«Әкім сағаты» бағдарламасында облыс әкіміне тұРҒындардан келіп түскен сауалдардың орындалуын ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспары


Айсүйеуова Алима- Титов м/а многоэтажка 11/2



жүктеу 337 Kb.
бет5/5
Дата01.01.2020
өлшемі337 Kb.
#25719
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Айсүйеуова Алима- Титов м/а многоэтажка 11/2


Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғарыда аталған тұрғын үйдің тұрғындары өз қаражаттары есебінен акредиттелген тұлғалар арқылы аталған үйлерге сараптама қорытындысын жасатып, апаттық деп танылған жағдайда, жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған азаматтар тобына тұрғын үй алу кезегіне тіркелу үшін міндетті түрде тұрғылықты мекен жайы бойынша, төменде көрсетілген тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес 5 жыл көлемінде жеке меншіктеріңізде басқа тұрғын үй болмаса Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыра алады.

1. Жылжымайтын мүлік тіркелмегендігі туралы (ХҚКО-нан) анықтама;

2. Жеке куәлік көшірмесі;

3. Неке туралы куәлік көшірмесі;

4. Үйін апаттық деп тану туралы сараптама қорытындысы;

5. ХҚКО-нан мекен жай анықтамасы;

6. Жеке арызы (Қала әкімі Н. Нәлібаевқа).

Дегенмен, ҚР заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық деп танылған үйді жергілікті атқарушы органның жанынан құрылған комиссияның қорытындысымен анықталады.





10 жыл бойы үй кезегінде тұрған – үй кезегін тездету, немесе үй беру туралы өтініш

Рабаева Үрлікүл, Қызылорда қаласының тұрғыны, ІІ-топ мүгедегі

Шұғыла 3, кв 6

Рабаева Урлекуль Каирбаевна Сіздің 2009 жылғы 3 қыркүйектегі арызыңыз бойынша пәтер кезегіне халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына ІІ-ші топ мүгедегі ретінде тіркелгендігін хабарлаймыз. Қазіргі таңда кезегінің реттік саны - 2335.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74 бабының талаптарына сәйкестендіру мақсатында, 2012 жылға дейін 11 топ бойынша бөлек жүргізілген тізімдер қала әкімдігінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі №3572 санды қаулысымен азаматтардың арыз берген уақыттарына сәйкес мұқият тексеріліп, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына біріктірілген, яғни, азаматша У.Рабаевадан бұрын арыз берген басқа санаттағы азаматтар оның алдына шыққан.

Зерттеу барысында азаматша У.Рабаеваның кезегінің реттік саны:

28.04.2012 жылы тізім біріктірілген уақытта - № 3039;

27.03.2013 жылы «Ел тілегі» газетінде – 2978;

31.03.2014 жылы «Ақмешіт ақшамы» газетінде – 2835;

02.04.2015 жылы «Ақмешіт ақшамы» газетінде – 2700;

28.03.2016 жылы «Ақмешіт ақшамы» газетінде - № 2575;

16.08.2017 жылғы «Ел тілегі» газетінде - № 2574 болғандығы анықталды.

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес, мұқтаждар есебiнде тұратын азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй, барлық қажеттi құжаттармен бірге өтiнiш берiлген кезден бастап тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі.

Сондай-ақ, аталған баптың 3-тармағына сәйкес, тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Тізімге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, өзге азаматтардың басымдық құқығы болмайды.

Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі бұл бағыттағы жұмыстардың ашықтығын және қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігінің (www.kyzylorda.gov.kz) веб-сайтына әр ай сайын толықтырулармен ұдайы жаңаланып, орналастырылады.

2005 жылдан бастап тұрғын үй алу кезегінде тіркелген азаматтардың кезек реттілігі 29.10.-30.12.2010 жылы «Сыр дидары», 5.04.-17.05.2012 жылы «Ақмешіт апталығы», 27.03.2013 жылы «Ел тілегі», 31.03.2014 жылы «Ақмешіт ақшамы» 02.04.2015 жылы «Ақмешіт ақшамы», 28.03.2016 жылы «Ақмешіт ақшамы», 16.08.2017 жылы «Ел тілегі» газеттерінде жарияланды.

Сонымен қатар, «Қызылорда облысының халқын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдарға арналған «Орда» Жол картасы бағдарламасы әзірленді.

Жол картасы бойынша тұрғын үйлерді өткізуге қатысушыларды екі топқа бөлінеді.

І-топ қатысушылары – ЖАО тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар, атап айтқанда, көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мүгедек бала асырап отырған отбасылар, жетім балалар және асыраушысынан айырылған балалар, 1-2 топ мүгедектері, оралмандар, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік мекеме қызметкерлері).

ІІ-топ қатысушылары – ерлі-зайыптылардың екеуінің де жасы 35-ке толмаған, 2 жылдан кем емес некеде тұрған отбасылар.

Жол картасы бойынша қатысушыларға тұрғын үйлер кейіннен сатып алу құқығымен жалға беріледі.



Бастапқы үй алу үшін үміткерлерге қойылатын талаптар:

1) Қазақстан Республикасы азаматтығының немесе оралман мәртебесі болуы шарт;

2) тұрғын үй алушының сол үй орналасқан елді мекенде тұрақты тіркелгендігі;

3) «Орда» Жол картасына қатысушының және бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сонымен қатар отбасы құрамына қосылған және өтініште көрсетілген басқа да отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағында сатып алу құқығымен жалдамалы үйінің немесе меншігіндегі үйінің болмауы;

4) міндеттемелерді орындау мүмкіндіктерін тиісті табыстарымен растау.

Тұрғын үйлерді алуға қатысу таралы әкімдіктің сайты және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты ақпараттандырылады. Одан кейін, «ҚТЖБ» АҚ-ға өткізілетін тұрғын үйлер туралы толық ақпарат береді.

Қала немесе аудан әкімдіктері қатысушыларымен тұрғын үйді жалға алу шарты жасалады және әр қатысушыға тұрғын үйден 8 жылға пәтер жалға беріледі. Бұл кезеңде қатысушы тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінде алғашқы жарнаны жинақтайды.

ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адам осы бағыт бойынша тұрғын үйді жеке меншікке немесе сатып алу мүмкіндігімен жалға алған жағдайда тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алып тасталады.



жүктеу 337 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау