«Әкім сағаты» бағдарламасында облыс әкіміне тұРҒындардан келіп түскен сауалдардың орындалуын ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспары



жүктеу 337 Kb.
бет3/5
Дата01.01.2020
өлшемі337 Kb.
#25719
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5

Айгүл Қалымбетова 87775306356

Қызылжарма кенті, 10 көше, 38 үй




Қызылжарма ауылдық округіндегі 21 көшеге 244 млн. 684 мың теңгеге ЖСҚ дайындалып наурыз айында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі таңда, ауылдық округтегі 2,3 км. болатын Қ.Сексенбаев көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге 46 469,0 мың теңге қаржы бөлінді. Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп мердігер мекеме анықталғаннан кейін жұмыс толығымен жүргізілетін болады.

Сонымен қатар, 5862,5 мың теңгеге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде жалпы ұзындығы 1,3 км құрайтын Ұлытау, Тереңсай және Досхожин тұйығы көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, мердігер мекеме анықталып аталған көшелерге орташа жол жөндеу жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, ауылдық округтегі басқа да көшелерге ЖСҚ дайындалып облыстық бюджетке ұсынылады және алдағы уақытта қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар толығымен жүргізілетін болады.

Қызылорда қаласындағы жеке тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру бағытымен Қызылжарма мөлтек ауданындағы 15 көшеге тас жол құрылысының жоба сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптама қорытындысы алынды.

Қазіргі таңда, қаржыландыруға бюджеттік өтінім жолданды.




Қызылжарма ауылының тұрғынымын. Ауылымызда асфальт жоқ, жол жаман. Жаңбыр жауғанда балшықта жүру қиын. 7-8 жыл болды арыз жазғанымызға, жауап жоқ, нәтиже де жоқ. Бұл мәселе қашан қолға алынар екен?

Дүйсенкүл Ембергенова 87773422577

Қызылжарма кенті, 10 көше, 40 үй



Қызылжарма ауылдық округіндегі 21 көшеге 244 млн 684 мың теңгеге ЖСҚ дайындалып наурыз айында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Қазіргі таңда, ауылдық округтегі 2,3 км болатын Қ.Сексенбаев көшесіне орташа жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге 46 469,0 мың теңге қаржы бөлінді. Алдағы уақытта мемлекеттік сатып алулар жүргізіліп мердігер мекеме анықталғаннан кейін жұмыс толығымен жүргізілетін болады. Сонымен қатар, 5862,5 мың теңгеге «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде жалпы ұзындығы 1,3 км құрайтын Ұлытау, Тереңсай және Досхожин тұйығы көшелеріне орташа жол жөндеу жұмыстарына мемлекеттік сатып алу жүргізіліп, мердігер мекеме анықталып аталған көшелерге орташа жол жөндеу жұмыстары басталды.

Сондай-ақ, ауылдық округтегі басқа да көшелерге ЖСҚ дайындалып облыстық бюджетке ұсынылады және алдағы уақытта қаражат бөлінген жағдайда жұмыстар толығымен жүргізілетін болады.

Қызылорда қаласындағы жеке тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту және жайластыру бағытымен Қызылжарма мөлтек ауданындағы 15 көшеге тас жол құрылысының жоба сметалық құжаттамасы дайындалып, сараптама қорытындысы алынды. Қазіргі таңда, жобаны қаржыландыруға бюджеттік өтінім жолданды.




Мен алтын алқа иегерімін, 8 баланың анасымын. Көпбалалы ана ретінде мемлекет тарапынан ешқандай көмек көргенім жоқ, балаларым да лагерьге тегін жіберілген жоқ. Көпбалалы ана ретінде үй алғаным да жоқ. Үй мәселесін реттеп берсеңіз.

Жетібай Нұргүл 87768888479

Гагарин қыстағы, Нұртуған көшесі 44 үй




Жетібай Нұргүл Сіздің 2006 жылы 9 тамыздағы арызы бойынша «халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына» (көп балалы ана ретінде) тіркелген тұрғын үй алу кезегінің реті-611.

Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі қала әкімдігінің (www.kyzylorda-gov.kz) веб-сайтына 1 ай сайын жаңаланып, орналастырылады.





Тоқмағанбетов пен Байтұрсынов көшесінің қиылысындағы үлкен сағаттың бұзылып тұрғанына 1 жылдан астам уақыт болды. Ол сағат қашан жөнделер екен?

Жеңісбек Сүйіндіков

Жеңіс көшесі, 17 үй




«Банкирлер» алаңынадығы сағатты «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан жылу құбырларының жаңартылуына байланысты жер қазу жұмыстарының жүргізілуіне сәйкес уақытша тоқтатылды. Алдағы шілде айында аталған сағат қайта қосылатын болады.



Қаланың сол жағалауында шығыс өлкемен саламыз делінген. Өзгерістер болады ма? Жаңа заманауи стильде салынады ма?

Алмат Баймаев 87026225274

Арай, Абай 19




Сыр елінің бас қаласы - Қызылорда қаласының даму жоспарына сәйкес, Сырдария өзенінің сол жағалауын дамыту жұмыстары бүгінгі күні өз жалғасын табуда.

Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 шілдедегі №1087 қаулысымен бекітілген «Қызылорда қаласының бас жоспарының» негізінде қарастырылған.

Сол жағалауды дамытудың түбегейлі жоспарлау жобасының жалпы көлемі 1 мың 532 гектар болса, бірінші кезекте жоба бойынша жүзеге асырылуы тиіс 500 гектар аумаққа ғимараттарды тиімді орналастыру, шығыс және ұлттық сәулет өнерін барынша қолдана отырып әкімшілік ғимараттар мен түрлі мақсаттағы әлеуметтік нысандар салынады.

Сырдария өзенінің сол жағалауын игеру мақсатында, Қызылорда қаласының Ұлы Жібек жолында орналасуы мен жаңа заманауи қала тұрғызу, сондай-ақ «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» халықаралық автожол трассасының бойын байланыстыру шарттары негізге алынды:

Сол жағалаудағы аумақ 15 ауданнан құралады, оның ішінде: 11 тұрғын аудандар, 1 индустриальдық аймақ, 3 ірі парк және бульварлар қарастырылған.

5-тұрғын аудандардың құрылымында махалля, шағын берут типтес орта қабатты үйлер жоспарланған.

Әрбір тұрғын ауданның ішінде 23 мектептер мен 46 балабақшалар орналастырылған.

Жобамен 2 көпсалалы аурухана, қарттарға арналған пансионат, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған интернат, емханалар, күндізгі стационарлар мен дәріханалар қарастырылған.

Бірінші кезекте жүзеге асырылатын аумақта мәдени-танымдық мақсаттағы объектілер салу көзделген. Атап айтқанда, үлкен ән аренасы, төрт астананың этнографиялық музей кешені, Қорқыт ата интерактивті музейі, балалар шығармашылығы сарайы, саз мектебі, цирк, драма театры, «Құстар әлемі» оранжереясы мен Медиа орталығы, спорт және денешынықтыру объектілері, жеңіл атлеттерге арналған манеж, спорт академиясы, жүзу бассейні.

Тұрғын үй қоры - 11 тұрғын аудандарда орналасқан. Қызылорда қаласының демографиялық мәліметіне сәйкес және жоғарыда аталған кезеңге тұрғындар санының динамикалық өсуіне байланысты қаланың сол жағалау аумағында 154,0 мың адам тұрады деп есептелуде. Жалпы тұрғын үй құрылысы 3,0 млн. шаршы. метр құрайды. Тұрғын үйлер негізінен орта және көп қабатты болып салынады. Аумақта қол жетімді тұрғын үйлер, коммерциялық және элиталық 2 қабатты коттедждер құрылыстары үшін жер телімдері қарастырылған.





2017 жылы Ж.Маханбетов ауылына газ келеді деп еді, биыл газ беріледі ме? Әбден қиналып кеттік қыс бойы. Жолға жөндеу жұмыстары қашан жүргізіледі екен?

Мұратбек Майгелдиев 87072343285

Ақсуат ауылдық округі, Ж.Маханбетов ауылы, Ақмырзаев 39 үй




1. Ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, конкурс жарияланып, «Верус Инжиниринг» ЖШС мекемесі жобалық - сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.

2. Елді мекеннің жол мәселесі бойынша елді мекендегі жалпы ұзындығы 15,8 км құрайтын 24 көшенің жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына 231 млн. 786 мың теңгеге өтінім жолданып, нәтижесінде 10 көшені орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 39 млн. 256 мың теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар ағымдағы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 4 млн. 148 мың теңгеге ұзындығы 700 метр болатын Д. Ақмырзаев көшесіне мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды. Конкурс хаттамасына сәйкес орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.





Наурыз м/а газ қашан келеді?

Майгелдиев Мұратбек- наурыз м/а

Ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, конкурс жарияланып, «Верус Инжиниринг» ЖШС жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.



Зейнеткерлерге қоғамдық көліктерде 50 пайыз жеңілдікпен жүруіне мүмкіндік қарастырылады ма?

Омарова Клара 87059613444

Ақмешіт 13/58




Қазіргі таңда, 1 топтағы мүгедектерге тегін, 17 жасқа дейінгі мүгедек балаларға тегін, қалаішілік қоғамдық көлікте 70 жастан асқан зейнеткерлерге 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.

Қазіргі таңда, «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-на жаңа автобустар алу жоспарлануда. Осыған орай, мекеменің материалдық-техникалық жағдайы жақсарған уақытта қалған категориялардағы зейнеткерлерге жеңілдік қарастырылатын болады.





Сәулет мөлтек ауданы, Бекқожаев көшесіне қашан күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі? Жаңбырлы күндері жүру өте қиын

Жамал Піржанова 87024034504

Бекқожаев көшесі, 74 үй




Ұзындығы шамамен 2,2 шақырымды құрайтын Бекқожаев көшесіне қайта жаңғырту немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет.

Дегенмен, қазіргі таңда, аталған көшеге жөндеу жұмыстарын жүргізуге жоба-сметалық құжаттары әзірленбеген. Алдағы уақытта, бюджеттен қаржы бөлініп жоба-сметалық құжаттары әзірленгеннен кейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілетін болады.





25 кварталға көше қашан салынады? Су мен электр жарығы қашан беріледі?

Нұрғалиева Рыскүл 87774531054

Саяхат, 25 көшесі, 025 квартал



Қызылорда қаласы Саяхат тұрғын ауданы 25 кварталға электр жарығы жүйелері құрылысына және малта тасты жол құрылысына жоба-сметалық құжаттар дайындалып, экспертизаның оң қорытындысы алынып, бірінші кезеңге қаражат бөлінді.Кварталға ауыз су жүйесі құрылыстарына жоба-сметалық құжаттары дайындалып, бюджеттен тиісті қаражат бөлініп қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алу(тендер) қорытындысымен мердігер мекеме анықталуда.



Мен Эдельвейс саяжайында тұрамын. Биыл Наурызға газ барады деп естіген едім. Ал саяжайға газ тарту жоспарда бар ма? Сондай-ақ Эдельвейс саяжайында ауыз су жоқ. Бұл мәселе қашан шешімін таппақ?

Мұсаева Әлия-қала тұрғыны, Эдельвейс саяжайы



ҚР-ның 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 жер кодексінің 102 бабының 3 тармағына сәйкес бағбандық, саяжай және бау-бақша шаруашылығы үшін берілген жер учаскелеріне инфрақұрлымдар жүргізуге бюджеттен қаражат бөлінбейді.Қазіргі уақытта Эдельвейс саяжайын қала аумағына (территориясына) енгізу жұмыстары жүргізіліп жатыр.



Аманхан Сәдуақас 73 көшесінің тұрғынымын. Көшемізде жарықтың орнатылмауынан кешқұрым емін еркін жүре алмаймыз. Энергосервиске хабарластым, бір біріне сілтей береді. Сіздің бұл мәселенің шешілуіне ықпал еткеніңізді сұраймыз?

Шалтақбаева Роза-қала тұрғыны

Аманхан Сәдуақас 73 көшесі




А. Сәдуақасов көшесі қала бойынша жарық бағаналарын орнату қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта, бюджеттен қаражат бөлініп жоба-смеатлық құжаттары әзірленгеннен кейін, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылады.



Мен қаламыздағы Астана көшесінде тұрамын. Маханбетов ауылынан үй салып жатыр едім. Білгім келгені онда қашан газ барады?

Бекжанов Мұрат-қала тұрғыны/30 жаста

Астана көшесі


Ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, конкурс жарияланып, «Верус Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мекемесі жобалық - сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.




Әлі Исаев көшесі 27 үйдің тұрғынымын. Біздің көшеде асфальт мүлдем жоқ. Жауын-шашында жүру қиынға соғады. Жол төсеуге байланысты біраз мекемелерге бардым. Нәтиже жоқ. Биыл көшеміз асфальтпен қамтамасыз ету жоспарына кіреді ме?

Бегалиева Роза-қала тұрғыны



Али Исаев көшесіне 2017 жылы Торайғыров көшесінен Махамбетов көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстарына жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Алдағы уақытта, жоба-сметалық құжаттарға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарына қаржы бөлінгеннен кейін тиісті жұмыстар атқарылады.



Мен Титовта, Қоғалы көшесі 3 үйде тұрамын. Есік алдында балаларымыздың ойнайтын алаң жоқ. Басқа мөлтек аудандардан көріп жүрміз салынып жатқандығын. Ал Титовта бұл жұмыс қашан қолға алынады?

Исаханов Батырхан-қала тұрғыны, Титов қыстағы, Қоғалы көшесі 3

Қазіргі заман талабына сай 30 дана балалар ойын спорт алаңдарын салу мақсатында жоба смета құжаттары әзірленген болатын. Осыған сәйкес ағымдағы облыстық бюджетке ұсыныс берілді. Алдағы уақытта қаржы қаралған жағдайда тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.



Мен Саяхатта, яғни Сығанақ базарының артында тұрамын. Жазда көше шаң-тозаң болады. Жауында батпақтан жүре алмаймыз. Көшеде асфальт жоқ. Көліктердің жүруі қиын. Сізге жол мәселесін шешіп беруіңізді сұраймыз.

Бекенова Назира-қала тұрғыны/ Саяхат м/а

87051746890



Қызылорда қаласы Саяхат тұрғын ауданы Саяхат-1 көшесіне малта тасты жол құрылысына жоба-сметалық құжаттар дайындалып, экспертизаның оң қорытындысы алынды. Құрылыс жұмыстарына мемлекеттік сатып алу(тендер) процедуралары жүріп жатыр.



Мен Титовта қоғалы көшесінде тұрамын. Көшеде мүлдем жарық жоқ. Көшемізге қашан жарық қойылады?

Базарханов Жандос-қала тұрғыны, Титов, қоғалы көшесі


Титов тұрғын ауданы Қоғалы көшесіне жарық бағаналарын орнатуға алдымен жоба-смеатлық құжаттарын әзірлеу қажет. Осыған орай, Қоғалы көшесі қала бойынша жарық бағаналарын орнатуды қажет ететін көшелер тізіміне енгізілді. Алдағы уақытта, бюджеттен қаржы бөлінгеннен кейін тиісті жұмыстар атқарылатын болады.



Титов пен Тасбөгет арасында қатынайтын маршрут қойылса дейміз.

Мырзаханова Айнұр-қала тұрғыны

Титов тұрғын ауданынан №8 бағыттағы қалаішілік қоғамдық көлігі Шыңы заводтан бастау алып Тасбөгет кентіне тұрақты қатынауда.



Мен Сабалақта, Сырдария лагерінің жанында тұрамын. Көшемізде мүлдем асфальт жоқ. Жоспар бойынша біздің көшеге қашан асфальт төселеді?

Жүнісова Айым- қала тұрғыны

Қазіргі күні Сабалақ өңіріндегі бау-бақшалықтар ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдеріне жататындықтан, жол салу, көше жөндеу жұмыстары елді-мекен статусын алған немесе қаланың шекара-шегіне қосылған соң барып қолға алынады.



Қызылорда қаласында аяқ су мәселесі қашан толық шешіледі?

Базарбаев Бақтияр-қала тұрғыны

Қызылорда қаласын суландыру, аяқ су мен қамтамасыз ету жүйелерін қалыптастыруға орай жоба сметалық құжаттарын әзірлеу үшін жергілікті бюджеттен 38 млн теңге қаражат бөлініп, қалалық құрылыс бөлімі арқылы өткізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен «Қазсушар республикалық мемлекеттік кәсіпорыны тиісті жұмыстарды рәсімдеді.

Жасалған жоба-смета құжаттары бойынша анықталған жұмыс түрлеріне сәйкес қазіргі таңда Дүние жүзілік Ислам Банкке ұсыныстар дайындауда. Аталған қаржы шешілген жағдайда Қызылорда қаласын түбегейлі аяқ сумен қамтамасыз ету мүмкіндігі туындайтын болады.





Мен Маханбетов ауылының тұрғынымын. Білгім келгені, ауылға қашан табиғи газ келеді?

Жұмабаева Шынар-қала тұрғыны

Ауылдық округті табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында қазіргі таңда «Мемлекеттік сатып алу» Заңына сәйкес, конкурс жарияланып, «Верус Инжиниринг» ЖШС жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстарын жүргізуде.



Тәжібаев 25/28 үйде тұрамын. 2014 жылдан бастап модернизацияға арыз жазған едік. Ешкім көңіл аудармады. Үйімізді жаңғырту жұмысынан өткізуге көмек берсеңіз?

Садықов Ермек-қала тұрғыны

/27-04-87

Тәжібаев 25/28 үй



«Өңірлерді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында 2011-2015 жылдар аралығында барлығы бөлінген – 3,2 млрд. теңгеге 115 көп қабатты тұрғын үйлер жөндеуден өткізілді.

Бұдан басқа, 2015-2017 жылдар аралығында қайтарымды қаражат есебінен көзделген 203,5 млн. теңгеге 9 үй күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ағымдағы жылда қайтарымды қаражат есебінен 211, 8 млн. теңгеге 3 көпқабатты тұрғын үйлерге Абай даңғылы №51, Өсербаев көшесі №15, Б. Момышұлы көшесі №76 күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Дегенмен, Тәжібаев 25 үйдің құжаттары түгел болған жағдайда қайтарымды қаражат есебінен жасалатын тізіміне енгізілетін болады.





Дәуітбаева Алтынкүл есімді тылда еңбек еткен анамның атына көшені қалай беруге болады?

Дауылбаев Төребек-қала тұрғыны

ҚР Президенті Әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, тарихи географиялық атауларды сақтау және қалпына келтіру, сондай-ақ халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға құрметпен қарауын қалыптастыру үшін әкімшілік-аумақтық бірліктерді жаппай кісі есімімен атауға шектеу қойылып отыр.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы республикалық ономастика комиссиясы объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге, олардың құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау кезінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ұсынған «Тарихи тұлғалар», «Тарихи жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдері бекітілген. Бүгінде осы бекітіліп жолданған тізімдер басшылыққа алынып жұмыстар атқарылуда. Осы заңдылықтарды ескере отырып, республикалық ономастика комиссиясы бекітіп жолдаған тарихи тұлғалардың ға есімі қаралады.





Эдельвейске қашан жол төселеді?

Маржанова Жадыра-қала тұрғыны

ҚР-ның 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442 жер кодексінің 102 бабының 3 тармағына сәйкес бағбандық, саяжай және бау-бақша шаруашылығы үшін берілген жер учаскелеріне инфрақұрлымдар жүргізуге бюджеттен қаражат бөлінбейді. Дегенмен, қазіргі уақытта Эдельвейс саяжайын қала аумағына (территориясына) енгізу жұмыстары жүргізілуде.



Мен Ақмешіт 22 үйдің 68 пәтерінде тұрамын. Үйіміздің жанындағы балалар ойын алаңының әбден тозығы жеткен.Жаңалау жұмысы жүреді ме?

Шаукенова Мариям-қала тұрғыны, Ақмешіт 22үй/68пәтер

Жергілікті бюджеттен қаладағы балалар ойын спорт алаңдарын күтіп ұстау жұмыстарына қаражат қаралып отыр. Бүгінгі таңда орталық көше бойларындағы балалар ойын спорт алаңдарын сырлау күтіп ұстау жұмыстары басталып кетті. Ақмешіт 22 үйдің ауласындағы ойын алаңы тамыз айында жөндеуден өткізілетін болады.



2006 жылы үй алуға кезекке тұрдым толық емес отбасы категориясына жатамын. Биыл баспаналы болуыма сізден көмек сұраймын.

Сүйеуова Бақыт-қала тұрғыны / 87775631138

Сүйеубаева Бақыт Сіздің тұрғын үй алу кезегіне 2006 жылы 16 қарашадағы арызыңыз бойынша «халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына» (толық емес отбасы ретінде) тіркелген кезек ретіңіз-799.

Тұрғын үй алу кезегіне тіркелген азаматтардың кезек реттілігі қала әкімдігінің (www.kyzylorda-gov.kz) веб-сайтына 1 ай сайын жаңаланып, орналастырылады.





Тасбөгетте гидроузел көшесінде су, газ жоқ. Қоғамдық көліктер көшемізге жетпей алыстан тоқтайды. Бұл біздер үшін қиын. Қандай көмегіңіз бар?

Әуелбекова Гүлмира-қала тұрғыны/87474080297

Қызылорда қаласы Тасбөгет қыстағындағы Гидроузел көшесіне ауыз су жүйесі құрылысын жүргізуге жоба-іздестіру жұмыстары жасалуда. Алдағы уақытта қалаішілік қоғамдық көлікке деген халықтың сұранысын қанағаттандыру мақсатында қаламызға 150 дана автобустар әкелу жоспарлануда, қазіргі таңда 10 автобус алынап №2 бағытта қатынап жатыр. Осыған сәйкес, қалған 140 автобустарға қажетті сомма бөлінген жағдайда тиісті жұмыстар атқарылатын болады.



Мерей 18 а 31 пәтер тұрғынымын. Мен 2 топ мүгедегімін. Қазір анаммен бірге тұрамын. Біз тұратын үйде газ жоқ. Газды сатып алып отырмыз. Бұл мәселенің қолға алынуына ықпал етсеңіз?

жүктеу 337 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау