған кезде), мекенжайлары;
 
      6) өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаның не заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемесi; 
метрологиялық салыстырып тексерудiң атауы, нөмiрi, күнi, егер әкiмшiлiк құқық 
бұзушылықты анықтау және тіркеу кезiнде техникалық құрал пайдаланылса, оның 
көрсеткіштері;
 
      7) iстi шешу үшiн қажеттi өзге де мәлiметтер көрсетiледi, сондай-ақ әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық жасау фактiсiн растайтын құжаттар қоса беріледі.
 
      3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде іс жүргізудің тілі 
анықталады. Өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға, сондай-ақ іс бойынша іс жүргізудің басқа 
да қатысушыларына олардың осы Кодексте көзделген құқықтары мен мiндеттерi түсiндiрiлiп, 
бұл жөнінде хаттамада белгi жасалады.
 
      Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама жасалған кезде қорғаушыға немесе өзіне 
қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізіліп жатқан кәмелетке 
толмаған адамның заңды өкіліне олардың істі соттылығы бойынша мамандандырылған әкімшілік 
сотқа, ал тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында мамандандырылған әкімшілік сот 


болмаған кезде, аудандық (қалалық) сотқа беру туралы өтінішхатпен жүгіну құқығы 
түсіндіріледі.
 
      4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға оны жасаған адам және осы бапта 
көзделген жағдайларды қоспағанда, өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс 
бойынша іс жүргізіліп жатқан тұлға (тұлғаның өкілі) қол қояды. Жәбiрленушiлер мен куәлар 
болған кезде, сондай-ақ куәгерлер қатысқан жағдайларда хаттамаға осы адамдар да қол 
қояды.
 
      5. Өзіне қатысты іс қозғалған, тиiстi түрде хабарланған адам болмаған немесе 
келмеген жағдайда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға, өзіне қатысты іс 
қозғалған тұлғаның болмауы немесе келмеуi туралы белгi қоя отырып, оны жасаған адам қол 
қояды.
 
      6. Өзіне қатысты әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғалған адам әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы iс жөнiнде хаттамаға қолхатпен қабылдаудан бас тартқан жағдайда, 
хаттамаға оны жасаған адам тиiстi жазба жүргізеді.
 
      7. Өзiне қатысты iс қозғалған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне әкiмшiлiк 
құқық бұзушылық туралы хаттамамен танысуға мүмкiндiк берiлуге тиiс. Аталған тұлғалар 
хаттаманың мазмұны бойынша түсiнiктемелер беруге және ескертулер жасауға, сондай-ақ оған 
қол қоюдан өзiнiң бас тарту уәждерін баяндауға құқылы, бұлар хаттамаға қоса беріледі. 
Осы адамдар әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамаға қол қоюдан бас тартқан жағдайда 
хаттамаға тиiстi жазба жүргізіледі. Өзіне қатысты іс қозғалған тұлғаның хаттамаға қол 
қою фактісі аталған тұлғаның хаттамамен танысқандығын куәландырады және әкімшілік құқық 
бұзушылықты жасауда өз кінәсін мойындау болып табылмайды.
 
      8. Осы бөлiкте көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 
хаттама жасалғаннан кейiн, оның көшiрмесi қолхат алынып, өзiне қатысты iс қозғалған жеке 
тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне, сондай-ақ жәбiрленушiге дереу тапсырылады.
 
      9. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттама осы Кодекстiң 802-бабы бiрiншi 
бөлiгiнiң 4) тармақшасында көзделген, сондай-ақ осы баптың бесінші және алтыншы 
бөлiктерiнде көзделген негiздер бойынша өзiне қатысты iс қозғалған тұлға болмаған кезде 
жасалған жағдайларда, өзiне қатысты iс қозғалған тұлғаға хабарлана отырып, ол 
жасалғаннан кейін екі тәулік ішінде тапсырыс хатпен пошта арқылы не электрондық цифрлық 
қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жiберiледi. Өзіне қатысты іс 
қозғалған тұлғаның хаттаманы алған кезден бастап үш тәулік ішінде оны қайтармау фактісі 
оған қол қоюдан бас тарту деп танылады, бұл жөнінде хаттама көшірмесінде тиісті жазба 
жасалады.
 
      
Ескерту. 803-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
  (01.01.2015 бастап 
қолданысқа енгізіледі); 31.10.2015
 № 378-V  
(01.01.2016 
бастап
 қолданысқа 
енгізіледі)
 
Заңымен.
 
      804-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар
 
                жасауға құқығы бар лауазымды адамдар
 
      1. Соттар қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша әкімшілік құқық 
бұзушылық туралы хаттамалар жасауға мыналардың:
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      1) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 09.04.2016 
№ 501-V
 Заңымен (01.01.2017 
бастап 
қолданысқа
 енгізіледі).
 
      1) iшкi iстер органдарының 
(73, 85, 100, 127, 128, 129, 130, 131, 132, 133, 134, 135, 149, 150, 154, 160 (екінші 
бөлігі), 190 (екінші, үшінші және төртінші бөліктері), 191, 200, 282 (үшінші және 
төртінші бөліктері), 382 (екінші және үшінші бөліктері), 383 (үшінші және төртінші 
бөліктері), 398, 416 (азаматтық және қызметтiк қаруларға және олардың патрондарына, 
есiрткi, психотроптық заттар мен прекурсорлардың, азаматтық пиротехникалық заттар мен 
олар қолданылған бұйымдардың айналымына байланысты химиялық өнiмге қойылатын қауiпсiздiк 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау