ОРТАҢҒЫ ТОП БАЛАЛАРЫН (3 – 4 жасарлар) ТАБИҒАТПЕН ТАНЫСТЫРУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМА Бағдарлама мазмұны: 1. Балаларды табиғаттың ерекшеліктерімен таныстыру:қар ,аяз, қардың қасиеттері/ол жұмсақ,одан мүсін жапсыруға болады/;мұз /ол қатты, тайғақ/.Қатты аязда су мұзға айналып, жылы жерде мұз бен қар суға айналады/. 2.Балаларды өсімдік түрлерін ажыратуға үйрету,жергілікті жердің кең тараған құстары мен жануарларын танып, дұрыс атауға үйрету. 3.Балалардың санасында табиғат пен адам еңбегі арасындағы байланыс туралы түсінік қалыптастырып, табиғат аясында еңбекке баулу/гүл суару, құстарға жем шашу, үй жануарларына қамқорлық етуге тәрбиелеу/.
Достарыңызбен бөлісу: |